Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:52, курсовая работа
Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент және жеке тұлға бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет [1].
Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек
1 ХАС сәйкес аудитті жоспарлау 10
1.1 Аудиторлық тексеруді жоспарлау мақсаты және кезеңдері 10
1.2 Аудиторлық тәуекелдікті бағалау 16
1.3 Ішкі бақылау жүйесін бағалау және аудиторлық құжаттау 19
2 Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау 24
2.1 Аудиттің жалпы жоспарын даярлау 24
2.2 Аудиторлық тексеру бағдарламасы 26
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:
Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша қалдықтың дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.
Аудиторлық жоспарлар аудитты жүргізу кезінде қажеттілігіне қарай қайта карастырылып отыруы керек. Барлық мақсаттар мен бір бөлім бойынша тестерді қамтитын аудиторлық бағдарлама мысалын келтірейік (жалақы).
Еңбекақы аудитінің бағдарламасы.
Бақылаудың мақсатына сәйкес анықтау керек:
- жалақыны
есептеу штаттық кесте мен
жұмыс уақытын есепке алу
- жалақы орындалған жұмыс жазбаларына сай есептеледі;
- төлем ведомосі есеп саясатына сай дайындалады;
- төлемдер нақты жұмыс істейтін қызметкерлерге төленеді;
- төлем ведомосінен ұсталынатын барлық шегерімдер ескерілген және сәйкес үшінші жаққа төленеді;
- жалақыға байланысты барлық операциялар есепке алу хаттамасына дәл енгізіледі.
Бақылау тестілері:
- жұмыс уақытын есепке алу табельдері, сағаттарды есепке алу карточкалары және лауазымды адамдар рұқсатын қажет ететін басқа жазылымдарды тексеру;
- уақыттан тыс жұмыс істеуге рұқсат берілуіне көңіл аудару; уақытша қызметкерлерге ақы, әсіресе қолма қол ақшамен төлеуге берілетін рұқсатты тексеру;
- барлық
процедуралар орындалатынына
- кадрлар бөліміндегі жазбаларға сай жалақы өзгеруін тексеру;
- төлем ведомосіндегі өзгерісті бақылауды тексеру;
- төлем ведомосінің өкілетті лауазымды адаммен бекітілгенінің дәлелін зерттеу;
- төлем ведомосінің тәуелсіз тексерілуінің (мысалы: ішкі аудит) дәлелін зерттеу;
- төлем ведомосі бойынша тексеру жүргізу;
- төлем ведомосіндегі ауытқулар бойынша түсініктемелерді зертеу;
- жалақыдан ұсталуды тексеру;
- депоненттелген жалақыны бақылаудың ұйымдастырылуын тексеру.
Объектіге катысты тексеру процедуралары - жұмыс уақытын есепке алу жазбаларын іріктеу, қорытындылар мен есептеулерді тексеру.
Кадрлар бөліміндегі жазбаларды іріктеу:
- жалақы мөлшерлемесін;
- жалақы
мөлшерлемесін өзгерту үшін
- қызметкерлердің келу және кетуі жөніндегі ақпарат.
Төлем ведомостерін тандап алып, тексеру:
- қызметкерлерге жасалған жұмысқа ғана төленгеніне көз жеткізу үшін атқарылған уақыт жазбаларын;
- қызметкер
шынында бар және оған сәйкес
мөлшерлемелер бойынша көз
- алымдар салық органына төленгенін және тіркелмеген айыптар пайда болу ықтималдылығын.
Стандартталған аудиторлық бағдарлама - бұл кез келген аудит кезінде пайдаланылатын, алдын ала дайындалған мақсаттар мен тестілер тізімі. Стандартталған бағдарламалар практикада кең қолданылады және әдетте ірі фирмалар мәліметтерінен алынады.
Олардың басылымдағы жұмысты қажетті арнаға бағыттауға көмектесуіне және ол барлық маңызды сфераларды есепке алу үшін тексеру қағазы ретінде әрекет етеді. Олар аудит тиімділігін арттырады және бақылауды жіберуді жеңілдетеді. Сонымен қатар оның кемшілігі де бар: сөзсіз қайталау жағдайында олар кәсіби пікірді тұншықтырып тастауы мүмкін. Өз жұмысында аудиторға кәсіби пікірді пайдалану қажет. Себебі барлық аудит әртүрлі және тесттердің нақты аудит жағдайына сай дайындалуы қажет.
Негізі бойынша аудиторлық процедуралардың бір түрі бола отырып талдамалық процедуралар тексерілуші экономикалық субъект қызметінің каржы-экономикалық көрсеткіштері арасындағы арақатынасты анықтау, талдау және бағалауда болып табылады [14].
Жоспарлау
кезеңінде пайдаланылатын талдамалық
процедуралар клиент бизнесін және ондағы
өзгерістерді түсінуге, потенциадды
тәуекел облысын анықтауға, басқа
процедураларды жоспарлауға көмектеседі.
Әдетте, аудиторлық тексеруді жоспарлау
жылдың қаржылық есеп беру құрылғанға
дейін іске асырылады. Аудиттің осы
кезеңінде орындалатын кез
Талдамалық процедураларды қолданудың негізгі мақсаты — болуы мүмкін тәуекелдік саласын анықтайтын және аудитордың басты көңіл аударуын қажет ететін шаруашылық қызметтің ерекше немесе дұрыс емес көрсетілген фактілері мен нәтижелерінің бар жоқтығын анықтау.
Каржылық ақпаратты алдыңғы кезеңдермен, бюджеттер және болжамдармен, сонымен бірге осы сияқты салалармен салыстыру, жалпы табыс пен сату көлемі, жалақыны төлеу шығындары мен қызметкерлер саны арасындағы өзара байланыс сияқты болжанатын өзара байланыстарын қарастыру талдамалық процедураларға енеді.
Өз болжамдарын қалыптастыруда аудитор каржылық емес сипаттағы ақпаратқа жөне сыртқы факторлар өзгеруінің мүмкін әсеріне көңіл аударуы керек. Мысалы, клиенттің өзінің өндірістік қуатын өсіргенін білу сату көлемін өсіру мүмкіндігіне әкелуі мүмкін, басқа жағынан сала жалпы сұраныс төменденуінен бастан кешіріп отырғанын білу, сату көлемін төмендету мүмкіндігіне әкелуі мүмкін. Кез келген жағдайда, егер аудиторлық процедуралар мұндай ауытқуларды анықтаса, аудитор себептерді анықтау мақсатында жұмысты ары-қарай жүргізуді жоспарлауы керек.
Аудиттің
жалпы жоспары мен
Қорытынды
Қорытындылай келе, аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі. Жоспарлау бойынша жұмыстардың сипаты мен ауқымы субъектінің бұрынғы тəжірибесіне, аудит келісімін орындау барысындағы өзгерістерге байланысты. Жоспарлау аудиттің дискретті кезеңі болып саналмайды, алайда ол алдыңғы аудит аяқталысымен бірден басталып, аудиттің ағымдағы келісімі аяқталғанға дейін жалғасатын тұрақты процесс болып табылады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде аудиторлық тексеруді жоспарлаудың мақсаты және кезеңдері келтірілген. Аудитті жоспарлаудың мақсаты - аудитордың қаржылық есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру болып табылады. Сонымен қатар, аудитор қаржылық есептілікте және бекіту деңгейіндегі елеулі бұрмалаушылық тәуекелдіктерін анықтау мен бағалау негізін қамтамасыз ету үшін тәуекелдікті бағалау шараларын орындауы тиіс екендігі сипатталған. Барлық тексерулер кезінде аудитор ішкі бақылаудың әр элементінен аудитты жоспарлауға жеткілікті мәлімет алуы қажет. Аудит жоспарын құжаттау аудиторлық шаралар мен тəуекелділікті анықтау шараларының жоспарланған сипатын, мерзімдері мен ауқымын көрсетуге жеткілікті болып саналады. Аудит жоспарын құжаттау олардың орыдалуына дейін бекітілей мен шола алатын аудиторлық шараларды жоспарлауды құжаттауға көмектесетіні баяндалған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде аудиторлық жоспар және бағдарлама туралы ақпараттар берілген. Алдын ала жоспарлау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.Аудитордың басқа жұмыс кағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін. Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық түжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәледдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылатыны сипатталған.
Курстық жұмыста қойылған міндеттер толығымен орындалды және әрбір міндет бойынша шешім қабылданды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Адамс Р., Основы аудита, И, «Юнити», 1995г.
2. № 300 «Аудитті жоспарлау» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
3. Шеремет А.Д., Суйц В.П., Аудит, М, «Инфра», 2001г.
4. № 240 «Қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу кезіндегі алаяқтыққа қатысты аудитордың жауапкершілігі» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
5. № 1 Сапаны бақылау халықаралық стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
6. № 220 «Қаржылық есептілік аудитінің сапасын бақылау» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
7. № 210 «Аудит келісімінің шарттарымен келісу» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 1994 ж. 27 желтоқсан (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
9. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 1998 ж. 20 қараша № 304-I, (2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
10. № 315 «Елеулі бұрмалаулардың тәуекелдігін анықтау мен бағалау» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
11. № 330 «Бағаланатын тәуекелділіктерге жауап ретіндегі аудиторлық шаралар» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ ағыл.аударма/Алматы қаласы.
12. Ажибаева З.Н. «Аудит», Алматы, Экономика, 2004ж.
13. № 230 «Аудиторлық құжаттама» Халықаралық аудит стандарты, 2009ж. басылым/ағыл.аударма/Алматы қаласы.
14. Ростов Н.Д., Бухгалтерский учет и аудит, Феникс, 1999г.
15. Байжанова
Б.Ж. «Аудит» пәні бойынша