Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:32, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыр
Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы ...................................6
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі ........13
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.................18
2. Бухгелтерлік есеп принциптері мен концепциялары
2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі............................................23
2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні...................26
2.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ..............................................................30
Қорытынды ....................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................38
Ол құндылықтарды
сақтауды амтамасыз ету
Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъект басшысының бұйрығымен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері ( мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері) бар жұмысшы комиссиясы құрылады.
Комиссия құрамына түгендеу жүргізу құндылықтарды, бағаларды және бастапқы есепті жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер кіреді. Жұмысшы түгендеу комиссиясының қызметкерлері түгендеудің уақытылы жүргізілуін және тәртіпті сақтау үшін, тізімдеме (опись) құрудың толықтылығы мен дәлдігі, оларды бухгалтерияға ұсыну үшін жауапкершілікті алады.
Түгендеуді материалды – жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық тексерулерде, тергеу органдарының талаптары бойынша және т.б. жағдайларда өткізіледі.
Түгендеу қортындылары ( артық шығу, кем шығу, қайта сұрыптау) түгендеу қортындыларының салыстыру ведомосіне жазылады. Оларға тек есептік мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді.
Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде субъект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.
Артық шыққын негізгі құралдар, тауарлы – материалдық құндылықтар ақшалай қаражаттар кіріспе алынуға тиісті. Құндылықтардың белгіленген шекте жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.
Тауарлық – материалды құндылықтардың табиғи кему нормасынан артып, кем шығуын сондай –ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар есебіне жатқызады. Түгендеу кезінде айқындалған мүліктің шын мәнінде қолда барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:
Табиғи кему нормалары азық – түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жоқ субъектілер оларды жоғалту ретінде қарастыруы керек, олар кінәлі адамдар табылмаса немесе сот олардан шығынды өндіріп алуға қарсылық білдірсе олар шығындар есебіне жатқызылады және де олар субъектінің таза пайдасы есебінен жабылса, мұндайда салық салу мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмайды.
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Стандарт
сөзі ағылшын тілінен
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
қабылдауға қажетті мәлімет;
Қаржылық есеп ұйымның
бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы
таратылым құралы болып есептеледі.
Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік
есептің жеті элементінен құралады.
Элементтердің алғашқы
Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің
Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның)
континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан
(концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде
кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
мәліметтері негізінен қаржы
салымшылары мен несие
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден-осы тұрғыдан, ал екіншіден-елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.
Бухгалтерлік құжаттар шаруашылық операциясы жасалған сәтте жасалады. Олар шаруашылық операциясының фактісі мен сипатын немесе оны жасау құқын куәландырады. Мұндай құжаттар бастапқы бухгалтерлік құжаттар деп аталады, ал олардан бастау алатын экономикалық ақпарат бастапқы бухгалтерлік есеп болып саналады.
Құжат – бұл шаруашылық операциясының жасалғаны туралы немесе оны жасауға арналған құқық туралы жазбаша куәлік.
Бастапқы құжат – бұл шаруашылық операциясы орындалған сәтте жасалатын және болған фактілерді алғаш куәландыратын бухгалтерлік құжат. Ол жүргізілген шаруашылық операциясының заңдық күшін растайды.Ол жекелеген орындаушылардың операцияларын орындаудағы жауапкершілігін белгілейді.
Кәсіпорын жұмысында құжаттардың маңызы зор.
Біріншіден, құжаттар есептік жазулардың негізі және растаушысы болып табылады.
Екіншіден, құжаттар шаруашылыққа басшылық етуге пайдаланылады.
Үшіншіден, құжаттар меншіктің сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, құжаттардың дәледеуші заңдық күштері бар.
Құжаттар – кәсіпорындар мен адамдар арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әр түрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.
Кәсіпорындарда пайдаланылатын құжаттар әдетте типтік бланкілерде, қажетті деректемелері бар, бекітілген тиісті нысандарда жасалады.
Деректемелер – бұл құжаттарда келтірілетін көрсеткіштер. Оны жасалған операциялар деректерінің негізінде толтыру қажет. Әр бір есептік құжатта деректемелер болуы тиіс. Мұның кез-келген құжатта болуы – міндетті. Мұндай деректемелерге жататындар: құжаттың атауы; құжаттың жасалған күні мен орны; шаруашылық операциясының мазмұны; шаруашылық операциясының өлшеуіштері, шаруашылық операциясын жасауға және құжаттарды рәсімдеуге жауапты адамдардың қойған қолдары.
Шаруашылық операциясын рәсімдеу үшін нысаны мен мазмұны бойынша әр түрлі құжаттар пайдаланылады, мұның өзі оларды жіктеу қажеттігін туғызады. Есептік құжаттар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы құжаттар кәсіпорынға мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған ұйымдардан, салық инспекциясынан, банктерден, құрылтайшылардан, жеткізушілерден, сатып алушылардан және т.с.с. келіп түседі.
Ішкі құжаттар тікелей кәсіпорында жасалады. Оған кіріс және шығыс касса ордерлері, жүкқұжаттар, талаптар және т.б. жатады.