Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:32, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыр
Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы ...................................6
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі ........13
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.................18
2. Бухгелтерлік есеп принциптері мен концепциялары
2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі............................................23
2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні...................26
2.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ..............................................................30
Қорытынды ....................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................38
Алайда бұл форманың да кемшіліктері бар, бұлар- мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиындататын журнал-ордерлерді түзетудің күрделілігі мен қолайсыз толдығы.
Есептің автоматтандырылған формасында жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.
Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды өолдануды механикаландыруды, көбіне есеп-қисап үдерісін автоматтандыруды; мәліметтердің өте дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-қызмет аясын атқарудан босатуды және есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Есептің қарапайымдандырылған формасы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді; шаруашылық операциялары есебі кәтібы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі » мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандартымен және оған берілетін әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.
Бухгалтерлік есеп формаларын таңдау құқы субъектілердің өздеріне берілген. Ұсынылатын формалар негізінде олар өздерінің формаларын жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және апаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптері мен технологиясын сақтай отырып, мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.
Қате жазуларды түзету тәсілдері:
1. Корректуралық әдіс қате шоттар корреспонденциясына қатысты болмған жағдайда немесе тез жабылса және есеп жазбалары қорытындыларына әсер етпеген жағдайда қолданылады. Қате жазу жазылғаны көріну үшін жіңішке сызықпен сызылады, жанына дұрыс жауабы жазылады. Түзету осы құжатты жасау үшін жауапты адамның қолымен расталады
2. Қызыл стоно түзетпе тәсілі – кері сандар тәсілі. Есеп жазбаларында шот корреспонденциялары қате көрсетілгенде қолданылады. Қате жазулар сол шот корреспонденциясында қайталанады, бірақ қызыл сиямен жазылады. Қорытынды есептегенде, түзетпе жазба есепке алынып, шегеріледі.Осылайша қате жазу жойылады. Содан соң шоттардың дұрыс корреспонденциясымен жаңа проводка жасалады және кәдімгі сиясен жазылады.
3. Қосымша проводка тәсілі есеп регистрлерінде шоттардың дұрыс корреспонденциясы көрсетілсе, бірақ операция сомасы қате жазылып кеткен кезде қолданылады. Бұл жағдайда айырма сомасына сол шоттар корреспонденциясы бойынша қосымша проводка беріледі.
2.3. Бухгалтерлік есептің принциптері.
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің
ақпараттық мәліметтері оны
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
жасалынған болжаулардың
нәтижесінде алынған
немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі
Берілген ақпараттық
мәліметтерде қате болмаса,
ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі
Қандай да
бір кезеңнің бухгалтерлік
Сақтық принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принципі
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.
Бейтараптық принципі
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.
Әділетті әрі тура көрсету принципі
Кәсіпорынның қаржылық
қорытынды есебі осы
Толықтылық принципі
Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
Есеп қисап жұмысының
мақсаты үкіметіміздің
Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.
Бухгалтерлік есептің
басты міндеті – кәсіпорынның
шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау.
Бұл мақсаттың орындалуы есеп
– қисап жұмысының
Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.
Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.
Оның молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.
Мемлекет меншігінің ішінде белгілі орын алатындары- өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы көрсетілген мемлекет меншіктерінің түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.
Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.
Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген.
Негізгі принциптер мыналар:
1) қажетті ресурстарды
кәсіпорынға немесе бірлестікте
2) шаруашылық дербестік;
3) өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде жалғастыру;
4) өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;
5) өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;
6) шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.
Осы айтылған шаруашылық
есеп принциптерін негізге ала отырып,
әрбір кәсіпорын-мақсаты мен
Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.
Бухгалтерлік есеп заңына сәйкес, бухгалтерлік аудит стандарттар талабына қарай үйлестіру қажет.
Қазақстан Республикасында 1995 жылы 26 қаңтар айында №2732 Президентіміздің Указы бойынша “Бухгалтерлік есеп” туралы заңына сәйкес, (1 қаңтар) 1997 жылдан бастап заң ретінде іске қосылған “Бухгалтерлік счеттардың бас жоспары” бойынша еліміздегі бухгалтерлік есептің міндеттері анықталған.
Олар:
1) кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді тағы басқа жеке субьект шаруашылығы туралы анық, толық мәліметтер мен қамтамасыз ету;
2) мемлекетіміздің тексеруші,
бақылаушы мекемелерінің
Қорытынды
Қорыта келе, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.