Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 19:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• есеп саясатының концептуалды негіздерін;
• есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілерін;
• есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайларын;
• кәсіпорынның есеп саясатын қарастыру.
Аталмыш жұмыстың негізгі сұрақтарына көшейік...

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Есеп саясатының концептуалды негіздері................................................6
2. Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері.............................20
3. Есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайлары ........................................23
4. Кәсіпорынның есеп саясаты......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Аяқталмаған өндіріс  көлемін бағалау әдісін қолдану  арқылы өндірістік типті, есеп жүргізу әрекеттерінің жеңіл жолдарын, еңбек шығындарын қысқарту және оперативтік жедел ақпараттар алуға, сондай-ақ жалпы жұмсалған шығындар көлеміндегі аяталмаған өндірістің дәрежесі мен көлемін анықтауға болады.

Жоғарыда айтылған өңдірістік шығындарды өз объектілеріне қарай  бөліп тарату және өндірілген өнімдердің бір өлшемінің калькуляциясын шығару жөніндегі қолданбалы әр тұрлі әдістер есеп саясатын қалыптастыру үрдісін жасау үшін таңдалып анылады.

Алашақтар мен берешектер қарыздарының есебі.

Есептің осы объектілеріне  төмендегі ерекше әдістер колданылуы мүмкін; күмәнді қарыздар резервін қалыптастыру әдісі, сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне қарай есеп айырысудың пайыздық әдісі, шоттарды төлеудің төлеу мерзімі бойынша есеп айырысу әдісі.

Сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне карай  пайыздық әдіс, негізінен берешектердің өткен кезеңдердегі қарыздарын және сөнімсіз қарыздардың үлес салмағын анықтап, талдау арқылы шығарылады. Өткен жылдарда орын алған жағдайлардан туындаған қарыздар сомасын талдаудың нәтижесінде есепті осы жыл бойынша күмәнды қарыздар резерві жасалынады. Шоттарды төлеудің төлеу мерзімі бойынша есеп айырысу үшін күмәнді қарыздардың болашақтағы болжамды пайызы есептелініп, қарыз сомаларының тұрлерін топтарға бөліп, классификациялық және жекелеген берешектер мен алашақтар категорияларына жатқызып, қарыздарды төлеу дәрежесі анықгалады.

Еңбек акы төлеудің есебі

Есептің осы  объектісі бойынша еңбек ақы  төлеудің тұрлері мен жүйесі, есептелген еңбек ақымен есеп айырысудың әдісі, еңбекті ұйымдастырудың жолдары мен тұрлері (бригадалық, ұжымдық т.б.) еңбек жағдайынан туындайтын ауытқушылық факторлары, тоқтап калу, және өндірістік ақау болдырмау шаралары, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеудің тәртібі, жеңілдік сағаттар, еңбек демалысы бойынша есеп айырысу, еңбек уақытынан артық кеткен уақытқа еңбек ақы есептеу, жәрдем ақы т.б. факторлар көрсетіліп, есеп саясатының осы объектіге тән әдістері таңдалынады.

Сонымен қатар еңбек  ақы есебін шоттар мен субшоттарда жүргізу, қолданбалы жұмысшы шоттар тізімі, еңбек демалысына ақы төлеу резервін жасау және еңбек ақы бойынша есеп айырысу құжаттарын сақтау т.б. шаралар есеп саясатында көрсетілуі керек.(6. 203-206 бб )

Акшаның есебі

Ақшаның есебін жүргізуде  төмендегідей әдістерді қолданады: кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі, шетелдік валюта түріндегі ақшалар есебін жүргізудің тәртібі, дүкендердегі ақша есебін жүргізу, дербес баланс жасамайтын сату орындарындағы, филиалдардағы ақша қозғалысының есебін жүргізу тәртібі және кассадағы қалдық ақшаны түгендеу мерзімі, мұның әдістері есеп саясатында жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Есеп саясатының техникалық  аспектілері

 

Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін төмендегідей тиісті кезеңдер, сабақтастық жолдар белгілеу ұсынылады:

- есеп саясатын жасайтын  арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен атқаратын міндетті жіктеп көрсету мәліметтерінің тіркемесі, есеп жүргізудің жаңа әдістері, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерінің талаптары және тиісті бұйрық шығару құжаттары дайындалады. Комиссия құрамы тек қана бухгалтерлік қызмет атқарушы адамдардан ғана емес, басқада бөлімдер мен қызмет атқарушы құрылымдардың білікті мамандары қатыстырылады. Кімде болмасын осы ұйымның өндірістік технология ерекшеліктерін, заң және қаржы жүйесін, жақсы біліп меңгерген тәжірибелі мамандар қатыстырылуы керек;

- кезеңдік шаралар және қаралатын мәселелер, сондай-ақ есеп 
объектілері, қажетті құжаттар тағы басқада мәселелер сабақтастық жолдармен есеп саясатында белгіленеді;

 -есеп жүргізудің жекелеген тәртібін және әдістерін пайдалану, сондай-ақ есеп саясатының қолданбалы әдістерін таңдап алу жолдары тиісті өкілетті органдармен келісілетін, бұларды хабардар ету шаралары белгіленеді.

Есеп саясатын жасайтын комиссияның құзырына және шешім қабылдау, бухгалтерлік есеп жүйесінің варианттарын таңдап алу, сондай-ақ шешілуге тиісті мәселелерді, бухгалтерлік есепті жақсы және тиімді жолдармен ұйымдастыру проблемалары жатады.

Бұл тарауда негізгі техникалық және экономикалық бағыттар мен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың үлгі қалпы (формасы) белгіленеді. Бұл кезеңде мына төмендегідей акпараттар қалыптастыру жағы қаралады:

-ұйымдардың ұйымдық үлгісі, мұның сипаттамасы мен көлемі, қызмет 
атқару ерекшеліктері белгіленеді;

-ұйымның жарғысынан, құрылтайшылық құжаттардан үзінділер беріліп, акционерлер мен клиенттер тізімі, сондай-ақ жұмыскерлер мен басқарушы қызметкерлердің жалпы саны көрсетіледі;

-директорлар кеңесімен өткізілетін кездесулер, т.б. ұйымдар қызметіне 
байланысты маңызды шаралар өткізу белгіленеді.

Жоғарыда  көрсетілген шаралар мен сипатгамалар стандартгық жолдармен емес тезистік жазба түрде жазылады. Мұндай сипаттамалар беру есеп саясатының ақпараттық көздерін құрайды, анықтама материалдар ретінде қолданылады.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі ресми құжаттардың, іске асырылады делінген нормативтік құжаттардың, басқада нұсқаулар мен ережелердің жағымды және жағымсыз жағына баға бере отырып, ұйымдардағы әрбір бухгалтер ізденіс әрекеттерімен айналысып, өз ұйымында әдістемелік қондырма жасауды мақсат тұтқаны жөн. Мұның үшін халықаралық тәжірибеге енген тиісті бухгалтерлік есеп стандарттарын зерттеп білгені жөн.

Ұйымдардың бас бухгалтерлері табандылық көрсетіп, кәсіби білімділігінің нәтижесін есеп саясатын жасауға жұмсауы қажет. Есеп саясаты ұйымдардың ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Нарықтық экономика мен базарлы сауда жағдайында ұйымдар өз ерекшеліктері мен атқаратын шаруашылық қызметтеріне қарай бухгалтерлік есептің ішкі әдіснамасын жасауына болады. Бас бухгалтерлер әр жылы жасап тапсыратын жылдық қорытынды есеп құрамына осы жылы орын алған есеп саясатының өзгерістерін көрсетіп, келесі жылға жасалынатын есеп саясатын жетілдірудің жолдарын белгілеуге міндетті. Мұндай саясат жүзеге асқан жағдайда ұйымдардағы инвестициялық қаржылық және келісім-шарт, тағы басқа өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың жақсы негізгі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады.

Бухгалтерлік қорытынды  есеп құрамындағы есеп саясатының маңызын ашып көрсету үшін өрбір нақтылы есеп объектілерінің мәселелері тиісті ережелер немесе әдіснамалық материалдар талабынан ауытқымауы қажет.

Сонымен есеп саясатын ресми түрде қалыптастыру жөніндегі құжаттарға: бұйрықтар, ішкі ережелер, нұсқаулар, акционерлер жиылысының шешімдері, жарғы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы, тағы басқа бухгалтерлік есеп өрісіндегі ресми құжаттар жояды. Есеп саясаты ұйымдағы нормативтік құжаттар жиынтығынан құралған ішкі ұйымдық құжатқа жатады. Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістерден, тәжірибеде қолданылып келе жатқан концептуалды негіздерден, қазақстандық және халықаралық  стандарттардан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп жасау мен тапсыру талаптары деңгейінде қалыптасады.(8. 125-127 бб)

Есеп саясатының ұйымдық-техникалық бөлігінің аяқгалуы кезеңіне -жылдық бухгалтерлік қорытынды есепті тиісті орындарға тапсыру, баланстың құрылымы, ішкі қорытынды есептің құрамы мен үлгісі, есеп жүйесінің сапалылығын тексеруші жауапты мамандар, қаржылық талдау жұмысын жүргізу мерзімі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Есеп саясатына өзгерістер  енгізу жағдайлары

Осы заманғы нарықтық экономикадағы ақпараттар жүйесін  қосымша ашып көрсетудің маңызы зор. Қаржылық қорытынды есеп тұнық және түсінікті болуы керек. Есептің бұл түрі есеп саясатымен тікелей байланысты болады. Сондықтан есеп саясатына тән әрбір объектілер мазмұнын ашып көрсетудің маңызы зор. Есеп саясатын жіктеп көрсету және қаржылық қорытынды есеп жүйесінің маңызын ашу үшін ұйымдардың әр жылы жасайтын қорытынды есебіне қосымша түрде түсініктеме жазулар мен ескертулер қосылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен "Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде" - "Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, сондай-ақ қосымша материалдар мен басқада ақпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі" делінген. Мысалға, ұйымдар есеп ақпараттарын пайдаланушылар талабын қанағаттандыру үшін қорытынды мен баланс баптары және табыстар мен шығындар қорытындысы жөнінде қосымша ақпараттар беруге міндетті. Мұндай қосымша ақпараттар тәуекелшілік пен кейбір белгісіздік жағдайларды қосымша түсіндіріп, ұйымдардың қаржы жағдайына, баланста көрсетілмеген ресурстар мен міндеттемелерге (пайдалы қазба байлық) әсер етуші факторларды ашып көрсетуге арналады. Сондай-ақ шаруашылық және аймақтардағы бөлімшелер жөніндегі ақпараттарда қосымша беріледі.

Бухгалтерлік қорытынды  есепке қосымшаланатын түсініктемеде осы ұйым жөніндегі, мұның қаржылық жағдайы жөніндегі, есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және баланстың маңызды баптарын бағалау әдістері жөніндегі ақпараттар беріледі.

Егер бухгалтерлік есеп ережелерін толық қолданбаған, немесе ауытқушылық орын алса, мұндай фактілер ұйымдардың қаржы қызметін және активтерін толығымен бағалау мүмкіндігі болмаса, онда мұндай фактілер тиісінше түсіндірмеде берілуі керек.

           Бухгалтерлік есеп ережелері мен әдістерін арнайы талаптарға сай орындамаған жағдайда, мұның өзі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі заңын орындаудан жалтару болып танылады.

Егер бухгалтерлік қорытынды есеп дайындап тапсырған кезде ұйымдардың қаржылық қорытынды есебін толығымен қалыптастыру мәліметтері жеткіліксіз болып, осы ұйымның қаржылық қызметіне кері әсер ететін, қаржы жағдайын өзгеріске түсіретін фактілер орын алса, онда түсіндірме құралына тиісті қосымша көрсеткіштер есептелініп, бұларды талдап жазу міндеттеледі.

Қосымша есептелініп жазылған көрсеткіштер негізінен қаржы мәліметтерін пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыруға бағытталады. Қаржы көрсетікіштерін пайдаланушылар ұйымдардың қаржылык жағадайының болашағын, өндірістік үрдісті ары қарай жетілдіру, басқару және шаруашылық қызметінің тиімділігі бағытын анықтауға арналады. Ұйымдардағы есеп саясаты мына төмендегі жағдайларда өзгеріске түседі:

-Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі заң актілері, 
немесе нормативтік актілер мен салық жөніндегі заңдар өзгеріске түскен 
жағдайда;

-Заңды түлғаларды қайта құрған, жаңа технологиялар енгізіп, өндірістік 
үрдісті модернизациялаған және Халықаралық бухгалтерлік стандарттарына 
сай бухгалтерлік есептің жаңа принциптері мен әдістерін енгізген жағдайда;

-Активтерді, міндеттемелер мен меншікті капиталды пайданы бағалау 
мен бөлудің жаңа әдісін, бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының жаңа тізімін қолданған жағдайда өзгереді.

Есеп саясатының өзгеріске  түсуінің мақсаты - бухгалтерлік есеп объектілеріндегі дәлдік пен шындыққа және ұйымдардың шаруашылық қызметіне баға беру болып табьтлады. Сонымен қатар есепті жүргізудің арзан және еңбек шығындарын азайтатын жолдарын белгілеп, ақпараттардың дәлдігін қадағалаудан туындайды.

Есеп саясатына өзгерістер енгізу келесі есепті жылдың басында жасалынуы керек.

Егер бухгалтерлік қорытынды дайындауда едәуір дәрежеде орын алған теріс фактілер мен сөнімсіздіктер болып, мұның өзі ұйымдардың қаржы жағдайын маңызды өзгерістерге ұшыратындай болса, онда орын алған әрбір кері фактілер мен түсініксіздіктер толығымен талданып, мұндай жағдайлардың немен байланысты екендігі есеп саясатында көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасы заң актілері мен нормативтік құжаттарға қайшы келмейтін ұйымдардың қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметіне едәуір әсер етуші бухгалтерлік есеп өрісінде орын алған фактілер арнайы есептеулер және сомалық өлшеммен бағаланып, есеп саясатында түсіндіріледі. Мұндай бағалаулар ұйымдарда тексерілген және салыстырылып, айырымы шығарылған мәліметтерге қарай орындалып, әрбір факті бойынша ай-күні жазылады.

Бухгалтерлік баланс, қаржы шаруашылық қызметінің қорытындысын және бұларға түсініктемелер жасауда, есеп жүйесін тапсырушы ұйымдар өздері таңдаған есеп әдістері деңгейінде осы есепті жылдағы бағытты келесі кезеңде сақтап қалу жағын қарастырып отыруы керек.Осылайша қойылған талаптар қаржы қорытындысына қосымша берілетін түсініктемеде толықтырылып, есеп жинағын пайдаланушылар орын алған өзгерістерді оң өзгерістер енгізу мен бұларды бағалаудың шығындары аз мөлшерде жүмсалуы керек.

Қосымша түсіндірменің  белгілі атаулары мен тараулары бірнеше есепті жылдар бойы барынша өзгеріске түспейтін жолдармен берілгені жөн. Қосымша талаптар туғызатын жаңа нормативтік құжаттар қабылданған жағдайда тиісті тарауларды тәжірибеде орын алған, бұрында қолданылып келе жатқан тараулар мен сабақтастықтан соң берген жөн. Осы тұрғыдан қарағанда қосымша түсіндірменің тарауларын қалыптастыру қаржы қорытындысын жасаудағы әдіснамалық ұсыныс тарауларымен сай келген жағдайда ұтымды болады. Мәселе, осылайша сабақтастық жолдармен қаралған жағдайда есеп жүйесін реттеуші құжаттар қаржылық қорытынды есебі ақпараттары мен мұндағы ескертулер арасын байланыстырудың белгілі бір дәрежеде нұсқауы бола алады.(4. 10-15 бб)

Есеп саясатын жасау  арқылы қаржылық қорытындының маңызын  ашу дәрежесі ұйымдардағы бухгалтерлік қызметін жетік білетін мамандар мен қаржылық қорытындыны оқи білетін тұлғаларға байланысты болады. Қорытындылық ақпараттар кәсіпкерлік және экономикалық қызметтермен айналысушылар үшін түсінікті болуы керек. Артық көлемде түсініксіз жасалған ақпараттар қыруар шығынға ұшыратады, ал есепке алынбаған, тіптен аса бір маңызды емес ақпараттар басқару шешімін қабылдауға қиындықтар туғызып, қаржылық қорытындыны талдау мүмкіндігін болдырмайды. Сыртқы және ішкі пайдаланушылар үшін қаржы есебі өрісіндегі ақпараттардың маңызы әділетті және толық сәйкестікпен жасалынуы керек. Сондықтан пайдаланушыларды қаржы қорытындысын маңызды және түсінікті ақпараттармен қамтамасыз ету, түсетін табыстардың жұмсалған шығындардан артық болуы жөнінде оптималды шешім қабылдау негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Пайдаланылуы жағынан маңызы төмен, шешім қабылдау жағынан түсінксіз, қорытынды көрсеткіштерді толық камтамасыз етуге жатпайтын ақпараттар кажетсіз екендігін есте сақтаған жөн. Қандай дәрежеде болмасын қосымша жасалынатын ақпараттар қаржылық қорытынды өрісіндегі қабылданатын шешімдер үрдісін жақсартуға арналады.

Информация о работе Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері