Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:33, реферат

Описание работы

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................... 3
1. Бухгалтерлік есеп
1.1. Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі...................................... 4
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.................................................. 6
1.3. Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу............................... 13
2. Ақша, қаржы, несие
2.1. Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі..... 15
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі................................................................ 28
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие....................... 29
3. Статистика.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері....................................... 33
3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері........................... 37
3.3. Статистикалық бақылау..................................................................... 39
Қорытынды.................................................................................................. 40
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................. 41

Работа содержит 1 файл

Копия Отчет стат..doc

— 287.00 Кб (Скачать)


 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасы

Қаратау технология, білім және бизнес колледжі

 

 

 

 

 

Цикл: «Арнай пәндер»

Мамандық: 0518002– «Есеп және аудит»

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУ   ТӘЖІРИБИЕСІ

БОЙЫНША

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағасы ______________                                                                             Шифр: ______

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                                            Төребекова Э.М.       ___________

Тәжірибе жетекшісі:                                                             Сауранбаева А.А.       ___________              

Мөлшерлік бақылау:                                                             Орынбеков Т.Я.       ___________

Комиссия құрамы:                                                                 Естемесова А.Е.        ___________

                                                                                                 Сауранбаева А.А.    ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

Каратау 2011 ж.

 

 

 

 

Мазмұны

 

         

     Кіріспе...............................................................................................................  3

 

1.      Бухгалтерлік есеп

1.1.           Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі......................................   4

1.2.           Бухгалтерлік баланс және есеп беру..................................................   6

1.3.           Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу...............................  13

2.      Ақша, қаржы, несие

2.1.           Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі.....  15

2.2.           Қаржы және қаржы жүйесі................................................................  28

2.3.           Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие.......................   29

3.      Статистика.

3.1.           Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері.......................................  33

3.2.           Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері...........................  37

3.3.           Статистикалық бақылау.....................................................................  39

      

      Қорытынды..................................................................................................    40

      Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................   41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     «Есеп саясаты» термині ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі зақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 «Есеп саясатының маңызын ашу» жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліетеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатыны болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.

Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.

     Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

     Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу  жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1    Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі

 

Бухгалтерлік есептің теориясы

     Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті  жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.

     Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген  екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.   

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.

     Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.

Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.

 

 

 

Активтердің есебі

 

     Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін  сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.

     Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

     Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.

     ¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы).  Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс).  Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.

 

 

 

Міндеттемелер мен капиталдың есебі

 

     Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Ұйымның міндеттемелер бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджетпен есеп айырысу. Еңбекақы төлеу бойынша жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысудың есебі. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

     Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы тәртібі мен ұйымдардың қызметінің түріне байланысты оның көлемі. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген кіріс және есепті кезеңнің шығыстары. Қаржылық есеп беруде ақпараттарды ашып көрсету.

Есеп беру, Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. Кіріс және шығыс туралы есеп берудің ұсынылуы. Бухгалтерлік балансты құру. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп берудің тікелей және жанама әдісі. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп беруді тікелей әдіспен даярлау. Меншікті капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беру. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылық есепті ашып көрсету.

 

1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру

 

     Бухгалтерлік қызметтер қазіргі таңда көрсетіліп отырған қызметтер түрі тұрғысынан қарайтын болсақ ең тиімді ұсыныс болып табылады. Біз Шымкент қаласы аймағында сіздің ұйымыңыздың бухгалтерлік есебін жүргізу және бухгалтерлік сүйемелдеу бойынша қызметтерді ұсынамыз. Бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымдардың көрсетуінің артықшылығы мынады - әркім өз ісімен кәсіби тұрғыда айналысады.

Біз бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингін ұсынамыз: сіз кәсіпорыныңызға бухгалтерлік қызмет көрсету қызметін біздің компанияға тапсырасыз. Табысты бизнесмендер түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін бірнеше заңды тұлғаларды құрған кезде немесе дара кәсіпкер үшін бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингі Шымкентте ерекше өзекті мәселе болып табылады және олардың бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру қажет болады, ал, бұл қосымша, тіпті кейді болмайтын шығындарға алып барады.

Бізбен сіздің ұйымыңызға бухгалтерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасып, сіз бас бухгалтердің жалақысына, оның жұмыс орнын ұйымдастыруға, бағдарламалық қамсыздандыруға және оған қызмет көрсетуге кететін қаражатты үнемдеп, есептілік туралы абыржымайтын боласыз.

     Бухгалтерлік қызмет көрсете отырып, біз өз ісімізге жауап береміз, сапасына және коммерциялық ақпараттың құпиялылығына, есепті толассыз жүргізу, салық салуды кемелдендіруге, біздің жұмысымыздың нәтижелерінің сыртқы (мемлекеттік органдар, инвесторлар, кредиторлар және т.с.с.) және ішкі пайдаланушылар алдында сенімді және сақ болатындығына кепілдік береміз.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі