Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 15:29, реферат
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет.
1.Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
2.Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
3.Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25
Кәсіпорынның және оның меншігіндегі ресурстардың тиімділігі мен басқару жүйесінің дәрежесін бағалауды сипаттайтын шоттар екі топқа - нәтижелік және өтпелі болып бөлінеді. Бірінші топқа "Пайда мен зиян" шоты жатады. Бұл шоттың қалдығы ауыспалы болып, мұның дебетіндегі қалған қалдық шеккен зиянды, ал кредитіндегі қалған қалдық түскен пайданы көрсетеді. Өтпелі шоттарда қалдық қалмайды. Мұндай шоттардың мысалына "Сату" шоты жатады. Аталмыш шот "Пайда мен зиян" шотымен тікелей байланыста ғана қызмет атқарады. "Сату" шоты бойынша тауарлар, өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтердің нәтижесі шығарылып, бұл мәлімет "Пайда мен зиян" шотына көшіріледі. Нәтижені анықтауға арналған "Сату" шотында ауыспалы қалдық қалады. Бұл шот есепті жылдың бір кезеңінде дебеттік, басқа кезеңінде кредиттік болуы мүмкін.
Келесі топ - айналымға түсетін шығындар есебін жүргізуге арналған шоттар. Айналымға түсетін шығындар өндірілген тек қана сату фактісімен байланысты болып, есепті жыл ішінде жұмсалады. Бұл топқа жататын шоттардың қалдығы әрқашан дебеттік болып келеді.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде жойылатын шоттар деп аталынатын шоттар да қолданылады. Кәсіпорынның жылдар бойы өз қызметін жалғастыруының нәтижесінде негізгі құралдар тозып жойылады.
Негізгі құралдарды ресурс деп қараған жағдайда бұлардың құнын анықтап отыру үшін және бұл нысан толығымен өз кұнын өтегендігі немесе өтемегендігі жөніндегі мәліметтерді арнайы шоттар арқылы алуға болады. Негізгі құралдар есебіне арналған аналитикалық жіктеу шоттары дебетіндегі сомалар негізгі құралдарды қанша сомаға сатып алғандықты және қаншама шығындар жұмсап пайдалануға қабылдағандықты көрсетсе, кредитіндегі сомалар бұл құралдарды жоюдың нәтижесінде түскен табысты көрсетеді. Негізгі құралдардың жекелеген түрлеріне қарағанда бұл шоттардағы қалдық ауыспалы болып келеді.
Соңғы топ - бұл номиналдық реттеуші шоттар тобы. Бұл шоттар нысандарсыз жүргізіледі. Есеп тәжірибесінде негізгі құралдардың тозуын көрсететін шоттарды реттеуші шоттар деп атайды. Реттеуші шоттардың жеке мәні болмайды. Мұндай шоттардағы айналым сомасы мен қалдық сомасы негізгі шоттардағы айналым мен қалдықты тексеру үшін жүргізіледі. Егер бұл шоттар реттеуші шоттардағы жазуды бағалау үшін қолданылса, онда реттеуші шоттарды қосымша реттеуші шоттар деп атауға болады. Қосымша реттеуші шоттардағы қалдық реттеуші шоттардағы қалдықпен бірдей болады.
Шоттар жоспары деп - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып, қолданылатын шоттар тізімін айтады. Атқарушы бухгалтерлік шоттардың экономикалық табиғатын, қолданылатын өрісін білуі керек. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін - бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.
Қазақстан Республикасында күні бүгінге дейін қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесіндегі шоттар тізімі (Бас шоттар жоспары) Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен (1997 жылдың 10 қаңтарыңдағы № 8 қаулыда енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сай) бекітілген.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестенді бағытында жасалған Бас шоттар жоспарының мақсаты төмендегіше:
- елімізде өндірілген өнімдер мен шикізаттарды жержүзілік рынокқа шығару мен халықаралық валюта қорынан, басқа да шетелдік қаржы салымшыларынан инвестиция алу мақсатын орындау үшін халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай келтіру;
- меншікті кәсіпорындар мен жаңа шаруашылық субъектілерінің қалыптасуына қарай, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін күнделікті жүргізіп, бақылап отыру;
- жекелеген есеп көрсеткіштері мен мәліметтерін кәсіпорындарда қорытындыланып жасалынатын қорытынды есеп (отчет) көрсеткіштерімен тығыз байланыстыру.
Шоттардың Бас жоспары кәсіпорындардың бағыныштылығына және меншік түрі мен құқықтық маңызына қарамастан, банктер мен бюджеттік мекемелерден тыс барлық шаруашылық субъектілерінде міндетті түрде қолданылады. Кейбір айрықша қызмет атқарушы мекемелер мен ұйымдар Қаржы министрлігімен келісе отырып, қажет болған жағдайда Бас шоттар жоспарына қосымшалар мен түзетулер енгізуіне мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, шағын немесе кіші кәсіпорындар мен фермерлік әрекет етуші шаруа қожалықтары Бас шоттар жоспары негізінде өздерінің шаруашылық жүргізу үрдісі мен технологиясына тән қолдануға ыңғайлы (қысқартылған) шоттарды таңдап алып, шоттар жоспарын жасауына мүмкіндік туғызылған. Мұндай жағдайда аталмыш шаруашылық субъектілері ыңғайға келтіріп жасаған шоттар жоспары туралы қысқаша түсініктемені өздерінің есеп саясатына енгізіп отыруға тиісті.
Бас шоттар жоспарын жүргізудің тәртібі шоттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқау мен нормативтік актілерге сай орындалады.
Бас шоттар жоспары 10 тараудан және баланс сыртындағы шоттардан тұрады. Арнайы тарауға сай топтастырылған шоттар негізінен орын алатын шаруашылық операцияларының экономикалық маңызына қарай жасалған. Активті қаражаттар мен мүліктер, міндеттемелер мен капитал және шаруашылық операцияларының экономикалық біртектілігін сақтау мақсатымен жасалған шоттар жоспарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге талдау жасау мүмкіндігі де қарастырылған.
Бас шоттар жоспарындағы тараулар белгілі бір сабақтастықпен жасалып, санаға қонатындай болуы қамтамасыз етілген.
Ендігі жерде Бас шоттар жоспарының әрбір тарауларына қысқаша тоқталған жөн.
Бас шоттар жоспарының бірінші "Айналымнан тыс активтер" тарауында - материалдық емес активтердің қолда бар сомасының көлемі мен қозғалысы және бұлардың амортизациялық тозуы негізгі құралдардың қозғалысы мен тозуы, аяқталмаған күрделі құрылыс және ұзақ мерзімді инвестициялық қаржы салымы жөніндегі ақпараттар мен мәліметтерді жинақтауға арналған, 5 бөлімге бөлінген шоттардан тұрады.
Екінші "Тауарлы-материалды құндылықтар" тарауында материалдар (жекелеген түрлеріне қарай), аяқталмаған өндіріс және тауарлар есебін жүргізуге арналған 3 бөлімге бөлінген шоттардың тізімі берілген.
Үшінші "Берешектердің қарызы және басқа да активтер" тарауындағы 6 бөлімге бөлінген шоттарда - сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешек қарыздары, күмәнді қарыздар жөніндегі резервтік сомалар, еншілес тәуелді серіктестіктердің берешек қарыздары, басқа да берешек қарыздар, алдағы кезең шығындары, берілген аванстардың есебі мен қозғалысын жүргізуге арналған шоттардың тізімі берілген.
Төртінші "Ақша қаражаттары" тарауындағы шоттардың кәсіпорыңдар мен шаруашылық субъектілерінің кассасы мен есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының, қаржылық инвестициялардың қалыптасуы мен қозғалысының есебін жүргізуге арналған 6 бөлімнен тұратын шоттар тізімі берілген.
Бесінші "Меншікті капитал" тарауы 8 бөлімнен тұрады. Мұнда жарғылық капитал мен төленбеген капитал, қайтарылып алынған капитал, резервтік капитал, бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян) және жиынтық табыс (шеккен зиян) есебі мен қозғалысын жинақтауға арналған шоттардың тізімі берілген.
Алтыншы "Міндеттемелер" тарауы 9 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда банктер несиесі, алдағы кезеңде түсетін табыстар, акциялар бойынша дивиденттермен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ қарыздары бойынша есеп айырысу, бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу, қоюшы мердігерлермен есеп айырысу, басқа да алашақ қарыздармен есептесулер бойынша есеп айырысу жөніндегі операциялардың есебін жүргізуге арналған шоттардың тізімі берілген.
Жетінші "Табыстар" тарауы 3 бөлімнен тұрады. Бұл шоттарда негізгі қызметтен түскен табыстар, сатылған тауарларды қайтару және сату шегерімі мен баға шегерімінен пайда болған табыстар және негізгі қызметке жатпайтын іс-әрекеттерден түскен табыстардың есебі мен қозғалысы жөніндегі операцияларға арналған шоттар тізімі берілген.
Сегізінші "Шығындар" тарауы 8 бөлімнен тұрады. Аталмыш тараудағы шоттарда сатылған тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын шығару, тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатуға байланысты жұмсалған шығындардың, жалпы және әкімшілік шығындардың, пайыздық төлемдерге байланысты шығындардың, негізгі қызметке жатпайтын іс-әрекеттерге жұмсалған шығындардың, табыс салыққа байланысты шығындардың, төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциялардан пайда болған табыстар (шеккен зиян), басқа да ұйымдарға үлес қосудан түскен табыс (зиян) есебін жүргізуге арналған шоттардың тізімі берілген.
Тоғызыншы "Өндірістік есептің шоттары" 6 бөлімнен тұрады. Бұл тараудағы шоттарда негізгі өндіріске жұмсалған шығындар, өз өндірісіндегі жартылай өнімдер (фабрикаттар), көмекші өндіріс, үстеме шығындар, әлеуметтік сала шығындары, өндірістегі ақауларға жұмсалған шығындардың есебін жүргізуге арналған шоттардың тізімі берілген.
Оныншы "Баланс сыртындағы шоттар" тарауында уақытша жалға алынған негізгі құралдар, сақтау жауапкершілігіне уақытша қабылданған құндылықтар мен ары қарай өңдеуге қабылданған материалдар, сатып беруге қабылданған тауарлар, монтаждауға қабылданған жабдықтар, қатаң есеп берудің үлгі қағазы, т.с.с. есебін жүргізуге түспейтін уақытша қолданылатын шоттарды баланс сыртындағы шоттар деп атайды.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Бас шоттар жоспары дұрыс және тиімді жолдармен қолданылып, ыңғайлы және арзан жолдармен іске асыруды қамтамасыз ету керектігі туындайды. Әрбір шотты жүргізуде қатаң тәртіп сақталып, шоттарды корреспонденциялаған кезде қателер жібермей, есеп сапасын арттырып, есеп жүргізу жүйесін барынша механикаландырып отырудың маңызы зор.
Қысқасы, Қазақстан Республикасында есеп жүйесінің төжірибесіне енгізіліп Бас шоттар жоспары: 1) қызмет атқарушы бухгалтерлердің күнделікті жұмысына бағыт беру; 2) кәсіпорындар деңгейінде орын алған шаруашылық операцияларының ақпараттарын жинақтап, өзара байланыс жүйесіне келтіру; 3) шаруашылық қызметіндегі мәліметтер мен көрсеткіштерді бақылап, тексеруді қамтамасыз ету; 4) атқарушы бухгалтерлердің білім дәрежесін жетілдіріп отыруға бағыт беру; 5) мәліметтер мен ақпараттар жүйесін республика деңгейінде топтастырып, жинақтау үрдісін жеңілдету болып табылады.
Бас шоттар жоспары нормативтік құжат ретінде қолданылады. Шоттардың жүйеге келтірілген тізіміне қарай шаруашылық операцияларының мазмұны шоттар аралық корреспонденцияланады.
Сонымен қатар, кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер арасында өзара міндет бөлу жұмысы Бас шоттар жоспары құрылымына қарай орындалады. Бас шоттар жоспарынсыз шоттар болмайды, ал шоттарсыз шаруашылық операциялары корреспонденцияға түспейді.
Ел экономикасының өмірінде қолданылып жүрген шоттар жоспары бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланыста болуын және шаруашылық қаражаттары дөңгелек айналысын қамтамасыз ету мақсатын қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезеңдегі Бас шоттар жоспары негізінен шетелдік қаржы салымшы инвесторлардың және жеке меншікті қолдау мақсатымен құрылған. Төменде ұлттық тілге аударылған, бухгалтерлік есеп тәжірибесіне енген Бас шоттар жоспарының тізімі берілген.
4.
Ағымдағы есеп
мәліметтерін қорытындылау
Шоттардағы айналым және шаруашылық құралдардың қалдығы мен олардың көздері туралы алынған мәліметтер бухгалтерлік есеп беруді құрастыруға және ұйымның шаруашылық қызметіне бақылау жасап отыру үшін, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатына талдау жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан олар анық, түсінікті және дұрыс болуы тиіс. Есеп беретін уақыт аралығында бухгалтерлік есеп құжаттарындағы жазуларда әр түрлі дұрыс емес соманың көрсетілуінен, соманың тек бір ғана шотта көрсетілгендігінен, бір жазудың екі рет көрсетілуінен және тағы басқа себептерден қателіктер жіберілуі мүмкін. Бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеріп отыру үшін, сонымен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жинақталып қорытылған мәліметтердің болуы қажет. Есептік ақпараттың әдетте ай соңында жүргізілетін қорытындылау әдістерінің бірі – шот бойынша айналым тізімдемелерін құру.
Айналым тізімдемелері кесте түрінде көрініс алады, оның бірінші бағанасында кәсіпорында жүргізілетін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың аттары жазылады да одан кейінгі үш пар бағанада:
Жалпы айналым тізімдемелерін
құру үшін барлық жинақтамалық (топтамалық,
синтетикалық) шоттардың мәліметтері
айналым тізімдемесіне бастапқы қалдық
ретінде активті шоттың қалдығы дебиттік
бағанға және пассивті шоттың қалдығы
кредиттік бағанаға жазылады. Айналым
тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде,
яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың
дебиттік және кредиттік бөліктері өзара
тең нәтиже береді. Бұны тізімдемесіндегі
айналым балансы деп те атайды. Бастапқы
қалдықтың қорытындыларының (жиынының)
теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы
баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары
сомасының олардың қорлану көздерінің
сомасына тең болуымен түсіндіріледі.Дәл
осылайша соңғы қалдық қорытындыларының
тең болатындығын түсіндіруге болады.
Ай бойғы айналым қорытындыларының (жиынының)
теңдігі есепте екі жақты жазуды қолданумен
түсіндіріледі. Ал бағаналардағы дебиттік
және кредиттік қорытындылардың (жиынының)
өзара тең болмауы шаруашылық операцияларының
жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық)
шоттарда дұрыс жазылмауы немесе сомаларды
есептеу кезінде қателер жіберілгендігін
көрсетеді. Егер бастапқы қалдық қорытындылары
тең болмаса, онда баланстан бастапқы
қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылмағаны
немесе баланс дұрыс құрастырылмағаны
(жасалмағаны) деп түсінуге болады. Егер
ай бойғы айналым қорытындылары (жиыны)
тең болмаса, онда қателікті екі жақты
жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу
керек (жазу тек бір шотта жазылған немесе
шоттарда әр түрлі сома жазылған). Бастапқы
қалдық сомасы дұрыс көшіріп жазылып,
екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған
жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы
қорытынды (жиынтық) соманың тең болмауы,
тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың
дұрыс есептелмегендігінен болуы мүмкін.
Осы айтқандарымыз түсінікті болу үшін
алдыңғы тақырыпта қарастырған мысалымыз
бойынша «ККК» фирмасының 2006 жылғы қаңтар
айына айналым тізімдемесін құрастырайық.