Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыпты жан жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті - Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігін ашып көрсету, шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланысқа сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі....................................4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі.......................................................................................6
1.3 ҚХЕС жіктелуі...................................................................................................8
2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі....................................................................................................................12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс...............................................................................................................13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы.........................................................................................................17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану.......................................................20
2.5 Қайта құрылымдау..........................................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 116.42 Кб (Скачать)

2. Ең ықтималдылық нәтиже

Егер резерв бір бапқа  немесе көп емес оқиғалар санына байланысты болса, онда күтілетін құн әдісі қолданылмайды: ең ықтималдық нәтиже тәсілі қолданылады.

Мысал

Компания тапсырыс берушіге өндірілген құралдардың маңызды  ақауын жөндеуі тиіс. Техникалық мамандардың  бағалауы бойынша жөндеу жұмыстарының құны шамамен 1000 құрайды, ал ақаудың бірінші әрекеттен жөнделу ықтималдығы шамамен 80% - ды құрайды.

1000 теңгеге резерв соммасы құралады, себебі бұл ең ықтималдылық нәтиже. Бірақ мұндай жағдайда да компания басқа мүмкіндік нәтижелерді қарастыруы тиіс. Егер өзге мүмкін нәтижелер ықтималдық нәтижеден үлкен дәрежеде жоғары немесе төмен болса, онда ең тиімді баға жоғары немесе төмен сомма болып табылады.

Болашақ оқиғалар

Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомаға әсер ететін болашақ  оқиғалар олардың болуы туралы жеткілікті объективті растаулар болған жағдайда бағалау міндеттемелері соммасында көрсетіледі. Мысалы, технологиядағы болашақ өзгерістер нәтижесінде алаңды тазалау бойынша шығындарды ұйым оны пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты төмендеуі мүмкін деп санайды. Танылған сома алаңды тазалау сәтінде қажет болатын технологияға қатысты барлық бар негіздемелерді есепке ала отырып, техникалық білікті объективті бақылаушылардың орынды күтулерін көрсетеді. Сондықтан бар технологияларды қолдану тәжірибесімен немесе тазалау бойынша бұрын оған қолданылған неғұрлым ірі немесе неғұрлым күрделі қолданылып жүрген технологияны қолданудың күтіліп отырған шығындарына байланысты шығындардың күтіліп отырған қысқартуын енгізу орынды. Алайда ұйым бұл барынша объективті негіздемемен расталмайынша тазалау үшін мейлінше жаңа технологияны әзірлеуді күтпейді.

Ықтимал жаңа заңнаманың әсері  іс жүзінде заңнаманың сөзсіз қабылданатынына  жеткілікті объективті негіздеме болған жағдайда, қолданылып жүрген міндеттемелерді  өлшеу кезіндегі есеп қабылданады. Тәжірибеде пайда болатын міндеттемелердің алуан түрлілігі әрбір жағдайға жеткілікті объективті негіздеме болатын  бірыңғай оқиғаны айқындауды қиындатады. Негіздеме болашақ заңнамадағы  талаптарға қатысты қаншалықты қажет  болса, шын мәнінде ол қабылданып, енгізіле ме деген мәселелерге де қажет. Көптеген жағдайларда жеткілікті объективті негіздеме заңды іс жүзінде  қабылдағанға дейін болмайды.

Активтердің күтілетін  шығарылуы

Активтердің күтілетін шығарылуынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін  өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс. Күтілетін шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғаларға тығыз байланысты болғанның өзінде, активтердің күтілетін шығаруынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс. Мұның орнына ұйым тиісті активтерді қарастыратын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты белгілеген сәтте активтердің күтілетін шығаруынан болған пайданы таниды.

 

2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану

37 ХҚЕС резервті бағалаудың  және танудың тәртібіне қатысты толық нұсқауларды қамтиды, бірақ резервті бастапқы тану мен кейінгі бағалау кезінде жүзеге асатын дебеттік проводкалар туралы ешнәрсе айтылмайды. Резервті бастапқы бағалау кезіндегі дебеттік проводка жағдайларға байланысты шығын немесе актив ретінде де қарастырылуы мүмкін. Болашақта орындалған үдерістен экономикалық пайда алуын күтілетін болған жағдайда актив туындайды.

Мысал

Ақшаны қайтару саясаты

Бөлшек сауда дүкені клиенттердің қанағаттандырылмаған сатып алуына кеткен ақшаларды қайтару саясатын өткізеді. Әдетте мұндай келіспеушіліктер сатудың 1%- ын құрайды. 31.12.04 күні сату 100 мың теңгені  құрайды.

31.12.04. Резервті тану проводкасы

Дт Резервті құрудың шығыны................................................................10

Кт Резерв...................................................................................................10

Резерв бағасындағы  өзгеріс

Резервтер әрбір есепті күніне қайта қарастырылуы керек және ағымдағы ең тиімді баға үшін түзетілуі керек. Егер міндеттемелерді өтейтін және экономикалық пайданы құрайтын резервті есептен шығару ықтималдығы болмаса, онда резервті тану тоқтатылуы керек.

Пайдалануға шығару шығындары.

Кейбір салаларда (атом энергетикасы, өнеркәсіп) өндірістің тоқтауы және өнеркәсіптік аймақтарды қайта құруына байланысты қосымша шығындарды жүргізу керек. Мұндай шығындарды қайта құру және эксплуатацияның нәтижесіндегі шығындар деп атайды. Бұл шығындарға қатысты резервтер міндетті оқиғадан кейін, мысалы, келісім шарттың іс әрекетінің басында дереу танылу керек. Резерв алдағы экономикалық табыстар әкелу мақсатында пайда болатын мерзімі ұзартылған шығындарға қатысты ұйымдастырылады. Бұл жағдайда шығындар актив ретінде капиталға айналдырылуы тиіс.

Есеп

Кәсіпорын теңіздік мұнай  кен орнын пайдаланады. Лицензиялық  келісімге сәйкес, қазылым аяқталғаннан  кейін мұнай платформасы қайта құрылуына, ал теңіз асты қалпына келтірілуі тиіс. Шығындардың 90 пайызы теңіз астын қалпына келтіру мен платформаны қайта құрылуына қатысты, ал 10 пайызы мұнай өндіріп алу әлі басталған жоқ.

Сұрақ:Резерв құру қажет пе?

Шешімі:

Нақты міндеттеме мұнай платформасының құрылуы лицензиялық келісімге  сәйкесінше платформаның қайта құрылуына  қатысты заңды міндеттеменің  пайда болуына әкеледі, осыған орай ол міндеттелетін жағдай болып табылады. Өтеудің ықтималдығы бар. Нәтижесінде  платформаны қайта құру және оның құрылысының әкелген залалдарын жою жалпы шығындардың 90% оптималды  бағалаудың көлемінде резерв танылады. Бұл шығындар мұнай платформасының құнының бір бөлігі ретінде есепке алынады. Шығындардың 10% ол мұнайды  өндіріп алу үрдісінде пайда  болған шығындар, мұнай өніріп алғаннан кейін міндеттеме ретінде танылады. 37 ХҚЕС сәйкес резерв ретінде танылатын кеңістікті қалпына келтіру мен активті есептен шығару мен қайта құру құны 16 сәйкес актив құнының элементі болатынына назар аудару қажет.

 

Резервтерді қолдану

Резервке қарсы тек  қана ол бастапқыда жасалғандарға қатысты  шығындар ғана есептеледі.  Бағалау резервтері бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана қолданылады.

Есеп

2002 жылы мейрамхананың 15 клиенті мейрамхана компаниясына, астан улануына байланысты сотқа талап берді. Сақтанушылық шаралары ретінде компания мейрамхананы уақытша жабуға шешім қабылдады. Жыл бойы осы іс бойынша соттық тыңдаулар жүріп жатты. 2002 жылдың 31 желтоқсанының жағдайы бойынша, сотта компанияның мүдделерін құрғайтын адвокаттар бұл істі сотта ұтып ала алмайды деп ойлады. Осы қорытындының негізінде кәсіпорын алдағы кезеңдегі талаптарды төлеуге байланысты резерв құру туралы шешім қабылдады. Бір жылдан кейін, 2003 жылдың 31 желтоқсанында адвокаттардың пікірлері өзгерді, себебі сот осыған ұқсас талаптар бойынша шешімді жауапкер жағын қабылдады. Осыған сәйкес адвокаттар бұл істің ұтып алуының ықтималдығы 50% құрайды деп есептейді.

Сұрақ: Қызметтің болашақ баға өзгерісі қандай үлгіде көрініс табады.

Шешімі:

 Компания корреспонденцияда резервтерді бұрынғы кезеңдердегі жүргізілген аударымдар сияқты шығындардың шоттарын қалпына келтіру керек. Бірдеу уақытта есептіліктің түсіндерме хатында жүріп жатқан соттық қарауға байланысты шартты міндеттеменің бар болуын бейнелеп түсіндіру қажет.

 

2.5 Қайта құрылымдау

Қайта құрылымдау мысалдары:

  • Сату немесе шаруашылық қызмет бағытының тоқтатылуы;
  • Шаруашылық бөлімдерінің жабылуы немесе шаруашылық қызметтің басқа мемлекетке немесе аймаққа орын ауыстыруы;
  • Басқару құрылымының ауысуы, мысалы, басқару деңгейінің ликвидациясы;
  • Түп нұсқаны қайта ұйымдастыру, компания қызметінің бағыттарына және сипатына маңызды әсер көрсетеді.

Қайта құру бойынша шығындарға деген резерв танылады, егер компания:

  • Келесідей аз мөлшерде анықтайтын қайта құруы бойынша айқынды формальдық жоспарға ие;
  • Қызметтің қозғалмалы бағыты немесе оның бөлімі;
  • Негізгі қозғалмалы аймақтың бөлімшелері;
  • Жұмысшылардың санының қысқартуымен байланысты төленетін төлемдер қызметі мен орналасқан орны;
  • Әкелетін шығындар;
  • Жоспар жасаудың мерзімі;
  • Компания қайта құру жоспарын іске асыруды бастауды ұсынды. Мысалы, жоспардың негізгі ерекшеліктеріне орай, активтерді сату немесе қондырғыны қайта құру жолымен ашық түрде жарияланады. Есепті күнге дейінгі қабылданған қайта құру туралы директорлар кеңесі немесе әкімшілік шешімі есепті күнге нақты міндеттемелер жүктелмейді, егерде компания есепті күнге дейін:
  • Қайта құру жоспарын іске асыруды бастамаса;
  • Қайта құру жоспарының негізгі ерекшеліктерін хабарламаса.

Көптеген жағдайларда, компания есепті күннен кейін ғана жоспарды қайта құруды бастайды. Онда 10 ХҚЕС есепті кезеңінен кейінгі жағдайларға  сәйкес ақпарат мына жағдайларда  ашылады, егер қайта құрылымның жабық  түрі қаржылық есеп беруді қолданушылар қабілетіне яғни олардың дұрыс бағалауына және дұрыс экономикалық шешім қабылдауға әсерін тигізген жағдайда. Қызметті сату міндеті, компания сатуды бітіргенше қалыптаспайды. Компания осындай келісім жасағанша өз көзқарасын өзгерту мүмкін және басқа да қызмет қабылдауы тиіс.

Есеп

2004 жылы 12 желтоқсанда компания  өз өндіріс бөлімшелерінің біреуін  жабуға шешім қабылдады.  2004 жылы  20 желтоқсанда компания бөлімше  тұлғаларына алдағы жұмыстан  шығу жөнінде хат жіберілген.

Сұрақ: Резерв мойындалуы керек пе?

Шешім:

Мұнда жұмысшылар мен клиенттерге  компания басқармасының шешімі қаралған. Бұл тұлғаларды бөлімшелердің жабылуы  жөнінде шындық күтіп тұр. 2004 жылы 31 желтоқсанда бөлімшелерді жабу шығынын бағалау мөлшерінде резерв мойындалды.

Қайта бағалаудағы  резерв бағасы

Қайта құруға деген резерв тек қана келесідей екі шартқа сәйкес келетін тікелей шығындарды қосады:

  • Міндетті түрде алынған қайта құрылым
  • Ағымдағы компания қызметін байланысты емес қайта құруға деген резерв мынадай шығындарды қосады:
  • Тұлғаларға әсер ететін қайта дайындық
  • Тұрмысқа деген шығын.

Бұл шығындар болашақ іс жүргізуге жатады және есепті кезеңге  қайта құрылым бойынша міндетті болып танылмайды. Қайта құру күніне дейінге болашық операциялық  зияндар резервке қосылмайды.

Қызмет ету мен жөндеуге деген резервтер

Қарапайым қосымша техникалық қызмет көрсетуге деген кейбір активтердің  ірі модернизацияға бірнеше жыл  көп шығынды қажет етеді. 16 ХҚЕС активтер шығынымен байланысты бөлек қатынасты қажет етеді.

 Ақпараттың ашылуы

Резервтер

Әр класс резерві үшін компания ашуы керек:

  • Келесі түрлері бойынша кезең соңында көрсетілген қозғалыстармен және кезең басындағы баланстық сомамен:
  • Бар резервтердің өсуімен қоса кезең ішіндегі құрылған қосымша резервтер;
  • Кезең ішіндегі қолданылған сомалар;
  • Кезең ішінде қалыптасқан қолданылмаған сомалар;
  • Кезең уақытының өсуі және дисконт мөлшеріндегі өзгерістердің өсуі;
  • Экономикалық шешімнің болжамды уақыты және міндеттемелердің қысқаша жазып беру;
  • Қатысты саланың көрсеткіштері, онда адекваттық ақпарат тапсыру қажет және компания негізгі жіберімдерді ашу қажет.
  • Әрбір актив сомасының көрсетуімен әр түрлі күтілген компенсация сомасы.

Мысалы,

Өндіруші  сатып алушыға  сату кезіндегі өнімнің үш түрінің  кепілдігін ұсынады. Кепілдік шарты  бойынша өндіруші сатып алынған  ағымдағы екі жылдың ішіндегі дисконтталмаған  60 мың тенге мөлшеріндегі резерв соңғы қаржылық үш жыл ішінде сатылған өнім бойынша есептелінген кепілдемелік қажеттілікке байланысты қабылданған. Осы шығындардың негізгі бөлігін келесі қаржылық жылға жіберілуі күтіледі.

Шартты міндеттемелер.

Есепті кезеңдегі әр шартты міндеттемелер класы үшін, компанияға шартты міндеттеменің мазмұнын қысқаша  ашып кету керек:

  • Оның қаржылық қызметінің бағалық мағынасы:
  • Сомаға қатысты анықталмағанды көрсету;
  • Әр орналастыру мүмкіндігі.

Шартты активтер

Экономикалық қорытынды  бар жерде компания есепті кезеңге  қысқаша түсініктеме ашу керек. Барлық ақпараттардың кейбір жағдайларда  ашылуы компания жағдайына қатер  туғызуы мүмкін. Бұл жағдайда компания ақпараттарын ашпау керек.

Мысалы, ақпаратты ашудан босатылуы.

Компания бәсекелестермен  параға келіп, патент шартын бұзуға және зиян 100 млн сомасын бағасы үшін резерв мойындалған, бірақ ХҚЕС 37 қажет ететін ақпаратты ашпайды. Компания  100 млн. Мөлшерде зиянды қажет ететін патент шартын бұзу жөніндегі үрдісті жүргізеді.

 

Қорытынды

 

Осы ХҚЕС мақсаты мойындау критерийлері мен бағалау базаларын  қолдануды, сондай ақ қаржы есептілігін  пайдаланушылар олардың сипатын, уақытша  өлшемдері мен көлемін түсіну үшін қаржы есептілігіне ескертулерге жеткілікті ақпарат ашуды қамтамасыз етумен қорытындыланады:

  • Бағаланатын резервтер;
  • Шартты активтер;
  • Шартты міндеттемелер.

Шарттардың орындалу сатысындағы  уақыты өткендерден басқа, егер тек  бұл шарттар ауыртпалық жасамаса, және басқа ХҚЕС жүретіндерден басқа, бағаланатын резервтерді, шартты міндеттемелерді және шартты активтерді есепке алғанда барлық ұйымдарда қолданылады. Осы стандарт актив құнын жарым жартылай шығарып алу үшін қолданылатын, нақтылы резервтерге қатысты қолданылмайды, және болашақта орындалуға жататын келісім шартта қарастырылмайды, немесе басқа да қаржылық есеп стандартының талаптарыымен сәкес келуін құратын резервтер, мысалы кейінге қалдырылған салықтық резервтер.

Информация о работе Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер