Капиталдың ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 16:08, курсовая работа

Описание работы

Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Капиталдың ұғымы
1.1. Жарғылық капиталдың түсінігі.
1.2. Капиталдың бухгалтерлік баланстың орындалуы.
1.3. Өзіндік капиталдың ХҚЕС бойынша есебі.
2 тарау. Меншікті капиталдың есебі.
2.1. Резервтік капитал
2.2. Төленбеген капиталдың есебі.
2.3. Есептік кезеңнің және алдыңғы кезеңнің бөлінбеген табыстың есебі.
2.4. Капиталдың шаруашылық және амалдық есебі.
2.5. Меншікті капиталды жетілдіру жолдары.
2.6. Аналитикалық және синтетикалық есебі.
3.0. Қорытынды
4.0. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Жоспар АЖАР.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

     1.2. Капиталдың бухгалтерлік  баланстың орындалуы. 

     Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп-білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек. 

     Әрбір  пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің  ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын  мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау. 

     Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын  шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол  кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын  мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары  қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат. 

     Құжат  дегеніміз – ол шаруашылық  операцияны бірінші тіркеуге  алатын бухгалтерлік әдіс. Тек  құжат арқылы ғана әрбір  шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның  мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі. 

     Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық  құбылыстың жазбаша куәлігі және  оның заңдылық құқысы болады. Сондықтан да құжаттауда бухгалтерлік  есеп теориясында алғашқы есеп  сатысы деп санайды. Жалпы есеп  информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады. Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшелігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады. 

     Құжат  көрсеткіштерін реквизит – деп  атайды. Шаруашылық операциялардың  мазмұнына және атқаратын қызметіне  сәйкес құжаттық ревизиттері  әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с. 

     Қорыта  келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын  мүлкінің түгелдігі тексеріледі,  жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді. 

     3. Қазіргі қоғамда бухгалтерлік  есептің мәні өте зор. Ол  тек бухгалтерлік кітапты жүргізуді   ғана емес, сонымен катар банктің  қызметіне қатысты барлық қаржылық  ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өндеу, бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей катысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет. 

     Бухгалтерлік  есеп - бұл «Бухгалтерлік есеп  туралы» заң күші бар ҚР  Президентінің Жарлығына сәйкес  шығарылатын стандарттар мен  басқа да нормативтік құқықтық  актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер,  субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі. 

     Бухгалтерлік  есептін мақсаты - бухгалтерлік  ақпараттарды пайдаланушылардың  мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің)  ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі. 

     Бухгалтерлік  есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың  айырықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.

 

 

 

    Халықаралық  стандартпен белгіленген мақсаттар  мыналар: 

    - акционерлерді  банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету; 

    - банк  қаржылық-шаруашылық қызметті  жүзеге  асыру кезінде Қазақстан  Республикасының  заңдарының сақталуын  бақылау  үшін мемлекеттік органдарды  қажетті ақпараттармен қамтамасыз  ету. 

     4. Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық  есептiлiк жасауды және ұсынуды,  есеп саясатын қалыптастыруды  қамтамасыз ететiн бас бухгалтер  немесе басқа лауазымды адам  бухгалтерлiк қызметтiң басшысы  - бас бухгалтер болып табылады. 

     Жария  мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады. 

     Бас   бухгалтер мына төмендегі принциптерге  сай жұмыс істейді:

есептеу;

үздіксіз (ұдайы);

түсініктілік;

мәнділік;

маңыздылық;

айқындылық;

шындық және әділдік;

бейтараптық;

сақтық;

толықтылық;

салыстырмалық;

дәйектілік. 

     1. Есептеу принципі - өндірілген өнімді  сатудан түскен табыстар, бұл  өнімдерді өндіріп, дайындаған  кезде емес, осы өнімдерді сатып  алушыларға жеткізген кезде, есептеу  принципіне сай табыс төлемі  соммасына жазылады.

Бухгалтерлік  есеп тәжірбиесіне «Есептеу» немесе «Сату» принципін енгізудің мақсаты  – нарықтық экономиканың қатаң талабына сай өнім өндіріп сатушы жақтар, ең әуелі сатып алушы жақтардың  төлем өтеушілік қабілетін анықтай  отырып, өз өнімдерін сату керек, егер, сатып алушылардың құжаты болмай, бұлар пайдамен жұмыс істемеген жағдайда, мұндай субъектілер жойылуға тиісті. Сондықтан шаруашылық қызметін жүргізуші кез - келген кәсіпорындар өздерінің есеп саясатын жасаған кезде есеп саясаты құрамына сатып алушы жақтардың шаруашылық субъектілердің тізімін, бұларға қысқаша сипаттама беру керек.  

     2. Үздіксіз принципі – бухгалтерлік  есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар  өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып  отыру мүмкіндігінен айырылып  қалмауы керек. Мұндай қалыпты  жағдайда үздіксіздік принципі деп аталады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын өз жұмысын жылдан – жылға тиімді атқаратындығы жөнінде түсініктеме жазуы керек.  

     3. Түсінікітілік принципі – қаржы  есебінде көрсетілетін ақпараттар  пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек. Бухгалтерлік есеп ақпараттары тек пайдаланушылар үшін емес, жоғары деңгейде тұратын кәсіби пайдаланушылар үшін, басқарушылар, қаржыгерилер, банкирлер, кәсіби аудиторлар үшін де қажет.  

     4. Мәнділік принципі – есеп саясаты  қаржылық есептегі ақпараттар  маңызын ашып көрсету үшін, мәнді  жасалынуы қажет. Егер мәнділік  тұрғыдан қарағанда қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер қаржылық есепке түспей қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды. 

     5. Маңыздылық принпципі – қаржылық  есеп көрсеткіштері міндетті түрде талдынып, мұның негізінде шешім қабылданып, іске асырылатын резерв қорларының көздері белгіленіп, мұндай шаралар есеп саясатында көрсетілгені жөн  

     6. Айқындылық принципі – ақпараттар  айқынды болады, егер мұнда қателер  жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерден ауытқымауы керек. 

     7. Шындық және әділдік принципі  – пайдаланушылар үшін қаржы  қорытындының есебі шындық және  әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.  

     8. Бейтараптық принципі – қаржылық  қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар  сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.  

     9. Сақтық принципі – белгілі  бір нақтылы бағыт анықталмай  тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау  мен бағалауды айтады. Активтер  мен табыстар алды – ала  артық бағаланбауы, ал міндеттер мен шығындар кем және жеткіліксіз бағаланбауы керек. 

     10. Толықтық принципі – айқын  ақпараттар жүйесін қамтамасыз  ету үшін қаржылық қорытынды  есеп толығымен жасалып аяқталуы  керек.  

     11. Салыстырмалы принципі – қаржы  жөніндегі ақпараттар пайдалы және маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқада өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстыруы керек. 

     12. Дәйектілік принципі – кәсіпорындарда  қарастырылып, таңдап алынған есеп  саясаты сабақтастық принциппен  бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.3. Өзіндік капиталдың  ХҚЕС бойынша есебі. 

     Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды  түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның  активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.

     Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым  капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал – айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы – айналым активтер формасына ауысада. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады.

     Капитал келесідей болады. Капитал - өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады.

     Экономикалық  теория тқрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды  басқару).

     Салуына байланысты капитал кәсіпкерлік және ссудалық болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал корпорацияны басқару және табыс алу мақсатында раелды және материалдық активтерді аванстайды. Ссудалық капитал бұл несиені мерзімінде қайтарып беру мақсатында берілген ақша капиталы. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталмен салыстырғанда корпорацияға салынбайды, керісінше ол пайыз түрінде табу үшін уақытша қолдануға беріледі. Ссудалық капитал несие нарығында товар түрінде болады оның құны пайыз мөлшері болып табылады. Төмен пайызға алынған несие арзан ақша, ал жоғары пайызға алған несие қымбат ақша болады. 15 күннен аз мерзімге алынған ақша қысқа ақша болып табылады. 

     Капитал құны – капиталға қандайда бір  соманы тартқаны үшін төленетін ақша қаражытының мөлшері.

     Өзіндік капитал құны – бұл ақционерлік капитал үшін акциялар бойынша алынатын дивиденттер сомасы немесе шығаруға байланысты төленетін табыстар сомасы.

     Заемдық капитал құны – несие немесе облигациялық заемға байланысты төленетін шығындарға пайыз сомасы.

     Тартылатын  капитал құны – бұл несиелік бережақ мөлшері. Ол 3 ай ішінде төленетін немесе келісім шартта белгіленген мерзімде төленбеген несие сомасы. 

Информация о работе Капиталдың ұғымы