Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:39, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
ӘОЖ:
336.02.(574) Қолжазба құқығында
Шырынбекова
Сауле Әбдіәшімқызы
Салықтық
бақылауды ұйымдастыруды
жетілдіру жолдары
08.00.10
– Қаржы, ақша айналымы және несие
Экономика ғылымдары кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы,
2007
Диссертациялық жұмыс: - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Әуелбаев С.
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Жетекші ұйымы: Қазтұтынуодақ Қарағанды экономикалық
Диссертация «25» мамыр 2007 жылы сағат 14.30-да Халықаралық Бизнес Университетінің экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 20.01.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы:
050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8А, 208
к.
Диссертациямен
Халықаралық бизнес университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат
« 24 » сәуір 2007 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми
хатшысыс, э.ғ.д.,профессор Ж.М.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтың бақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салық жүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған. Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә. Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Осы
жоғары келтірілген мәселелер
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салықтық бақылаудың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынастар мен салықтық бақылаудың заңдық негіздеріне сүйене отырып, оның ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен бақылау құқықтық қызметін көтеру.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салықтық бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың құқықтық базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Зерттеу пәні – қаржы бақылау қызметінің салалас бөлігі салықтық бақылау бағытын дамыту мазмұны.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Салық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Диссертацияда
Қазақстан Республикасы Салық комитетінің
нормативтік құжаттары мен
Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Диссертация салықтық бақылау қызметі мәселесі және оның тиімділігін арттыру бойынша зерттелген жұмыстардың алғашқыларының бірі. Жұмыста салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып салықтық бақылауды экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр.
Өткізілген
зерттеуді топшылай отырып, бірқатар
жаңалық ретінде мұнадай
Диссертацияның қорғауға шығарылатын тұжырымдары:
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша Салық саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды. Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарының ең негізгі тармақтары жергілікті бюджеттің қаржы ресурстарын жеткілікті өзіндік қамтамасыз ету мүмкіншілігін арттырудағы индикативтік жоспарлар жасауға әзірленуде кеңінен пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апрабациясы). Диссертациялық зерттеудің нәтижелері ОҚО салық комитетінің және «Ақ алтын» АҚ енгізіліп, пайдаланылуда.
Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары мен ұсыныстары «Аймақтық экономиканыбасқару және мамандарды дайындау: ХХІ ғасырға көзқарас» (Шымкент, 2003ж.;), «Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері» (Шымкент, 2003ж.;), «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» (Алматы, 2004ж.;), ҚазГЗУ-дың 10 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық мәселелері» (Шымкент, 2004ж.;), «Парасатты кеден саясаты – мемлекеттің экономикалық дамуының қуаты» (Шымкент, 2005ж.;), «Қазақстан Республикасындағы білім концепциясын жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі жағдайы» (Шымкент, 2005ж.;), «Аймақтық экономиканы басқару: проблемалары мен шешімдері» (Тараз, 2005ж.;) атты Халықаралық және Республикалық конференцияларда баяндалып, сыналып қолдау тапты.
Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері 3,2 баспа табақ болатын 11 ғылыми мақалада көрініс тапты.
Диссертацияның
құрылымы мен көлемі. Диссертациялық
жұмыс компьютерде терілген 134 бетте (оның
ішінде 21 кесте, 9 сурет, 2 қосымшада баяндалған,
ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сандық материалдар кестелерде, суреттерде
және қосымшаларда келтірілген.