Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:33, реферат
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Кіріспе............................................................................................................... 3
1. Бухгалтерлік есеп
1.1. Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі...................................... 4
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.................................................. 6
1.3. Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу............................... 13
2. Ақша, қаржы, несие
2.1. Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі..... 15
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі................................................................ 28
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие....................... 29
3. Статистика.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері....................................... 33
3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері........................... 37
3.3. Статистикалық бақылау..................................................................... 39
Қорытынды.................................................................................................. 40
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................. 41
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін судалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде көштi.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі. Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
“Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
Тақ бөлікке орналасқан абсолюттік көрсеткіш ағымдық және салыстырмалы, ал жұп бөлікте орналасқан көрсеткіш негіз немесе салыстыру базасы деп аталады. Қатысты шамалар коэффициентпен, пайызбен(%), промильмен(%0), продецильмен(%00), просантильмен (%000) көрсетіледі.
Қатысты шамалар аталмыш емес болуы мүмкін егер олар бір атты шамаларда бөлу нәтижесінде алынса. Аталмыш қатысты шама деп әр түрлі атты абсолюттік шамаларды бөлу алынатын қатысты шаманы айтамыз. М, халықтың тығыздығы (тұрғындардың санының олар өмір сүріп жатқан территориясның көлеміне қатынасы) бір шаршы километрге адамдардың орташа санымен анықталады. Барлығы 7 түрлі қатысты шамалар бар: құрылымының (бөлудің) қатысты шамасы, координацияның қатысты шамасы, динамиканың қатысты шамасы, салыстырудың қатысты шамасы, қарқындылықтың қатысты шамасы, жоспарды орындаудың қатысты шамасы және жоспар тапсырмасының қатысты шамасы.
Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты сызық белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні ондағы жиынтықтың барлығына тән және жалпы; кездейсоқ факторлармен шарттасылған жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі өтеледі; кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.
Орташаның ағымдық қатынасы – белгінің сандық мәнінің жиынтық көлеміне қатынасы.
Орташа шаманың 2 түрі бар:
а) орташа деңгейлі, демек әр түрлі деңгей варианттарынан құрастырылған орташа: орташа арифметикалық, орташа квадраттық, орташа үйлесімдік, орташа геометриялық және т.б. Барлық деңгейлі орташа екі формада есептеледі: жай және салмақталған.
б) орта құрылымдық: мода және медиана, демек жиынтықтың құрылымын сипаттайтын орта шамалар.
Кез-келген орташаның бірін таңдау зерттеу мақсатына, орташа көрсеткіштің экономикалық мәніне және алынған мәліметтердің сипаттамасына байланысты.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері
Статистика пәні халықты экономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді.Бұл жиынтықты өзгерістің бағытын заңдарын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін және ғылыми қағида бойынша іріптеліп алатын өкілдердің зеріттеуге қатыстыру керек.Statistic термині латынның-статус деген сөзінен шыққан,ол белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы Ахен Валь өзінің мемлекеттерді басқару деген еңбегінде келтірген.Жалпы статистика ұғымы үш мағынаны білдіреді:
1) Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2) Статистика деп-статистика тәжірибесіне қажетті ережелермен мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3) Статистиканың белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорынның әлеуметтік-экономика жағдайы туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.Статистикалық әдістерді өздерінің қолданысына байланысты және бірінен соң біріне жалғастырып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1) Статистикалық бақылау-яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2) Жиналатын мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау,өңдеу,жинақтау.
3) Жинақталған,өндірілген,
Осы аталатын әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер және зерттеу кезеңі деп аталады.Сонымен қатар статистика әдісінің құрамына жалпылай және ішнара байқау,топтау және тұжырымдамаға сипаттама жасау ұғымдары кіреді.Белгілі бір жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көптілігін статистика жиыны деп атайды.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистика заңдарының тұрғысынан тұжырымдап жасағанда болмайды.Халықтың бірлігіне адам тұрғыдан өнеркәсіптің бірлігіне кәсіпорын ауылшаруашылығының бірлігіне фирма жеке шаруашылық иесі жатады.Адамның,кәсіпорынның жеке шаруашылығының жалпы бірлігі статистикалық жиынтықты құрайды.Статистикалық зерртеу мүддесінде жиынтық бірлігін тексеріп,статистиканың заңдылық жайларында түйін жасауға болады.
Әлеуметтік-экономикалық тсатистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді,олардын пропорцияларын,экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді.”Статистиканың” қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты-Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешені сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету,нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Бақылаудың обьектісі-барлық деңгейдегі бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер:
а)микродеңгейде – шаруашылық субьектісі, үй шаруашылығы; ә)мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ; б)макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.
Әлеуметтік-экономикалық статистикасының теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.Әлеуметтік-
Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория,философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді:
математика (жоғары математика,ықтималдықтар теориясы және т.б.);
салық экономика (қаржы,банк ісін ұйымдастыру,ауылшаруашылық экономикасы,өнеркәсіп экономикасы және т.б.);
қоғамдық (тарих,әлеуметтану,саясаттану,
Әлеуметтік-экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді.
Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:
1. Статистикалық бақылау (алғашқы статистикалық ақпараттарды жинау).
2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.
3.Ақпараттарды талдау.
Әлеуметтік-эконоимкалық тсатистика жалпы әлеуметтік-экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып,алғашқы сатысында (мысалы,халық,жалпы шығарылым туралы) келесі функциялар орындалады: - бастапқы ұғымдарды,категорияларды қалыптастырыды, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;
Информация о работе Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі