Аудиттің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

І тарауда, еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
І. АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2.Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
IІ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Аудиттің түрлері және олардың сипаттамасы1.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

1. Міндеттері. Аудиторлар  өз міндеттерін орындауда жоғары  кәсіби және моральдық сапаларын  танытуы керек, өз қызметінің  барлық түрінде дәл әрі жан-жақты  ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы  қажет.

2.  Қоғамның мүдделері.  Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның  сеніміне ие болуы үшін аудиторлар  өзінің кәсіби міндеттерін адал  әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және  тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін  сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан  бойларын аулақ салғаны жөн.  Аудиторлық жұмыстарды жүзеге  асыруда олар мәні бойынша  және көрер көзге де тәуелсіз  болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түоін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі  ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық  кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті екжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.

Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай  келе жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.

І ТАРАУДА, Аудиттің біздің ҚР-да дамуына, пайда болуына  тоқталып өттік. Аудит бұрынғы кездері ревизор деп аталып жүрсе, ал қазіргі кезде аудит деп аталып жүр. Біз аудиттің тексерілуіне өте зор үлес қосқан ғалымдарды атап өттік. Тек біздің ел ғана емес бүкіл әлем аудиттің ашылуына үлкен үлесін қосқан. Осы аудит арқылы кіші немесе үлкен кәсіпорындарды, мемлекеттік және мемлекттік емес кәсіпорындарды тексеріп, сол мекемелердің ішкі жадайын тексеріп отырған.

«Аудит –  бұл экономикалық іс-әрекеттер мен  оқиғалар туралы объективті деректердің  бағалауын, оның деңгейінің белгілі  бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі» деп анықтама берген.

ІІ ТАРАУДА, аудиттің түрлеріне тереңірек тоқталып өтсем, аудиттің 2 нақты түрін атап көрсетуге болады. Олар: сыртқы және ішкі. Сыртқы аудит басқа шет мемлекеттерден келіп тексеріп, бақылап отырған адамдар тобын құрайтын ұйым. Сытқы аудиттің ішкі аудиттен айырмашлығы, ол

Нарықтық экономика  жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін  дамыту мәселесінің көп қырлы  болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады: сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі.                    Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғаңдығын   дәлелдей,   оның   қаржылық   жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін    аудиторлар    шаруашылық    субъектілеріне,    олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму  бағышн  көрсетіп,  оның  каржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді.

1) Теориялық:  кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын  және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы  қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;

2) Әдіснамалық:  аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін  анықтау, бизнес жағдайының таладу  көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық  әлеуетті (потенциалды) пайдалану  тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;

3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен  жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік  және ақпараттық базалардың мағынасын  ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

шаруашылық  қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың  және есептің озық әдістерін анықтау;

қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

бақылаушы-талдамалы  жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық  озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен  технологиясын, ұйымдық құрылымын  жетілдіру;

бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуге ЭВМ-ді және экономикалық –математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан  Республикасының "Аудиторлық  қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша.

2. Адамс Р.  Основы аудита: Под ред. Я.В.  Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995. -398 с.

3. Аңдреев В.Д.  Практический аудит. М: Экономика, 1994г.

4. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. Перевод  с англ. Глав-ный ред. серии  профессор Соклов Я.В. - М.: Финансы  и статистика, 1995.-250 с.

5. Белобжецкий  И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгалтерский  учет, 1994 г.

6. Данилевский  Ю.А. Аудит: вопросы и ответы. М.: Бухгалтерский учет, 1993

7. Данилевский  Ю.А. Аудит промышленных акционерных  обществ.- М: АО "Финстатинформ", 1995. -78 с.

8. Додж Рой.  Краткое руководство по стандартам  и нормам аудита. - М: "Финансы  и статистика", ЮНИТИ, 1992. -240 с.

9. Дюсембаев  К.Ш. Теория аудита. Алматы. Экономика. 1995 г.

10. Ержанов М.С.  Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым, 1994 г.

11. Робертсон Дж. Аудит. Перевод с англ. - М: КРМС, Аудиторская фирма "Контакт", 1993, -496 с.

12. Стуков С.А.. Голышев В.Д. Введение в аудит.  М.: Тарнер. 1992 г.

13. Соколов Я.В.  Десять постулатов аудита. Бухгалтерский  учет. 1993 г., № 1.

14. Сейткасымов  Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление и развитие аудиторской деятельности. Карағанда. КарГУ, 1993 г.

15. Терехов А.Л.  Аудиты высшие и внутренние. - Журнат "Бухгалтерский учет", 1993, № 4.

16. Угольников  К.А. История аудита, журнал "Контроллинг", 1991

17. абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит. Алматы, Экономика 2007, Оқу құралы

18. Сәтмырзаев  Асан Абдасбекұлы, Укашев Бақыт  Еркінбекұлы, 

Аудит теориясы; оқу құралы Ұлағат Университеті Алматы

19. Ержанов М.С.  Аудит-1, Учебник Алматы: издательство  «Бастау»

20. Сартаев С.С., Найманбаев С.М. Салықтық құқық;  жеті жарғы Алматы 2005ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аудиттің түрлері