Аудиттің түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

І тарауда, еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
І. АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
1.2.Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
IІ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Аудиттің түрлері және олардың сипаттамасы1.doc

— 181.50 Кб (Скачать)

Сыртқы аудитттер өз жүмысын  сол елдегі занды түрде қабылданған  аудит стандартына, бухгалтерлік ессп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз корытындысын бергеннен кейін және балансқа морін басқаннан кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана корытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шыгуының үлкен мағынасы бар.

Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі  схеманы келтіреміз.

Ақпарағы басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің дербес шаруашылық субъектісі екеніне  кепілдік алып, одан әрі кәсіпкерлігімен  айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіорының өткен уақытға тапқан табыс сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғаи, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып танылады.

Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас көсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басынымға шыққан материалдарды сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайлыстыққа сенімді екен деген қорытынды жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі функциясының бірі, пайдалануға дайындалған мәліметінің рөлін аткаратын кэсіпорын ақпаратын бекітеді.

Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған  кэсіпорындар сол елдің экономи-касының  бір қалыпты дамуына негіз  болады. Тұрақты халықты жұмыс  орнымен қамтамасыз етеді. Қалыптасқан экономика құрылымына айналады.

Төртіншіден, қалыптасқан  экономика құрынымы болған елде тиянақты нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға  нарықты қатынас бағасы тұрақты  бір жүйеге келеді. Соның нотижесінде сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни, аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған - ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі. Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі.

Аудиторлық тексеру жүргізбей  шаруашылық, субъектісі басылымға шықпайды, яғаи өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында өзінің шаруашылық субъектісі ретінде қүқысын қорғай алмайды. Екіншіден, сыбайлас кәсіпорындар қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер сенімсіздік білдіріп несие беруін тоқтатып, жалпы ессп айырцсу процесін тежсй бастайды.

Сыртқы аудит өзінің жұмыс  процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Оңдағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және кемшілікгерін, жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.

Сыртқы аудит соңғы  жылдары тек қана қаржы ақпаратын  тексеріп қана қоймай кәсіпорын шаруашылышна экономи-калық талдау жасап, оның кәсіпкерлігшің табыс сомасына баға . береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде "Заңды аудит" деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен пайданушылар алдында ғана жауапкершілікте.

Жоғарыда келтірілген  сыртқы аудит туралы берілген түсінік  негізінде шет елдерде толығымен  қолданылады, оның принциптері жұмыс  бабында толық іске асырынуда. Қазір  Қазақстан Республикасында аудит  қызметі жаңадан ғана дамып, қалыптасып келе жатыр. Осы орайдағы ең өкініштісі — аудит қызметі толық міндетті түрде таратылған жағдайда еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаның әлдеқайда сәтті жүргізілуіне, нарықты қатынас зандылықтарының кәсіпорын шаруашылығында тез қалыптасып кетуіне көптен-көп көмегі тиетіні сөзсіз. Мысалы, аудит міндетті түрде барлық шаруашылық субъектілеріне жүргізілсе салық төлеу, ондіру проблемасы түгелдей жойылар еді.. Әрине, ұйымдастыру, мамандар дайындау, моралдық, этикалық аудит прицниптерін бірден іске асыру өте ауыр жұмыс. Мысалы, бір ғана фактор. Біздің халқымыздың психологиялық гүсінігі бойынша, ақша төлеп тексерушіні шақыру деген ол тек қана ауру немесе есі түзу емес адамның ісі деп түсінеді.

Сондықтан Қазақстан  Республикасында аудит қызметі  жан-жакты таратылуы қажет, бірақ  біздің елдің өзіндік экономикалық. әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес дудит принцинтерін лайықты түрде карастыру қажет. Әрине, оның   ішінде   ұйымдастыру,   құрылымы   туралы   көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.

 

2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты

 

Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысьмың жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте кажет жұмыс тәртібі. Сыртған қарағанда ішкі аудиттің төуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі  қалынтасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен  құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашынық  субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері  ішкі аудит қажет деп тапқан  жағдайда өзіне, ішкі тобын  құруға шешім қабылдап, аудиторлық  куәлігі бар маман іздейді;

2) аудитор маманы  мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт  жасасып:

а) аудитор тобының  атқаратын қызметін нақты анықтайды;

б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті наклы көрсетіледі;

в) аудитор тобының  штаты анықталып, еңбек ақы төлем  сомасы анықталады.

Бұл келісім-шарттың  зандынық қүқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, каржылану, толем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық озіне кажет молімет жинауда кәсіпорын бастыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындыған, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Ішкі аудит  қызметі қалыптасқан елдерде  аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация күрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер  көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің  кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгшеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашынығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орьғадалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның күрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына. кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты боладьг Ішкі аудит хағдайы өз кезегінле "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының қүқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағанан кәсіпорын басшыларының қүқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі максаты, жұмыс көлемі, іпш бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

Ішкі аудит  ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің  жауапты қызметкерлері қатысуы  қажет. Біріншіден, экономика және қаржы  директоры, бас бухгалтер, тексеру  комиссиясының бастығы. Әрине, бүл құжаттың жоғарш сатыдаш құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкідцігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер  жүйесі. Себебі, шаруашынық субъектілерінін  негізгі шығыны осы көрсетілген  шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде .өндіріс барысының шышны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шыған, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, таш басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазынуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсілорын бойынша шығарылған бүйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық, мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

Ішкі аудит  жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді  жетілдіру, осіресе сату барысы, ондіріс  шығыны, таза табысты болжау, өндіріске  негізгі күралды енгізу, қаржыландыру, козш қарастыру мәселелерімен айналысады.

Аудитордың  негізгі қызметі өндіріс бөлімдерін, сектордың жұмысын тексеріп, оңдағы өндіріс шығынын, мөлшерден артық  шығынын талдап немесе жетістіктерін  қарастырып оның қортындысын кәсіпорын басшынарына уақтыны хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудит құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:

- инвестицияның  дұрыс және тиімді пайдалануы, кәсіпорын мүлкінің, материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс пайдалану, салық саясатын және салық сомасын дұрыс есептеуді бақылау тобы болып; арнайы қаржы ақпаратын бақылау, арнайы тексеруші және тексеру тобы болып бөлінеді. Аудит қызметі барысында бүл ішкі аудит топтары, тапсырушының қойған міндетіне, татабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине, мамаңдар біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жұмысына әмбепап болғаннан кейін аудит кызметінің саласы да, жоғары орындалуы да жедел боладьу

Арнайы топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға мінездеме берейік. Арнайы топтарға қызмет атқаратын мамандардың түрі: аудит стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің құрамында оздерінің  арнайы аудит стандарты мен қызметі жүргізіледі. Стандарт мамандары кәсіпорын бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу барысында аудит стандартының дұрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана сақталмай, негізгі талаптарының орындалуын қадағалап. бақылау және тексеру жүргізеді. Анықталған кемшілік болса оны тек қана кәсіпорын басшысына хабарлауға міндетті; ішкі аудит тобының қызметкерлеріиің біліктілігіне жауапты адам. Дербес, жеке біліктілігін көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі: сырттан мамандар шақырап, соның көмегімен оқыту арқылы оз тобының біліктілігін арттыру; Әр аптада немесс ай сайын барлық мамандарды шақырып тексеру материалдарын, талдауға түскен құжаттарды қарастыру арқылы мамандар біліктілігін көтеру; мамандар біліктілігін арттыру үшін бухгалтерлік жұмысқа. экономикалық кызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру

Әрине, бүл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік  ерекшеліктері бар, әрқайсысының өзіндік  жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит тобының басшысы өзі  тиімді жолын пайдалануы қажет.

Келесі ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар жинап алу. Қазіргі кезде бухгалтер мамандыш жеткіліксіз, ал білікті аудитор одан да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тығыз уақытта жүргізілу ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен қызмет атқаруға кез келген маман бере бермейді.

Ішкі аудит  тобы шаруашылық субъектілерінің және филиалдарының қаржынық ақпаратын  нақты. жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның күрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан  өзінің қызметі мен кәсіпорын  сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, онын, берген кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жағдайының, кәсіпкерлігінің тұрақтынығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді

Информация о работе Аудиттің түрлері