ХАС-қа сәйкес аудитті жоспарлауу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:52, курсовая работа

Описание работы

Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент және жеке тұлға бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет [1].
Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек

Содержание

1 ХАС сәйкес аудитті жоспарлау 10
1.1 Аудиторлық тексеруді жоспарлау мақсаты және кезеңдері 10
1.2 Аудиторлық тәуекелдікті бағалау 16
1.3 Ішкі бақылау жүйесін бағалау және аудиторлық құжаттау 19

2 Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау 24
2.1 Аудиттің жалпы жоспарын даярлау 24
2.2 Аудиторлық тексеру бағдарламасы 26

Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

Работа содержит 1 файл

Аудит курсовой 1-2 болим.docx

— 74.55 Кб (Скачать)

1 ХАС сәйкес аудитті жоспарлау

 

1.1 Аудиторлық тексеруді жоспарлау мақсаты және кезеңдері

 

Жоспарлау - бұл аудитті  тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент және жеке тұлға бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет [1].

Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады. Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады.

- алдын ала жоспарлау;

- клиент туралы жалпы ақпаратты жинау;

- аудиторлық тәуекелдікті бағалау;

- ішкі бақылау жүйесін бағалау;

- аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлау.

300 «Аудитті жоспарлау» ХАС-ның мақсаты – аудитордың қаржылық   есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру. Бұл ХАС қайталама аудиттер мəн мəтінінде құрылған. Сондай-ақ аудиттің бастапқы келісімінде аудитор қарастыратын мəселелер жеке түрде енгізілді.

Аудитор жұмысын  дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды  саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға  және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.

Аудитті жоспарлау келісім бойынша жалпы стратегия жасау мен аудиттің жоспарын дамытудан құрылған. Адекватты жоспарлау сондай-ақ:

- аудитордың назарын аудиттің маңызды салаларына түсіруге көмектеседі;

- аудиторға дер кезінде ықтимал проблемалар анықтау мен шешуге көмектеседі;

- аудиторға тиісті мен сәйкесті түрде орындалуы үшін аудиттің келісімді лайықты түрде жұмылдыру мен басқаруға көмектеседі; 

- күтілген тәуекелдіктерге амал шараларды орындау үшін құзыреті мен қабілеті тиісті түрдегі деңгейлері бар жоба бойынша жасақтың мүшелерін тағайындауға, жоба бойынша топтың мүшелерінің жұмысын үйлестіруге көмектеседі;

- жоба бойынша топтың мүшелерін бағыттау жəне қадағалауға, олардың жұмыстарын  шолу жасауға көмектеседі;

- жарамды жерінде, құрамдас бөліктердің аудиторлары мен сарапшылардың жасаған  жұмыстарын сəйкестендіруге көмектеседі [2].

Жоспарлау бойынша жұмыстардың сипаты мен  ауқымы субъектінің бұрынғы тəжірибесіне, аудит келісімін орындау барысындағы  өзгерістерге байланысты. Жоспарлау  аудиттің дискретті кезеңі болып  саналмайды, алайда ол алдыңғы аудит  аяқталысымен бірден басталып, аудиттің ағымдағы келісімі аяқталғанға дейін  жалғасатын  тұрақты процесс болып  табылады.

Аудитті жоспарлауда аудитор басқа аудиторлық шаралардың орындалуы мерзіміне  дейін аяқталатын белгілі бір  жұмыстардың мерзімін белгілеуі  қажет. Аудитор кәсіпорынның басшылығымен аудит келісімін орындау мен атқару үшін аудитті жоспарлау элементтерін талқылауы мүмкін (мысалы, жоспарланған аудит шараларын кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысына сәйкестендіруі). Әдетте, осындай талқылаулар орын алса да, аудит жалпы стратегиясы мен аудит жоспары аудитордың жауапкершілігінде болады. Аудит жалпы стратегиясы немесе аудит жоспарына енгізілген мәселелерді талқылау кезінде, аудитор аудиттің тиімділігін сақтауды қарастыруы тиіс. Мысалы, аудиторлық шараларды болжауға болса, басшылықпен егжей-тегжейлі аудиторлық шаралардың сипаты мен мерзімдерін талқылау аудиторлық шараларды аудиттің тиімділігі беделін түсіруге болады.

Аудитордың  мақсаты – аудит тиіcті түрде жүргізу бойынша аудитті жоспарлау. 1-кестеде аудит жоспарын құру кезінде негізге алынатын қағидалар берілген [3].

 

1-кесте

Аудитті жоспарлау қағидалары

Қағида

Анықтама

1

Кешенділік

жоспарлаудың алдын ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезеңдеріндегі өзара байланыспен келісімділікті камтамасыз етуді көздейді.

2

Үздіксіздік

аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау  кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.

3

Оптималдылық

аудиторлық ұйымның өзі анықтаған  критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының  оптималды нұсқасын тандау мүмкіндігі үшін жоспарлау нұсқалылығын қамтамасыз етуді көздейді.


 

Жоба  бойынша әріптес және басқа шешуші мүшелері аудитті жоспарлауға, оның ішінде жоба бойынша жасақтың мүшелерінің  талқылауына қатысу мен соған қатысуға шақырылады.

Аудитті жоспарлауға жоба бойынша әріптес  мен басқа шешуші мүшелерінің мүшелері орындайтын аудиторлық шаралар нәтижесі аудиттің басқа аспектілеріне, кейінгі аудиторлық шараларының сипаты, мерзімі мен деңгейіне қалай әсер ететуі мүмкіндігі туралы білуге жәрдемдеседі.

240 ХАС сәйкес жасақ мүшелері алаяқтық тәуекелі туралы талқылауы бойынша талаптар мен нұсқау ұсынады. Жоба бойынша жасақтың негізгі мүшелері əдетте талқылауға қатысады, алайда барлық жасақ мүшелеріне аудиттің аспектілері туралы терең білудің қажеті жоқ. Талқылауларды жоспарлауда қарастыратын басқа фактор жоба бойынша топқа тағайындалған сарапшыларды қосу немесе қоспау болып табылады. Жоба бойынша әріптес жасақтың негізгі мүшелерімен талқылауы мүмкін. Қажет болғанда, басқалармен талқылауды тағайындап отыру, бүкіл келісім бойынша жасақтқа қажет болатын хабарлау ауқымын қарастырып  шығу арқылы мамандар және аудиттің құрамдас бөлімдеріне жауапты тұлғалармен талқылауы мүмкін. Жоба бойынша әріптес келіскен хабарлау жоспары пайдалы болып келуі мүмкін [4].

Көпшілікті  кішігірім аудиттер тек қана жоба бойынша әріптеспен жүргізіледі (жеке тәжірибеленетін бухгалтер). Сондай жағдайларда, аудитті жоспарлаған  жоба бойынша әріптес өзі субъектінің  қаржылық есептілігі алаяқтық немесе қателер себебі елеулі бұрмалауға қатыстылығын қарастыруға жауапты болады.

Аудитор ағымдағы аудит келісімінің басында  келесі жұмыстарды орындауы керек: 

- 220 ХАС сай клиентпен жəне аудиттің мамандандырылған келісімі бойынша байланысты жалғастыру;

- жоба бойынша əріптес, клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты шаралардың орындалып жатқанын жəне олар бойынша қол жеткен қорытындылар пайда болған жағдайларға сəйкес келетініне көз жеткізуі қажет.

Егер  жоба бойынша əріптес, фирманың аудиторлық келісімінен ауытқуына əсер етуі мүмкін ақпаратты алғанда, егер бұл  ақпаратқа ертеректе қол жетімді  болса, жоба бойынша əріптес бұл  ақпарат туралы шұғыл түрде фирмаға  хабарлап, жоба бойынша фирма мен  əріптестің тиісті шаралар қолдануына алғышарт жасауы керек.

1 СБХС  бойынша фирма, жаңа клиентпен  келісімді қабылдауға дейін, ағымдағы  келісімді жалғастыру қажеттілігін  шешім қабылдау кезінде, және  ағымдағы клиентпен қол қойылған  жаңы келісімді қарастыру барысында,  қажетті болып табылатын ақпаратты  алуы тиіс. Сол сияқты ақпарат жоба бойынша әріптеске клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты қол жеткізілген қорытындылар сәйкес келетін екенін шешім қабылдауға көмектеседі:

- негізгі қожайындардың, басты орындағы басшылардың адалдығы жəне субъектінің басқару өкілеттігіне ие тұлғалары адалдығы;

- аудиторлық келісімді орындау үшін жоба бойынша команда құзырлы ма жəне ол қажетті ресурс пен уақытқа ие ме;

- жоба бойынша команда, фирма əдептану талаптарын орындай ма екен;

- ағымдағы немесе алдағы аудиторлық келісімдер барысында туындайтын маңызы зор мәселелер және қарым-қатынастарды жалғастыру үшін олардың мәні [5].

220 ХАС сай тəуелсіздік жəне  этикалық  талаптарға  сəйкестікке баға беру және аудиторлық келісімді орындау барысында, жоба бойынша əріптес пен жоба бойынша басқа мүшелерге қатысты этикалық мəселелер бойынша бақылаулар мен сауалнамалар жүргізу қажеттілігі пайда болуы мүмкін.                      ХБФ Əдептану Кодексінде бекітілген кəсіптік əдептің тұғырлы қағидалары                   1-сызбада берілген [6].

 

 







 


 

 

Сызба 1. Кәсіптік әдеп қағидалары

 

Жоба  бойынша əріптес, аудиторлық келісімге  қатысты қолданылатын тəуелсіздік  талаптарына сəйкестік бойынша  қорытынды жасауы қажет. Жоба бойынша əріптес, сақтандыру шараларын қолдану жолымен жою немесе оны ең төменгі деңгейге дейін түсіру мүмкін емес тəуелсіздік қатерін анықтауы мүмкін. Мұндай жағдайда, жоба бойынша əріптес, қызмет немесе мүддеге төнген қатерді біріктіруі мүмкін сəйкес əрекетті немесе аудиторлық келісімнен бас тартуға байланысты тиісті əрекетті анықтау үшін фирмамен кеңеседі. Жоба бойынша əріптестің міндеттері 2-сызбада көрсетілген.

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба 2. Жоба бойынша əріптестің міндеттері

Заңды сақтандыру шаралары мемлекеттік сектордағы аудиторлар тәуелсіздікке қатысты сақтандыру шаралары беруі мүмкін. Бірақ, заңды  аудитор атынан мемлекет сектор аудиттерін орындап жататын мемлекеттік сектордағы аудиторлар немесе аудиторлық фирмалар белгілі бір юрисдикциядағы мандат шарттарына тәуелді болып, олардың тәсілін қолдауы қажет. Мемлекеттік сектор аудиторының мандаты келісімнен ауытқуды рұқсат еткен жоқ болғанда да, егер олар жеке секторда болмаса, аудиторға ауытқуына әкелуі мүмкін болып, туындаған жағдайлар бойынша бұқаралық есеп арқылы ашылымды қамтуы мүмкін.

210 ХАС сай ағымдағы аудит бойынша келісімнің басында көрсетілген алдын-ала шараларды орындау аудиторға жоспарлауға және аудит бойынша келісімді орындауға аудитордың қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін жағдайларды немесе оқиғаларды анықтауға және бағалауға көмектеседі. Бұл келісім бойынша алдын-ала шараларды орындау аудиторға аудит бойынша келісімді жоспарлауға мүмкіншілік береді. Мысалы:

- аудитор тəуелсіздікті сақтауы керек жəне келісімді орындай алатын мүмкіндіктері болуы керек;

- басшылық адалдығында күрделілік болмауы қажет;

- келісім шарттары бойынша клиентпен түсінбеушіліктің болмауы [7].

Аудитордың  клиентпен қарым- қатынас жəне этикалық талаптарды, оның ішінде тәуелсіздікті  қарастыруы жаңа шарттар мен өзгерістердің  пайда болуына қарай бүкіл  аудит келісімі барысында қаралады. Ағымдағы аудиттің келісімі басында  клиентпен қарым-қатынас жəне этикалық талаптар бойынша бастапқы шараларды  орындау (тәуелсіздікке қарағанда) аудиттің ағымдағы келісімі бойынша  шын мәніндегі шаралар орындалғанға дейін аяқталатын болып табылады. Аудиттің келісімін жалғастыруымен сол сияқты бастапқы шаралар әдетте алдағы аудит аяқталғаннан кейін  (немесе байланысты) қысқаша мерзімдер ішінде пайда болуы мүмкін.

 ҚР Азаматтық кодексінің 384-бабына сай аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі шарт қызмет көрсету шарттары категориясына жатады.

Шарт  оны құру кезеңінен бастап күшіне еніп, екі жақ үшін міндетті болып табылады және орнатылған мерзім ішінде әрекет етеді. Егер әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, онда ол сол жерде көрсетілген кезге дейін әрекет етуші болып табылады.

Шарттың орындалуының аяқталуы мынадай жағдайда мүмкін:

- шартта негізделген міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің жоқтығы;

- басқа  жақта орнатылған тәртіп бойынша банкрот тану;

- шартты  құрушы мемлекеттік органды өзгерту немесе алып тастау.

Аудиторлық  тексеруді жүргізу жөніндегі  шарт "клиент-аудитор"                             ара-қатынасын реттеуші ресми кұжат болып табылады және жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қарапайым шарттардан ерекшелігі жоқ. Басқа шарттардай сияқты бұл құжатта шартқа қатысушы жақтардың, бұл жағдайда тапсырыс беруші клиент пен орындаушы аудитордың келісілген мүддесін заңды түрінде көрсетеді.

Бірақ аудит  шарты кәсіпкерлерде пайдаланылатын басқа шарттардан елеулі ерекшеленеді. Бірінші кезекте, бұл шартты құру кезінде үшінші жақ мүдделерін жариялылықсыз есепке алу. Іс жүзінде аудитор клиент ғана емес, сапасыз тексеру нәтижесінде зиян келтіру арқылы тұтынушылар алдында да жауапты болады. Шартқа қол қою кезінде аудиторға мүмкіндігінше клиент тілегін анық түсініп кана қоймай, оған өз тапсырысын дұрыс толтыруға көмектесу керек. Аудиторлық тексеруді жүргізу сапасы, аудитордың клиентпен ара-қатынасы көп жағдайда аудитты жүргізу жөніндегі шартты нақты құруға байланысты болады.

Информация о работе ХАС-қа сәйкес аудитті жоспарлауу