Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:33, реферат
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Кіріспе............................................................................................................... 3
1. Бухгалтерлік есеп
1.1. Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі...................................... 4
1.2. Бухгалтерлік баланс және есеп беру.................................................. 6
1.3. Қаржылық есеп шоттары және екі жақты жазу............................... 13
2. Ақша, қаржы, несие
2.1. Ақшаның маңызы мен қызметі. Ақша айналымы,ақша жүйесі..... 15
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі................................................................ 28
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие....................... 29
3. Статистика.
3.1. Статистика пәні, әдісі мен міндеттемелері....................................... 33
3.2. Статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен түрлері........................... 37
3.3. Статистикалық бақылау..................................................................... 39
Қорытынды.................................................................................................. 40
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................. 41
Ақша балансының жақтаушылары, алғашқы меркантилисттер алтын мен күмістің елден шығарылуына қарсы көзқарас білдірді. Сауда балансы жүйесінің жақтаушылары, кейінгі меркантилисттер егер жалпы саудада оңтайлы саудаға қол жеткізілсе, онда бағалы металдардың шығарылуына қарсы болған жоқ. Олар шикізаттың өнеркәсіптік өңделуін және транзитті сауда тиімділігін пайдалануды жақтады. Алайда, меркантилизм әдебиеттері ең бастысы бір жақты эмпирикалық сипатқа ие болды. Алайда мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге бағытталған капиталистік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды. Номиналдық ақша теориясы. Бұл теория өкілдері ағылшындар Дж. Беркли (1685 – 1753) и Дж. Стюарт (1712 – 1780) болатын. Олардың теориясының негізінде мынадай екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады. Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп ұғынуында жатыр.
Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық табиғатын теріске шығарады. Бұл теорияның одан әрі дамуы XIX- XX ғғ. соңында жүрді. Ең танымал номинализм өкілі неміс экономисі Г. Кнапп (1842 – 1926) еді. Оның пікірінше ақшада мемлекет берген сатып алу қабілеті болады. Г. Кнапп өз теориясын толыққанды монеталарға негіздемей қағаз ақшаларға арқа сүйеген еді. Ақша массасын талдау барысында ол тек қана мемлекеттік қазына билеттерін (қағаз ақша) және майда тиындарды есептеп, несиелік ақшаларды қоспаған еді. Номиналистердің негізгі кемшілігі олар ақшаны алтыннан және тауар құнынан ажыратып алып оларды мемлекет заңдары арқылы «құн», «сатып алу» қабілеттерін жүктегенінде жатыр. Номиналисттік теорияның ережелері Германияның экономикалық саясатында бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңінен қолданылды. 20-жылдардағы гиперинфляцияға ұшыраған Германия кезеңі бұл теорияны толығымен теріске шығарды. қшаның сандық теориясы. Бұл теорияның негізін салушы француз экономисі Ж. Боден (1530 – 1596). Бұдан әрі осы теорияны түбегейлі дамытқанда қатарында ағылшын ғалымдары Д. Юм (1711 – 1776) мен Дж. Милль (1773 – 1836), сондай-ақ француз Ш. Монтескье (1689 – 1755). Д. Юм, қымбат металдардың Америкадан ағылуы мен XVI – XVII ғғ. Бағалардың өсуі арасында қатынастың себептерін анықтау үшін мынадай тезис ұсынды: «Ақша құны олардың санына сай келеді». Бұл теорияның жақтастары ақшаны тек қана айналым құралы деп түсінді. Олар қателесіп, айналым нәтижесінде ақша және тауарлар массаларының тоқайласуынан бағалар орнатылады және ақша құны анықталады деп тапты.
Қазіргі заманғы ақшаның сандық теориясының негізін американ экономисі және математигі Ирвинг Фишер (1867 – 1947) салды. И. Фишер еңбек құнын мойндамай «ақшаның сатып алу күшіне» арқа сүйеді.
Ол «ақшаның сатып алу күшінің» алты факторын бөліп көрсетті:
1) айналымдағы қолма-қол ақша саны;
2) ақша айналымының жылдамдығы;
3) бағаның орташа деңгейі;
4) тауарлар саны;
5) банк депозиттерінің сомасы;
6) депозитно-чектік айналым жылдамдығы.
Ақшаның қазіргі сандық теориясы макроэкономикалық модельдерді және тауар массасы мен бағалар деңгейнің жалпы қатынастарын зерттей отырып бағалар деңгейінің өзгерісінің негізінде номиналдық ақша массасының серпінділігі жатыр деп таниды. Ол экономиканы тұрақтандыру мақсатында ақша массасына бақылау жасау арқылы нақты ұсыныстар береді.
Сандық теорияның бір тармағы монетаризм болып табылады.
Монетаризм – нарықтық экономиканың дамуына және оны тұрақтануға айналымдағы ақша массасы негізгі роль ойнайды деп есептейтін бағыт. Монетаризмнің негізін салушы чикаголық мектепнің ұстазы, 1976 ж. Нобель сыйлығының лауреаты М. Фридмен. Монетаризм 50-ші жылдары дүниеге келді. Экномиканы монетарлық жүйе арқылы басқару АҚШ, Ұлыбритания, ГФР және басқа елдерде 70 жылдардың басында 80-жылдар аралығындағы стагфляция кезеңін басып өтуде кеңінен қолданылса, кейіннен 90-жылдар басында ТМД елдерінің көпшілігінде қолданылды.
Ақша теориялары
Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары Металл ақша айналысының объективті зандылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып, ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты.
Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды;
• біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде аткару ерекшелігіне;
• екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шаяшан, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты.
• бұл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс;
• монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809-1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
• мемлекеттің және жеке адамдардың - жасанды ақша жасаушылардың (құл
иелену құрылысынан бастап) монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы - ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл құрамын әдейі төмендетуі..
Мысалы, Ресей патшасы Алексей Михайловичтың (Петр І-дің әкесі) тұсында, яғни 1654-1662 жж. ең көп мөлшерде мыс тиындар шығарылған. Нарықтық бағасы бар болғаны 12 копеек болатын 1 фунт мыстан 10 рубль болатын монеталар соғылды. Одардың нақты құны номинал құнының 1-2 проценті ғана. Монетаны бұзу айырбас процесін мүлдем кері кетірді.
Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсілқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол "мыс бүлігі" деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.
Сөйтіп, К Маркстің сөзімен айтқанда: "өзінің айналыстағы делдалдық ролінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Ол қырқылып, тіпті бір жапырақ қағазға дейін жұқартылды" [38;107-108.].
Алғашқы қағаз ақшалар XII ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы XVII ғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж. Солтүстік Америкада, 1716 ж. Францияда, 1762 ж. Австрияда, 1795ж. АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы (ақша орнына шығарылатын қағаз) Екатерина II-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршанын бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны "катенька" деп атады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре бастады. Сырт көзбен қарағанда қағаз ақша толық құнды ақшаның мемлекет шығарған орынбасары сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша айналысының объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысы процесінде ақшадағы көрсетілген құнының іс-жүзіндегі нақты құнынан ауытқуы нәтижесінде пайда болды. Мемлекет осы объективті мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығарумен және оның курсын (бағамын) белгілеумен шұғылданады. Қағаз ақша - құн белгісінің ең бір нақтыланған ақырғы түрі.
Сөйтіп, қағаз ақша ("декретные деньги" - өкіметтің қаулысымен қабылданған - "заңды ақша") - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ыктиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи ол алтын мен күмістің өкілі ретінде, солардың орнына пайда болды. Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаның сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды. Айналыстан тыс қағаз ақша - керексіз бос қағаз.
Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа қызмет етсе, ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады. Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көрсеткен құны (принудительная стоимость) қағаз ақшаның осы елдің өзінде ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді. Әлбетте мемлекет қағаз ақшаға кез келген құнды көрсетіп, шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін. Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталады. Айналысқа түскен құн белгілері ақша айналысы заңына бағынады. Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) - Қаржы министрлігі (қазынашылық), немесе мемлекеттің Орталық банкі. Бірінші жағдайда, мемлекет өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей пайдаланады. Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді, яғни орталық банк мемлекеттік бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді. Шығарылған қағаз ақшаның көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының (қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс - мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды. Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады.
Қағаз ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді:
• бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
• әскери және басқа өндірістік емес шығындар;
• еңбек өнімділігінің құлдырауы;
• тауар массасының төмендеуі;
• пассивтік төлем балансы;
• ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі, т.б.
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады.
Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі шарықтай береді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды. Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе, бірінші кезекте тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының, зейнетакы және жәрдемақының өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының жоғарылауынан едәуір кем жүреді.
"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады. Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде. Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Ал осы мақсаттарды жүзеге асыруда ақша теорияларының алатын орны да ерекеше екендігін атап өтпеске болмайды. Өйткені біздің теңгенің ел экономикасына енгеніне 11 жыл толып отырғанын еске ала отырып, оның тұрақтылығын қалыптастыруда ақша теориясының атқарған маңызы зор (қатаң ақша-несие саясаты).
2.2.Қаржы және қаржы жүйесі
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген.
Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
2.3. Несиенің маңызы мен қызметі. Мемлекеттік несие.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп. Оның маңызы мен әдісі