Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде ең маңыздылардың бірі, сондай-ақ бұл шығындар кәіпорында үлкен орынға ие. Сондықтан да бұл шығындарға арнап ішкі бақылауды үлкейту керек.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

Содержание

КІРІСПЕ
ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.............................................................................................6
1.1 Еңбекақы нысандары мен турлері...................................................................6
Еңбекақы есептеу түрлері мен жүйелері.....................................................13
1.3 Еңбекақы есебі мен аудитін нормативтік реттеу ........................................19

2. Жұмыскерлер мен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.............................26
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі........................................................................................................................ 37
2.3 Жұмыскерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен
аударымдар.............................................................................................................56

3.ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары....................................................................................54
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиті..............................................63
3.3 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудитін жақсарту жолдары................70

Қорытынды............................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер....................................

Работа содержит 1 файл

buh_29.doc

— 441.50 Кб (Скачать)

A) Қазақстан    Республикасыньң    Yкiмeтi    бекіткен    іс-сапарлық   және әкімшілік шығындары нормадан жоғары;

Б) Валюталық  есеп пен шетелдік валюта операциялары бойынша бағамдық айырмашылықтар;

B) Бюджеттен түсетін айыппұл санкциясы;

Г) Кәсіпорын  қызметтеріне қатысы жоқ шығындар;

Д) Салық  заңына сай заңды тұлға ұсынған салық жеңілдіктері.

Уақытша айырмашалықтар бухгалтерлік есеп бойынша  бірнеше шығындар мен табыстар бip есептік кезеңге катысты болған кезде пайда болады. Уақытша айырмашылықтар болашақта салықтық эффект анықталған кезде жойылады және есеп кезінде бейнеленеді.

 

Тауарлы-материалдық  қорларды бағалаудың орташа өзіндік  құнын есептеу әдісі қолданылады.

Ұйымның есеп саясаты  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығыме: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», № 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қортынды есеп маңызын ашу негіздері», № 3 «Қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қортынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына № 30 «қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандартының негізінде құрастырылған.

Есеп саясатындағы негізгі қабылданған бухгалтерлік принциптері:

Мүліктік жекелену, Үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық, және шаруашылық факлітерінің толықтығы принциптері жатады. 

2-бөлім. Жұмыскерлермен еңбекақы  төлеу бойынша есеп айырысудың есебі.

2.1       Жұмыскерлердің       құрамы   мен   жұмыс       уақытының    eceбi.

 

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің  өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын  арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. “САДУ” баспаханасында қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық  бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.

Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық  болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына  қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.

Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп  бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерде енгізеді. Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.

Қызметке алынған  адамға табельдік номер беріліп  жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі жалақысы, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.

Есеп беретін  кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлерін орташа саны сол алдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы)  мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календерлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күннің мәліметіне сәйкес алынады.

Қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.

Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын есептеу» табелі негізінде есептейді.  Қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері, санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу  бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі. Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табедьде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты белгіленеді.

Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін  анықтап жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданылады. қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленеді. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс уақытының санына қарамай жұмыс күндері толық есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша мерзімі бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс күннің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда  (жалақыны) өндіру нормаларын жұмыскерді әртүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алу қажет.

Жалақы  – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.

Орташа  жалақы дегеніміз – қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-дағы еңбек туралы заңда орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегенннен кейін демалыс алуға құқылы демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялар бойынша ұжымдық шартқа және ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлік ескере отырып төленеді.

.   28 календарлық күні заң бойынша беріледі.

6 календарлық  күні үзіліссіз жұмыс стажы  бұйрық бойынша беріледі. Сондықтан  34 календарлық күні демалыс беріледі.

Айлар

1

2

3

4

5

6

7

1айда есептелген еңбек  ақы

34285

45000

45000

34772

45000

45000

45000

Жұм. Істелген кален. күн

28

29

30

30

30

30

30


 

8

9

10

11

12

жиыны

45000

45000

45000

45000

45000

519058

31

30

29

30

17

344


 

Орташа  еңбек ақы =  519058/ 344 = 1508,89

Марта 13 күн демалыс = 13 * 1508, 89= 19615тг 57 тиын

Апрельде 21 күн демалыс = 21 * 1508,89 = 31686,69

19615,57+ + 31686,69 = 51302,26

 

Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 51302 теңге 26  тиын.

Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін  сыйлықтың орташа айлық процентін 12 календарлық ай  үшін төленетін (сыйлықсыз орташа жалақыға көбейту арқылы анықталады). Осы ереже 5 күндікте, 6 күндікте апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.

Демалыс жөніндегі  есеп айырысу үшін қабылданған еңбек  төлем формасы 12 –ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа санына ) бөлінеді.

Демалыс уақыты дегеніміз- қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. Қызметкерлердің уақытша жатамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақылары төленеді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2003 жылдың 23/2 2004 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек. 

12 айдың  еңбек ақының жиыны 519058 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат

Орташа  еңбек ақысы= 519058/1664 = 311,93 тг

Ол қызметкер  бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 311,93 = 2495

Орташа еңбек  ақы – 2495

2495*3 күн = 7485тг

Қызметкердің  уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (7485 теңге) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға  сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 7485*10 = 74850 теңге.

Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару  аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық  бақылаудың деректер негіз болып табылады.

Қызметкердің  негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сол тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.

Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар субъект қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар (жалақыдан өзге) ұйымның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі. Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған, туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауыруға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу тиісті ауырған туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға немесе кәсіби ауруға жолыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен қатар асырауында 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар адамдарға жалақының 100%, 5 жылдан 8 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 80 %, 3 жылдан 5 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға және 18 жасқа толғандарға 60%, 3 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 50% мөлшерінде жірдемақы беріледі. Жұмыстан қашып кетіп қалу мақсатымен өз денсаулығына әдейі нұсқан келтірілген немесе басқа міндеттерді орындаған үшін немес өтірік ауырған қызметкерлерге жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдем ақы берілмейді.

Информация о работе Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары