Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 08:39, дипломная работа

Описание работы

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 161.44 Кб (Скачать)

Ақша қаражаттары кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің  ажырамас бөлігі. Ақша экономикалық категория  ретінде бірнеше қызмет атқарады: құн өлшемі, айырбас құралы, төлем  құралы, әлемдік ақшалар.

 

Экономика мен экономикалық қатынастардың дамуы қаржы-несие  жүйесінде, оның ішінде ақша айналысы мен төлем, есеп айырысу сұрақтарында да көптеген жаңалықтар мен өзгерістер алып келуде. Есеп айырысу-төлем жүйесінің  өзгеруімен қолма-қол және қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу жүйелері арасындағы айырмашылық та алшақтап келеді.

 

Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық шаруашылық субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің  тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы  мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі  белгіленген талаптар орындалса  нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе алады.

 

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары -  бұл банк пен  клиенттер арасындағы келісім-шарттың  қатынастарын сипаттайтын әдіс.

 

Ақша қаражаттарын басқарудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Айналыс  капиталын басқару өнерінің мәні келесіде: кәсіпорын басшылығы шоттарда ағымдық қызметті қаржыландыруға қажетті  минималды ақша сомасын ұстап  отыруы тиіс. Ол кәсіпорынның ең жедел  қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті сақтандыру қорының қызметін атқаруы  тиіс. Касса мен ағымдық шоттағы  ақша қаражаттары табыс әкелмейді, ал оның эквиваленті – қысқа мерзімді қаржылық салымдардың табысы өте  төмен екендігін ескерсек кәсіпорын  үшін ақша қаражаттарын салудың тиімді жолдарын іздестіру қажет-ақ. Кәсіпорынның айналысында ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артық болуы айналыс капиталын  тиімсіз пайдалану нәтижесінде  болуы мүмкін.

 

Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банктер алдындағы ұзартылған

 

несие сомасын өсіреді, жабдықтаушылар мен қызметкерлерге қарызды өсіреді, нәтижесінде қаржылық  цикл ұзарады, кәсіпорын капиталының рентабельділігі  төмендейді.

 

Ақша ағынының жетіспеушілігін  ақша қаражаттарының келіп түсуін жылдамдататын , ал төлемдерді кешіктіруге мүмкіндік  беретін шаралар негізінде реттеуге болады.

 

Капитал айналымдылығы –  кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану  интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк  белсендiлiгiн сипаттаушы негiзгi көрсеткiш  болып саналады. Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның қаражат айналымының  жылдамдауымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті  талдау кәсіпорынның өз қаржысын пайдалану  тиімділігін анықтауға мүмкіндік  беретін түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерін есептеу мен талдауға негізделеді.  Сол себептi талдау процесiнде капитал айналымдылығының көрсеткiштерiне терең талдау жүргiзу қажет және айналымның қай сатысында  қаражатттардың қозғалысы баяулағанын  не жылдамдағанын  анықтау қажет.

 

Банк шоттарындағы ақша қаражаттары  қалдығының көбеюі не азаюы ақша ағынының тұрақсыздығымен, яғни ақшаның кірісі мен шығысының арасалмағының  сақталмауымен байланысты. Оң ақша ағынының  сомасының теріс ақша ағынының сомасынан асып кетуі бос  ақша қаражаттарының қалдығының сомасын  өсіреді және керісінше.

 

Тақырыптың  маңыздылығы  келесіде: ақша қаражаттарының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оларды уақтылы тексеруден кәсіпорынның қаржылық жағдайы, айнналыс қаражаттарының айналымдылығы  тәуелді. Ал кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулардың дұрыс жолға қойылуы  төлем уақытын қысқартады, есеп айырысуларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге мүмкіндік  береді. Халық шаруашылығы деңгейінде қалыпты және уақтылы есеп айырысулар экономиканың тұрақты дамуының негізі болса, ақша қаражаттарының есебінің кәсіпорын  деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуы үлкен  маңызға ие.

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты  – кәсіпорын мысалында ақша қаражаттарының есебі мен аудитіне баға беріп, оны  жетілдіру бойынша ұсыныстар  беру. Осы мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттерді шешу қарастырылған:

 

- кәсіпорындағы ақша қаражаттары  есебінің жүргізілуіне қойылатын  талаптар мен шарттарды қарастыру;

 

- кәсіпорын мысалында  кассалық және банктік іс-әрекеттердің  бухгалтерлік есебінің жүргізілуін  оқу;

 

-кәсіпорында ақша қаражаттарының  есебінің жүргізілуіне аудит  жүргізу;

 

- жүргізілген зерттеулер  негізінде ақша қаражаттарының  есебін жетілдіру бойынша негізделген  ұсыныстар беру.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Тақырыбы: «Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі»

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................3

 

I Тарау. Ақша қаражаттар  есебінің теориялық негіздемесі.

1.1. Ақша қаражаттар операцияларын

есепке алудың мәні мен  мақсаты...................................................4-5

1.2. Есеп айырысу шоты  операцияларының есебі......................6-10

 

ІІ Тарау. Касса операцияларының  есебі..........................11-14

2.1. Банктегі арнайы шоттардағы  ақшалар есебі......................15-20

2.2. Төлем карточкаларының  есебі.............................................20-23

          2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының  есебі...............................24-26

 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................27-28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................29-30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық  қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық  экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық  та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың  деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан - 2030» деген халыққа  жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға  қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың  дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен  роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа  ие болса, сол әлемді билейді деген  сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын  осыдан ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтегі  кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау  жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді  экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі  мен оның ішкі аудиті өзекті болып  есептелінеді.

Бухгалтерлік есепті халықаралық  стандарттардың талабына сай жүргізу  қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі  болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда  ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен  клиенттерінің кім екендігін, олардың  қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде  жүзеге асатынын көріп білуге болады.

 Бұл  жерде тағы  маңызды бір нәрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым  - қатынастар қолма қолсыз есеп  айырысу нысанында жүзеге асырылса  банк мекемесі де бүл қатынастарда  өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын  банкі мен жабдықтаушы банкі  арасындағы қатынастар жүзеге  асырылады.  Бұл  жерде банк  қызметімен де жақынырақ танысып,  олардың құжаттарының кәсіпорын  құжаттарымен қандай байланысы  бар екенін көруге болады.

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан  бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бӨлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде  таңдап алдым.

 

I ТАРАУ. Ақша қаражаттар  есебінің теориялық негіздемесі.

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын  есепке алудың мәні мен

мақсаты.

Қазақстан Республикасы Қаржы  Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік  есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық  қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп  түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік  береді» делінген. Ал осы стандарттың  екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есепті осы стандарттың талаптарына  сай жүргізеді және есепті кезеңдегі  қаржы нәтижелері есептемесінің  құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.                                   

Барлық шаруашылық жүргізуші  субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып  алғанда немесе бюджеттен тыс  басқа да мекемелерге эртүрлі  төлемдерді түлеуге байланысты түрлі  операциялар пайда болады. Әрбір  кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма  әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы  ретінде болатын болса, екіншіден  сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен  материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып  табылады.

Осындай кәсіпорындар мен  ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз  түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма  қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды  жүргізу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері:

1)   ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

2) Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшін  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттік мекемелерге,  олардың бюджеттен тыс қаражаттары  бойынша, қоғамдық ұйымдарға,  өндірістік, коммерциялық қызметпен  айналысатын жеке тұлғаларға  ағымдық шоттарды;4

4) Республикалық бюджетте  түрған мекемелерге бюджеттік  шоттарды;

5)     Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды  ашады.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп айырысу  операцияларын толық және уақтылы  дер кезінде есептеу.

2) Субьектідегі ақшалай  қаржылардың түгелдігін және  оларды дұрыс, тиімді пайдалануды  бақылау.

3)  Есеп айырысу, төлеу  тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай  кірістері мен шығындарын дұрыс  есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

1)  Қолма қолсыз ақша  аудару жолымен және қолма  қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды  уақтылы және дүрыс жүргізу.

2)  Ақша қаражаттарының  қолда бары мен қозғалысын  және есеп айырысу опрацияларын  есептік тіркелімдерде толықтай  және жедел түрде кӨрсету.

3)      Бұл інген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша  жұмсаудың қолданыстағы ережелерін  сақтау.

4)   Белгіленген   мерзімдерге   ақша   қаражаттары   мен   есеп   айырысудың жағдайына    түгендеуді    ұйымдастыру    және    жүргізу.    Мерзімі    кешігетін дебиторлық   және   кредиторлық   берешектердің   туындауын   болдырмаудың мүмкіндіктерін  іздестіру.

5)  Кассадағы, есеп айырысу  шотындағы және банктегі басқа  шоттардағы ақшалардың бар жоғы  мен сақталуына бақылау жасау.

6) Есеп айырысу - төлем  тәртібінің сақталуына, материалдық  құндылықтар мен қызметтер үшін  сомалардың уақтылы аударылуына,  сондай - ақ несие тәртібінде алынған  ақша қаражаттарының қайтарылуына  бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Есеп айырысу шоты  операцияларының есебі.

Барлық шаруашылық субъектілер  ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл  төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу  нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен  артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу  керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу  үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім - шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша  банк пен клиент арасындағы келісім - шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел  валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі