Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 20:42, контрольная работа

Описание работы

7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн

Работа содержит 1 файл

7.docx

— 44.63 Кб (Скачать)

(d) есептерде  көрсетілген әрбір сала немесе географиялық сегмент бойынша операциялық, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттары қозғалысының деңгейі (қараңыз: 14-«Сегменттік есептілік» ХБЕС).  

51. Операциялық  мүмкіндіктердің артуы болып  табылатын ақша қаражаттарының тасқындары, сондай-ақ операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті тасқындар туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға кәсіпорынның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсауын анықтауға мүмкіндік береді. Өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат бөлмейтін кәсіпорын ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайда алуын қиюы мүмкін.

52. Сегменттер  бойынша ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы деректерді ашуы пайдаланушыларға кәсіпорынның тұтастай алғанда ақша қаражаттарының қозғалысы мен оның бөліктері болып табылатын ақша қаражаттарының қозғалысы арасындағы өзара байланысты сондай-ақ сегменттер ақша қаражаттарының болуы мен өзгерушілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.  

Күшіне  ену күні  

53. Осы  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейін кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.  

А қосымшасы  

Қаржы мекемесі болып табылмайтын кәсіпорын  үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  

Бұл Қосымшаның тек қана бейнелеп көрсету сипаты ғана бар және осы стандарттың  бір бөлімі болып табылмайды. Қосымшаның мақсаты - оның мағынасын түсіндіруге көмектесу үшін стандарттың қолданылуын көрсету.  

1. Мысалдар  тек ағымдағы кезеңнің сомасын  ғана көрсетеді. Мұның алдындағы  кезең үшін тиісті сомалар 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ына сәйкес ұсынылуға тиіс.  

2. Пайда  мен залал туралы есептен және  баланстан хабарлама тікелей  және жанама әдістер бойынша  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің қалай алынғанын көрсету үшін берілген. Пайда мен залал туралы есеп те, баланс та Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың хабарламасын беру мен ашу жөніндегі Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес берілмеген.  

3. Келесі  қосымша хабарлама да ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есепті әзірлеген кезде орынды болады:  

● еншілес  кәсіпорынның барлық акциялары 590 ақша бірлігіне сатылып алынған. Сатып алынған активтердің және қабылданған міндеттемелердің әділ құны мына мәндерінде бірдей болады деп көзделуде:  

босалқылар 100  

дебиторлық  берешек 100  

ақша  қаражаттары 40  

жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар 650  

сауда кредиторлық берешегі 100  

ұзақ мерзімді борыш міндеттемелері 200  

● 250 ақша бірлігі акционерлік капиталдың акцияларын шығару кезінде алынды, тағы да 250-і ұзақ мерзімді қарыз алу арқылы тартылды.  

● пайыздық шығыс 400 ақша бірлігі болды, одан 170 ақша бірлігі кезең ішінде төленген. Бұдан бұрынғы кезеңнің пайыздық шығысына жататын 100 ақша бірлігі сондай-ақ есепті кезең ішінде төленген.  

● төленген дивидендтер 1 200 болды.  

● кезеңнің басындағы және аяғындағы салық  бойынша міндеттеме тиісінше 1 000 және 400 ақша бірлігіне тең болды. Кезең ішінде салық бойынша 200 ақша бірлігі мөлшерінде қосымша резерв қалыптасты. Алынған дивидендтерден ұсталған салық 100 ақша бірлігі болды.  
 

● кезең  ішінде топ жиынтық құны 1 250 ақша бірлігі тұратын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алды, одан 900 ақша бірлігіне қаржылық жал арқылы сатып алынды. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып алу кезінде ақша төлемдері 350 ақша бірлігі көлемінде жүзеге асырылды.  

● бастапқы құны 80 ақша бірлігіндегі және жинақталған амортизациясы 60 ақша бірлігіндегі агрегат 20 ақша бірлігіне сатылды.  

● 19-2 ж. аяғында дебиторлық берешекке алынуға  тиіс 100 ақша бірлігіндегі пайыздар жатқызылды.  

19-2 ж.  аяқталған кезең ішіндегі пайда  мен залал туралы шоғырландырылған  есеп  

Сатулар 30 650  

Сатудың өзіндік құны (26 000)  

Жалпы пайда 4 650  

Амортизация (450)  

Әкімшілік және коммерциялық шығыстар (910)  

Пайыздар  бойынша шығыстар (400)  

Инвестициядан түскен табыс 500  

Валюта  айырбасынан келген залал (40)  

Салыққа дейінгі және төтенше жағдайлардың нәтижелері

бойынша таза пайда 3 350  

Төтенше баптар – жер сілкінісінің зардаптары өтемі ретінде 

алынған сақтандыру түсімдері 180  

Төтенше баптан кейінгі таза пайда 3 530  

Пайдаға салынатын салық (300)  

Таза  пайда 3 230  

19-2 ж.  аяғындағы шоғырландырылған баланс 19-2 19-1  

Активтер:  

Ақша  қаражаттары және ақша  

қаражаттарының  баламалары 410 160  

Дебиторлық  берешек 1 900 1 200  

Босалқылар 1 000 1 950  

Инвестициялық портфель 2 500 2 500  

Бастапқы  құны бойынша жылжымайтын мүлік,

үйлер мен жабдықтар 3 730 1 910  

Жинақталған амортизация (1 450) (1 060)  

Жылжымайтын мүліктің, үйлер мен жабдықтардың

таза  құны 2 280 850  

Активтердің жиынтығы 8 090 6 660  

Міндеттемелер:  

Сауда операциялары  

бойынша берешектер 250 1 890  

Төленуге  тиіс пайыздар 230 100  

Төленуге  тиіс пайдаға салынатын 400 1 000  

салық  

Ұзақ мерзімді берешек 2 300 1 040  

Міндеттеме  жиынтығы 3 180 4 030  

Акционерлердің  меншікті капиталы  

Акционерлік капитал 1 500 1 250  

Бөлінбеген пайда 3 410 1 380  

Акционерлердің  меншікті капиталының жиынтығы 4 910 2 630  

Міндеттеме  мен акционерлердің

меншікті  капиталының жиынтығы 8 090 6 660  

Тікелей әдіс бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (18а-параграфы)  

19-2  

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  

Клиенттерден ақша қаражаттарының түсімдері 30 150  

Жеткізушілер  мен қызметкерлерге төленген ақша қаражаттары (27 600)  

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары 2 550  

Төленген  пайыздар (270)  

Пайдадан  төленген салық (900)  

Төтенше баптарға дейінгі ақша қаражаттарының қозғалысы 1 380  

Жер сілкінісі  зардаптарының өтемі ретіндегі ақша

қаражаттарының  түсімдері 180  

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының

таза  сомасы 1 560  

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  

Иемденіп алынған ақша қаражаттарын қоспағанда,

Х еншілес  кәсіпорнын сатып алу (А ескертпесі) (550)  

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар сатып  алу (В ескертпесі) (350)  

Жабдық  сатудан алынған түсімдер 20  

Алынған пайыздар 200  

Алынған дивидендтер 200  

Инвестициялық қызметте пайдаланылған 

ақша  қаражаттарының таза сомасы (480)  

Қаржыландыру  жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  

Акционерлік капитал шығарудан түсімдер 250  

Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарынан түсімдер 250  

Қаржылық  жал бойынша міндеттемелер төлемі (90)  

Дивидендтер төлемі ** (1 200)  

Қаржыландыру  жөніндегі қызметте пайдаланылған 

ақша  қаражаттарының таза сомасы (790)  

Ақша  қаражаттары мен олардың баламаларының  таза артуы 290  

Кезеңнің  басындағы ақша қаражаттары мен олардың

баламалары (С ескертпесі) 120  

Кезеңнің  аяғындағы ақша қаражаттары

мен олардың  баламалары (С ескертпесі) 410  

Жанама  әдіс бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (18b-параграфы)  

19-2  

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  

Салық салынғанға және төтенше баптарға дейінгі таза пайда 3 350  

Мыналарға түзетулер:  

Амортизацияға 450  

Валюта  айырбасынан келген зиянға 40  

Инвестициядан түскен табысқа (500)  

Пайыздар  бойынша шығысқа 400  

3 740  

Сауда және басқа да дебиторлық берешектің артуы (500)  

Босалқылардың кемуі 1 050  

Сауда кредиторлық берешегінің кемуі (1 740)  

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары 2 550  

Төленген  пайыздар (270)  

Пайдадан  төленген салық (900)  

Төтенше баптарға дейінгі ақша  

қаражаттарының  қозғалысы 1 380  

Жер сілкінісі  зардаптарының өтемі ретіндегі  

ақша  қаражаттарының түсімдері 180  

Операциялық қызметтен түскен ақша

қаражаттарының  таза сомасы 1 560  

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  

Иемденіп алынған ақша қаражаттарын қоспағанда,

Х еншілес  кәсіпорнын сатып алу (А ескертпесі) (550)  

Жылжымайтын мүлік, үйлер  

мен жабдықтар  сатып алу (В ескертпесі) (350)  

Жабдық  сатудан алынған түсімдер 20  

Алынған пайыздар 200  

Информация о работе Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты