Бухгалтерлік есеп принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:32, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыр

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы ...................................6
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі ........13
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.................18
2. Бухгелтерлік есеп принциптері мен концепциялары
2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі............................................23
2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні...................26
2.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ..............................................................30
Қорытынды ....................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................38

Работа содержит 1 файл

Бух есеп принцип КАЗГЮА.doc

— 294.00 Кб (Скачать)

Өкімдік – бұл өкім жасайтын, тапсырыс беретін немесе шаруашылық операциясын жасауға құқық беретін құжаттар. Мұндай құжаттарға шаруашылық операциясын жасауға кәсіпорын басшысының және ол өкілеттік берген адамның өкімі жатады.

Ақтаушы – құжаттар шаруашылық операциясының жасалу фактісін, оның орындалуын тіркейді. Оған жататындар: кіріс ордерлері, жүкқұжаттар, негізгі құралдарды қабылдау-шығару актілері.Шаруашылық операциясының орындалуына және оның құжаттарда дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар ақтаушы құжаттарға қол қояды. Мысалы: цех басшысы, қойма меңгерушілері, шеберлер және т.б. Кәсіпорынның бухгалтериясына келіп түскен ақтаушы құжаттар тексеріледі, ал содан соң есепке қабылданады.

Аралас- құжатта тек өкім ғана емес, сондай-ақ осы өкімнің орындалу фактісі де болады. Оған жататындар: кіріс және шығыс касса ордерлері, есеп айырысу- төлем ведомостері, есеп беретін адамдардың аванстық есебі және басқалар.

Есептік ақпаратты жинақтау дәрежесі немесе мазмұнның көлемі бойынша  құжаттар бастапқы және жинақтаушы болып  бөлінеді.

Бастапқы құжаттар қашан да шаруашылық операциялары жасалған сәтте жасалады және қайсібір шаруашылық операциясының жасалғанына дәлел болып табылады.

Оған материалдардың кәсіпорынға келіп түсуі және олардың кәсіпорын қоймаларынан цехтарға босатылуытуралы; өнімдердің сатып алушыларға жөнелтілуі туралы; есептелген жалақы туралы құжаттар; жүкқұжаттар; банктен ақша алуға арналған чек; негізгі құралдарды есептен шығару туралы акт және т.с.с. жатады.

Жинақтаушы  құжаттар бастапқы құжаттарда тіркелген есептік ақпараттарды жалпылау үшін пайдаланылады. Жинақтаушы құжаттар бастапы ақпаратты жинақтаудың, топтастырудың және жүйелеудің құралы ретінде пайдаланылады. Оған аванстық есептемелер, кассирдің есептемесі, есеп айырысу- төлем ведомостері жатады.

Операцияны қамту және пайдалану жиілігіне қарай құжаттар біржолғы және жиынтықтаушы болып бөлінеді.

Біржолғы құжаттар – бір мезгілде жасалатын және құжаттар тіркелетін, бір немесе бірнеше біртектес шаруашылық операцияларын көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы: касса ордерлері, талаптар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмасы және т.б.

Жиынтықтаушы  құжаттар - әр түрлі уақыттарда және белгілі бір кезең ішінде жасалған біртектес шаруашылық операцияларын тіркеу және жиынтықтау үшін пайдаланылады. Жұмысқа екі апталық, айлық нарядтар, кәсіпорын қоймасынан материалдарды босатуға арналған шектеу карталары және т.б. жиынтықтаушы құжаттарға мысал бола алады.

Есеп жазуларының саны бойынша қжаттар бір жолдық және көп жолдық болып бөлінеді.

Бір жолдық құжатта бір ғана позиция (материалдың бір түрі, бір өнім) болады.

Көп жолдық құжатта бірнеше атаулар, позициялар  көрсетіледі.

Құжат түрлері бойынша  хаттамалар, бұйрықтар, есептемелер, актілер  және т.б. болып бөлінеді.

Құжаттар нысаны бойынша  бірегей және арнайы құжаттар болуы  мүмкін.

Бірегей құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында қолданылатын құжаттар.

Арнайы құжаттар – бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында өолданылатын құжаттар. Оған атқарылған жұмыстарды қабылдау актісі, жолдама қағаздар және т.б. жатады.

Қайта шығарылуы бойынша құжаттар түпнұсқа, көшірме және үзінді болып бөлінеді.

Түпнұсқа құжаттар тиісті жолмен түпкілікті редакцияда рәсімделген және қол қойылған құжаттар.

Көшірмелер құжаттың барлық деректемелерін қайта  шығару.

Үзінді құжат бөлімінің көшірмесі.

Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң  талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық  және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операциясына сәйкес келу, қарапайым және айқын, есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес , сондай-ақ пайдаланушыларға түсінікті болуы керек. Мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға, яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс.

Бухгалтерлік есепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық түрлері егжей-тегжейлі , тәптіштелу, жинақталып қорытылу дәрежесі әртүрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады.

Синтетикалық  шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.

Аналитикалық  шоттар – есептің тиісті объектілеріне түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.

Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы сомасына тиісінше тең болуы тиіс.

Мысалы «Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі» 333 шоты шоттарды біріктіретін шот болып  табылады, оған қызметкерлердің аты-жөні бойынша аналитикалық шоттар ашуға  болады,мысалы аналитикалық шот –  Байманов және т.б.

Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі шоттар (субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген объектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.

 

 

 

2. Бухгелтерлік  есеп принциптері мен концепциялары

2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі

 

Субъектінің өндірістік – шаруашылық іс-әрекетін басқару  және бухгалтерлік есептің дұрыс  жүргізілуін тексері үшін қаражаттың кейбір түрлері, шығу көздері мен процестері жөнінде жинақтап қорытылған мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтерді әр айдың соңында шоттардан алады, алайда әрбір шотта есеп объектісінің бірін ғана сипаттайтын көрсеткіштер болады. Есеп объектілерінің жалпы сипаттамасы жекелеген көрсеткіштерді бір жерге топтау жолымен алуға болады. Бұл үшін шоттардағы айлық қалдықтар мен айналымның жиынтық сомасы көрсетілетін айналымдық ведомостері  (1 кесте) қолданылады.

1 – кесте

Айналым- сальдолық  ведомость

Шот атауы

Ай басындағы қалдық

Ай ішіндегі

айналым

Ай соңындағы қалдық

Дт

Кт

Дт

Кт

Дт

Кт

             
             
             

ЖИЫНЫ

           

 

Ерекшеліктері:

  • бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылған кезде бағаналардағы жиынтық сомалар екі-екіден жұптасып теңесуі тиіс;
  • дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуы тиіс;
  • жиынтық дебет айналымы жиынтық кредит айналымына теңесуі тиіс;
  • дебет пен кредит бойынша түпкілікті сальдоның қорытындысы да тең болуы тиіс.

Шахматтық айналымдық ведомость. Синтетикалық есепшоттары бойынша айналым ведомосі пайдалану мүмкіндіктері едәуір шектеулі. Оларда көрсетілген айналымдар сол немесе басқа шоттағы жинақ соманы білдіреді. Мұндай мәліметтер негізінде құндылықтардың қайдан келіп, қайда кеткенін білу мүмкін емес. Дегенмен мұндай мәліметтер керек. Кәсіпорынның айналымдары туралы мәліметтерді шахматтық айналымдық ведомостен алады. (2 - кесте)

 

2 – кесте

Шахматтық айналым  ведомосі

Дебеттелетін шот

КРЕДИТТЕЛЕТІН ШОТ

Жиыны

             
             
             
             
             

Жиыны

           

 

Бухгалтерияға келіп  түсетін бастапқы  құжаттар арифметикалық  есептеулердің дұрыстығы бөлігінде, онда рәсімделген шаруашылық операцияларының  заңға сәйкестігі мен мақсаттылығы тексеріледі. Одан кейін бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары жүйесіндегі деректерді тіркеу жүзеге асырылады. Мүліктердің қалдығы, шаруашылық қорлары және олардың қалыптасу көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ бастапқы немесе жинақтаушы құжаттардан алынған шаруашылық операциялары туралы деректер есеп регистрлеріне (тіркелімдеріне) жазылады.

Есеп регистрлері  – бұл мүліктер мен олардың пайда болу көздері туралы деректерді экономикалық топтастыруға сәйкес құрылған, белгілі бір нысандағы кесте. Есеп регистрлері шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуге қызмет етеді. Есеп регистрлері құрылуына қарай хронологиялық және жүйелілік болып бөлінеді.

Хронологиялық регистрлерде – шаруашылық операциялары туралы ақпараттар олардың жасалу кезектілігіне қарай жазылады.

Жүйелілік есеп регистрлерінде – шаруашылық операциялары анықталған белгілері бойынша топтастырылады.

Есеп регистрлері кітап, журнал, ведомость, карточка, машинограмма, жекелеген парақ және т.б. түрде  жүргізіледі.

Жинақтамалы шоттар бойынша  жазулар журнал-ордерлерде,  Бас  кітапта немесе оны алмастыратын машинограмма- ведомостерде, ал талдамалы шоттар бойынша – кітаптарда, машинограмма  - ведомостерде немесе карточкаларда жүргізіледі.

Есеп регистрлері мұқият, түзетусіз және тазартусыз жүргізілуі тиіс. Жіберілген қателер қате соманы жұқа сызықпен сызып тастау жолымен түзетіледі және  жасалған түзету туралы ескерту жазылады.

 

 

2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні.

 

Бухгалтерлік  есептің нысаны дегеніміз  шаруашылық операцияларын тиісті жазу әдістерімен белгілі бір кезектілікпен топтастыруға, көрсетуге арналған есеп регистрлерінің жиыны. ҚР-да есептің мемориалдық-ордерлік, журнал-ордерлік және автоматтандырылған нысандары кеңінен тараған.

1. Мемориалдық-ордерлік  есеп формасы алғашқы және жинақтаушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу- тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба бірнеше рет қайта-қайта (мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады. Аналитикалық есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс-әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті көрсеткіштерді жинау өте қиын.

1010 шоты бойынша мемориалдық ордер

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

Сома, теңге

Есеп шоттан алынды

 

1040«Ағымдағы шоттағы ақша»

1000

Пайдаланылмаған есептің  сома қалдығы тапсырылды

1252 «Есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырысу»

 

100


 

2. Есептің журнал-ордерлік  формасы. Негізгі ерекшеліктері:

  • шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық- позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлер қолданылады;
  • бірқатар журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;
  • жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіріледі;
  • бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;
  • журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында  жазулар саны азаяды.

Журнал-ордерлер дегеніміз едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тоына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы құжаттардың негізінде күн сайын жинақталады. Ай соңында қорытынды есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.

Есеп-қисаптың журнал-ордерлік формасын қолдану есептің көп  еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, оның бақылаушылық мәнін арттырып, есеп құруды жеңілдетуге  жол ашады.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп принципі