Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 10:31, дипломная работа

Описание работы

Кіші кәсіпкерліктің негізгі ерекшелігі: шаруашылық саладағы қызметінің мақсаты - табыс табу, экономикалық еркіндік, инновациялық мінездемесі, нарықта тауарларды өткізу және қызмет көрсету, басқару шешімдерін қабылдаудың жеңілділігі және жеделділігі, шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде біршама төмен шығындар, алғашқы капиталды енгізуде ең төменгі қажеттілік, меншікті капиталдың айналымдылығы айтарлықтай жоғарылығы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Кіші кәсіпкерлікті ұйысдастыру негізі.
1.1 Кіші кәсіпкерліктің экономикадағы мәнімен рөлі.
1.2 Кіші кәсіпкерліктің шаруашылық нысандары
1.3 Маңғыстау облысының кіші және орта кәсіпкерлігінің дамуы және жағдайын талдау.
2. Кіші кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебін жүргізу.
2.1 Кіші кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
2.2 Кіші кәсіпкерлікте есеп саясатын ұйымдастыру.
3. Кіші және орта кәсіпкерлікте бухгалтерлік ұйымдастыруды жетілдіру.
3.1 Кіші бизнесте бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда туындайтын негізгі мәселелер және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, дамыту және жетілдіру жолдары.docx

— 1.13 Мб (Скачать)

     Шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне жатқызылатын дара  кәсіпкерлер үшін заңнамамен  жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олар үшін нақты шарттарды  ұстанған жағдайда арнаулы салық  режимдері түрінде салық салудың  жеңілдетілген тәртібі, сонымен  қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің  жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.

     Қазақстан  Республикасының Салық Кодексімен  белгілі бір параметрлерге сәйкес  келетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  бір бөлігі (шағын кәсіпкерлік  субъектілері) үшін келесідей арнаулы  салық режимдері қарастырылған: 

- бір реттік талон  негізінде;

- патент негізінде;

- оңайлатылған декларация  негізінде.

     Арнаулы салық  режимі дара кәсіпкерлер үшін, әлеуметтік салықты және жеке  табыс салығын есептеу мен  төлеудің оңайлатылған тәртібін  белгілейді.

    Арнауы салық  режимінен басқа, шағын бизнес  субъектілеріне жатқызылатын дара  кәсіпкерлер, басқа дара кәсіпкерлер  секілді салықты есептеу, төлеудің  және салықтық есептілікті ұсынудың  жалпыға ортақ тәртібін таңдауына  да болады.  

     Дара кәсіпкерліктің  артықшылықтары:

 • Адамға жұмысқа  тұру және жалақы алу мәселесін  шешуге мүмкіндік береді; 

 • Жеңіл және арзан  түрде тіркеледі;

• Мемлекеттік тарапынан  реттеу, қадағалау механизмдерінің  әсері төмендеу;

 • Көптеген құжаттық  деректерді жинауды талап етпейді.

     Дара кәсіпкерліктің  кемшіліктері:

 • Шығармашылық белсенділіктің  өсуіне септігін тигізбейді;

 • Бастапқы капиталды  жинау қиынға түседі;

 • Ресми бизнестен  біреудің сізбен жұмыс істеу  ықтималдығы аз;

 • Сіздің жеке меншігіңізге  қауіп төнуі мүмкін және т.б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Маңғыстау облысының  кіші және орта кәсіпкерлігінің  дамуы және жағдайын талдау.

                1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық  бейнесі

       Маңғыстау  облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылған. Облыс Қазақстанның оңтүстік  батысында орналасқан. Маңғыстау  облысы Каспий теңізінің шығысына  қарай орналасып, солтүстік шығысында  – Ақтөбе және Атырау облыстарында, оңтүстігінде – Түркменстанмен, шығысында – Өзбекстанмен шектесіп  жатыр. Маңғыстау облысының аумағы 165,6 мың шаршы километр, яғни республика  аумағының 6,1% құрайды (республика  бойынша 7-орын).

     Экономикалық  белсенді халық 219,8 мың адамды  немесе Қазақстандағы барлық  ЭБХ-ның 2,5% құрады. Жұмыспен қамту  органдарында тіркелген тұлғалардың  саны 13,8 мың адам, ЭБХ арасындағы  тіркелген жұмыссыздардың үлесі  6,3% құрайды. 2012 жылдың 1 қазанындағы  жағдай бойынша аймақтағы қала  халқының саны 239,8 мың адам- ды (52%), ауыл халқы 220,9 мың адамды (48%) құрады. 2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша  облыс бойынша халықтың орташа  тығыздығы (1 км² аймаққа) 2,8 адам. Әкімшілік орталығы – Ақтау  қаласы (1992 жылға дейін  Шевченко  қаласы). 2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай  бойынша қалада 158,5 мың адам немесе  облыстағы барлық халықтың 34,4% тұрады. Облыста 5 ауылдық аудан және 3 қала бар, оның 2 қаласының облыстық  маңызы, 1 қаласының аудандық маңызы  бар. Маңғыстау облысы – энергия  мен судың барлық түрлерімен  автономды қамтамасыз ететін  Қазақстандағы жалғыз бірегей  өндіріс кешені. Облыс аумағы  пайдалы қазбалар кеніне бай  өңір. Пайдалы қазбалардың негізгі  түрлері мұнай мен газ. Кен  орындарының көпшілігі Жаңаөзен  қ. мен Бозащы түбегінде шоғырланған.  Маңғыстау облысының аумағында  50-ден астам мұнай мен газ  кен орындары барланған. Мұнайдың  облыс бойынша барланған қорлары  3 млрд тоннадан астам. Өндірілетін  мұнай құбырлар арқылы ішкі  нарыққа да (Атырау мұнайды қайта  өңдеу зауыты), экспортқа да шығарылады (Ақтау – Самара құбыры арқылы  және Ақтау портымен теңіз  арқылы). 2012 жылдың бірінші жартысында  Маңғыстау облысының жалпы аймақтық  өнімі 595 871,9 млн теңгені немесе  Қазақстанның АЖӨ-нің 6,5%, адам  басына шаққанда – 1293 мың теңгені  (республика бойынша 2-орын) құрады

     Маңғыстау  облысының экономикалық қызмет  түрлері бойынша АЖӨ құрылымы: ауыл шаруашылығы – 0,2%, өнеркәсіп  – 62,3%, құрылыс – 7,8%, сауда –  2,9%, көлік және байланыс – 5,9%, қызмет көрсету және басқалары  –20,9%. Облыс шығаратын өнеркәсіптік  өнімнің жалпы көлемі бойынша  республика бойынша 3-орында тұр.  Облыстағы негізгі кәсіпорындар: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (Қазақстан  Республикасындағы мұнай өндіретін  жетекші компания, аймақта мұнайдың 34%, республика бойынша 7% өндіреді), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (Жаңаөзен  қ., Өзен және Қарамандыбас кен орындарын қазады), «Қаражанбасмұнай» АҚ (Бозащы түбегінде мұнай кен орындарын пайдаланады), Маңғышлақ атом энергетика комбинаты («Қазатомпром» АҚ бөлімшесі, аймақтың атомды энергия және сумен жабдықтадуын қамтмасыз етеді. Құрамына суды тұщыландыратын бірегей кешен кіреді).

2. Шағын орта кәсіпкерлікте тіркелген және белсенді субъектілері санының өзгеру динамикасы

     Көптеген өзге  аймақтардағыдай Маңғыстау облысында  2011 жылы  (шағын орта кәсіпкерлік) әрі қарай ШОК тіркелген және белсенді субъектілерінің саны күрт азайды. Тіркелген субъектілердің саны 20%, белсенді субъектілердің саны 33% төмендеді. 2012 жылы ШОК белсенді субъектілер санының азаюы жалғасып, 2012 жылы 3-тоқсанының аяғында олардың саны 15,9 мыңды құрады. Осының нәтижесінде ШОК тіркелген субъектілерінің жалпы санындағы ШОК белсенді субъектілерінің үлесі де азайды. Атап өтер болсақ, аталмыш көрсеткіш 2010 жылда 76% құраса, 2012 жылдың 3-тоқсанының аяғында 60% түскен.

 

3. ШОК субъектілерінің  ұйымдастыру-құқықтық нысандар бойынша  құрылымы және оның динамикасы

     ШОК тіркелген  және белсенді субъектілерінің  жалпы санының арасында 2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша  аймақта ЖК саны басым. Тіркелген  субъектілер құрылымында ЖК үлесі  68% (17,9 мың) құрайды. ШОБ кәсіпорындарының  үлесі – 27% (7,2 мың бірл.), ШФҚ  – 5% (1,3 мың) (2-график). Маңғыстау облысындағы  ШОК белсенді субъектілерінің  құрылымында ЖК үлесі 75% (10,5 мың), ШОБ кәсіпорындарының үлесі –  29% (4,7 мың), ШФҚ – 5% (0,7 мың) (3-график).

 

     Ұйымдастыру-құқықтық  нысандар бөлінісінде ШОК белсенді  субъектілері санының динамикасында  соңғы алты жылда төмендегідей  беталыс көрініс алуда:

1. ШОБ кәсіпорындарының  саны 2007 ж. бері тұрақты өсіп  келеді: қарастырылып отырған кезеңде  өсім 3,1 мыңға жуық субъектіні  құрады.

2. 2010 жылдың аяғына дейін  өсіп келген ЖК саны 2011 жылда  44% дейін күрт азайды. 2012 жылда  ЖК санының азаюы жалғасып, нәтижесінде  2012 жылдың 3-тоқсанының аяғында олардың  саны 10,5 мыңды құрады.

3. ШФҚ саны 2007 жылдан бері  бері тұрақты өсіп келеді: қарастырылып  отырған кезеңде өсім 2012-ға дейін  жуық субъектіні құрады (4-график).

 

4. ШОК айналысушылардың  саны

     Маңғыстау  облысы бойынша ШОК-пен белсенді  айналысушылардың саны 2012 жылдың 1 қазанындағы  жағдай бойынша 64,5 мың адамды  немесе Қазақстан бойынша ШОК-пен  белсенді айналысушылардың жалпы  санының 3% құрады. Бұл көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда 3% артық. Тұтастай алғанда, ШОК  аймақтағы жұмыс орнының 31% қамтамасыз  етеді. Ұйымдастыру-құқықтық бөліністе  орта бизнес кәсіпорындарында 17,6 мың адам (ШОК-пен белсенді айналысушылардың  жалпы санының 27%), шағын бизнес  кәсіпорындарында 28 мың адам (44%), ЖК  – 17,6 мың адам (27%), ШФҚ – 1,2 мың  адам (2%) жұмыс істейді (5-график).

                       5. ШОК субъектілерінің өнімдер  шығаруы

     Маңғыстау  облысындағы ШОК субъектілері  шығаратын өнім 2012 жылдың 3 тоқсанында 157,2 млрд теңгені немесе Қазақстандағы  ШОК субъектілері шығаратын жалпы  өнімнің 4% құрады. Бұл өткен жылғы  деңгейден 3,3% артық көрсеткіш. 2012 жылдың 1 жартысындағы деректер бойынша  аймақтағы ШОК белсенді субъектілері  АЖӨ-нің 12% қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру-құқықтық  бөліністе орта бизнес кәсіпорындары  2012 жылдың 9 айында 83,4 млрд теңгені  (аймақтағы ШОК шығаратын жалпы  өнімнің 53%), шағын бизнес кәсіпорындары  – 58,2 млрд теңге (37%), ЖК –14,7 млрд теңге (9%), ШФҚ – 0,9 млрд  теңге (1%) құрайтын өнім шығарған (6-график).

 

6. ЕДБ-дің шағын  кәсіпкерлікті несиелендіру динамикасы

     2012 жылдың 1 қазандағы  жағдай бойынша Маңғыстау облысындағы  екінші деңгейлі банктердің несие  портфелінің жалпы мөлшері 125,5 млрд теңгені құрады. Бұл Қазақстан  бойынша ЕДБ-дің жиынтықты несие  портфелінің 1,7% құрайды. Бұл соманың  29,5 млрд теңгесі (жалпы портфелдің 23%) шағын кәсіпкерлікке берілетін  несиелерге арналған (7-график).

     Соңғы төрт  жылда аймақтағы несие портфелі  көлемінің азайғаны байқалуда:  экономикаға берілетін несие  портфелі 28,1 млрд теңгеге, шағын  кәсіпкерлікке берілетін несие  16,9 млрд теңгеге азайған. Шағын  кәсіпкерлікке берілетін несиелердің  үлесі 2010 жылғы 30%-дан, 2012 жылдың 3-тоқсанының  аяғында 23%-ға түскен.

 

7. Аймақтағы «Даму»  Қоры бағдарламаларының қорытындысы  туралы ақпарат

Қаражатты ЕДБ келісіп  орналастыру бағдарламалары

     2012 жылдың 1 қазандағы  жағдай бойынша Маңғыстау облысында  «Даму» Қорының Бағдарламалары  бойынша ЕДБ қаражатты ескертіп  орналастыру арқылы 470 қарыз алушы  жалпы сомасы шамамен 15,9 млрд  теңге қаражат алды. Бұл көрсеткіш  игерілген қаражаттың жалпы сомасының  3,2% құрайды (13-орын). 346 жұмыс орны  құрылды. 

     Берілген қаражаттың  жалпы көлемінің 13,8 млрд теңгесі  (87%) Ақтау қаласына, қалған бөлігі  облыстағы өзге аудандар мен  қалаларға бөлінген. Серіктес банктердің  арасында анағұрлым белсенді  жұмыс істеп жатқандары – «ЦентрКредит  Банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «АТ  Ф Банк» АҚ. Аталмыш банктер  Қордың аймақтағы бағдарламалары  бойынша қаражаттың жалпы көлемінің  54% астамын берді. Салалық бөліністе  сауда (қаражаттың 38%), қызмет көрсету  (24%), өнеркәсіп (14%) және құрылыс  (12%) жобалары белсенді қаржыландырылуда.

 

 

 

2. Кіші кәсіпкерліктің  бухгалтерлік есебін жүргізу.

2.1 Кіші кәсіпкерліктің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

        Әлемдік  тәжрибе көрсетіп отырғандай, орта  және үлкен кәсіпорындар кіші  кәсіпкерлік субектілері ретінде  танылмайды. Кіші кәсіпкерлікте  азайтылған модель немесе аралық  кезеңде ірі фирмалардың дамуындай  болмайды. Олар өздеріне ерекше  моделді ұстанып,  яғни спецификалық  сызықпен және құқықтық негізде  дами алады.  Олардың басқарудағы  ерекше экономикалық жүргізетін  әдістерінің мінездемесі болып:

  1.Персоналдарды басқарудың  орталықтандырған жоғарғы деңгейі.  Басқарушы – өзінің қолына  қаржылық, экономикалық, әлелметтік  функцияларын жинақтап, кәсіпорынның  өкілеттік іскерлік және басқа  да жақтарын байланыстырады.

  2.Стратегиялық басқарудың  системасының болуы. Басқарушы  кәсіпорынның оперативті басқаруыда  болатын шешімдермен айналысып,  кәсіпорынның орта,  ұзақ мерзімді  перспективалық дамуымен жағдайын  айқындайды.

  3.Кәсіпорынның ішкі  ортасында жоғарғы байланыс: яғни  банктермен, ірі фирмалармен, мемлекеттік  администрациялар, ғылыми лобораториялармен,  кеңес беруші фирмалармен байланыста  болады.

  4.Қаржылық ресурстарының  жетіспеушілігі – меншікті және  қарыздық.

  5.Маркетингтік, құқықтық, менеджерлер, және де бухгалтер  жоғары квалификацияланған мамандарды  тартуда қаржылық мүмкіншіліктері  шағын  болады. Нақты айқындалған,  сауатты койылған есеп,  бухгалтерлік  персоналдардың қызметінің бөлістірілуі  бір жағынан бухгалтерлік есептің  және салықтық міндеттелерді  дұрыс есетелуін жолға қояды.  Сондықтан, бірінші қойылған есеп  – кәсіпкерлік ұйымға маңызды  болып табылады және құрылтай  құжаттарының толтырылуын қамтамасыз  етеді. 

  6.Кәсіпкерлік қызметті  бастамас бұрын құқықтық білімді  жан-жақты жетілдіру қажет.  Себебі  ұйым болсын кәсіпкерлік болсын  оған жан-жақты  құқықтық база  қажет: азаматтық құқық, салық  кодексі және т.б. Кәсіпкерліктің  бас бухгалтерінің   эконономикалық  білімі ғана емес құқықты білімі  болуы шарт. Себебі, әрбір ұйымда  жұмыскерлері бар, бухгалтердің  еңбек заңнамасын білуі маңызды. 

  7.Жұмыскерлердің шағын  көлемі. Кіші кәсіпкерлікте бір  ғана адам басқаруы мүмкін. Бірақта  басқа да салада арнаулы мамандардың  болуы бизнестің жүргізулің керектігін  аңдатып, қызметкерлерді қосымша  тарта алады. 

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру