Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:39, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
1-сурет
- Әлеуметтік салықтың төлеуімен
байланысты бойынша салықтың бақылаудың
ұсынылатын объектілері
1 суреттегі көрсетілген талдау. Тек қана әлеуметтік салықтың төленуімен байланысты салықтың бұл түрін есептеу кезінде бұзулар бойынша салықтық бақылаудың ең кемі 6 ірі және 17 кішірек обьектілері бар тәртіп бұзуларды айқындау салық инспекторының біліктілік деңгейіне байланысты және сонымен қатар ол әрбір тәртіп бұзуға заңдылықпен сәйкес құжат дайындауы тиіс.
Шығыстарға салық енгізудің барлық әрекеттері техникалық себептермен (шығыстарды салық салынатын жеке баспен үйлестірудің мүмкін еместігі) табыспен аяқталмады. Сондықтан келесі бапта сатып алу процессі немесе кәсіпкерлік айналымы көрсетіледі. Сонымен тағыда тұтынудың салық салынуын кең мағынада (қосымша құнға салынатын салық, мүлікке салынатын салық үлгіде – кәсіпкерлік қызметтің материалдық негізін кәсіпкердің меншігінде болатын мүлік құрайды) және біржақты мағынада - арнаулы тұтынушылық салықтар (акциздер үлгісінде).
Біздің ойымызша, Қазақстанның жағдайында біздің салықтық заңдылығымызда кәсіпкерлік салық салудың дербес элементі ретінде қаралмағандықтан екінші көзқарас әбден қолайлы болады. Бұл туралы келесі фактілер дәлелдейді. Біріншіден, кәсіпкерлік қызметке салық салу салықтардың алуан түрлерін межелеу үшін қызмет ететін элементтердің көбісін өзіне енгізетін бірыңғай салықтық жүйенің шегінде жасалады. Салық салудың кәсіпкерлік қызметпен байланысты да, байланысты емес те элементтерін межелеу үшін анық көрсеткіш болмайды. Екіншіден, кәсіпкерлік қызметке салық салу үлгісі біздің елімізде азаматтық және салықтық құқықтаңы құқықтық тәртіпке сүйенетіндіктен кәсіпкерлердің азаматтық құқық қабілеттілігіне байланысты.
Бұл мәселеде олардың қозғалысының айқындығы мен салықтың , түсімдердің тиісті бюджеттерге келуін қамтамасыз ете отырып,салықтың бақылау үшін және салық төлеушілер үшін де жанама салықтардың алуан түрлілігінің толықтай түсіндіре келіп дайындалған нұсқауларға саралық енгізу қажет. Жанама салықтарды жетілдіру негізінде басты көрсеткіш олардың есептері, бухгалтерлік есебі мен бюджетке төлеуі бойынша барлық ережелерді анық түсіндіру есебімен оларды төлету үшін обьективті негіздің бар болуы тиіс.
Салықтын бақылауда ұйымдастыру кезінде ҚР-ң нормативті құжаттары мен заңдарыиен мөлшерленген акциздердің есебін реттеудің тәртібі дұрыс ақпарат алуға мақсатталған. Сонымен, акциздер сомаларының есебін ұйымдастыру салық декларациасын жазу үшін де қажет. Тиісті түрде дайындалған құжаттар негізінде (шоттар, шот-факторлар, жүк құжаттар, кіріс кассалық ордерлер, аяқталған жұмыстарды қабылдау актілер және т.б.) акциздердің сомасы жеке жолға бөлінуі, ал сонан соң бухгалтерлік есептің регистрлерінде бейнеленуі тиіс. Журнал-ордерлер, ведомостар, машинограмалар және т.б. негіз акциздерге қатысы бар материялдық құндылықтарды дайындау, өнім (жұмыстар, қызметтер) мен басқа активтерді өткізу бойынша мәліметтер болуы тиіс. Есепті осы тұрғыдан жүргізу қажет: а) сатып алынған акцизді тауарлар бойынша; б) өткізілген акцизді тауарлар бойынша.
Қазақстан Республикасының салықтық заңдылығына негізделіп тиісті міндеттемелерді орындау кезінде салықтың бақылауды жетілдіру мақсатында жеке салықтар бойынша бірнеше мысалдар келтірдік. Алайда, жалпы айтқанда , салықтың жүйесі және оның ішінде салықтың бақылау тек қана реттеуші міндетті істі атқару емес, салық салудың басты тағайындалуының –еліміздегі кәсіпкерліктің дамуын ынтыландырушы міндетті істі де атқаруы тиіс.
Салықтар үшін кәсіпкерлікті ынталандыратын сипатының күшейтілуі, тауар өндірішілерді мадақтау, аймақтың экономикалық саясатты жүргізу мен салық заңдылығындағы қарама - қайшылықтарды жою негізгі мақсаты болып қала береді. Салықтық саясаттағы аса маңызды бағыт салық заңдылығын тұрақтандыру болып табылады. Оған әрбір екі-үш айда өзгерістер енгізуге болмайды. Жағдайды талдау, өзгерістер мен қосымшаларды жинақтау, оларды бюджетпен қоса қарауға қою қажет. Бірақ ешбір жағдайда өзгерістер мен қосымшаларды, бұрын бірталай рет орын алғандай, өткен күнмен енгізу керек емес. Мұндай үрдіс өз кезегінде салықтық механизмнің үнемі жұмыс істеуінің басты талабы - заңды және жеке тұлғаларға салық салуға байланысты, салық заңдылығының тұрақсыздығы, отандық және шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетеді.
Қазіргі жағдайларда республикамыздағы салық төлеушілер үшін салықтық ауырпалық әлі де жоғары, олардың ішінде көбісінің тиімділігі де төмен. Экономиканың кез-келген тұрғысынан дамыған елдерде салық салудың ауыртпалығы, салық салу деңгейін көрсетуші сипаты болып табылатындығы баршаға мәлім. Алайда, салықтық ауыртпалық пен салықтар деңгейінің ауырсалмағын анықтайтын, жалпы қабылданған, бекітілген әдістемесі жоқ. Салықтық ауырпалықтың ауырлығы туралы жанама түрде түсінік бере алатын жекелеген көрсеткіштер бар.
Сонымен, жоғарыда
Салықтық
бақлаудың жұмысының тиімділігі
экономиканың нақты жағдайын таллдау
жолымен анықталады, сондықтан оның негізіне
елдің территориясында әрекетте болған
салық салу жүйесінің ғылыми негізделген
бағалау салынуы тиіс. Жалпы салықтық
саясаттың келісу процессі жасалатын
салықтың бақылауға сәйкес таңдалған
бағыт нарықтық экономиканың Қазақстандық
моделі ерекшеліктерінің есебімен құрылады.
Қорытынды.
Мемлекет салық органдары алдына жұмыстың тиімді әдістерін қолдану арқылы мемлекеттік қазынаның толтырылуын қаматамасыз етуді мақсат етіп қойды. Бұл мақсаттың маңызы мен мәні бюджетке қаржы-қаражаттарының үнемі қажеттілігінде және де ол мәселе қаншалықты дұрыс шешілсе, соншалықты бюджет жағдайы жақсы болады.
Диссертацияда ғылыми жолмен қазіргі салықтық бақылауды ұйымдастырудың тәжірибесін кешендік зерттеу жүргізіліп, оның ерекшеліктері көрсетілді. Салықтық бақылауға - қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде түсінік берілді, оның айрықша ерекшеліктері мен ұйымдастырылу қағидасы, әрекет ету сферасы және бақылау объектісі анықталды.
Салықтық бақылау салықтық қатынастарды басқару жүйесіндегі салықтық механизмнің функционалды элементі ретінде қарастырылды. Салықтық бақылаудың қазіргі тәжірибесіне талдау жасай отырып, оның әр түрлі: мәндік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық аспектілеріне мінездеме берілген.
Салықтық бақылаудың құқықтық базасы талданған, оның қарсылықтарға әлсіздігі, жетілмегендігі, салықтар мен салықтық әкімшілік бойынша заңдық және нормативтік актілердің тұрақсыздығы, сонымен бірге салықтық құқықтардың азаматтық және басқа саладағы құқықтармен сәйкессіздігі көрсетілген. Салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырылу құрылымының жетілмегендігі, әдістемелік қамтамасыз етудегі кемшіліктері, ақпараттануының даму деңгейінің нашарлығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген салықтық бақылау тәжірибесі зерттеліп, салық комитеттерінің жұмыстарын ұйымдастырудың кемшіліктері көрсетілген және бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылаудың әдістері мен нысандарын жетілдірудің жолдары ұсынылды. Салықтық бақылаудың нақты бір түрлерінің салық жүйесінің дамуы мен салықтық бақылаудың ұйымдастырылу деңгейінен, сонымен бірге салықтық бақылау әдістерінің сол аймақтағы салықтық жұмыстардың ұйымдастырылыуының және салықтық құқық бұзушылықтың деңгейіне тәуелді екендігі негізделген.
Салық комитеттерінің жұмысын бағалаудың қазіргі әдісін оқып, оның қолданылатын көрсеткіштерінің көп көлемдігінің және сапалық сипаттағы есебінің жеткіліксіздігінің себептерінен жетілмегендігі нақты көрсетілген.
Зерттеу
материалдарын негізге ала
- қазіргі кездегі Қазақстандағы салықтық бақылау экономикалық процестердің тұрақсыздығы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, әр түрлі іс-әрекет сферасындағы төлемеушілік дағдарыс жағдайларында жүзеге асырылуда;
-
салықтық бақылаудың жұмыс
-
салықтарды бекітуші және
-
көрсетілген сәйкес
-
қалыптасып жатқан салық
-
салық органдарының
-
салық қызметінің ұйымдастыру
жұмысын мақсаттық бағытталған
даму мен материалды-
-
бүгінгі таңда ақпараттық
-
қазіргі кездегі ҚР салық
Зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, автор салықтық бақылаудың тиімділігін арттырудың негізгі мүмкін болған бірнеше бағыттарын бөліп көрсетті: біріншіден, салық жүйесінің құқықтық негіздерін және салық әкімшілігін жетілдіру; екіншіден, салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, ақпараттандыруды, салық органдарының басқа сыртқы ұйымдар мен мекемелермен өзара қарым-қатынасы бойынша жұмыстардың нысандары мен әдістерін жетілдіру; үшіншіден, салық органдарының материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуі; салық төлеушілермен жұмыс істеуді дамыту.
Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру, автордың көзқарасы бойынша, келесі мәселерді шешуге мүмкіндік береді:
1) Салықтық
бақылаудың құқықтық