Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 20:42, контрольная работа

Описание работы

7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн

Работа содержит 1 файл

7.docx

— 44.63 Кб (Скачать)
 
 

7-ХБЕС  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарты  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есептер  

Осы стандарт 1994 ж. 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енді.  
 
 

Мазмұны  

7-ХБЕС  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарты  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есептер  

МАҚСАТЫ  

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ Параграфтар 1-3  

АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 4-5  

АНЫҚТАМАЛАР 6-9  

Ақша  қаражаттары және ақша қаражаттарының баламалары 7-9  

АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ 10-17  

Операциялық қызмет 13-15  

Инвестициялық қызмет 16  

Қаржыландыру  жөніндегі қызмет 17  

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 18-20  

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ 

ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 21  

НЕТТО-НЕГІЗДЕ  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

ТУРАЛЫ  ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ 22-24  

ШЕТЕЛДІК  ВАЛЮТАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

ҚОЗҒАЛЫСЫ 25-28  

ТӨТЕНШЕ БАПТАР 29-30  

ПАЙЫЗДАР  МЕН ДИВИВДЕНТТЕР 31-34  

ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР 35-36  

ЕНШІЛЕС, ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРҒА

ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ИНВЕСТИЦИЯЛАР 37-38  

ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫНДАР МЕН БАСҚА ДА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ

БӨЛІМШЕЛЕРДІ ИЕМДЕНУ МЕН ОЛАРДЫҢ ШЫҒЫП КЕТУІ 39-42  

АҚШАЛАЙ ЕМЕС ОПЕРАЦИЯЛАР 43-44  

АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ  МЕН АҚША

ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ  БАЛАМАЛАРЫ 45-47  

ХАБАРЛАМАНЫҢ  БАСҚА ДА АШЫЛУЫ 48-52  

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ 53  

ҚОСЫМШАЛАР  

А. Қаржы  мекемесі болып табылмайтын кәсіпорын  үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  

В. Қаржы  мекемесі үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп  
 
 

7-ХБЕС  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарты  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есептер  

7-«Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есептер» Халықаралық бухгалтерлік  есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар  мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн. Олар егжей-тегжейлі басшылыққа алатын әдебиет болмаған жағдайда есеп саясатын таңдау мен қолдану үшін негізді қамтамасыз етеді.  
 
 

Мақсаты  

Кәсіпорынның  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама қаржы есептілігін пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын пайдалануда кәсіпорынның қажеттерін бағалау үшін негіз береді. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.

Бұл стандарттың  мақсаты кәсіпорынның өткен кезең  ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы өзгерістер туралы хабарлама беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын саралау жүргізіледі.  

Қолданылу саласы  

1. Кәсіпорын  осы стандарттың талаптарына  сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп әзірлеуі және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуы керек.

2. Осы  стандарт 1977 жылғы шілде айында  бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы  өзгерістер туралы есеп» ХБЕС-ын  ауыстырады.

3. Кәсіпорынның  қаржы есептілігін пайдаланушылар  кәсіпорынның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасауы мен пайдалануы туралы хабарламаға мүдделілік танытады. Бұл кәсіпорын қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының кәсіпорын өнімі ретінде болатынына қарамастан, мысалы, қаржы мекемесінің жағдайына байланысты талап етіледі. Кәсіпорындар олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы стандарт барлық кәсіпорындардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы хабарламаның тиімділігі  

4. Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде хабарлама береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабарлама кәсіпорынның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарының келтірілген құнын бағалау мен салыстыру үшін үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ мына себептен де әр түрлі кәсіпорындар қызметінің нәтижелері туралы есептіліктің салыстырмалығын жақсартады: хабарлама бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.

5. Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи хабарлама жиі ретте деңгейіне, уақытына қарай бөлудің және болашақ ақша қаражаттарының қозғалысы айқындығының қозғаушысы ретінде пайдаланылады. Ол сондай-ақ болашақ ақша қаражаттарының қозғалысының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы мен бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.  

Анықтамалар  

6. Осы  стандартта төменде көрсетілген  мәндерінде мынадай терминдер  пайдаланылады:  

Ақша  қаражаттарына кассадағы ақша қаражаттары мен талап ету депозиттері жатады.  

Ақша  қаражаттарының баламалары – алдын  ала белгілі ақша қаражаттары  сомасына тез айналатын және олардың  құны шамалы тәуекелге ұшырайтын  қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.  

Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі, кіріс келтіретін қызметі және инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен өзгеше қызмет.  

Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен  басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы.  

Қаржыландыру  жөніндегі қызмет – кәсіпорынның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.  

Ақша  қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары  

7. Ақша  қаражаттарының баламалары инвестиция  мен басқа да мақсаттардан  гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. . Ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастылуы үшін инвестиция ақша қаражаттарының бұрын белгілі сомасы оңай айналысқа түсуге және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауға тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламалары анықтамасына оның өтеудің қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз мерзімі болған кезде ғана түседі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.

8. Банк  қарыздары әдетте қаржыландыру  жөніндегі қызмет ретінде қарастырылады.  Алайда кейбір елдерде талап ету бойынша өтелетін овердрафттар кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайларда банк овердрафттары ақша қаражаттары мен баламаларының құрамдас бөліктері ретінде жатқызылады. Банктегі шот бойынша сальдоның оң сипатынан теріс сипатына жиі ретте өзгеріп тұруы банктермен осындай келісімдердің сипатты белгісі болып табылады.

9. Ақша  қаражаттарының қозғалысына ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары болатын баптары арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметінің бөлігі емес, кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттарын басқаруға ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.  

Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру  

10. Ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оларды операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызмет бойынша саралай отырып, кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылуға тиіс.

11. Кәсіпорын  ақша қаражаттарының қозғалысын өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетін әдіспен операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен береді. Қызмет түрлері бойынша топтастыру пайдаланушыларға қызметтің осы түрлерінің кәсіпорынның қаржы жағдайына әсерін және ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін хабарламамен қамтамасыз етеді. Бұл хабарлама сонымен бірге жоғарыда аталған қызмет түрлері арасындағы өзара баланысты бағалау үшін де пайдаланылады.

12. Бір операцияда әр түрлі топтастырылған ақша қаражаттарының қозғалысы болуы мүмкін. Мысалы, қарызды ақшалай өтеген кезде оған пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да, пайыз болатын бөлігі жатқан кезде операциялық қызмет ретінде саралануы, ал негізгі сома болып табылатын бөлігі қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде саралануы мүмкін.  

Операциялық қызмет  

13. Операциялық  қызмет нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының тасқынының деңгейі кәсіпорын операциялары қарыздарды өтеу, кәсіпорынның операциялық мүмкіндіктерін ақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен баға инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының тасқынын жинақтайды. Басқа хабарламамен ұштастыра отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы тасқындарының нақты құрамдары туралы хабарлама операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы тасқындарын болжау үшін пайдалы болады.

14. Операциялық  қызметтен түсетін ақша қаражаттарының  тасқындары көбінде кәсіпорынның  кіріс келтіретін негізгі қызметінен алынады. Сөйтіп, әдеттегісіндей, олар таза пайда мен залалды есептеу кезіндегі операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары тасқындарының мысалдары мыналар болып табылады:  

Информация о работе Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты