Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 19:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• есеп саясатының концептуалды негіздерін;
• есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілерін;
• есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайларын;
• кәсіпорынның есеп саясатын қарастыру.
Аталмыш жұмыстың негізгі сұрақтарына көшейік...

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Есеп саясатының концептуалды негіздері................................................6
2. Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері.............................20
3. Есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайлары ........................................23
4. Кәсіпорынның есеп саясаты......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік есеп жүйесі құрамындағы ұйымдардың есеп саясаты әртұрлі жолдармен (әдістермен) ашылады, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылардың деңгейіне қарай есеп саясатын толығытмен және қысқартылған жолдармен де жасауға болады. Есеп саясатының негізгі объектілерін толықтық вариантпен талдай отырып көрсету, негізінен қазақстандық есеп жүртізу ереже - нұсқауларымен таныс емес пайдаланушылар үшін және есеп саясаты жалпы ережелерден едәуір айрықша жағдайда болғанда қабылданады. Қалған жағдайдың барлығында есеп саясатының қысқартылған вариантын қолданып, қолданылынатын әдістер мәнін атап көрсету жеткілікті.

4.Кәсіпорындардың есеп саясаты

 

Экономикасының нарықтық жағдайға түсіп дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүиесі қайта құрылып,жаңа стандартқа сай жетілдіру керектігі жоғарыда айтылған болатын.

Қойылған осы бағытқа  байланысты әрбір кәсіпорындар бойынша,жыл  сайын есеп саясаты жасалып,бекітілетін  болды.Есеп саясатын жасаудың мақсаты – есеп объектілерінде қолданылатын әдістердің тиімді жолдарын таңдау мен меншік илігіне берілген құқықтық тұрғыдағы мүмкіндік.

Кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай  жасалған есеп саясаты осы кәсіпорындағы  материалдық және қаржылық ресурстарды барынша тиімді жұмсау конъюктураға сай экономикалық шешім қабылдау болып табылады.Есеп саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап, қолданылатын есеп объектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер қатарына келеді.Есеп саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы бойынша кейінгі бес жыл аралығында іске асырылып келе жатқанымен, бұл мәселенің әлі де болса шешілмеген түйіндері көп. Яғни,күмәнді, түсініксіз және де керағарлық кемшіліктер бар. Алайда есеп саясатына деген көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді. Елімізде қолданып келе жатқан бухгалтерлік есеп стандартының бірінші тармағында «Есап саясаты және мұның маңызын шешу» жөнінде ресми құжат қабылданған. Стандартқа жазылған есеп саясатының маңызы шаруашылық субъектілердің қаржылық нәтижеге жету мақсаты әсер етуші және кәсіпорын басшыларының таңдап алынған тәсілдері мен ереже- әдістері болып табылады.

Кәсіпорынның есеп саясаты  бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына және қаржылық қортынды есеп көрсеткіштерінің маңызы мен қалыптасуына әсер етуші процесс.

Есеп саясатын қалыптастыру мен маңызын ашып көрсету, мұның  өзін тиісті орындарға хабарлап жариялау бухгалтерлік есеп стандарттының бірінші  тармағында анық жазылған. Аталмыш  стандарт талабына сай әрбір шаруашылық субъектлері бойынша жыл сайын жасалып қабылданатын есеп саясаты- есеп жүргізудің әдістерін, ағымдағы шаруашылық операциаларын топтастырудың жолдарын, қортынды есеп құрамына енгізілетін қосымшалар мен көрсеткіштердің тізімін , сондай-ақ негізгі қорлармен айналым қаражаттрын бағалау мен бұларға тозу құн есептеудің әдістері негізделген түрде көрсетіледі.(13. 25-28 бб)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

'"Есеп саясаты"  термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толықтүрде есеп саясаты №1 "Есеп саясатының маңызын ашу" жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен кызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұнің өзін ішкі шаруашылық ерісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолдаиатын мүмкіндікке ие болатын болды.

Есеп саясаты - деп  ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.

Есеп саясатының түпкі  мақсаты - нарық пен базарлы саудаға  түсетін ұтымды жолдарды анықгау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өндірістік шығындар тиімділігін үтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есептің  жоғарыда айтылған әрбір тұрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізгі бағыттан ауытқымауы керек.

Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу женіндегі зандар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы тағы басқа ресми күжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық күрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады.Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.

Есеп объектісінің кез  келген бабы қойылған мақсатқа және арнайы қабылданған нүсқау - ережелерге сай  жүргізілетіндігін есте сақтаған жөн. Орынсыз жанама жасалған жағдай есеп жүйесіне кері әсер етеді, мұндай жағдайда экономикалық қайшылық туындайды.

Іс-тәжірибеде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелері мен принциптеріне қарай ұйымдар, тауарлы - материалды босалқыларды бағалауына және қайта бағалауына көптеген әдістерді қолдануына болады.

Тауарлы-материалды құндылықтарды босалқылар нақтылы өзіндік қүнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген күнмен, ФИФО әдістерімен багаланады.

Тауарлы-материалды нақтылы  өзіндік қүнымен бағалау бұларды сатып алудағы және дайындаудағы жүмсалған нақтылы шығындар сомасымен бағаланады.

Шығындарды сомалау  әдісі арқылы өндірілген өнімнің  өзіндік құнын шығару үшін жекелеген  калькуляциялық нәтижелердің сомаларын  деталдар, узелдер, стадиялар бойынша анықтайды.

Есептің осы  объектісі бойынша еңбек ақы  төлеудің тұрлері мен жүйесі, есептелген еңбек ақымен есеп айырысудың әдісі, еңбекті ұйымдастырудың жолдары мен тұрлері (бригадалық, үжымдық т.б.) еңбек жағдайынан туындайтын ауытқушылық факторлары, тоқтап калу, және өндірістік ақау болдырмау шаралары, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеудің тәртібі, жеңілдік сағаттар, еңбек демалысы бойынша есеп айырысу, еңбек уақытынан артық кеткен уақытка еңбек ақы есептеу, жәрдем акы т.б. факторлар көрсетіліп, есеп саясатының осы объектіге тән әдістері таңдалынады.

Бухгалтерлік есеп объектілері  ерекшеліктеріне тән есеп саясатының таңдамалы жолдары мен әдістерін  қолдана білудің түпкі мақсаты - ұйымдар кьізметінің нәтижесін, бұлардың каржылық жағдайын шындық пен объективтілік тұрғыдан көрсете білу болып-табылады.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі тиісті әдістер мен бұлардың элементтерін таңдап алу және іске асырудағы негізгі мақсат төмендегі факторларды қанағаттандыруға арналады.

Есеп саясатын жасайтын комиссияның құзырына және шешім қабылдау, бухгалтерлік есеп жүйесінің варианттарын таңдап алу, сондай-ақ шешілуге тиісті мәселелерді, бухгалтерлік есепті жақсы және тиімді жолдармен ұйымдастыру проблемалары жатады.

Осы заманғы нарықтық экономикадағы ақпараттар жүйесін  қосымша ашып көрсетудің маңызы зор. Қаржылық корытынды есеп  тұнық және түсінікті болуы керек. Есептің бүл түрі есеп саясатымен тікелей байланысты болады. Сондықтан есеп саясатына тән әрбір объектілер мазмұнын ашып көрсетудің маңызы зор. Есеп саясатын жіктеп көрсету және қаржылық қорытынды есеп жүйесінің маңызын ашу үшін ұйымдардың әр жылы жасайтын қорытынды есебіне қосымша түрде түсініктеме жазулар мен ескертулер қосылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен "Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде" - "Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, соңдай-ақ қосымша материаддар мен баскада акпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі" делінген.

Бухгалтерлік қорытынды  есеп қүрамындағы есеп саясатының маңызын ашып көрсету үшін өрбір нақтылы есеп объектілерінің мәселелері тиісті ережелер немесе әдіснамалық материалдар талабынан ауытқымауы қажет.

Кәсіпорынның есеп саясаты  бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына және қаржылық қортынды есеп көрсеткіштерінің маңызы мен қалыптасуына әсер етуші процесс.

Қазақстандық және халықаралық  стандарттардан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп жасау мен тапсыру талаптары деңгейінде қалыптасады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Бухгалтерлік есеп стандарттары, 2005 ж.

2. Радостовец В.К., Ғабдулин  Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.-Алматы, 2003.-655бет.

3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. бухгалтерский учет на предприятиях. –Алматы: Центраудит- Казахстан, 2002.-728с.

4. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета- Алматы: Центраудит- Казахстан, 2000.

5. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. бухгалтерлік есеп принциптері.-Алматы, 2003.

6. Қазақстан Республикасы  Қаржы министірлігінің . Бухгалтерлік әдістемесі және әдістемелік ұсынымдары,- Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.

7.Төлегенов Е.Т. Бухгалтерлік  ақпарат жүйелері.- Алматы, Экономика, 2001-184 бет.

8. Төлегенов Е.Т., Радостовец В.К. Ауыл шаруашылық кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.- Алматы, Қайнар, 1994.

9.  Қазақстан Республикасы Президентінің 1998.28.01.№3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеппен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

10. Друри К. Введение и управленческий и пройзводственный учет: М: Аудит,ЮНИТИ, 1998

11.  Ниддлз Б, Андерсон  Х, Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского  учета. М: Финансы и статистика, 2002.

12. Стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендаций к ним-2000..

13. Бюллетень бухгалтера.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері