Бухгалтерлік есеп принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:32, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыр

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы ...................................6
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі ........13
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.................18
2. Бухгелтерлік есеп принциптері мен концепциялары
2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және ролі............................................23
2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні...................26
2.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ..............................................................30
Қорытынды ....................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................38

Работа содержит 1 файл

Бух есеп принцип КАЗГЮА.doc

— 294.00 Кб (Скачать)

Жоспары

 

Кіріспе.................................................................................................................3

1. Бухгалтерлік есептің маңызы

1.1. Бухгалтерлік есептің  мәні, объектісі және маңызы ...................................6

1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық  негізі ........13

1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.................18

2. Бухгелтерлік  есеп принциптері мен концепциялары

2.1. Есеп регистрлері,  олардың түрлері және ролі............................................23

2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары  мен нысандарының мәні...................26

2.2. Бухгалтерлік есептің  принциптері ..............................................................30

Қорытынды ....................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................38

 

Кіріспе

 

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайыын өнімді  тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп үдерісін құрудың шарттары және элементтер жүйесі. Негізгі қосылғышиар мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы-шаруашылық қызметі  шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп нысандары, есеп және есептен шығару жұмысын  ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.

Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің  жалпы ережелері ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін  құқықтық- нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар:

1. «Бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есеп беру туралы» Заң.

2. Заңнамалық актілер  мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.

3. Бухгалтерлік есеп  стандарттары мен оларға әдістемеік  ұсыныстар.

4. Шоттардың типтік  жоспары мен оларды қолдануға  берілген нұсқау.

5. Субъектінің есеп  саясаты.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы 2- тармағына және «Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс» 30-бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты - «ұйымның талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай , ҚР-ң бухгалтерлік есеп пен есеп шоттарының үлгі жоспары туралы  заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен  қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика».

Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің негізгі принциптеріне, түсінікті, орынды, сенімді және салыстырмалы сапалық сипаттамаларына сәйкес атқарылуы тиіс.

  Қурстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде бухгалтерлік есептің мәні, объектісі, маңызы және бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық  негізі қаралады. Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні, бухгалтерлік есептің принциптері жайлы айтылады.

 

 

 

1. Бухгалтерлік есептің маңызы

1.1. Бухгалтерлік есептің  мәні, объектісі және маңызы

 

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып  табылады. Онда оны көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау  және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмен етеді.

Кәсіпорындағы есептің  маңызыды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және  сату процесіндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін  әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есеп тәсілі деп әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтері:

1. Құжаттау – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бірде бір жазба оны  тиісті рәсімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген тәртіппен рәсімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.

2. Түгендеу – мүліктің іс-жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен  бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.

3. Бағалау -  белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды  және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлы-материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу  шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін  анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.

Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны  салынған.

Кәсіпорын мүлкінің маңызды  түрлері ағымдағы есепте және баланста  мынадай бағалармен бейнеленеді:

    • негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
    • материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
    • дайын өнім – нақты өзіндік құны бойынша;
    • әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.

4. Калькуляция  - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ) материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.

5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.

6. Екі жақты  жазу – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.

7. Баланс – белгілі бір сәттегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – объектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын  бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

8. Есеп беру  – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай,тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.

Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін  қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде  жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады.

Бухгалтерлік есептің  бұл тәсілінің көмегімен субъектінің  құралдары жайлы, олардың іс-жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің  сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі.

Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты  қолда бары арасында  айырмашылық туындуы мүмкін:

  • табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу );
  • құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);
  • есептеу кезіндегі қателіктер  - арифметикалық қателіктер, алғашқы құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;
  • ұрлық, қымқыру, кем өлшеу – материалық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.

Айырмашылықтарды құралдардың  нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін оқтын-оқтын салыстыру  негізінде түгендеу жолымен анықтауға  болады.

Түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімдерін  субъект басшысы № 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есеп стандартына және оған ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен әдістемесі департаментінің 1998ж. 6 наурыздағы «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы» 47 бұйрығымен (өзгерістермен және толықтырулармен) бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу қорытындыларын  рәсімдеу тәртібі белгіленген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес анықтайды.

Мынадай түгендеулер  болады:

1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты.Әдетте түгендеуді мынадай мерзімдірде өткізеді:

  • негізгі құралдарға – кеміне жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес);
  • ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдардың тағы басқа жылжымайтын объектілерін – 2-3 жылда бір рет;
  • күрделі қаржы – жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес);
  • аяқталмаған өндіріс – 1 қаңтарға қарай;
  • күрделі жөндеудің, алдағы кезеңдердің шығындарын – тоқсанында бір реттен кем емес;
  • мұнай өнімдерін- айына бір реттен кем емес;
  • банкпен есеп айырысуларды – жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай;
  • қаржылық органдармен есептесулерді – тоқсан сайын;
  • ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес;
  • балансаралық есептер (еншілестермен, тәуелділермен, заңды тұлғалармен, бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде;
  • басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды  - жылына екі рет;
  • баланстың басқа баптарын – келесі есепті жылдың 1 қаңтарына.

2.Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін ( кассадағы ақшалай қаражат) қамтиды. Жыл бойы материалдық – құндылықтарды сақтау мақсатымен жүйелі түрде жүргізіледі.

3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.

4.Кенеттен - Материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшының өнімі тергеу органдарының талабы бойынша.

5. Жоспардан  тыс- стихиялық апаттан ( өрттен және т.б.) кейін, сондай-ақ қаражатты ай сайын түгендеу.

Сонымен қатар, түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің  бухгалтерлік есебі мен балансының шынайылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі.  Бұл мақсат үшін құрамында субъект басшысы ( комиссия төрағасы), бас бухгалтер, құрылымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары  бар тұрақты түгендеу комиссиясы құрылады.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп принципі