Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыпты жан жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті - Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігін ашып көрсету, шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланысқа сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі....................................4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі.......................................................................................6
1.3 ҚХЕС жіктелуі...................................................................................................8
2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі....................................................................................................................12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс...............................................................................................................13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы.........................................................................................................17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану.......................................................20
2.5 Қайта құрылымдау..........................................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 116.42 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министірлігі

 Л.Н. Гумилев атындағы  еуразия ұлттық университеті 

Экономика факультеті Есеп, аудит және талдау кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Есетова Жансая

Тексерген: Аленова Бибігүл  Леспекқызы

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА-2011

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері

    1. Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі....................................4

1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі.......................................................................................6

1.3 ҚХЕС жіктелуі...................................................................................................8

 

2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі....................................................................................................................12

2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс...............................................................................................................13

2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы.........................................................................................................17

2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану.......................................................20

2.5 Қайта құрылымдау..........................................................................................22

 

Қорытынды..........................................................................................................25

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы  қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші  субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі  тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен  ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші  кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншік  иелері, несие берушілер  мен инвесторға, сонымен қатар  жабдықтаушылар мен менеджерлерге  және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз  ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып  табылады. Ұйымды материалдық қорлармен  жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыпты жан жақты ашып көрсету.

Курстық жұмыстың міндеті - Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігін ашып көрсету, шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланысқа сипаттама беру болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.

37(IAS)  ХҚЕС «Бағалау  міндеттемелері, шартты міндеттемелер  және шартты активтер» кәсіпорынның  міндеттемелер мен активтеріне  қатысты мүмкін емес келесі  жағдайларда қарастырылады:

  • Бір мәнді оқиғаның фактісін белгілеу;
  • Оның сандық көз қарасын бағалау.

37(IAS) ХҚЕС сәйкес келесі  мақсаттарды көздейді:

  • Резервтердің бағалану мен мойындалу рәсімінің қолдану кезектілігін қамтамасыз ету;
  • Резервтер, шартты міндеттемелер шартты активтер туралы ақпаратты ашып көрсетуге талап қою, яғни кәсіпорын қызметінің ағымдағы және болашақ нәтижелеріне олардың есептілікке әсерлерін қолданылатын тұтынушыларға жеткілікті көлемде түсінікті болуы қажет.

37(IAS) ХҚЕС сәйкес тыйым салынады:

  • Шығындарға көлемді негізделмеген есептен шығаруды жасау;
  • Бар болған берешектермен байланысты емес резервтерді құру;
  • Резервтер көмегімен пайда көрсеткіштерін реттеу.

 

 

1. ХҚЕС мәні, мазмұны,  ерекшеліктері

 

1.1 Халықаралық  стандарттаудың мәні және ерекшелігі

 

Халықаралық бухгалтерлік стандарттаудың пайда болуы ең әуелі мына объективті алғы шарттарға байланысты:

  1. Әлеуметтік экономика, қаржылық және инвестициялық нарықтың біркелкі қажеттілік интеграциясы, өзара тәуелділігі, өзара келісімділігі.
  2. Трансұлттық корпорациялардың қызметтерін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындардың көшірілуі, корпорациялар мен әр түрлі елдердің капиталына өзара кіруі.
  3. Әлемдік өнім шығарушылардың күшін көлемді, жаһанды және ұлттық деңгейге дейін дамыту.
  4. Жетекші елдердің валюталарының тәуелсіз конвертациясы және бірден европалық валютаны енгізу.
  5. Үйлестіру және стандарттау сияқты жолдармен әлеуметтік, экономикалық, қаржылық сфераларында экономикалық процестерді басқарудың ұлтаралық бағдарламаларын жүзеге асыру.
  6. Ұлттық қағидалар мен ережелер аясынан қалыс қалмау.
  7. Бұрыс шешім қабылдау үшін нақты, әрі түсінікті ақпарат алу жолында халықаралық ережелерге сай есеп жүргізуге құралдар жұмсамау.

Есептік мәселелерді шешудің  көп нұсқаулық жолдарының болуы  ҚХЕС айқын ерекшелігі болып табылады. ҚХЕС әр түрлі елдердің, әсіресе  АҚШ-та есептік тәжірбиесінің енгізілуіне  тәуелді.

ҚХЕС-ты оқи отырып, оны  қолдану кәсіпорындарға, жалпы қолданыстағы нұсқаның кеңінен қолданылатын түрін  таңдауға мүмкіндік береді. Бұдан  ҚХЕС сәйкес есеп және есептілік ақпараттарының артықшылықтары мен кемшіліктері туындайды.

1-кесте

ҚХЕС-тің артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Артықшылықтары:

Кемшіліктері:

  • Халықаралық капитал нарығына тарту мүмкіншілігін кеңейту.
  • Қолданушыға нақты шешім қабылдауға көмек беретін көлемдегі ақпараттың айқындылығы, тиімділігі және мәнінің айқын түсіндірілуі.
  • Жергілікті жұмыстарға уақыттың және т.б, оның ішінде материалды қолдануды қысқарту.
  • Республика экономикасының деңгейі тұрақты болу үшін бухгалтерлаердің жауапкершілігін, білімін, тәжірбиесін, беделін жоғарлату.
  • Ақпарттың ашықтығы, тәуекелдің төмендігі және сенімділік арқасында басқа мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуді кеңейту.
  • Қаржылық ақпарттың нақты сапасының негізінде басқа елдермен экономиканы біріктіру.
  • Есеп және есептілікті үндестіру және экономикалық интеграцияның жақындастырылуы.
  • Стандарттардың жалпы сипатта болуы.
  • Есептік тәсілдің көп болуы
  • Нақты жағдайлардың мәнінің мұқият ашылмауы.
  • Әр елдің даму деңгейінің әркелкі болуы.
  • Экономиканың дәстүрі мен ұлттық ерекшелігінің және тәртіп пен ережелердің жоқтығы.
  • ҚХЕС-тың ұлттық есеп беру жүйесіне бейімдеуде жекелеген жағдайларды жұмыстың қолайсыздығы.
  • Бухгалтерлердің білімі мен тәжірбиесінің төмен болуы, сонымен қатар оқуға деген қажеттілік.
  • Кейбір терминдердің дұрыс аударылмауына байланысты жайсыз қабылдануы.
  • Жекелеген мәселелер бойынша нормативті құқықтық жүйесінің сәйкес келмеуі.

 

ҚХЕС-тің негізгі ақпарат  базасы ретінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізудің себебі-есептіліктегі  ұлттық ерекшеліктерді барынша азайту және әр түрлі тұтынушылардың шешім  қабылдаы үшін сенімді ақпарттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Есеп беру жүйесін стандарттау-бұл  объективті қажеттілік, әр елдерге  есеп беру жүйесін зерттеулерде, жүктеуде және топтауда қорытындыларды және есеп пен есептілікті жаңалау кеңесін  құру. Әр ел өзінің ұлттық есеп беру жүйесін  жалпы қағидаға сүйене отырып қабылданған.

 

1.2 Халықаралық  стандарттарды қолдану тәртібі

Халықаралық стандарт- ҚХЕС ұлттық есеп беру ерекшелігін сақтай отырып, қолдану жағдайында ҚХЕС комитетінің  мүшесіне кіретін елдерде қолданылатын ереже. Халықаралық стандарттың  дамуына есеп беруді стандарттау  дәстүрінің қалыптасуы, практиканы бір  немесе басқа объектінің және басқа  жағдайларда есеп беруге енгізіге әәсер  етеді.

Әр кезде өзгеріп отыратын жүйе, ол өзінің атауын үнемі өзгерітп отырады. Бұл өзгертуде әлем бойныша  компаниялар өзінің қаржылық есебін жүргізуге қажетті бухгалтерлік есептің қағидалары жатады. Ескі теория мен тәжірбиенің даму негізінің  өзгеруіне қажетті және оларды қолдануға  байланысты стандарттарды қайта  қарау кезеңіне, әрі ол есеп беруді стандарттауға өз үлесін қосады.

Бірқатар елдердегі мәлімет  деңгейінде орташа компанияларинфляцияның әсеріне есеп пен есептілікке  ықпал етуі жөнінде өзінді шешім  қабылдауға құқылы. Кейбір елдерде  байланыстың бөлек баптары ғана өзгертіледі, бұл негізгі жабдықтармен, оның ішінде ұзақ мерзімді қапиталдық және қаржылық салымдар жайлы ақпарт береді.

2-кесте

ҚХЕС-ты қолданудың реттілігі

Мемлекеттер

ҚХЕС ұлттық стандар ретінде  қолданылады.

Кипр, Кувейт, Латвия, Мальта, Пәкістан, Тринидад, Тобаго, Хорватия.

ҚХЕС ұлттық стандарт ретінде  қолданылады, бірақ онда қарастырылмаған  мәселелер үшін ұлттық стандарттар  жасалады.

Малайзия және Папуа, Жаңа Гвиния.

ҚХЕС ұлттық стандарт ретінде  қолданылады, бірақ кейбір жағдайлар  ұлттық ерекшеліктерге сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Албания, Бангладеш, Барбадел, Замбия, Зимбабве, Кения, Калумбия, Польша, Судан, Тайланд, Уругвай, Ямайка.

Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, қосымша түсініктерді қамтамасыз етеді.

Кйтай, Иран, Словения, Тунис, Филипин.

Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, Бірақ оған қарағанда  жекелеген стандарттар аса бөлшектенген.

Бразилия, Үндістан, Ирландия, Лива, Мавритания, Намибия, Нидерланды, Норвегия, Сингапур, Словакия, Туркия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Африка.

Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, алайда әр ұлттық стандарт ҚХЕС-пен жеке-дара байланысты.

Австралия, Ганконг, Дания, Италия, Жаңа Зеландия, Швеция, Югославия


 

Ұлттық стандарттарға  келетін болсақ, олардың құрылуына  әртүрлі құрылымдар үлес қосуда, соның  ішінде бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясы, биржалық комиссия, орталық  банктер, институттар және т.б ғылыми ұйымдар, салық органдар. Бұл кезеңдегі  үлесінде есеп беру стандартын құруы  әр түрлі. Египеттің бухгалтерлер мен  аудиторлар ассоциациясының президенті М. Яхья 21 елдің сараптамасы негізңнде  жүргізген зерттеулердің нәтиесінде 32% -бен мамандандырылған бухгалтерлік ұйымдар жетекшілік рөлде, құқық  шығарушы органдар -18%, биржалық комиссиялар-14%, орталық банктер-13%, салық ведомстволары-9%, басқа құрылымдар-14%.

Бұл құрылымдардың көлемі нақтыланған мәселелерді туындатады және ол стандартты дамытудағы жұмыстар есеп берудегі үндестіру процесінің қиындауына әкеліп соғады. Сондықтан, көптеген елдер халықаралық стандартты қабылдағанды жөн санайды.

Ескертетін жағдай қазіргі  уақытта компаниялардың өздері ҚХЕС қолдануда қозғаушылық көзқарастары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚХЕС енгізудегі қызығушылық білдіруіне байланысты

кәсіпорындардың әр түрлілігі

 

1-тип. ҚХЕС қолданатын немесе  қолдануды жоспарлайтын фирмалар  мен компаниялар.


Шетел ұйымдарының филиалдары мен  өкілеттіліктері

Шетел инвесторларын өздеріне тартатын кәсіпорындар

Бағалы қағаздардың халықаралық  нарығына шығатын кәсіпорындар.

2-тип. ҚХЕС пайдалануға қажеті  жоқ ірі және орташа компаниялар.

Инвестициялық  тартымдылық үшін ҚХЕС қолданушыылар, бірақ тиісті қаржылық және кадрлық мүмкіндіктері жоқ

Өзі жайлы қандай да бір шынайы ақпарттың мәнін ашуға құлшыныс білдірмейтіндер

3-тип. ҚХЕС өтуге қызықпайтын  кәсіпорындар

Шығын кәсіпкерліктің субъектісі

3- кесте


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген суреттегі 1-ші тип  кәсіпорнына келетін болсақ, қазіргі  уақытта ӨХЕС бойынша есеп берудің  бұл тобы екі түрлі қарама-қайшы  есеп жүргізеді немесе бұл өзінің есептік тәжірбиесінде "трансфармация" деп аталатын тәртіпті қолданады. Бірақ  бұл арада көптеген қиыншылықтар туындауды, соның ішінде ең маңыздысы  қаржылық есеп жүргізуге уақыт пен  құралдардың көп жұмсалуы.

Екінші топ кісңпорындары  ҚХЕС қолдануға қызығушылығы тудырады, бірақ олардың қаржылық және кадрлық  мүмкіншіліктері жоқ, бұл маңызды  үлесті құрайды. Сондықтан есептік  жүйедегі заңдылықты қайта құрып  жатқан елдер халықаралық нарыққа  шығуға мүмкіндік беретін нормативтік  акілерді жетілдіру қажет.

Информация о работе Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер