Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау ұшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
1 Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
1.1 Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау ұшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілген қызмет бірліктерін орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті
нәтижесі – калькуляцияны ұсыну.
Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің
өзіндік құнын
Жоспарлы калькуляция
еңбек шығындарының озық және одан
әрі техникалық өрлеуді, өндіріс
пен еңбекті ұйымдастыруды
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері
кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының
өндірістегі мүмкіндіктеріне
Өнімнің өзіндік құнының есепті калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты және оған байланысты емес себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті)
калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың
бір түрі болып табылады, шығындар
есебінің және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың
Жобалық калькуляция – келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа технологияның және техниканың тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Шамаланған тоғыз ай немесе
басқаша кезең ішіндегі нақты
шығын мен алынған өнім, төртінші
тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі
шығындар мен күтілетін бұл өндіру
бойынша есептер негізінде
Өнімнің өзіндік құнын
калькуляцияланғанда
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас бірліктері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай бірліктер бұл
өнім жоспарланатын, есептелетін және
тұтынушыларға өткізілетін
Ірілендірілген заттай бірліктер біртекті өнім жиынтығын раралық калькуляциялау үшін қолданылады өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер қолданылады.
Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін .
Құндық бірліктер – көтерме бағадағы қосалқы бөлшектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбекті бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады.
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте көрсетіледі.
Техникалық экономикалық
көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде
біртекті бұйымдардың пайдалы
Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте сапалық нұсқаларда келтіріледі.
Калькуляциялауға ең алдымен
қатысы бар өндірістік шығындар есебі,
калькуляциялаудың алғышарты
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарын болжауға мүмкіндік береді:
- өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
- өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
- шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
- жұмыс істеп тұрған
технология мен станок паркын
жаңартудың мақсатқа
- басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.
Калькуляциялау трасферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік баға бір кәсіпорының бөлімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруға байланысты болады.
Өндірістік есеп пен калькуляциялау
өнімнің өзіндік құны ғана емес,
тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің
негізгі элементтері болып
1.2 Өнімнің және алынған
пайданың өзіндік құнын
Кәсіпорынның өндірістік
қызметіндегі мақсаты – өнім шығару,
оны өткізу мен пайда алу. Барлық
кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің
өндіріс тиімділігін
Өндіріс шығындарының басқару
есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын
орындауға бейімделген
Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 «Тауарлы материалдық
қорлардың есебі » атты
- пайда болу орны бойынша
- өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық
бөлімшелері бойынша. Мұндай
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет
- өнімнің өзіндік құнына
жатқызу тәсілі немесе шығын
түрлері бойынша экономикалық
элементтер мен калькуляция
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС ке сәйкес бұған мынадай экономикалық мәндер жатады:
- материалдық шығындар
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар
- ақша аударулар
- құралдардың тозуы
б) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар
- еңбекті өтеу
- аударымдар
- қосымша шығыстар.
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін.
Негізгілер- өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар – өндірісті
ұйымдастыру мен оған қызмет
етуге, оны басқаруға
Тікелейлер – өнімнің
белгілі бір түрін өндіруге
байланысты, оның өзіндік құнына
тура және тікелей кіруі
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар деп аталады.
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар.
Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар.
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сай өзгеретіндер және осы кезеңдегі өнім өндіруге сай бөлінеді.
Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік. Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік
құнын есептеу, қорлар мен
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу
Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.
Кез келген шығындарды жіктеу басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былай жіктеледі:
- кіретін және өтіп кеткен
- тікелей және жанама
- негізгілер мен қосымшалар
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс
- бірэлементті және кешенді
Кіретін шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде және актив ретінде көрсетіледі.
Өтіп кеткен шығындар
осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған
және болашақта кіріс әкелу
Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Өнімнің нақты түрін өндіру мен нақты жұмысты орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын шығындар тікелей деп аталады.
Өнімнің бірнеше түрін
өндіру үшін жалпы сипат атқаратын
және жасаған кезде нақты өнімге
жатқызу мүмкін болмайтын шығындар
жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің
жекелеген түрлері арасында жанама
жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына
байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға
жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты
ұстау мен пайдалануға
Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады, кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады. Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
Информация о работе Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу