Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 15:29, реферат

Описание работы

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет.

Содержание

1.Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
3.Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

Работа содержит 1 файл

Ляззат бухучет.doc

— 302.50 Кб (Скачать)

«ККК» фирмасының 1 қаңтар 2006 жылғы БАЛАНСЫ 

Актив Пассив
1 2 3 4
Баптардың

аталуы

Сомасы Баптардың

аталуы

Сомасы 
Материалдық

емес  активтер

15000 15000 Жарғылық қор 80000 80000
Негізгі құралдары 30000 30000 Бөлінбеген  пайда 20000 20000
Аяқталмаған өндірісі 90000 120000 Банк несиесі 60000 75000
Актив Пассив
Баптардың аталуы Сомасы Баптардың

аталуы

Сомасы
Дайын бұйымдары 70000 70000 Бюджетпен есеп айырысу 40000 40000
Материалдары 20000 15000 Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу 50000 10000
Ақшасы 110000 60000 Еңбекақы бойынша  есеп айырысу 85000 85000
Баланс 335000 310000 Баланс 335000 310000
 

«ККК» фирмасының 2006 жылдың қаңтар айындағы шоты бойынша айналым  тізімдемесі 
 

Шоттың атауы Бастапқы  қалдық Ай бойғы  айналым Соңғы қалдық
Д-т К-т Д-т К-т Д-т К-т
1 2 3 4 5 6 7
Материалдық емес активтер 15000   - - 15000  
Негізгі құралдары 30000   - - 30000  
Аяқталмаған өндірісі 90000   30000   120000  
Дайын бұйымдары 70000   - - 70000  
Материалдары 20000   25000 30000 15000  
Ақшасы 110000     50000 60000  
Жарғылық  қор   80000 - -   80000
Бөлінбеген  пайда   20000 - -   20000
Банк  несиесі   60000 50000 65000   75000
1 2 3 4 5 6 7
Бюджетпен есеп айырысу   40000 - -   40000
Жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу   50000 65000 25000   10000
Еңбекақы  бойынша есеп айырысу   85000 - -   85000
БАРЛЫҒЫ 335000 335000 170000 170000 310000 310000
 

     Бұдан көріп отырғанымыз тізімдемедегі  ақпаратты мәліметтер кәсіпорынның  бухгалтерлік балансындағы ақпараттардан алынған. Сондықтан тізімдемедегі бастапқы қалдық сомасы баланстың ай басындағы мәліметтеріне, соңғы қалдық сомасы баланстың ай соңындағы мәліметтерімен тең болады. Ал есепті айдағы айналым сомалары ұйымдағы қаңтар айындаорындалған мына төменде берілген операциялар негізінде жазылып отыр.

     «ККК» фирмасының 2006 жылғы қаңтар айында  орындалған шаруашылық  операциялары:

  1. Жабдықтаушы-мердігерлерден 25000 теңгеге материалдар сатылып алынды (әзірге ақшасы төленген жоқ).
  2. Есеп айырысу шотынан 50000 теңге банк несиесі өтелінді.
  3. 30000 теңгенің материалдары өндіріске босатылды.
  4. Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 65000 теңге банк несиесі есебінен өтелінді.

     Міне, осы мысалдан қарап отырып ұйымның айналым тізімдемесіндегі есепті ай бойғы айналым сомасының дұрыс болуы, орындалған операциялар бойынша екі жақты жазудың дұрыс жазылуынан (орындалуынан) екенін дәлелдеуге болады және де бухгалтер немесе екі жақты жазуды жүргізетін қызметкер осы тізімдемені толтыру арқылы өзі орындаған жұмысының қатесін тексере алады. Кәсіпорындар айналым тізімдемесі талдамалық (аналитикалық) және жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттар бойынша бөлек жасауларына да болады. Негізінен талдамалық (аналитикалық) шот бойынша құрастырылатын айналым тізімдемесін жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот немесе субшоттарда есептелетін мүліктер, дебиторлар мен кредиторлардың түрлері бойынша жүргізіледі. Мүліктер бойынша жасалған айналым тізімдемесінде мүліктердің сомасымен қатар заттай саны да көрсетіледі.

     Жинақтамалық және талдамалық есеп жүргізудің дұрыстығын тексеру үшін талдамалық шоттар бойынша жасалған айналым тізімдемесінің бастапқы және соңғы қалдық сомалар, сонымен қатар кірісі мен шығысының сомаларын жинақтамалық шоттар байынша айналым тізімдемесіндегі мәліметтермен салыстыру керек. Бұл екі тізімдеме бастапқы және соңғы дебиттік, сондай-ақ кредиттік қалдық сомаларының және айналым сомаларының өзара тең болуы жүргізілген талдамалық және жинақтамалық есептің теңдігін растайды. Бұл кәсіпорынның тауарлық-материалдық қорының сақталуына және дебиторлар немесе кредиторлармен есеп айырысуына бақылау жасауда үлкен рөл атқарады.

     Кәсіпорын өз қызметінің айналымы  туралы бұдан да толығырақ  мәліметті шахматтық айналым  тізімдемесін қолдану арқылы  ала алады. Тізімдеменің бұл  түрі операциялардың мазмұнын ашуға және шот корреспонденциясының дұрыстығын тексеруге қызмет етеді. Жалпы бухгалтерлік есепте шоттардың дебиттік айналым сомасы шоттардың кредиттік айналым сомасына тең болуы қажет. Бұл теңдік шоттардағы екі жақты жазу принципімен қамтамасыз етіледі. Жоғарыда келтірілген мысалымыз бойынша «ККК» фирмасының 2006 жылғы қаңтар айына шахматтық айналым тізімдемесін құратын болсақ, мына түрде болады: 

«ККК» фирмасының 2006 жылдың қаңтар айындағы шахматтық  айналым тізімдемесі 

Шоттардың кредиті бойынша  
 
Материалдар
 
 
Ақша
 
 
Банк  несиесі
 
Жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу
 
Дебиті  бойынша жиыны
Шоттардың дебиті бойынша
Аяқталмаған өндіріс         30000       30000
Материал       25000 25000
Банк  несиесі   50000     50000
Жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу      
65000
   
65000
Кредиті бойынша жиыны  
30000
 
50000
 
65000
 
25000
 
170000
 

     Осы тізімдемеден көріп отырғанымыздай, «ККК» фирмасының 2002 жылдың қаңтар айындағы айналымы 170000 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ бұл тізімдемеде әрбір операция бойынша жазылатын екі жақты жазу анық байқалып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Н.Қ. Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтерлік  есеп теориясы» 2008 жыл, Астана: Фолиант.
  2. Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп теориясы» 2001жыл, Алматы.
  3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» 2006 жыл. Алматы: Экономика.
 
 

      
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу