Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 15:29, реферат
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет.
1.Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
3.Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25
Барлық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың жиындарының теңдігі екіжақты жазу әдісінің мәнінен бастау алады.
Бұған қоса айналым ведомосіндегі шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың өзара тең жиындары шаруашылық операцияларын тіркеу журналындағы жиынға да тең болуға тиіс. Бұл теңдік мәні — әрбір шаруашылық операциясының сомасы шаруашылық операцияларын тіркеу журналында, сондай-ақ бухгалтерлік есептің шоттарында дебеті және кредиті бойынша көрініс табады.
Жоғарыда аталған теңдіктің болмауы есептік жазбаларда қателік бар екендігін білдіреді.
Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есепті кезеңдегі шаруашылық қорлары мен олардың пайда болу көздерінің жалпы жағдайын бағалауда маңызы зор болмақ. Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінің қалдықтар туралы ақпараты кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасаған кезде пайдаланылады.
Талдамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есептің жүргізілуінің дұрыстығы мен толықтығын тексеруге арналған. Олар жинақтамалы шоттағы жазуларды талдамалы есептің жазуларымен салыстыруға арналған құрал, сондай-ақ нақты шаруашылық ресурстарының жағдайын және қозғалысын қадағалау көзі болып табылады.
Жинақтамалы есептің шоттары бойынша жүргізілетін шахматтың айналым ведомосі деген де белгілі. Ол шахматтық нысанда жасалады.
Жоғарыда келтірілген айналым ведомосінен айырмашылығы — оған шоттар корреспонденциясы енеді және құрылымы бойынша күрделі және ауқымды болып табылады.
3. Бухгалтерлік есеп
шоттарын классификациялау
және бас шоттар жоспары
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын шоттарды классификациялаудың мақсаты - есеп жүргізуге қойылатын талаптарға жауап беруі. Тәжірибеде қолданылатын шоттар тізімін сипаттаған жағдайда шоттар - баланстық және баланс сыртындағы шоттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік баланс баптарына қарай жинақталатын сомалар есебін жүргізіп, бұлардың қалдығын келесі балансқа көшіруге арналған шоттарды баланстық шоттар деп атауға болады.
Кәсіпорынның меншігіндегі активті қаражаттар мен мүліктер есебін жүргізуге арналған шоттарды баланстық, ал осы көсіпорынның меншігіне жатпайтын мүліктер мен уакытша алынған құралдар және қаражаттар есебін жүргізуге арналған шоттарды баланс сыртындағы шоттар деп атаймыз. Мәселен, кәсіпорынның меншігіндегі негізгі құралды жалға беруде, бұл құралдар осы кәсіпорынның баланстық шотында, ал жалға алушы кәсіпорын бұл құралды баланс сыртындағы шотта көрсетуі керек.
Балансқа қатысты шоттардағы қалдықты есептеу тұрғысынан қарағанда шоттар қалдығы баланс баптарына түсірілетін шоттар және қалдығы басқа шоттарға көшірілетін шоттар болып екіге бөлінеді.
Шоттар бойынша қалатын қалдықтың түріне қарай - дебеттік және кредиттік шоттар болып екіге бөлінеді. Қалыптасқан тәжірибеге байланысты дебеттік шоттарды - активтік, ал кредиттік шоттарды - пассивтік деп атайды. Сонымен қатар активті-пассивті шоттар жөніңде түсінік бере кеткен жөн.
Бухгалтерлік есеп
Қалыптаскан әдіс бойынша
Бқ + Д - К = Сқ
Мұнда: Бқ - бастапқы қалдық;
Д - осы шоттың дебеттік айналымы;
К - осы шоттың кредиттік айналымы;
Сқ - соңғы қалдық.
Шоттардағы қалдық шоттарға тікелей жазылған жазулар бойынша шығарылады.
Алайда бухгалтерлік есеп тәжірибесінде аралас шоттар да қолданылатындығын білген жөн. Аралас шоттардағы қалдықты түгендеу әдісін қолдану арқылы бірдей уақытта дебеттік және кредиттік айналым ведомосын жасау арқылы есептеуге болады.
Мұның үшін төмендегі формуланы қолданған жөн:
Бқ + Да – Сқ = Ка - бұл формула дебеттік қалдық қалатын шоттар бойынша шығарылады. Ал кредиттік қалдық калатын шоттар бойынша мына төмендегі екінші формуланы пайдалану қажет:
Бқ + Ка - Сқ – Да.
Шоттар бұларға жазылатын мәліметтер мен ақпараттардың көлеміне қарай синтетикалық жинақтаушы және аналитикалық жіктеуші болып екіге бөлінеді. Аналитикалық жіктеуші шоттар уақытша құрылған, ағымдағы операциялар есебін жүргізуге арналған. Оның балансқа қатыспайтын сипаты болады. Экономикалық маңызы мен топтастыру сипатына қарай жинақталған операциялар маңызын көрсететін, қалдығы балансқа жазылатын шоттарды - синтетикалық шоттар деп атайды. Бұл жерде төмендегі қағиданы естен шығармаған жөн: шоттар бухгалтерлік есеп әдістерінің ең басты элементіне жатады; бухгалтерлік есеп пен шоттар арасындағы байланысты көрсететін ақпараттарды - корреспонденциялау (проводка) деп атайды.
Атқаратын міндетіне қарай шоттар - активтер (қаражаттар) мен меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуші болып екіге бөлінеді.
Осы заманғы нарықтық экономика мен қатынастар талабына қарай шоттарды екі топқа - меншік иесінің шоты және үшінші жақтың шоты деп бөлуге болады. Кейде олар: 1) заттық құқықтығы бар шоттар; 2) міндеттемелік құқы бар шоттар; 3) міндеттемелер бойынша есеп айырысу құқығы бар шоттар деп те бөлінеді.
Жоғарыда аталған меншік иесінің шотын - 1) меншікті көздерден тұратын қаражаттар шоты; 2) кәсіпорын агенттерінің (уәкілдердің) басқару өрісіндегі шоттар; 3) материалды жауапты адамдардың құзырындағы шоттар деп те жіктеуге болады. Шоттарды осылайша топтастыру 1) ұстау; 2) сақтау; 3) пайдалану; 4) иелік етудің ара жігін тиісті заңды тұлғалардың құқықтық қатысы бойынша анықтап отыруға мүмкіндік туғызады.
Үшінші жақтың шоттары заңды тұлғалардың (жауапкершіліктің түрлеріне қарай) және құқылы тұлғалардың шоттары болып екі топка бөлінеді.
Міндеттемелік құқы бар шоттар келісімшарттар жасау мен қаржы салу, үлес қосу негізінде қалыптасқан (іске асырылған) операцияларды жүргізуге арналған.
Келісімшарттар шоттары: 1) сыртқы (корреспонденттер деп - мемлекетпен, мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен, құқылы тұлғалармен болатын қатынастарды айтады) және 2) ішкі (агенттер деп - кәсіпорын мүшелері арасындағы болатын қатынастарды айтады) шоттар болып бөлінеді.
Келісімшарттардың түріне қарай сыртқы шоттар: 1) сату мен сатып алу, 2) қою, 3) несие, 4) қарыз алу, 5) сақтандыру, 6) жалдау, 7) сыртқы қоюшылардың құндылықтарын сақтау, 8) комиссиялар болып ажыратылады. Келісімшарттардың ішкі шоттары: 1) агенттердің мүліктерін сақтау; 2) жеке басты жалдау болып сараланады.
Міндеттемелер бойынша есеп айырысу шоты алашақтар мен берешектер тобынан тұрады.
Экономикалық маңызына қарай шоттар төмендегіше классификацияланады:
- мүліктер мен құндылықтардың түрі немесе бұларды сақтау орындары бойынша ашылған инвентарлы түгендеу шоттары;
- алашақ және берешектермен есеп айырысу үшін және заңды тұлғалармен есеп айырысуға арналған меншікті шоттар;
- біртектес бірнеше өнімдер өндіру үшін жұмсалған шығындарды арнайы баптарға қарай сабақтастықпен жинақтап жазуға арналған шоттар калькуляциялаушы шоттар;
- басқа да шоттарға таратуға, сомаларды уақытша жинақтауға арналған бөліп таратушы шоттар (сомалар бөлініп таратылғаннан соң уақытша қолданылған шоттар жабылады, ал бұл шоттарда қалған қалдық болса, онда шоттар әлі жабылмаған болып танылады);
- бір немесе бірнеше операциялардың маңызы ерекше қаралатын операция қорытындысын шығаруға арналған операциялық шоттар;
- жұмсалған шығындар мен түскен табыстарды салыстыру үшін уақытша ашылған (түбінде жойылатын) шоттар.
Нарықтық экономикаға тән барлық шоттар кәсіпорындардың шығындары мен бұлардың табысын есептеп, пайда түсіруге бағытталатындығын есте сақтау керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары ұйымдарына (принциптеріне) тән шоттар белгілі есепті кезеңде жұмсалған шығындар көлемі мен осы кезеңде түскен табыс көлемін қатаң түрде салыстырылуын талап етеді.
Шоттар ең әуелі екі үлкен топқа - 1) активті қаражаттар шоттары; 2) қор көздерінің шоттары болып бөлінеді. Бірінші топта әр түрлі қаражаттардың көлемі мен салынған қаржы сомалары көрсетіледі. Активті қаражаттардың есебін жүргізуге арналған шоттар инвентарлы және монетарлы мәліметтерден тұрады. Баланстың активті қаражаттар жағының есебін жүргізуші шоттар - материалдық және калькуляциялаушы шоттар болып екі топқа бөлінеді. Активті қаражаттарға арналған шоттар негізгі құралдар, материалдар, тауарлар, т.с.с. есебін жүргізеді. Бұл құндылықтар түгеңделіп отырылады.
Әдетте активті қаражаттар есебін ағымдағы өмірде жинақтап, бақылаушы шоттардың қалдығы дебеттік болатындығын есте сақтау керек. Активті қаражаттар натуралды және ақшалай өлшеммен өлшенеді. Натуралды өлшемді ақшалай өлшемге айналдыруды (таксировка) - бағаға келтіру деп түсіну керек.
Ендігі жерде калькуляциялаушы шоттарға тоқталалық. Құндылықтарды дайындау мен өнім өндіруге жұмсалған: дайындау мен тасымалдау шығындары, жұмсалған шикізаттар мен материалдар, еңбекақы, негізгі құралдардың тозған үлесі т.б. шығындардың есебін жинақтап, калькуляциялық объектілер бойынша жазуға арналған шоттарды - калькуляциялаушы шоттар деп атаймыз.
Калькуляциялауға жататын шығындар тікелей және жанама шығындар болып екіге бөлінеді. Өнімнің нақтылы түріне, тапсырысқа, объектіге және өндірілетін өнімдерге, сондай-ақ көмекші кәсіпорындар өндірісіне, күрделі қаржы игеруге, күрделі жөндеу, т.б. құнына тікелей жазылатын шығындарды тікелей шығындар деп атайды.
Жекелеген өнімдер мен жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нысандарына тікелей жазылмайтын (мүмкін болмаудан), барлық салаларға жалпылама жазылатын шығындарды жанама шығындар деп атайды.
Жанама шығындар уақытша (кезеңдік) келтірілген шоттарда жүргізіліп, кезең аяқталған кезде тікелей шығындар құрамына ендіріледі. Арнайы шоттарда жинақталған тікелей және жанама шығындар сомасы, өндірілген өнімдердің жекелеген түрлеріне қарай таратылып жазылады. Шығындарды өнім түрлеріне қарай таратып жазу белгілі бір көрсеткішке (базаға) қарай пропорцияланып бөлінеді. Калькуляциялаушы шоттарда қалатын қалдық сомаларын дәлме-дәл есептеудің өз қиындығы болады, сондықтан бұл шоттардағы қалатын қалдықты түгендеу әдісін қолдану арқылы шығарған жөн. Барлық калькуляциялаушы шоттарда тек қана дебеттік қалдық болуы керек.
Жоғарыда айтылған монетарлық шоттар тобына ең әуелі ақша қаражаттары, қысқа мерзімді құнды қағаздар есебін жүргізуші шоттар жатады. Бұл шоттарда қалатын қалдықтар дебеттік болып келеді. Нарықтық қатынастарға байланысты көптеген шаруашылық операцияларын орындауда әр түрлі ақша өлшемдері (валюта) қолданылады. Осыған орай ақша қаражаттары есебін жүргізуші шоттарда курстық айырым сомалары жазылады.
Тағы бір қаралатын бухгалтерлік есеп шоттары тобы - бұл есеп айырысуда қолданылатын шоттар. Бұл шоттарға еңбекақы бойынша есеп айырысу, қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу, алашақтардың қарызы мен берешектердің қарызын жүргізетін шоттар, бюджетпен есеп айырысу, үлес қосушылармен есеп айырысу, т.б. қатысушы агенттер мен есеп айырысуды орындайтын шоттар жатады. Есеп айырысу үрдісі ақшалай өлшеммен жүргізілетіндіктен (көптеген жағдайда шетелдік валютамен) бұл шоттарды монетарлық шоттар тобына жатқызуға болады.
Есеп айырысу шоттарындағы қалдық ауыспалы болады. Ол әрбір есепті жылда бірде дебеттік, бірде кредиттік болуы мүмкін. Яғни, бір кәсіпорынның осы кәсіпорыннан алашақ сомасын, басқа да кәсіпорынның берешек қарызымен жабуға болмайды.
Есеп айырысу шоттарында қалған қалдықтардың дұрыстығын түгендеу үшін әрбір алашақтар мен берешектерден растаушы құжаттар алу арқылы орындау кажет.
Бухгалтерлік есеп шоттары қаржы бөлуші шоттар болып топ құрайды. Мұндай шоттарға шығындар мен табыстар есебін жүргізуші шоттар жатады. Мысал ретінде алдағы кезең шығындары мен алдағы кезеңге түсетін табыстар есебін жүргізуші шоттарды келтіруге болады. Алдағы кезең шығындары мен табыстары есебін бір шотта жүргізуге де болады. Мұндай жағдайда ауыспалы қалдық шығарылады. Ал шығындар есебін бір шотта, табыстар есебін екінші шотта жүргізген жағдайда шығындар есебін жүргізетін шотта дебеттік, ал табыстар есебін жүргізетін шотта кредиттік калдық қалады.