Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 13:10, курсовая работа
ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл саясат жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері кәсіпорынның құзырына беріледі. Олар өз бетінше еңбекақы мен еңбек нәтижесінің материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың көлемін анықтау мүмкіндігіне ие болады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
І-БӨЛІМ. ЕҢБЕКТІҢ ЖӘНЕ ОҒАН ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ..........................................................5
Еңбекке ақы төлеудің әлеуметтік-экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері....................................................................................................................5
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері..................................................................................................................9
ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................................................................................15
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті............................................................................................................15
Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері...................................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................................25
Толық ай істемеген шаруашылық субъектісінде, құрылыс ұйымдарында жаңадан іске қосылған шаруашылық субъектісінде, сондай – ақ маусым мен жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоа есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.
Орташа шамалы көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір категорияларына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
1. Жүкті және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай – ақ бала асырап алған әйелдер;
2.Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);
3.Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталағанжұмысшылар мен қызметкерлер, сондай – ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсугеемтихан тапсыр үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;
4. Әкімшіліктің ынтасы
бойынша еңбекақысы
5. Орташа еңбекақыны табу
үшін есепке алынатын
6.Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіреді. Олардың саны сол жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақыны, сол шаруашылық субъектісінде негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің сол айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықтайды.
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбеке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт табель мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткішінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын балансындағысымен салыстыру қажет.Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарыа сәйкестігі тексеріледі. Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттардың қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі. Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазарып өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар
есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді
есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды
тексергенде, оларға ойдан шығарылған
(жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары
бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл
үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды
талдап шығу, нарядтар мен жұмыс
уақытының есебі
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
•төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру
• жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны ресімдеу тәртібі;
• құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;
• өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
• түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;
• жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;
• мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;
• іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
• уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
• жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.
Қызметкерлер келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым кәсіпорын бойынша (еңбеккерлердің келісімі болғанда) бұйрық негізінде не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.Еңбекақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты енбекақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбекақыдан аударымдар кезінде нормативтік – құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру. Тәртібіне сәйкес сыйақылар және басқа төлемдер төленуі мүмкін. Сыйақының сомасы төлеу мерзімі жұмыс берушінің құзырына берілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс түнгі сағаттарда, демалыс және мереке күндерде еңбек еткені үшін төлемдер төленуі тиіс. Түнгі сағаттарда еңбек еткені үшін әр сағатқа еңбек ақы 1,5 есе мөлшерден кем болмауы керек. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс уақыты еңбек ақының 2 есе мөлшерден кем болмауы тиіс. Мезгілден тыс жұмыстарға еңбек ақы күндік ақының мөлшерінен кем болмауы керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі еңбек ақымен қатар қосымша еңбек ақы есептелуі тиіс. Соның ішінде демалыс күндерге төлем ақы демалыс күндерге төленетін еңбек ақы жұмысшылардың орташа еңбек ақысының негізінде есептелінеді, яғни демалыс ақы келесі жолдармен есептеледі. Жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысының сомасы есепті кезеңде нақты істелінген жұмыс күнінің санына бөлінеді. Сөйтіп жұмысшының орташа күндік еңбек ақысы табылады. Орташа күндік еңбек ақы демалыс күнінің санына көбейтіледі.
Аудитордың мақсаттары:
1.Еңбекақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:
2. Еңбекақы қорының
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеніне байланысты, есептеу кезінде дұрыс болмауы мүмкін, сол себепті стажды анықтау қолмен жүргізіледі, жұмысшылардың қызметтік айлығын, жұмысшының стажын анықтауда оның нақтылығын және дұрыстығын тексеруді жүргізуі қажет:
Еңбекақыға арналған ведомостілердің жазбаларының нақтылығын тексеру.
Еңбекақыдан ұсталымдарды тексеру:
Аудитті жүргізу үшін баланс, Бас Кітап, жинақ регистрлері және алғашқы құжаттарды қарауы тиіс.
Алғашқы құжаттардан таңдалып тексеруге жататындар:
Есеп бойынша мәліметтерді топтау мен жинақтау жекелеген автоматтандыру жағдайында ЭВМ – де жүргізіледі. Осығын байланысты мұнда тек пайдаланылатындар көрсетілген :
Еңбекақы төлеуді тексерген кезде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтап, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізу. Аудиторлық мекемелер жоғарғы дәрежелі мамандар ретінде қабылданады және олардың ойлары басқарушылық мекемелер қабылдауда бизнес бойынша серіктестіктерді таңдауда, инвестициялар құю, несие беру шешімдеріне үлкен ықпал етеді. Аудиторлар көрсеткен қызмет түрлерінің өсуіне байланысты олар бухгалтерлік, қаржылық қызметтің мамандарына шаруашылық қызмет барысында туындайтын көптеген даулы мәслелерді шешуге көмектеседі.
Жалпы аудиторлық фирмалар көрсеткен қызметтің негізгі үлесі кщрсультациялық қызметтерге түседі, олардың ішінде салық мәселесі бойынша консультация беру үлкен сұранысқа ие. Аудитпен бірге жүретін қызметтер көлемінің өсуі қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдейді. Өйткені аудиторлық тексеріс жылдық қаржы есептілікті өткізу мерзімімен байланысты болады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы заңға сйәкес аудиторлық фирмалардың қызмет етуіне 4 шарт бар:
o Аудиторлық
фирма құрамындағы (Қазақстан
Республикасының аудитор
o Аудиторлардың
немесе басқа аудиторлық
o Аудиторлық
фирма басшысында міндетті
o Қазастан
Республикасының қаржы
Қазақстандық нарықта қызмет ететін аудиторлық фирмаларды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады: