Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 19:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• есеп саясатының концептуалды негіздерін;
• есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілерін;
• есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайларын;
• кәсіпорынның есеп саясатын қарастыру.
Аталмыш жұмыстың негізгі сұрақтарына көшейік...

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1. Есеп саясатының концептуалды негіздері................................................6
2. Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері.............................20
3. Есеп саясатына өзгерістер енгізу жағдайлары ........................................23
4. Кәсіпорынның есеп саясаты......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32

Работа содержит 1 файл

есеп саясаты.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Есеп саясатын қалыптастыру үшін:

а) құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардьщ активтері мен міндеттемелер тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның шаруашылық кызметі ешкімге де тәуелді емес және дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип) түсінген жөн.

б) ұйымдар өз жұмысын ары қарай тұрақты бағытта жалғастыра береді,бұлар ұйымды жоймайды, немесе өз қызметін қысқартпайды (үздіксіздік принцип);

в) таңдап алынып жасалған есеп саясатын бір жылдан бастап келесі 
жылдарда да сабақтастық түрде қолданыла береді (сабақтастық принципі);

г) ақшаның түсуі, немесе түспеуіне қарамастан шаруашылық қызметінің фактілері орын алған осы есепті кезеңге жатқызылып есептелінеді (сату немесе есепке жатқызу принцип).

Есеп саясатын мына төмендегі  талаптар қанағаттандыруы қажет:

а) ұйымдардың шаруашылық өміріндегі орын алған барлық фактілерді бухгалтерлік есепке толығымен тіркеу (толықтық принцип);

б) табыстар мен активтерге қарағанда пассивтерді көбейту жолдарын қадағалау және орынсыз шығындарды болдырмау жолдарын қадағалау (сақгық принцип);

в) әрбір айдың бірінші жұлдызына жасалынатын синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналыс пен қалдық сомалардың сай 
келушілігін, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерінің 
синтетикалық бас шоттардағы қалдықпен бірдей болуышылығын қадағалау 
(сәйкестік принцип).

Есеп саясатын нақтылы іске асырып, мұның өзін тәжірибеде басшылыққа алу үшін осы ұйымның орналаскан мекен - жайы бойынша қызмет атқаратын салық органымен мүмкін болатын айырмашылықтарды, есеп жүйесіндегі аздаған өзгерістерді және бұларды реттеудің жолдарын келістіру қажет.

Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін мына төмендегідей кезеңдік шараларды орындау қажеттігі туындайды (кезендік принцип):            есеп саясатының мақсатын, міндетін, қажеттілігін, шешімін және 
аналитикалық (жіктеуші) көрсеткіштер тізімін, бухгалтерлік есеп 
стандарттарының талабына сай жаңа әдістерді қолдану жолдарын талдап 
көрсету, есеп саясаты өрісінде шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау тағы басқа шараларды белгілеп іске асыру үшін арнайы комиссия құрылады.Комиссияның құрамына тек бухгалтерлік қызмет атқарушылар ғана емес,өндірістің технологиясын жақсы білетін, қаржыландыру мен қаржы қызметін атқарушы тәжірибелі, мамандар құқықтық қызмет бөлімі және басқада бөлімдердің кәсіби деңгейі жоғары мамандары қатыстырылады. Қажет деп танылған жағдайда басқада мамандандырылған сыртқы ұйымдардың мамандары да шақырылуы мүмкін;

- есеп саясатына тән  қажетті құжаттар, басқа да қабылданған шешімдер 
мен нормативтік құжаттар, есеп саясаты өрісіндегі объектілер тізімі, сондай- 
ақ шешілетін мәселелердің кезеңдік жолдары мен сабақтастығы анықталады;

- есеп жүргізудегі  қолданылатын әдістер мен ережелер және таңдалып 
алынған есеп саясатының әдістерін арнайы өкілетті органдармен келісу және 
бұл органдарға ресми түрде хабарлаудың тәртібі бекітіледі.

Есеп саясаты жөніндегі мәліметтер мен ақпарат негізінен қаржы есебінің маңыздылығын түсіну үшін қажет. Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үрдісінің негізгі мақсаты - қаржы есебінің элементтері мен әдістерінің негізін ашып көрсету және салық есебі мен басқарушы есеп көрсеткіштерінің қаржылық қорытындыға әсер етушілігін түжырымдау болып табылады. Іс тәжірибе бухгалтерлік есеп жүргізу өрісінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының негізгі элементтері төмендегі объектілер мен есеп учаскелерінен қалыптасады:

Негізгі құралдарды бағалау, қайта бағалау және тозу (амортизациялау) әдістері.

Мұнда бүтіндей тозып, жарамсыз болған негізгі кұралдарды қайта бағалау мен есептен шығару жөніндегі қолданылатын әдістер ішінен осы ұйымға тән ыңғайлы әдісті тандап, тәжірибеде колдану жолы анықталады. Бухгалтерлік есеп мәліметі бойынша бастапкы құнын түгелімен өндіріске, қызмет көрсетуге жұмсап тауысқан, әйткенмен де әлі де пайдалану мүмкіндігі бар негізгі құралдарды қайта бағалау, немесе бұларды айырбастау үшін қолданылатын әдісті ашып көрсету қажет. Бағаланған негізгі құралдар сомасы тозу (амортизациялык) соманы және салық салу базасының (кондырма) сомасын көбейтеді. Құны жағынан түгелімен тозуға ұшыраған негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалау үшін: ағымдағы бағамен бағалау, бұларды жою жөніндегі бағалау әдістерінің бірі көрсетіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалап, кіріске алу үшін индекстік және тікелей бағалау әдістерінің бірі қолданылады. Қайта бағалаудың нәтижесінде кұны көбейген негізгі кұралдардың сомасы баланстың актив жағындағы соманы көбейтіп, мүліктер құны нақтылы мүмкіндікке қарай жаңадан бағаланады. Осылайша құны жоғарылаған негізгі құралдар қайтадан тозуға ұшырайды да, есепті кезеңдегі шығындар сомасын көбейтіп, мұның есесіне таза табыс көлемін азайтады, валюта баланс сомасы да көбейеді.(3. 137-141 бб)

Негізгі құралдар объектілерінің құнын төмендетіп бағалаудың нәтижесінде есепті кезеңдегі шығындар сомасы азайтылып валюта баланс сомасы да азаяды. Мұның өзі салық салушылық базаға да әсер етеді.

Жалпы негізгі құралдар бойынша тозу (амортизация) сомасын есептеу әдістері; бір қалыпты тозу сызықты, өндірістік, бастапқы кұнын шапшаңдатып есептен шығару, құнын төмендетіп қалдықтау және куммулятивтік әдістерден қалыптасады. Негізгі құралдардың тозуын есептеуге арналған әдістердің қандайы болмасын есепті кезең шығындарын көбейтуге (өндірістік шығындар мен кеңездік шығындарды) және табыс көлемін азайту үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу резервтерін жасау есебінің әдісі, негізінен екі жолмен: жөндеу жұмысы аяталғанға дейінгі жұмсалған шығындар "Алдағы кезең шығындары" шотында жинақталып, жөндеу жұмысы аяқталғаннан соң, жинақталған мұндай шығындар жалпы шығындар есебін жүргізуші шоттарға аударылып жазылады. Екінші әдіс бойынша негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнына (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) және кезеңдік шығындар құрамын тікелей жазылады. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары резервінің қалдық сомасы, осы есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге көшіру нәтижесінде жалпы шығындар сомасын көбейтіп, осы жылдағы таза табыс сомасы, басқа да жылдардағы жасалған резерв сомасының есебінен азайатындығын білген жөн.

Материалды  емес активтер және бұлардың амортизациясы

Материалды  емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер материалды емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау мүмкіндігіболмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл мерзім белгіленеді. Материалды емес объектілер өрісін амортизацияесептеу екі тұрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі, - түзу сызықты бірқалыпты, екіншісі - өндірілген өнімдер (жұмыстар, қьізметтер) көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу әдісі.

Инвестицияларды бағалау  әдістері мен есебі

 Бұл тарау бойынша есеп саясатын жасау үшін инфестицияларды бағалау:

1) Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау үшін 
инвестациялардың ағымдағы құнының осы күнгі ең төменгі дәрежесі алынады. 
Инвестицияларды ағымдағы құнымен бағалау құнды қағаздар нарығының 
бағасына сай тұрақты түрде инвестициялар құнын баланста реттеп отыруға 
негізделген.

Баланс бойынша қысқа мерзімді инвестициялар құнын реттеу кезеңінде ұйымдардың табысы мен шығындары нәтижесі өзгеріп отырады, немесе реттеу нәтижесінің сомасы табыстар мен шығындар көлеміне әсер етеді. Инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнынан ең төменгі бағамен бағалау әдісі құнды қағаздар курсының кенеттен төмендеуіне карай шеккен барлық зиянды тіркеуге негізделген. Ал құнды қағаздар курсының жоғарылауы нәтижесінде түскен табыс есепке алынбайды. Мұндай табыс инвестициялар сату кезінде ағымдағы құнның сатып алу құнынан артық болған жағдайда ғана шығындар мен табыстардың өзгеруіне әсер етеді.

2) Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау әдісі, бұларды сатып алу бағасымен және сату мен ағымдағы құнының ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Инвестицияларды сатып алу бағасымен бағалау да баланстық құн өзгеріссіз қалдырылып, сатып алудағы жұмсалған нақтылы шығындар сомасымен бағаланады. Инвестицияларды қайта бағалау әдісімен бағалау есепте тұрған инвестициялар құнын ағымдағы (нарықтық) құнға келтіру мақсатында әр кезеңде құны өзгеріске түскен жекелеген инвестициялық объектілер бойынша бағалау жүргізуге негізделген.

Тауарлы - материалды босалқыларды (құндылықтарды) бағалау әдістері

Іс-тәжірибеде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелері мен принциптеріне қарай ұйымдар, тауарлы - материалды босалқыларды бағалауына және қайта бағалауына көптеген әдістерді қолдануына болады.

Тауарлы-материалды құндылықтарды босалқылар нақтылы өзіндік құнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген құнмен, ФИФО әдістерімен бағаланады.

Тауарлы-материалды қорларды нақтылы өзіндік құнымен бағалау бұларды сатып алудағы және дайындаудағы жұмсалған нақтылы шығындар сомасымен бағаланады.

Босалқыларды  есепті бағамен бағалау белгілі  кезеңде анықталған (орын алған) баға көлемімен бағаланады. Есепті баға әр кезде қайта қаралып, корректураланады. Есепті бағамен бағаланған тауарлы-материалды босалқылар өндірістік процестің (үрдістің) болашақтағы шығындары болып табылады.

Орташа өлшенген құнымен бағалау босалқылардың орта бағасын есептеу арқылы сатауға түскен, немесе сатуға түсетін босалқылардың құны шығарылады. Орта құнмен бағалау барлық босалқылар құнын, бұлардың санына бөлу әдісімен шығарылады.

ФИФО әдісі бойынша  тауарлы - материалды босалқылардың  бірінші тобының түскені бірінші сатылады, немесе бұрында түскен тауарлы-материалды босалқылар ерте сатылады.

Сонымен қатар тауарларды бөлшек саудада бағалау үшін есепке алынған тауарларды (шоттардағы), бұларды сатуға дейін нақгылы сатып алуға жұмсалған шығындар сомасымен есептей тұрады.

Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Өндірістік шығындар және өндірілген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін таңдап қолдану ұйымдардың технологиялық және ұйымдық құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мұндағы әдістер өндірістік өзіндік құнды қалыптастыру мен калькуляциялау жүйесіндегі сабақгастық әрекеттерді және қолданбалы принциптерді сипаттауға арналған.(7. 121-123 бб)

Өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің көптараған әдістеріне:

- процесстік

- тапсырыстық

- нормативтік әдістер  жатады.

Өнімдер өндірудегі шығындар екі вариантты әдістер; жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз болып ажыратылады.

Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін төмендегі:

- тікелей  есептеу;

- коэффициенттік;

- аралас;

- нормативтік;

-шығындарды сомалау (жинақгау) әдістер қолданылады. 
Жанама шығындарды бөліп тарату әдістеріне:

- еңбек шығындарына  қарай пропорционалды бөлу;

- тікелей шығындарға  қарай пропорционалды бөлу;

- өндірістік жұмысшылардың жүмсаған адам - сағатының санына кдрай 
пропорционалды бөлу;

 Аяқталмаған өндірісті бағалау әдістеріне:

- шығындардың  тікелей баптары бойынша;

- материалды шығындар құны бойынша;

- өндірістік өзіндік құнының нормативтік (жоспарлы) сомасы бойынша;

- шартты бірлік әдісі бойынша;

- басқада әдістерді қолдануға болады.

Процесстік әдіс деп - шығындарды біртекті өнімдерге таратып бөлу жүйесін айтады. Көптеген (қаптаған) өндірістегі өндеу процесінің бірнеше стадияларына жатқызылған шығындарды таратуда осы әдіске жатады.

Тапсырыстық әдіс деп - технологиялық  мақсатқа жұмсалған материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және жалпы өндірістік шығындарды нақтылы өндірілген өнімдер (немесе өнімдер тобы) сомасымен теңестіруді айтады.

Нормативтік әдіс деп - жұмсалған шығындарды, жіберілген материалдарды жоспарлау және нормалау жұмыстарын айтады. Нормалар негізінде шығындарды жоспарлау ұйымдардың алға қойған мақсатын шешуге әсер етеді.

Жартылай фабрикатты әдіспен өндірілген өнімнің бір  өлшемін калькуляциялау арқылы аяқталмаған  өнімдердің бағасы әрбір өнім өндіру стадиялары бойынша шығарады. Жартылай фабрикатты әдіс бойынша өнім өндірудегі әрбір өңдеу стадиялары бойынша жартылай фабрикаттардың сандық өлшемін шығаруға болады.

Өндірілген өнімдердің бір өлшемін калькуляциялау әдістері өнімнің өзіндік құнын есептеу әдіснамасын қолдану арқылы ажыратылады. Әрбір калькуляциялау әдісі өнімнің бір өлшемінің бағасын есептеп шығару жолының күрделігіне және алынған нәтиженің нақтылық дәрежесіне байланысты.

Өндірілген өнімнің  бір өлшемін тікелей есептеу  әдісі арқылы шығару үшін жұмсалған шығындарды өндірілген өнімдердің натуралды санына бөледі.

Коэффициенттік әдіс бойынша өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын шығару үшін арнайы коэффициенттер мен бөліп - тарату жөніндегі базалық есептеу (есеп айырысулар) қолданылады.

Аралас әдіс нормативтік  калькуляция есептеу және нормадан ауытқудың айырым есебін шығаруға негізделген.

Шығындарды сомалау  әдісі арқылы өндірілген өнімнің өзіндік құнын шығару үшін жекелеген калькуляциялық нәтижелердің сомаларын деталдар, узелдер, стадиялар бойынша анықтайды.

Жанама шығындарды бөліп  тарату әдісі есептелген калькуляциялардың нақтылығын және бөлінетін жанама шығындардың калькуляциялау объектілеріне тікелей жақын байланысты екендігін камтамасыз етуге арналған. Жанама шығындарды нақты және дұрыс тарату үшін, бөліп таратудың алгашқы базасы қабылданады. Сондай-ақ қабылданған тарату базасы өндірістік үрдістің типіне және шығарылатын өнімдердің тұрлеріне байланысты болады.

Информация о работе Есеп саясатының ұйымдық- техникалық аспектілері