Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:33, реферат

Описание работы

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................... 3
1. Бухгалтерлік есеп
1.1. Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі...................................... 4
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.................................................. 6
1.3. Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу............................... 13
2. Ақша, қаржы, несие
2.1. Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі..... 15
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі................................................................ 28
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие....................... 29
3. Статистика.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері....................................... 33
3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері........................... 37
3.3. Статистикалық бақылау..................................................................... 39
Қорытынды.................................................................................................. 40
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................. 41

Работа содержит 1 файл

Копия Отчет стат..doc

— 287.00 Кб (Скачать)

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды,отбасыларды санақ парағы формасы түрінде,барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара,жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.     

     Статистикалық зерттеудің екінші стысында ақпараттардың жинақталу және топтастырылуы жиналған барлық фактыларды бөлу және біріктіру жолымен реттеліп,қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі.Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі.Әлеуметтік-экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды,кіші топтарды басты,мәнді белгілері бойынша зерттейді.Мысалы,Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.
     Статистикалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, салалардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикадағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуелдік үшін жалпылама көрсеткіштер әдіс қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілерінің көрсеткіштері, детерминация есебі, баланстық, теориялық-ықтималдық әдістері.

     Жиналған және топтастырылған ақпараттарды тиімді етіп көрсету үшін статистикалық кестелер мен графиктердің барлық түрлері пайдаланылады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді немесе категорияларды зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

     Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысты, бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша хаықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді.Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.
     Қазақстан ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесі 1993 жылы қолданылды, енгізілді. Қазақстан Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық  көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады.

     Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі,яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді.

      Қазақтсан республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар статистикалық көрсеткіштердің жүйесі де өзгереді,жетілдіріледі.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесінің рөлі және мәні неге? Көрсеткіштер жүйесі статистикалық бағалау үшін қажет:

- зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымын және динамикасын;- еңбектік, материалдық, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен факторларын;

- өндіріс пен тұтынудың аралық пропорциясын тұтыну және қорлану,әр түрлі меншік формалары бойынша кәсіпорындардың,экономика секторларының аралық пропорцияларын;

- бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың тұтас ұдайы өндіріс процестерінің және оның жеке сатыларының: ұлттық табыс өндірісінің,бөлінуінің,айналымының және қорлануының заңдылықтары мен байланыстарын;

- республикадағы аймақтардың,экономикадағы барлық салалардың дамуының заңдылықтарын,аймақаралық және салааралық байланыстарын көрсетеді.
     Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеттері қандай?
Қазақстанда, басқа да бұрынғы міндеттемелермен қоса,шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының статистика және есеп жетілдіру бойынша жаңа міндеттемелері анықталады.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі міндеттемелері:

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру,ғылыми зерттеу және әзірлеу;

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;

- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақтылы қамтамасыз ету;

- ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін,жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;

     Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

     «Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII
болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.
     Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.

 

 

3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері

 

     Статистика теориясында нақты объектілердің құрамының көрсеткішін және осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді кез-келген қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрамының көрсеткішін бөледі.          Біріншісінде нақты статистикалық көрсеткішті және көрсеткіш-санатты бөліп қарайық.
      Нақты статистикалық көрсеткіш – зерттелетін құбылыстың немесе процестің нақты бір уақыттағы және нақты бір орындағы көлемін, шамасын сипаттайды. Егер біз өнеркәсіптегі өнім өндірісі көлемінің нақты шамасын айтатын болсақ, онда оны өндңрген кәсіпорынды, орынын және уақытын айтуымыз керек.
     Көрсеткіш-санат – нақты бір статистикалық көрсеткіштің бір түрінің (орынын, уақытын және сандық мәнін көрсетпей) жалпы мәнін, ерекшелік құрамын сипаттайды. Әр түрлі қалалардағы өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі көлемі орнымен, уақытымен жіне сандық көрсеткішімен ерекшеленеді, бірақ ол бір мәнге ие, ол өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі шығарылымы көрсеткіш- санатында көрсетіледі.
     Қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрылымының көрсеткіші – осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді емес көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштерге: қатысты шама, варияция көрсеткіші, белгілер байланысының тығыздығы, құрылым көрсеткіші және бөлу мінездемесі, динамиканың құбылмалылығы көрсеткіші және т.б.
      Абсолюттік көрсеткіштер – статистикалық көрсеткіштің алғашқы, жалпы формасымен суреттеуі. Абсолюттік шаманың мәні біріншіден статистикалық көрсеткішті айқындайтын алғашқы формасы, екіншіден зерттейтін құбылыстар мен процестердің абсолюттік шаманы сипаттайды, ал үшіншіден жиынтықтың көлемін сипаттайды.
     Абсолюттік көрсеткіштер аталмыш сан болып табылады. Зерттелетін құбылыстың әлеуметтік-экономикалық мағынасына қарай натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық өлшем бірліктерімен көрсетіледі.
Жеке абсолюттік көрсеткіштер – зерттелетін объектілердің жеке бірліктерінің сандық белгілері шамасын айқындайтын көрсеткіш, мысалы, нақты бір жұмысшының көрсетілген айдағы жұмыс өндірімі, нақты бір фермердің егіс көлемінің шамасы т.б. Жеке шамаларды тәртіп бойынша статистикалық бақылай процесінде алады.
     Қатысты (қосынды) абсолюттік шамалар –зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің бір белгісінің шамасын нмесе олардың жеке топтарын сипаттайды және нәтижесінде жеке абсолюттік шамаларды бір-біріне салыстырып қойып шығарады. Қатысты абсолюттік шамасын жеке мәндерді жинақтау және топтау нәтижесінде алады.
     Қатысты көрсеткіштер – екі сәйкестірілген абсолюттік шамалардың сандық қатынасын сипаттайтын қорытылған көрсеткіш. Қатысты көрсеткіш зерттелетін құбылыстың уақыттағы қарқындылығын өлшейді; бір құбылыстың даму деңгейін байланысы бар басқа бір құбылыстарға қарап бағалайды.
     Тақ бөлікке орналасқан абсолюттік көрсеткіш ағымдық және салыстырмалы, ал жұп бөлікте орналасқан көрсеткіш негіз немесе салыстыру базасы деп аталады. Қатысты шамалар коэффициентпен, пайызбен(%), промильмен(%0), продецильмен(%00), просантильмен (%000) көрсетіледі.
Қатысты шамалар аталмыш емес болуы мүмкін егер олар бір атты шамаларда бөлу нәтижесінде алынса.

     Аталмыш қатысты шама деп әр түрлі атты абсолюттік шамаларды бөлу алынатын қатысты шаманы айтамыз. М, халықтың тығыздығы (тұрғындардың санының олар өмір сүріп жатқан территориясның көлеміне қатынасы) бір шаршы километрге адамдардың орташа санымен анықталады. Барлығы 7 түрлі қатысты шамалар бар: құрылымының (бөлудің) қатысты шамасы, координацияның қатысты шамасы, динамиканың қатысты шамасы, салыстырудың қатысты шамасы, қарқындылықтың қатысты шамасы, жоспарды орындаудың қатысты шамасы және жоспар тапсырмасының қатысты шамасы.

     Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты сызық белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні ондағы жиынтықтың барлығына тән және жалпы; кездейсоқ факторлармен шарттасылған жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі өтеледі; кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.
      Орташаның ағымдық қатынасы – белгінің сандық мәнінің жиынтық көлеміне қатынасы.

     Орташа шаманың 2 түрі бар:

а) орташа деңгейлі, демек әр түрлі деңгей варианттарынан құрастырылған     орташа: орташа арифметикалық, орташа квадраттық, орташа үйлесімдік, орташа геометриялық және т.б.

     Барлық деңгейлі орташа екі формада есептеледі: жай және салмақталған. б) орта құрылымдық: мода және медиана, демек жиынтықтың құрылымын сипаттайтын орта шамалар.


     Кез-келген орташаның бірін таңдау зерттеу мақсатына, орташа көрсеткіштің экономикалық мәніне және алынған мәліметтердің сипаттамасына байланысты.

3.3.           Статистикалық бақылау

     Статистикалық бақылау – бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі. Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы.

     Статистикалық жиынтық - нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі. Жиынтық бірлігі – нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі. Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін. Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі. Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі. Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.         

   Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы.    

Статистикалық заңдылық – жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т.    

     Статистикалық көрсеткіштер жиынтықты белгілі бір белгісі бойынша, құрамы бойынша сипаттайды, кеңістікпен уақыттағы өзгерісінің жағдайы мен тенденциясын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштің мағынасы зерттейтін құбылыстар мен процестердің нақты құрамының көрінісі бола тұрып, статистикалық көрсеткіш танымның құралы болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

1.Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

2.Ұлттық байлықтың көрсеткіштері.

3.Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері.

4.Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері.

5.Баға,тауар және ақша айналысының көрсеткіштері.

6.Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.

7.Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері.

8.Әлеуметтік статистика көрсеткіштері.

     Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін .Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.


Қорытынды

 

     Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

     Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдык еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.   

      Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады. 

Информация о работе Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі