Аудиттің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

І тарауда, еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
І. АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2.Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
IІ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Аудиттің түрлері және олардың сипаттамасы1.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

Негізгі есеп тұжырымдамасы  бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер  мен оқиғалар, олардың белгіленген  деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының  заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істейметін маманданған  тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудиттің мақсаты –  бұл біздің еліміздегі акционерлік  қоғамдардың, серіктестердің және басқа  да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің  мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша  қаржылық есеп берулердің жасалғаны  немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық  жағдайды жақсарту бойынша шараларды  әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне  кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне  барлық шаруашылық қызметтері кіретін  болса, онда мақсат – осы қызметтің  тиімділігін бағалау, шығынды барынша  кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек  өнімділігін арттыру, жұмыстың аса  жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік  қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің  коммерциялық қызметін жақсартатын  жоғары сапалы кеңес беру қызметі  болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит  мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты  міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды  бөліп көрсету керек:

  • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
  • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
  • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
  • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
  • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
  • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
  • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы  заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес  берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру  мен бағалау.

 Талдамалық функциясы  – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру,  әр түрлі көрсеткіштерді есептеу,  ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік функциясы  – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік функциясы  – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді  жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

 

Американдық бухгалтерлер  ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс  істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор  жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай  қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1. Кәсіпкерліктің  дамуы мен капитал өсуінің  әсері;

2. ӨЗін-өзі реттеуге  ұмтылатын ұйымдар санының арта  түсуі;

3. Экономикалық  тұрақтылықты, меншік иеленушілерге  және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтаамсыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;

4. Компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін, пайдаланушылар ол  туралы ақпаратты дербес алуға  ммүкіндігі болмағандықтан аудиторлардың  қызметіне мұқтаж;

5. Қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік  жазбаларына әдетте қолдары жете  бермейді және олардың тиісті  тәжірибелері жиі бола бермейді;

6. Пайдаланушылар  қабылдайтын шешімнің салдары  өздері үшін өте маңызды болуы  мүмкін, сондықтан да аудиттер арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл  біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Аудиторлық  іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру  біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты  аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Әкімшілікті құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын  тексерушіні клиент өз қалауымен  таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды  клиент өз қалауымен таңдайды және олардың аарсындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру және бақылау  түсініктеріне қарағанда, аудит  ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудіңлердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін  жүргізу үшін белгілі бір салалар  мен компаниялар іс-әрекеттің  жағдайы туралы шындыққа жанасымды  ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін  жан-жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір  салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайды бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастырудақолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық  түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда  аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі ммүкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық  жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да еелулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.  Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет.

 

 

IІ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА

 

2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі

 

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде  ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылыққ тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан  қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлешн және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершічігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықты қатынастың даму кезеңінде  жалпы аудиттін атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Жалпы аудит туралы. оның ішінде сьртқы аудит туралы осыған дейін  көптеген түсініктер  қарастырылды.   Енді  сол сыртқы   аудиттің   ерекшеліктеріне   тоқталамыз.   Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғаңдығын   дәлелдей,   оның   қаржылық   жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін    аудиторлар    шаруашылық    субъектілеріне,    олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму  бағышн  көрсетіп,  оның  каржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорыннын,    қаржы    жағдаиының    және    төлем    жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тадсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік құрылымының тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл белінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекет-ке салық толемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.

Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгеңде, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.

Сыртқы аудит қызметін атқарушылар — жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің жэне кәсіпорын жұмысын. оның қаржылық жағдайын тек кана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықты қатынас жағдайыңда ешқандай фирма, кәсііюрынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.

Информация о работе Аудиттің түрлері