Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыпты жан жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті - Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігін ашып көрсету, шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланысқа сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі....................................4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі.......................................................................................6
1.3 ҚХЕС жіктелуі...................................................................................................8
2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі....................................................................................................................12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс...............................................................................................................13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы.........................................................................................................17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану.......................................................20
2.5 Қайта құрылымдау..........................................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 116.42 Кб (Скачать)

Келесі айғақтың негізінде:

  1. Ағымдық міндеттемелердің жоқ ықтималдығына қарағанда есепті күніне олардың бар болуы ықтималдығы жоғарығ кәсіпорын резервтерді мойындайды. (мойындалу критерийлердің орындалу барысында).

 

Есеп

Өндіруші сату уақытында  сатып алушыларға кепілдеме ұсынады. Сату келісім шарттың шарттарына сәйкес өндіруші сату күнінен бастап 3 жыл ішінде пайда болған өндірістік кемшілікті жөндеу немесе ауыстыру жолымен түзету міндеттемелерін өз жауапкершілігіне алады. Өткен тәжирибеден шығатын ықтималдығы сату бойынша кейбір шағымдар болу мүмкін.

Сұрақ. Резервті құру қажет пе?

Шешуі:

Міндеттелген оқиға құқықтық міндеттеменің пайда болуына  әкелетін кепілдемемен тауарды сату болып табылады.

Ресурстарды шығару – жалпы кепілдеме үшін ықтимал. Сәйкесінше мынадай қорытынды жасауға болады, яғни есепті күніне дейін сатылған кепілдеме бойынша бұйымның түзетуіне кеткен шығынның ең жақсы бағалануы үшін резерв мойындаланады.

Ағымдағы міндеттеме есептілік  кезеңіне сәйкес келмеу ықтималдығы  жоғары болса, онда кәсіпорын шартты міндеттеме ашады. Ал экономикалық пайданы  алуға бағытталған резервтердің шығару ықтималдығыалыс болып табылады.

 

Өткен оқиға

Ағымдық міндеттемелерді  туғызатын өткен оқиғалар деп  аталады. Оқиға міндеттелінген болу үшін кәсіпорын осы оқиғамен құрылған міндеттемелерді өтеу үшін баламалары жоқ болуы тиіс. Бұл жағдайда пайда  болу тиіс қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәжбүрлі түрде міндеттемелердің өтелуі жүзеге асырылуы мүмкін.

Есеп

Мұнай өндірісі өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды, нақты елдерде  заңнамалықтың қолданыста болуы  және талап етілуі кезінде ғана тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Бұл кәсіпорын қоршаған ортаны ластау салдарынан шығаруды талап ететін заңнамасы жоқ бір елде қызметін атқарады және бірнеше жылдар бойы кәсіпорын осы лдегі жер қыртысын ластады. 2007 жылдың 31 желтоқсанына жыл  аяқталғаннан кейін жақында іс әрекетке тазалау жұмыстарын жүргізуге талап  ететін заңның проекті бойынша түсінікті  болып тұр.

Сұрақ: Резерв құрылуы қажет пе?

Шешуі:

Міндеттелінген оқиғалар тазалау жұмыстарын жүргізуді талап  ететін заңның нақты белгілері кесірінен  жер қыртысының ластауы болып  табылады. Сондықтан тазалау жұмыстарының шығындарын бағалау үшін резерв құрылады.

Есеп.

Мұнай өндіру кәсіпорны қоршаған ортаны қорғау аумағындағы заңнамалар жоқ елдегі жер қыртысын ластайды және іс жүргізеді. Бірақ кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау аумағындағы өз саясаты туралы ақпаратты кең жариялайды, яғни ол барлық ластанған осы учаскелердің тазалау жұмыстарын жүргізуге өз міндеттемелерін қабылдайды.

Сұрақ: Резерв мойындалуы қажет пе?

Шешуі:

Жер қыртысын ластау фактісі  міндеттемелерді туғызады. Себеі кәсіпорын ластанған аудандарда тазалу жұмыстарын жүргізетінін қозғайтын басқа жақтарынан нақты күтілуі кәсіпорынның жүріс тұрысын құрайды. Осы жағдайда ресурстардың шығуы ықтимал. Сондықтан резерв мойындалады.

Есеп.

Бөлшек сауда дүкені алған тауарына наразы тудырған сатып алушыларға төленген ақшаларын қайтару саясатын жүргізіп отыр. Ақшаны қайтару саясаты кең түрде танымал.

Сұрақ: Резерв құру қажет пе?

Шешуі:

Фактілік міндеттемелерді  туғызу болып бұл тауарды сату болып табылады. Себебі дүкеннің алдыңғы саясаты осы сұрақ бойынша оның клиенттерінен нақты күтілуі құрылды, яғни дүкен сатып алушылардың наразылық болған жағдайда сатып алынған тауардың орнын ақша қайтарады.

Ресурстардың  шығып қалуы – ықтимал, себебі өткен жылдар тәжірибесінде кездескендей сатып алушының тауарға деген наразылығы үшін төлеген ақшаларын қайтарып алғысы келетін тұлғалар кездеседі. Сондықтан шығындарды құруда резерв құрған жөн.

Қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық қалпын алдағы есепті кезеңіне емес, ал оның есепті кезеңінің аяғына қарастырылады. Сондықтан ешқандай резерв болашаққа тасуға қажетті шығын бойынша мойындалмайды. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында мойындалатын бірден бір міндеттемелер есепті күнінде бар болғандары ғана болып табылады.

Резервтер ретінде кәсіпорынның болашақ іс әрекеттерден тәуелсіз бар  болатын міндеттемелердің өткен  оқиғасынан пайда болғандар ғана мойындалады.

Осындай міндеттемелерге  мысалдар:

  • Кәсіпорынның болашақ іс әрекеттеріне қарамастан міндеттемелерді реттеу барысында экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстарды шығаруға әкелетін қоршаған ортаны заңсыз ластау нәтижесінде тазалау жұмыстарына шығындар немесе айыппұлдар;
  • Кәсіпорын кесірінен соқтырылған зиянды қалпына келтіру, яғни мұнай табу немесе атомдық электростанциялардың құрылыс іс әрекетін шығару бойынша шығындар;

Осыған керісінше, егер нарықтың конъюктура қысымымен немесе кәсіпорынның заңнамалық талаптарымен байланысты болашақта  белгілі тұрмыс қалпында жұмыс істеу  үшін шығындар қажет болуы мүмкін немесе болжамдауы мүмкін болса, онда ол өзінің болашақ іс әрекеттерімен  болашақ шығындардан аман болуы  мүмкін. Мысалы, операцияның енгізу тәсілін өзгертсе, осы болашақ  шығындар бойынша ағымдық міндеттемелрі  болмайды және ешқандай резервтердің құрылуы қажет емес.

Міндеттемелердің шарасыздық өтелу фактіне үлкен көңіл  аудару керек осы фактінің болмағаны  келесі жағдайлардағы болашақ шығындармен  байланысты резервтерді құруға мүмкіндік  бермейді:

  • Осы шығындарды шығаруға жай тілектің болуы; болашақ операциялық залалдардың күтілуі;
  • Активтердің құнсздануын күту.

Осы барлық оқиғалар нақты  міндеттемелерге әкеп соқтыруы мүмкін немесе мүмкін емес.

 

Есеп

Үкімет салық жүйесіне бірнеше өзгертулерді енгізеді. Осы  өзгертулер нәтижесінде қаржылық қызмет көрсету саласындағы атқаратын  кәсіпорын қаржылық қызмет көрсету  саласындағы атқаратын заңнамаларына  сәйкес қамтамасыз ету үшін өзінің әкімшілік пен сауда персоналының елеулі бөлігін жаңадан дайындау қажет. Есепті күніне ешқандай қайта  дайындау жұмыстары жүргізілмеген.

Сұрақ. Резерв құру қажет пе?

Шешуі:

Міндеттемелер жоқ, себебі міндеттелінген оқиға да болған жоқ, сәйкесінше ешқандай резервтер мойындалмайды. Міндеттеменің  тез арада пайда болуын туғызбайтын  оқиға кейінірек заңнамалардың  өзгеруімен байланысты әкелуі мүмкін немесе кәсіпорын әрекеті фактілік міндеттемелер пайда болғанда. Осындай іс әрекеттермен нақты жариялы түрде арыз жеткілікті болады.

Есеп

2003 жыл бойы «А» кәсіпорны  осы уақытта қаржылық күйі  тұрақты болып табылатын «В»  кәсіпорынға белгілі заем бойынша  кепілдеме береді. 2004 жыл бойы  «В» кәсіпорынның қаржылық күйі  нашарлай бастайды және кейін  2004 жылдың  30 маусымында өзін бакрот  деп жариялайды.

Сұрақ. Резерв құру қажет пе?

Шешуі:

Құқықтық міндеттемелердің пайда болуына әкелетін кепілдеме  ұсынылуы міндеттелінген оқиға болып  табылады.

  1. Ресурстардың шығарылуы: 2003 жылы  31 желтоқсанында табыстың шығуы ықтимал болып табылмайды, нәтижесінде резерв мойындалмайды. Егер кез келген шығарылу алыс ықтимал деп есептелмесе, онда кепілдеме шартты міндеттеме ретінде ашылады.
  2. 2004 жылдың 31 желтоқсанына құқықтық міндеттемелердің пайда болуына әкелетін кепілдеме ұсынылуы міндеттелінген оқиға болып табылады. 2004 жылдың 31 желтоқсанына міндеттемені өтеу ықтималы бар болу үшін экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурсатрды шығару қажет. Сәйкесінше міндеттемелердің ең жақсы бағалану көлемінде резервтер мойындалады.

 

2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы

Міндеттемелер мойындалу  критериясына сәйкес болу үшін тек  қана ағымдық міндеттемелерді, сонымен  қатар осы міндеттемені өтеу мақсатында экономикалық пайданы алуға бағытталған  ресурстарды шығару ықтималдығы  қажет. Егер оқиға ықтималдықтан  жоғары болса, ресурстарды шығару немесе басқа оқиғаны ықтимал ретінде  қарастырады. Ағымдық міндеттемелердің ықтималдығы болмаған жағдайда, онда кәсіпорын шартты міндеттемелерді  ашады, осы ескерілген жағдайдан басқалары: егер экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстарды шығару алыс болып табылады.

Есеп

Жаңа заңдылық бойынша  компания 2004 жылдың 30 маусымға дейін  өз кәсіпорындарын түтіндік сүзгілермен  жабдықтауы тиіс. Компания сүзгілерді орнатқан жоқ.

Сұрақ: Резервті құру керек пе?

Шешімі:

  1. Есепті мерзімге 2003 жылдың  31 желтоқсанға, мұнда міндеттеме жоқ, себебі түтіндік сүзгілерді орнатуға кеткен шығындарға қатысты және жаңа заңдылық бойынша айыппұлдарға қатысты міндеттемелік оқиғаның жоқ болуы. Түтіндік сүзгілерді орнату бойынша сәйкесінше ешқандай резерв құрылмайды.
  2. 2004 жылдың  31 желтоқсанға көрсетілген есепті күнге компанияда егер түтіндік сүзгілерді орнатылмаған жағдайда, онда міндеттемелік оқиға өткендіктен жаңа заңдылық бойынша айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелер пайда болады. Ресурстардың есептен шығуы: заңдылықтың талаптарын орындамаудың нәтижесіндегі айыппұлдарды төлеудің ықтималдылық бағасы заңдылықтың бөлшектеріне және еріксіз көндіру өлшемдерінің қаталдықтарына тәуелді болады. Компания заңнаманы бұзған жағдайдағы және оған салынған айыппұл санкцияның ең тиімді бағасы негізінде резерв танылады.

Міндеттемені  бағалау

Ерекше жағдайларды қоспағанда компания мүмкін нәтижелердің диапазонын анықтай алады. Және сондықтан резервті тану кезіндегі қолдану үшін сенімді  болып табылатын міндеттемелік  бағасын жасай алады.

Өте жақсы баға

Резерв ретінде танылған сомма есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді  төлеуге тиісті ең тиімді шығындар бағасын көрсетуі тиіс.

Ағымдағы міндеттемелерді  төлеуге тиісті ең тиімді шығындар бағасы бұл шығындар соммасы шұғыл  түріндегі міндеттемелерді төлеу, немесе үшінші тарапқа міндеттемелерді  ауысытыру.

Нәтижелер бағасы мен қаржылық әсер ұқсас үдерісі тәжірибесімен  толықтырылған компания басқарушылығының талқылануымен анықталады. Және кейбір жағдайларда тәуелсіз эксперттердің  бағасымен анықталады.

«Қаржылық есептілікті ұсыну  мен дайындаудың қағидаларына»  сәйкес бағаларды қолдану қаржылық есептілікті құрайтын негізгі бөліктерінің бірі болып табылады және оның сенімділігін жоғалтпайды. Бұл әсіресе баланстың  анықталмаған бабы деп сипатталатын резерв пен міндеттемелердің бағалары үшін дұрыс болып келеді.

Компания резервтерді  бағалағанда міндетті:

  • Осы міндеттемеге тән белгісіздік пен тәуекелділікті есепке алуға тиіс. Бірақ тәуекелділік шамадан тыс резерв құру мен міндеттемелерді әдейі жоғарлатуын ақтамайды;
  • Ақша құнының уақытша әсер етуі маңызды болғанда, резервтің дисконтталған құнын қолдану;
  • Заңдылықтар және технологиялық өзгерістердің болатынын дәлелдейтін жерлер сияқты болашақ жағдайларды есепке алу;
  • Активтерді есептен шығарудан күтілетін табысты есепке алмау;
  • Сақтық тұжырымдамасын ұстану.

Резервке байланысты оқиғалар сипаты резерв құрудың бағасына әсер етеді.

Күтілетін құн  әдісі

Бірнеше ұқсас міндеттемелер  болған жағдайда (мысалы, сатылған тауарлардың  сапалық кепілдемесі), онда жиынтық  міндеттемелердің барлық класстарын қарастыру жолымен анықталатын осы міндеттемелерді қолдануы үшін ресурстар ағынына қажеттілік туындайды. Бұл жағдайда ең тиімді резерв бағасын алу үшін әдетте статистикалық тәсілдер қолданылады: резерв соммасы олардың сәйкестілік ықтималдығы бойынша барлық күтілетін нәтижелерді өлшеу арқылы бағаланады. Мұндай тәсіл күтілетін құн тәсілі деп аталады.

Есеп

Компания сатып алушыларға сатқаннан кейін алты ай ішінде анықталған кез келген өндірістік ақауларды  жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды өтеуге кепілдеме берілген тауарларды сатады. Егер үлкен емес ақаулар  әрбір сатылған бұйымда анықталған болса, онда жөндеуге кеткен шығындар 1 млн теңгені құрар еді. Ал егер әрбір сатылған бұйымда үлкен  ақауларды анықтаған кезде, онда жөндеуге кеткен шығындар 4 млн теңгені  құрар еді. Компанияның өткен  тәжірибесі және болашаққа күтілетіндер есепті жылы бұйымдардың 75%- ы ақаулардың болмайтынын көрсетеді.  20% ұсақ ақаулардың және  5% ірі ақаулардың болатынын көрсетеді. Компания жалпы кепілдемелік міндеттер бойынша ресурстардың есептен шығару ықтималдығын бағалайды.

Сұрақ: Күтілетін жөндеуге кететін шығындар құнын анықтау.

Шешуі:

(нольден 75%) + (нольден 20%) + (нольден 5%) = 400 мың теңге

Информация о работе Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер