Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 20:42, контрольная работа

Описание работы

7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының (7-ХБЕС ) 1-53-параграфтар мен А және В қосымшаларында мазмұндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші болады, бірақ нағыз стандартты ХБЕСБ қабылдаған кезде ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 7-ХБЕС мақсаты «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз», сондай-ақ «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамалары» мағыналы мәтінінде оқылғаны жөн

Работа содержит 1 файл

7.docx

— 44.63 Кб (Скачать)

(а) тауарларды  сатудан және қызмет көрсетулерден  алынатын ақшалай түcімдер;  

(b) роялтиден,  алымдардан, комиссиялық сыйақылардан  алынатын ақшалай түсімдер мен басқа да табыс;  

(с) тауарлар  мен қызмет көрсетулері үшін  жеткізушілерге берілетін ақшалай  төлемдер;  

(d) қызметшілерге  және олардың атынан ақшалай төлемдер;  

(е) кәсіпорынның  сақтандыру сыйлықтары мен талап  арыздары бойынша төлемдері, жыл  сайынғы жарналары және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;  

(f) егер  бұлар тек қаржы немесе инвестициялық  қызметтерге жатқызылмайтын болса,  ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық өтемі; және  

(g) мәмілелер жасасу үшін немесе сауда мақсатында ұсталатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.  

Жабдық  бірлігін ұстау сияқты кейбір операциялар пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, ол таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жатады. Алайда осындай операциялармен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады.

15. Кәсіпорынның  мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен займдары болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, дилингтік немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алумен және сатумен байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде топтастырылады. Осыған ұқсас, қаржы мекемелері беретін аванстар мен кредиттер де әдетте операциялық қызмет ретінде топтастырылады, өйткені олар қаржы мекемесінің кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.  

Инвестициялық қызмет  

16. Инвестициялық  қызмет нәтижесінде туындаған  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабаламаны жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарының тасқындарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатымен жүргізілген шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:  

(а) жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар,  материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алу үшін ақшалай төлемдер. Оларға кәсіпорындардың өздері құрған талдап жасауға жұмсалған капиталдандырылған шығындармен және жылжымайтын мүлікпен, үйлермен және жабдықтармен байланысты төлемдер жатады.  

(b) жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар,  материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;  

(с) басқа  кәсіпорындардың үлестік немесе  борыш құралдарын және бірлескен  қызметке қатысу үлестерін сатып  алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының ақша баламалары  ретінде қарастырылатын құралдар  үшін немесе мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатына арналғандары үшін төлемдерден басқалары);  

(d) басқа  кәсіпорындардың үлестік немесе  борыш құралдарын және бірлескен  қызметке қатысу үлестерін сатудан  алған ақшалай түсімдер (ақша  қаражаттарының ақша баламалары  ретінде қарастырылатын құралдар  үшін немесе мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатына арналғандары үшін ақшалай түсімдерден басқалары);  

(е) басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы мекемелері берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);  

(f) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы мекемелерінің аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);  

(g) осы  келісім-шарттар мәмілелер жасасу немесе сауда мақсаты үшін ұсталып қалынатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде бағаланатын жағдайларын қоспағанда, фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және  

(h) осы  келісім-шарттар мәмілелер жасасу немесе сауда мақсаты үшін ұсталып қалынатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде бағаланатын жағдайларын қоспағанда, фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.  

Келісім-шарт белгілі бір позицияның хеджі ретінде ескерілген кезде ол бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы, хеджирленетін позиция бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы сияқты бағаланады.  

Қаржыландыру  жөніндегі қызмет  

17. Қаржыландыру  жөніндегі қызметінен ақша қаражаттарының  тасқындары туралы хабаламаны  жеке ашудың зор маңызы бар,  өйткені бұл хабарлама кәсіпорынға  капитал беретін инвесторлардың  ақша қаражаттарының болашақ  қозғалысына өздерінің құқықтарын мәлімдеулерін болжау үшін пайдалы болады. Қаржы қызметінен ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:  

(а) акциялар  эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан ақша түсімдері;  

(b) кәсіпорынның  акцияларына ие болу немесе  сатып алу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер;  

(c) қамтамасыз  етілмеген облигациялардан, займдардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген  облигациялардан, кепілдік және  басқа да қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарыз қаражаттарынан ақшалай түсімдер;  

(d) қарызға алынған сомаларды өтеу есебіне ақшалай төлемдер; және  

(e) қаржылық  жал жөніндегі өтелмеген берешекті  азайту үшін жалгердің ақшалай төлемдері.  

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру  

18. Кәсіпорын  операциялық қызметтен түсетін  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруі, не:  

(а) тікелей  әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы хабарлама ашылады; не  

(b) жанама  әдісті пайдалануы керек, бұл әдіс кезінде ақшалай емес сипаттағы операциялардың, операциялық қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелерін ескере отырып, таза пайда мен залал түзетіледі.  

19. Кәсіпорындардың  операциялық қызметтен түскен  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы хабалама беру үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын болашақ ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау үшін пайдалы хабарламаны беруге мүмкіндік жасайды. Жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы хабарлама тікелей әдісін пайдаланған кезде мыналардан алынуы мүмкін, не:  

(а) кәсіпорынның  бухгалтерлік жазбаларынан; не  

(b) сатудан  түскен табысты, сатудың өзіндік  құнын (пайыздар түріндегі кірістер мен осы тәріздес кірістер, сондай-ақ қаржы мекемелері үшін пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар мен осы тәріздес шығыстар жұмсалған) мыналарды:  

(і) кезең  ішіндегі босалқылардағы және  операциялық дебиторлық және  кредиторлық берешектердің өзгерулерін;  

(іі) басқа да ақшалай емес баптарын; және  

(ііі)  инвестициялық немесе қаржы қызметтеріне ақша тасқындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.  

20. Жанама  әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза қозғалысы мыналарды:  

(а) езең  ішіндегі босалқылардағы және  операциялық дебиторлық және  кредиторлық берешектердің өзгерулерін;  

(b) амортизация,  бағалау міндеттемелері, мерзімі  кейінге қалдырылған салықтар, шетелдік  валютамен жүргізілген операциялардан  келген өткізілмеген пайда мен  залал, қауымдасқан кәсіпорындардың  бөлінбеген пайдасы мен азшылықтың  үлесі сияқты ақшалай емес баптарды ескере отырып; және  

(c) нәтижесі  инвестициялық немесе қаржы қызметінен  ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылатын барлық басқа да баптарды ескере отырып, таза пайданы немесе залалады түзету арқылы анықталады.  

Балама  ретінде операциялық қызметтен  түсетін ақша қаражаттарының таза қозғалысы туралы деректер жанама әдісті қолдану арқылы кезең ішіндегі пайда мен залал туралы есепте ашылатын кірістерді және босалқылар мен операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектерді көрсету арқылы жанама әдісті пайдаланумен ұсынылуы мүмкін.  

Ивестициялық  қызметтен және қаржыландыру жөніндегі  қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру  

21. Кәсіпорын, 22 және 24-параграфтарда айтылған ақша қаражаттарының нетто-негіздерінде берілген кездегі жағдайларды қоспағанда, инвестициялық қызметтен және қаржыландыру жөніндегі қызметтен туындайтын жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы хабарламаны бөлек берулері керек.  

Нетто-негізде  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру  

22. Келесі  операциялық, инвестициялық қызметтен  немесе қаржыландыру жөніндегі  қызметтен түскен ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы деректер нетто-негіздегі есептерде берілуі мүмкін:  

(а) қша  қаражаттарының қозғалысы ең алдымен кәсіпорын қызметін емес, клиенттің қызметін көрсеткен кезде клиент атынан түсетін ақша түсімдері мен төлемдері; және  

(b) тез  айналысқа түсумен, үлкен сомаларымен және өтелуінің қысқа мерзімдерімен өзгешелігі бар ақша түсімдері мен төлемдері.  

23. 22(а)-параграфында аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары мыналар болып табылады:  

(а) банктің  талап ету депозиттерін қабылдауы  мен өтеуі;  

(b) инвестициялық  кәсіпорын клиенттері үшін сақталатын  қаражаттар; және  

(c) меншік  иелері атынан жиналатын және  оларға берілетін жалдау ақысы.  

22(b)-параграфында  аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары жүргізілген аванстық төлемдермен өтеу болып табылады:  

(а) кредиттік  карточкалардың иелеріне қатысты  негізгі сомалар;  

(b) инвестициялар  сатып алу мен сату; және  

(c) мысалы, мерзімі үш айлық және одан  да аз, басқа да қысқа мерзімді займдар.  

24. Қаржы  мекемесі қызметінің мына төмендегі  түрлерінің бірі нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы нетто-негіздегі есептерде берілуі мүмкін:  

(а) қабылдау  үшін ақша түсімдері мен төлемдері  және өтеудің белгіленген мерзімі бар депозиттер төлемдері;  

(b) депозиттерді  орналастыру және басқа қаржы мекемесінен алу; және  

(c) клиенттерге  берілетін ақша аванстары мен  несиелер және осы аванстар  мен несиелерді өтеу.  

Шетелдік  валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы  

25. Шетелдік  валютадағы операциялардың нәтижесінде  туындаған ақша қаражаттарының  қозғалысы кәсіпорынның есептілігінде ақша қаражаттарының қозғалысы туындаған күнгі валюта есептілігі мен шетелдік валюта арасындағы шетелдік валютадағы сомасына қатысты валютаның айырбас бағамын қолдану арқылы көрінісін табуға тиіс.

26. Шетелдік  еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттарының  қозғалысы ақша қаражаттарының қозғалысы туындаған күнгі валюта есептілігі мен шетелдік валюта арасындағы валютаның айырбас бағамы бойынша қайтадан есептелуге тиіс.

27. Шетелдік  валютадағы ақша қаражаттарының  қозғалысы есептерде 21- «Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің ықпалы» ХБЕС-ына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, кезең ішіндегі орташа өлшемді айырбас бағамы шетелдік валютада жүргізілетін операциялардың есебі немесе шетелдік еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 21-ХБЕС шетелдік еншілес кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын қайта есептеу кезінде баланс күніндегі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.

Информация о работе Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты