Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:39, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.
Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.
Демократиялық
мемлекеттің негізгі
Келесі мәселе жалпы ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда болған субъектілік негізгі қорлардың (жеке меншіктегі құрылыс үй шарушылығы, шаруашылық басқа да субъектілер) салық салымы мен алымында жете бағаланды.
Қорыта келгенде, мемлекеттің де, салық төлеушілердің де мүдделеріне сәйкес үкімет және тиісті атқарушы органдар салықтарды төлеудің дұрыстығы мен уақтылығын үнемі бақылап отыруы қажет. Салықтық бақылау жүргізудің түрлерімен үлгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік бақылау түрлері, оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауды терең зерттелініп, содан кейін ғана мемлекеттік салық экономиканың және әлеуметтік қайта құруға сәйкес шешімдер мен ережелер бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсуге, қаржы-қаражат тұрақтылығына азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге және қауіпсіздігіне қол жеткізуге болмайды.
Салықтық бақылау деп – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді т.б. орындалуын қадағалау.
Салық бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.
Салық бақылаудың субъектісі – мемлекеттік салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган – салық комитеті.
Салықтық бақылау объектісі – салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Олар салық төлеушілер, салық агенттері, банктер, салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.
Салық төлеу пәні – тексерушілердің салық заңдары, Салық Кодексі, заңдылық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға, орындауға тиіс міндеттері.
Салық бақылаушының мақсаты – салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын алу.
Салық бақылауды жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру – тексеруші тұлға алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай салық бақылау – бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле беретіндігімен сипатталып (камералдық) түрі.
Салықтық бақылау өткізу уақыты – алдын-ала, қазіргі және ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады.
Салықты бақылаудың ішкі және сыртқы болып бөлінді, бақылау объектісі бір ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства аралық бағытттарға байланысты.
Салықтық бақылау – салықтық тексеру немесе тапсыру мақсатындағы бақылау болады. Салықтық бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне қарай салықтық тексеру құжаттық жәнеіс жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру – объектілердің сандық және сапалық жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару.
Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің электрондық бақылауы (САЭБ)» ақпараттық жүйесін енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Салықтық тексеру тексеруге дайындау тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін рәсімдеу, анықталынған салық заңын бұзушылықты жою үшін нұсқаманың қаулының орындалуын бақылау мерзімдерінен тұрады.
Салық кодескі бойынша салықтық тексерулер:
Салық менеджменті – салықты салуда және салықты өндіруді ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру – салық төлеушінің салық міндеттерін салық органы тарапынан заң аясында дер кезінде толық орындалуы. Салық міндеттемелері – салық төлеуші тіркеуге тұрған сәттен бастап салық кодексіндегі баптарға сәйкес салық түрлеріне қарай төлеуші болуына байланысты сол салық түрінің міндеттемелері Салықтық бақылау салық сомасын есептелінуін бақылау, есептелген салық сомасынан бюджетке өз уақытында және толық түсуін бақылауды жүргізілу шеңбері бар. Бақылау объектісіне қарай салық төлеушілер жеке тұлға мен заңды тұлға деп бөлінеді. Сонымен, салық менеджментінің құрамдас бөлігі оны өндіру мен салу кезіндегі салықтық бақылау объектісі болып табылады. Салықтық бақылаулдың ұйымдастыру барысы ғылыми негізделеді. Мысалы, салықты салуды ұйымдастыруда: есептелінетін салықты болжау мен жоспарлау, қабылдаған есептіліктегі салық сомасы және оны талдау, салық сомасының есептелінуін бақылау; салықты өндіруді ұйымдастыру: бюджетке түсетін салықтарды болжау мен жоспарлау, төленуге тиіс сомма мен оны талдау, салық соммасының бюджетке түсуін бақылау.
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау. Экономикалық және құқықтық әдебиеттерде салықтық бақылаудың мәні тек салық заңдылықтарын сақаталуындағы дұрыс есептелінуі мен төленуін бақылау деген тұжырнама кеңінен таралған. Бұл көзқарастар салық органдарының өздігінен шынайы өркениет жасамауына негізделінеді. Бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарынан тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің туындауынан,салық төлеушілердің салық жүйесіне деген теріс пиғыл әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл салықтық бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беруде. Бірақ соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономикалық және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойларды түйіндеп, оны әрі қарай дамыту қажет екенін көруге болады. Салықтық бақылаудың негізгі міндеті – заңды бұзған тұлғалардың жауапкершілікке тартылудан құтылып кету мүмкін еместігін түсіну. Әрине, ол үшін салықта бақылауды оны төлеушілерді түгелімен тексерілуі қамтылуы керек. Салықтық бақылаудың құқықтық қамтылу мәселелерін біздің ойымызша келесі тұрғылардан зерттеу қажет.
Салық жүйесінің функциялануының құқықтық базасының бақылауды жүзеге асыруға және оның тиімділігіне әсер етеді.
Салықты бақылаудың нәтижесі тек салықты төлеушілердің заңсыздығы мен қатар, салық органы қызметкерлері тарапынан жіберілетін ескерту керек. Салықтық құқық бұзушылықты талдау негізінен төменгі жағдайларда заң бұзушылықтар жиі кездеседі:
Салық
төлеушілердіңелеулі бөлігі өздерінің
салық міндеттемелерін есептеуі
және де салық органдарына
Салықтық бақылаудың қамту интервалы – тексерумен қамтылған объектілер санының жалпы объектілер санына қатынасы. Сонда интервал 0,01-ден 1,0-ге дейінгі аралықты қамтиды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті мәліметтері бойынша салық төлеушілердің тексерумен қамтылғандарының санының жалпы салық төлеушілер санына қатынасына тоқталатын болсақ тексерумен қамту санының коэффициенті:
Салықтық бақылау интервалы 1,0-ге жеткенде, бақылаумен барлық салық төлеушілер қамтылды деген сөз, бірақ ондай көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмай отыр.
Автордың ұсынысы бойынша салықтарды өндіруді бақылау коэффициентін (К) есептеуге келесі формуланы ұсынады;
K=Z/V
Мұндағы:
Z – қосымша есептелген салық сомасы
V – жалпы салық түсімдері.
Мысалыға келесі кесте мәліметтерін қараңыз:
1 кесте
- ҚР Салық комитетінің 2000-2004 жылдардағы
бақылау коэффициенті*
Рет саны | Кезеңдер | Қосымша есептелген салық сомасы - Z | Жалпы салық түсімдері - V | Бақылау коэффициенті - K |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 2000 жыл | 22,3 | 587,0 | 0,038 |
2 | 2001 жыл | 29,4 | 733,9 | 0,040 |
3 | 2002 жыл | 40,0 | 808,0 | 0,050 |
4 | 2003 жыл | 59,4 | 1004,6 | 0,059 |
5 | 2004 жыл | 68,3 | 1103,5 | 0,062 |
Ескерту - кестедегі 5-бағанды ҚР СК мәліметтерін пайдалана отырып автор есептеген. |