Аудиттің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

І тарауда, еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
І. АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2.Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
IІ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Аудиттің түрлері және олардың сипаттамасы1.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

Ішкі аудит  қызметі үлкен фирмаларда, Халықаралық  корпорацияларда қызмет көрсетуінің  рөлі өте жоғары. Себебі. ондай ірі кәсіпорындарда тексеру құрылымы болады, ал олардын, сол кәсіпорын бөлімдерінде тексеру бөлімдері болады. Яғни. ондай кәсіпорындарда ішкі аудит тобы бухгалтерлік есепті, күнделікті шаруашылық әрекеттерді, құжаттарды тексерудш орнына олар сол кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын қарастырып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының күшею жолдарын, табыстылықты көтеруді қарастырадш

Ішкі аудит  оз қызметін талапқа сай орыңдап. онын ролін көтеру үшін ол тек кана кәсіпорыннын, басшылық талабына сіай қызмет жасауға міндетті. Сондықтан да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит құрылымының бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына мүшелікке қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит  жалпы үлкен көлемді қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбек ақы төлемінің тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы өндіріс шышнын және дайын өнімді сату процесін тексеру. Материалдық және еңбек шығынына экономикалық талдау жасап, оның тиімді, орынды болғанын анықтап, төзу сомасын және басқару шығы-нын есептеуді, оның шығысқа шығарылу есебінің дұрыстығын тексереді. Бүл тексерулер шаруашылық субъектілерінің экономикасында ерекше орын алады, себебі, жоғарыда аталған шығындар өндіріс өнімінің өзіндік құнының негізін құрайтын элементтер. Олардың дұрыс есептелуін тексеру арқылы өндіріс өнімінің өзіндік қүнының дұрыс анықталғанын, оны сату бағасымен салыстыру арқылы таза пайда сомасының мөлшерін дұрыс анықтауға болады. Сондықтан да аудит туралы басылымдарда, ғылыми зерттеулерде ішкі аудит — негізінде оперативтік ішкі бақылау, тексеру деп тегін айтпасас керек. Өйткені, тек қана ішкі бақылау, тексеру арқылы әндіріс шығынына нақты өндіріс саласында бақылау жүргізіліп, іс жүзінде тексеру жасап жауапкершіліктегі мамандарға тікелей үкім беріледі және жіберілген кемшіліктер оперативтік түрде тузетіледі. Содан кейін әрбір өндіріс бөлімінің басшысына, өндіріс шығынының дұрыс есептелуіне жауапкершілік бекітшеді.

Ішкі аудит  қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушынармен есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздындару мекемелерімен, дебиторлармен, кредиторлармен есесптесу процесі тексеріледі. Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды қағаз әрекеттеріне тексеру жүргізеді. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерінің ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз биржасындағы оның бағасының толқуы, соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатын алу немесе сату барысына жүйелі бақылау жасап, кәсіпкерге өзінің ұсынысын жасап отырады. Бүл өз бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.

Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы — ол кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін, материалдармен және мамандармен қаматамасыз етуін бақылап, қадағалап, тексеріп отыру. Ішкі аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын, алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжаттау барысын, есеп кестесін толтыру төртібін, екі жақты жасаудың дұрыстығын, Бас кіталты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.

Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында  басқару жұмысының құндылығын, тиімдшгін  анықтау. Осы тұрғыдан, кәсіпорынның басқару жүйесі, қызметкерлердің  міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап, басқару құрылымын жақсарту, жетілдіру мақсатымен өздерінің ұсынысын жасайды. Мамаңдар дайындауға олардың біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Ішкі аудит қызметі кәсіпорын шаруашылыған жан-жақты түгел қамтиды. Өндірістік бриғада, цех, жеке бөлімдер шаруашынығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтік құжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау жасап, өндіріс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да ішкі аудиттің бақылау, тексеру барысында кэсіпорын шаруашылығындағы қандай толқу өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу жолдары қарастырылады. Соның нотижесінде кәсіпорын шаруашылық -қаржылық жағдайын жақсартуға арналған, оған әсерін тигізетін факторларды пайдалану жолы қарастырылады.

Ішкі аудит  қызметі күнделікгі жүйелі жұмыс  жүргізу нотижесінде кәсіпорын  басшыларына, тапсырушынарға кәсіпорын  қызметін басқаруға, өндіріс барысының  тиімділігін арттыруға қажетті  анықтамалармен, мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде ішкі аудит қызметі күннен күнге қиындап, күрделеніп отыр. Оған себеп өндіріс көлемінің жедел өсуі, өндіріс технологиясының өте күрделі түрде дамуы, соған сәйкес экономикалық мәліметті қалынтастыру барысының күрделенуіне сәйкес болып отыр. Оған қоса қазіргі кезде өте көп шатысып жатқан қаржыны пайдалану зандары да себеп болып отыр. Сондықтан да, ішкі аудит қызметін атқарушы мамандар өте жоғары сатыдағы білімді, тәжірибелі болуы қажет. Олар өз жұмысын өте тиянақты, орынды, аудит этикасын өте жоғары үстайтын мамандар болуы керек. Сонда ғана олар жоғарғы беделді кәсіпорын үжымының сеніміне ие болады.

Ішкі аудит  бөлімдерінің, топтарының қызметі кәсіпорын  бөлімдерінің, цехтарының жұмыс жоспарымен тікелей байланысты болады. Себебі, ол топтар сол өндіріс бөлімдеріне, цехтарына, жүйелі, күнделікті бақылау, тексеру жасап отырады. Олар өз жоспарын кәсіпорын басшыларына бұйрық ретінде бейттіріп, өзінің қызметінде басшылық құжат регінде қолданады.

Аудит тобының  жоспары бір жылдық көлемге жасалады, ол құжатпен кәсіпорын бөлімінің басшысы ішкі аудит тобының жұмысына бақылау жасап отырады, ал аудит тобы цех, бөлім бастықтарына міндетті түрде өз жұмыстары туралы мәлімет беріп отырады. Ол жоспар құпиялықта сақталуы қажет. Ішкі аудиттің жылдық жоспары орындалмаған жағдайда оның қалдығы келесі жылға аударылады. Кейбір жағдайда, ішкі аудит мамандары жоспарланған жұмысты игере алмауы немесе мамандық біліктілігі жетпеген жағдайда олар сыртқы аудит мамандарынан көмек сүрайды. Осы орайда айтатын болсақ, сыртқы және ішкі аудит қызметкерлері тығыз байланыста жұмыс жасайды, бір-біріне көмек көрсетеді. Олардың арасындағы бір-біріне сенімділік олардың аудиторлық этика кодексімен бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

 

Сыртқы аудит  өз қызметінің барысында ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға аудит қызметін көрсететін болса олар ішкі аудит жұмысына үлкен сеніммен қарайды да, өзінің тексеруі барысында ішкі аудит материалын қайта тексермейді. Сыртқы және ішю аудиттің объектісі, тексеру адістері бірдей болғанмен олардың мазмүны мен мақсат, міндеттерінде айырмашылық бар екені анық. Сол үшін арнайы кесте келтірілген.

Келтірілген кестеден ішкі аудиттің сыртқы аудиттен ерекшелігі, ол кәсіпорын құрынымына жататыңдығы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының қол астында қызмет атқарады, тікелей басқаруында болады. Ішкі аудит кәсіпорынның бөлім-дерін тәуелсіз түрде тексереді, бірақ фирма, бірлестіктер тұрғысынан бақылауда болады. Сонда да болса ішкі аудиттің кәсіпорын үшін беделі, атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру жүргізуде көп қызмет көрсетеді.

Сондықтан да ішкі аудиттің ерекше атқаратын қызметі, ол күнделікгі кәсіпорынның негізгі  құралының, материалдарының, тауарының, өндіріс барысьгның, дайын өнімнің  бухгалтерлік есебін күнделікті бақылап отыруында. Қазіргі кезде ішкі аудит кәсіпорындағы күнделікті бухгалтерлік есеп жұмысын күнделікті бақылап, қадағалап тексеріп отыруы керек. Сондықтан да ішкі аудит тек қана күнделікті кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасап қана коймай олар сол кәсіпорынның басқару, менеджемент мәселелерін зерттеп, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысын жақсарту жолдарын көрсету мақсатымен кызмет көрсетеді.

        Ішкі және сыртқы аудит қызметінде әдістері бірдей.Ерекшеліхтері аудит объектісі   мен мақсатына сәйкес әртүрлі болады. Тапсырушылар басшысымен   және   жұмыс жоспарымен    анықталады. Тапсырушыға,   кәсіпорын басшыларына.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі  меншік иеленушілер мен мемлекеттің  мүлікктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған  нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны  өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі  ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұлұға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық  стандарттар  әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудиторлық стандарттар  мен нормалар сияқты жарияланған  ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі  мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Жалпы стандарттар –  бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға  қажетті біліктілік деңгейі мен  белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын  негізгі талаптар:

    • даярлығы;
    • құзыреттілігі;
    • тәуелсіздігі;
  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары –  бұл тексеру міндетін орындауда  аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:

    • аудиторлық тексеруге дайындалу;
    • қадағалауды жүзеге асыру;
    • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;
    • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады  әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау  мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік  аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:

    • шешімді таңдау проблемасы;
    • жаман мен жақсы туралы түсінік;
    • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп  кең мағынасында  өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі мақсаттарының  біріне шешім қабылдауда басшылық жасау  жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде  бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі  ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа  нұсқасы қабылданды, оның ішінде  олардың кәсіби тәртібін көрсететін  мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

Информация о работе Аудиттің түрлері