Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:39, дипломная работа

Описание работы

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 161.44 Кб (Скачать)

Корреспонденттік шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктік  операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.

Есеп айырысу шоты мынадай  құжаттардың негізінде ашылады:

1)  шотты ашу жүніндегі  өтініш;

2)  қойылатын қол таңбалары  мен мөр таңбаларының үлгісі  бар карточка;

3)  субъектінің    салықтық    есепке    қойылу    фактісін    растайтын    салық органының анықтамасы;

4)  мемлекеттік тіркеу  туралы кәэліктің көшірмесі;

5) жарғы мең құрылтай  шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар  саны 1-ден көп болса).

Есеп айырысу шотын  ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы  қаражаттардың барлығына иелік  жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың  негізінде орындайды:

1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан  есеп айырысу шотына енгізген  кезде қолма-қол ақша салымының  мэлімдемесі ресімделеді. Қолма  - қол ақша салымының мэлімдемесі  түскен түсімді, депоненттелген  еңбек ақыны және қолма - қол  ақшадағы басқа да сомаларды  өз шотына қабылдау туралы  шот иесінің банкке деген бұйрығы.  Мәлімдемені сиямен бір данада  толтырады;   қабылданған   ақшаға  банк   квинтация   береді,   ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.

2.   Әртүрлі   мақсаттар   үшін   кассаға   алынғанда-чек   ресімделеді.    Чек ресімделуі   - чек берушінің чек алушыға  төлем құжатын беру арқылы  төлемнің жүзеге асуын білдіреді.1

3.  Басқа субъектілермен  есеп айырысқанда төлем тапсырмасы  жазылады. Төлем тапсырма - қызмет  көрсететін банкке өз ақшасын  тапсырмада күрсетілген сомада  бенефициар пайдасына аудару  жөнінде төлеушінің тапсырмасы.

4.   Субъект     босатылған     өнімдердің,      орындалған     жұмыстар     мен қызметтердің қүнын сатып  алушыдан өндіріп алуға тиіс  болғанда - төлем    талап    тапсырмасы    жасалады.    Төлем    талап - тапсырмасы  бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған  жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар  негізінде ақша аударушыға төлем  ақыны жүргізу туралы талабы.

5.  Шаруашылық істері  жүніндегі комиссияның бұйрығы,  сот органдарының атқарушы   қағаздары   есеп   айырысу   шотынан   қаражаттар   есептен  шығарылатын атқарушы құжат болып  табылады.

Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік  кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің  кезектілігін банк мекемесінің басшылығы  белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен  шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан  күшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң  түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған  күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар  бойынша есептік тіркелімдерге  жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.

Банктің көшірмесі есеп айырысу  шоты бойынша талдамалы есептің  тіркелімін үздігінен алмастырады  және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті  көрсететін пассивтік шот болып  табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің  бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу  шоты актңвтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен  шығару) кредит бойынша күрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша  есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 - шотта жүргізіледі.

441 - шот бойынша түмендегідей  шаруашылық операциялары жүргізіледі:

1.   Өнімдер, жұмыстар  мен қызметтер және сатып алушылар  мен тапсырыс берушілерден алынған  төлем сомасына               Д-т441К-тЗО1

2.   Төлеу мерзімі  басталғанда вексель берушінің  вексельді өтеуі Д-т 411 К-т 302 '

3.  Еншілес заңды тұлғалар  берешекті өтеген Д-т 441 К- т  321,323

4.  Жал, займ, қарыздар  бойынша алынған % сомасына Д-т  441 К-т 332

5.   Дебиторлық берешек  өтеген кезде Д-т 441 К-т 333, 334

6. Аккредитивтердің, лимиттелген  чек кітапшаларының пайдаланылмаған  сомалары есеп айырысу шотына  есептелді

д_т441 К-т421,422

7.  Ақшаны кассадан есеп  айырысу шотына үткізгенде Д-т  441 К-т 451

8.  Жарғылық капиталға  салым ретінде қүрылтайшылардан  қолма-қолсыз ақша қаражаттары  келіп түсті Д-т 441 К-т 511

9.  Алынған несиелер  мен займдардың сомасы есеп  айырысу шотына келіп түскен  кезде Д-т 441 К-т 601-603

Ю.Аванс алынды Д-т 411 К-т 661,662

11.Алдағы кезеңдер есебіне  алынған ақы Д-т 441 К-т 611

12.Акцияларға, облигацияларға  салымдар жасалды Д-т 141-144, 401-403 К-т 441

ІЗ.Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны түлеу Д-т 342 К-т 441 Н.Аванс  берілген кезде (алдын ала төлем) Д-т 351 352, К-т 441 15.Аккредетивтерге қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 421,

422К-т441 іб.Чек бойынша есеп  айырысу шотынан қолма қол  ақшалар алынды Д-т 451 К-т441

17.3аймдар мен несиелерді  қайтару (үтеу) Д-т 601-603 К-т 441 18.Акциялар  бойынша дивиденттерді түлеу  Д-т 621-622 К-т 441 19.Бюджетке салықтар  аударылды Д-т 631,633,634 К-т 441 2О.Еншілес,  тэуелді, бірлесіп бақыланатын  түлғаларға, жеткізушілер мен

басқа кредиторларға берешек  өтелді   Д-т 641 -643, 671, 678 К-т 441 21.Несиелер , қарыздар жалдау шарттары бойынша % түленді  Д-т 684 К-т

441 22.Айыппұлдарды, түсімақыларды,  тұрақсыздық айыптарын түлеу  Д-т 821 К-т441

441- шотта көрсетілген операцияларды  есепке алу үшін №2 журнал  ордер мен №2 ведомость қолданылады.  Олардағы жазулар есеп айырысу  шоты бойынша банк күшірмесінің  және соларға қоса берілетін  құжаттардың негізінде жүргізіледі.  Құжаттар алдымен әрбір күн  үшін жиынтықтарды сомалау арқылы  біртектес жинақтамалы шоттар  бойынша топтастырылады (кірістік  және шығыстық кркаттар бүлек-бүлек), содан кейін №2 журнал-ордерге  (441— шоттың кредиті бойынша)  және 441-шоттың дебеті бойынша  №2 ведомоске жиынтық бір сомамен  жазылады.№2   ведомостьке   біртектес   жинақтамалы   шоттар   бойынша   сомаларды жазудан   басқа,   ай   басындағы   сальдо   (қалдық)   күрсетіледі   де,   ай   ішінде есептелген  дебеттік және кредиттік айналымдар  ескеріліп, ай соңындағы қалдық  анықталады.  №2  ведомость   бойынша жиынтық  айналымдар  мен  сальдо  ай соңында Бас  кітапқа 441-шот бойынша күшіріледі.

Есеп айырысу шотын  жабу оның иесінің үтініші бойынша:

-   есеп  айырысу   шотын  ашу үшін  тіпті   болмағанда  бір  ғана бөлігінің  болмауына (дербес баланстың бар  болуы және т.б.) әкеп соқтырған  субъект қызметі сипатының өзгерісі  кезінде;

-  субъектіні қүрған  органның шешімі бойынша;

-  3 ай бойы шотта  қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектінің атауы үзгерген кезде  шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған  чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың  нүмірін көрсетуге және есеп айырысу  шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті.

Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысулар.

Төлем тапсырмалар тауарлы  материалдық қүлдылықтар, орындалған жұмыстар және күрсетілген қызметтер  үшін есеп айырысу кезінде және тауарлар мен қызметтердің алдын ала төлемін, келісім шартта немесе заңмен қарастырылған  аванстық төлем жағдайжірында қолданылады.

Түлеуші белгіленген нысан  бланкілерінде тапсырманы банкке үсынады. Тапсырмадан басқа банк талабы бойынша  түлеуші келісім-шарттарды, шот фактураларды, төлемнің мақсаттылығын дэлелдейтін  басқа да құжаттарды күрсетуі тиіс. Төлем тапсырмалар онда күрсетілген  күннен бастап 10 күн ішінде банк-алушымен қабылданады. Олар түлеушінің шотында  қажетті қаражаттар болған жағдайда ғана іске асады. Төлем құжаттары  электронды да, қағаз бетінде де болуы мүмкін. Негізінен төлем  тапсырмалар екі данада болу толтырылады: біріншісі - банкте қалады, екіншісі - ақша түлеушіге қабылданғаны жүнінде  банктің мүр таңбасымен қайтарылады.

Төлем тапсырманы толтырған  кезде келесі реквизиттері күрсетіледі:

-    төлем тапсырма  номері;

-    төлем тапсырма  күні;

-    жеке идентификациялық  код (ИИК) - аударушы мен бенефициардың  банктік шотының номері;

-    ақша аударушы  коды (КОд) және бенефициар коды (Кбе) - ол екі символдан тұрады, біріншісі - резиденттік белгісі,  екіншісі экономика секторы;

-    бенефициар - ақша  қаражаттарды алушы;

ақша аудару жүнінде клиенттен  тапсырма алатын банк аударушының атауы

-    банк бенефициар - ақша қаражаттарды келісім-шарт  негізінде қабылдаушы банк;

-    аударушының банктік  идентификациялық коды (БИК)9

-    филиалдар арасындағы  айналымдар коды (МФО)

-    төлем мақсатының  коды - ҚРҮБ нормативті - құқықтық  актілерімен белгіленген үш символдан  тұратын, жүзеге асатын төлемдердің  кодтык белгісі;

-    бюджеттік сыныптау  коды - салықтардың (төлемдердің)  қайтарылуы жүзеге асатын коды;

-    валюталау күні - бенефициар банктік шотына ақша  қаражаттардың кіріске алыну  күні, оны төлемді жүргізуші субъект  белгілейді.

Төлем құжатында еш бір  түзетулерге жол берілмейді. Егер олар болатын болса, онда банк бүл  тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн ішінде құжатты клиентке қайтарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау.Касса операцияларының  есебі.

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші  субьектілерде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен  өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен  ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі  беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды  қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау  кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты  ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын  сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.  Бұл  сейфтің кілті мен  сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген  ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің  мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің  басшысында сақталады. Кассир жұмыс  күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы  ақшаның түгелдігіне жұмысқа  деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің  шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген  шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік  жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан  кейін касса қызметкерін касса  опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке  келісім шарт жасалуы керек. Касса  операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері  бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы  ақшалай операциялар бойынша  негізгі бастапқы құжаттар болып  табылады. Қолма қол ақшаларды  кассаға қабылдау бас бухгалтер  немесе ол үкілеттік берген тұлға  қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс  касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса  ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс  касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер  мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету  туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы  міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету  ордері бойынша ақша берген кезде  касса қызметкері нақты ақша алушы  адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен  қатар касса   қызметкері   осы   күрсетілген   құжаттарда   берілген,   яғни   жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның  алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай  уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар  кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін  жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса  ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы  қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары  қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан  кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты  ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын  бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша  құжаттардың түгелдігіне тексеру  жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан  кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды  және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді»  жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері  мен шығыс касса ордерлері  кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда  кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында  жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек  бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген  және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас  бухгалтердің қолдарымен расталған  болу керек. Кітаптың соңғы бетінде  келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта  барлығы ... парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына  келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге  не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың  номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен  қатар кірістелген немесе шығысталған  сомалар касса кітабына жазылуы  тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада  келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде ("жұмыс күнінің басындағы қалдық" жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі