Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:14, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаттары – кәсіпорынның кассасына және есеп шотына сатылган өнімдерден, істелінген жұмыстардан, көрсеткен қызметтерден түсіп отырады. Ақша қаражаттарының шығысы мақсатты тұрде жұмсалады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айрысу үшін Қазақстан Республикасының юанк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттары 2.doc

— 159.78 Кб (Скачать)

    3) сатуға жарамды бағалы қағаздар - бұл сатуға арналған бағалы  қағаздар, өтеуге дейін ұсталатын  бағалы қағаздар болып табылмайтын  бағалы қағаздар.

    Сатуга  арналған бағалы қағаздар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды ең алғаш тану кезінде нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәміле жасау  кезіндегі шығындар осы бағалы қағаздарды алғашқы тану кезіндегі құнға  жатқызылады.

    Бағалы  қағаздардың әділ құны бір немесе бірнеше жалпы жұрт қабылдаған әдіс көмегімен анықталуы мүмкін. Бағалау  әдісі негізінде әділ құнын есептеу  кезінде нарық қатысушылары пайдаланатын бастапқы деректер жатады.

    Бағалы  қағаздардың әділ құны мәміле құнына немесе басқа нарық бағасына байланысты. Егер нарықтық бағаны сенімділіктің  жеткілікті деңгейімен анықтау мүмкін  болмаса,  онда әділдік  құны барлық болашақ төлемдер немесе ақша түсімдері  сомасы ретінде есептеледі. Сондай-ақ бағалы қағаздардың әділ құнын бағалаудың басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде ағымдағы әділ құнын анықтаудың негізі оны жүргізу уақытынан  бастап есептілік күніне дейін айтарлықтай  экономикалық шартта өзгерістер болмаған кездегі ең соңғы мәміле бағасы болады.

    Өтеуге  дейін ұсталатын бағалы қағаздар ең алғаш тану кезінде оларды алуға  жұмсалатын нақты шығындар бойынша  бағаланады. Мәмілені жасау кезіндегі  жұмсалған шығындар оларды алғаш  тану кезіндегі бағалы қағаздар құнына енгізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын  бағалы қағаздардың кейінгі бағалануы  пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданумен амортизациялық шығын жүзеге асырылады, себебі бұл бағалы қағаздарға әділ құн бойынша бағалау қолданылмайды. Сатуға арналған және сатуға жарамды  қағаздарды кейінгі бағалау әділ құн бойынша жүзеге асады.  

          3.3  Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі. 

    Қатаң есеп беру бланкілерінің   есебі баланстан тыс  1070 – «Қатаң  есеп беру бланкілері» шотында  жүреді, ол материылды есеп беретін  тұлғалар мен қоймадағы тұрғындардың  қозғалысы мен бары туралы  ақпараттарды шолу үшін арналған (акциздік маркісі, куәліктің  бланкісі, дипломдар, әртүрлі абонементтер, тамақтануға берілетін талондар,билеттер,тауарлы-трансторттық  ілеспе құжаттары т.б.). Бұл аталған   құжаттардың сақталу тәртібі  әрбір қатаң есеп беру бланкілері  бойынша белгіленеді.

     1070 – «Қатаң есеп беру бланкілері»  бойынша жасалатын шарушылық  операцияларын қарастырамыз. 

Қ қңұ ң            Шоттар корреспонденциясы
      дебет         кредит
   1                               2           3              4               5
  

   1

 
Қатаң есеп беру бланкілерін кәсіпорын  қабылдап, содан соң оны есеп беретін  қойма меңгерушісіне берген (автобуста жол жүретін билеті): өз бағасы (құны) бойынша
   5800000       1070                 -
 

   2

 
Кондуктор немесе жүргізуші арқылы сатылған билеттің құны мен саны есептен шығарылады
   5800000                 -       1070
 

     Моральдық тұрғыдан ескірген, пайдаланбаған,  бұзылған қатаң есеп беру бланкісі  баланстан тыс шоттан есептен  шығарылады. Кем шыққан қатаң  есеп беру бланкісі материалды  жауапты тұлғалардан өз құны  бойынша талап етіледі. Қатаң  есеп беру бланкісінің аналитикалық  есебін жүргізетін журнал  қосымша  құжаттарда келтірілілген.

          Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу

    Кәсіпорындар  банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі  1070 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарында келесі шоттар кіреді:

      1070 «Аккредитив ақша қаражаттары» шоты. Бұл шотта акредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Акредитив клиенттің тапсыруға өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындауы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша акредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар акредитивте көзделген құжаттардың ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккркдитивтермен  есеп айрысу. Есеп айырысудың мұндай нысанында  төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы  мәлемедеме өз банкінің бөлемшесіне  өзіне жіберілген ТМҚ шоты үшін төлем  жасаға арналған аккредитив қоюды тапсырады. Белгілі бір жеткізушілерге:

  1. Жабық (депонеттелген) немесе жабылмаған (кепілденген);
  2. Шақырылып алынатын және шақырылып алынбайтын аккредитивтер ашылуы мүмкін.

    Аккредитив алу үшін төлеуші  өзінің банкіне шарттары көрсетілген  өтініш береді. Оны орындаған  кезде жөнелтілген тауарлар немесе  орындалған қызметтер үшін жеткізушінің  есептік құжаттары төленуі мүмкін.Аккредитив  мерзімін сатып алушы 25 күн  шамасында белгілейді. Қажет болған  кейбір жағдайларджа жеткізудің  шарты бойынша жеткішушінің банкідегі  аккредитивтің әрекет мерзімі  алушының банкінің рұксатымен 45 күнге дейін ұзартылып белгіленуі  мүмкін.Мерзімді әдетте жеткізуші  мен төлеуші белгідеіді. Шоттар  бойынша төлем тауар үшін шоттар  тізілім көрсетілген бойда жеткізушінің  банкіне төленеді. Аккредитив мерзімі аякталалғаннан кейін төлем жсауға рұксат етілмейді. Жеткізушінің банкідігі аккредитивті жабу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

   1.Аккредитив мерзімі аякталғаннан  кейін;

   2.Жеткізуші аккредитивті одан  әрі пайдаланудан бас тартқан  кезде,

   3.Алушының өз банкі арқыдлы  жасаған өкімі бойынша.

    Аккридитивпен есеп айырысудың  есебі активтік 1070-«Аккредитивдгі  ақша» шотында жұргізіледі.

  1. Аккредитивке қаражат есептеу:

   А) меншікті қаражаттар есебінен  Д-т 1050 К-т 1040,1010

   Б) банк несиелері есебінен    Д-т 1070  К-т 3010

   2. Өнімдер мен қызметтер үшін  жеткізушілердің, мердігерлердің  төлем құжаттарын төлеу Д-т  4110 К-т 1070

   3. Ағымдағы жал бойынша берешекті  аккредитивпен жабу Д-т 3397 К-т  1070

   4. Пайдаланылмаған аккредитив қаражаттары  сол үшін аударым жасалған  шотты қалпына келтіреді Д-т  1050, 1040, 3010  К-т 1070

    Акредитив келесі түрлері ашылады:

    Жабылатын (депонеттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

    Жабылатын (депонентелген аккредиттивтелген) аккредитивті ашқан кезде банк эмитент  орындаушы баннке акредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылытын) оның билігіне беріп, ал өзінің міндеттеесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше  аккредитив бойынша төлем жасау  үшін пайдаланатын жағдаймен келісіеді.

    Қайтарып  алынатын аккредитивті банк – эмитент  бенефициармен алдын – ала  келіспей-ақ (мысалға, келісім шартта қаралған жағдайды сақтамаған жайдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк – эмитентарқылы  бенефициарға бере алады. Бірақ өзгертумен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

    Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмтитентін барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң. түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

    Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

    Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

    Трансферабелъдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіңдігін қарастыратын аккредитив.

    Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу төртібі  және оның мерзімі бенефициар мен  төлеушінің арасыңдағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің  түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде  жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу  үшін бенефициар ұсынған құжаттардың  толық тізімі және накты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын  талаптар, басқа қажетгі құжаттар мен шарттары болуы кажет.

    Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анықболуы  керек, яғни кайтарып алынатын ба, жоқ  әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай  аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің  пайдалану төсілі де анықболғаны  жөн: үсынған заматта "өленетін немесе бөліп-бөліптөлеуге болатын және аудармалы  вексельді акцептеу немесе негоциациялау  үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

    Аккредитив  бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың  тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің  шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын  құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге  дейін ұсынылуы жөне аккредитивтің  барлық шарттарының орыңдалғанын айғақтауы  керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынща төлеу  жүзеге асырылмайды.

    Бенефициар  банкісі аккредитив бойынша каржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде  делдаддық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдык  ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

    Бенефициар  банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шаттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделмегенін, ондағы бенефициардың  қолы мен белгіленген үлгіге сай  болуын тексеруге міндетті.

    Егер  аккредитивтің шарттарында уәкілтетті сатып алушының келісімі көзделген  болса, онда акцептік жазбаның бар болуы  және уәкілдің қолының ұсынылған  үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

    Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды  қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы көлік  құжаттарының нөмірі тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау - өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар  жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот – тізбесін төлеуге теруге болмайды.

    Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде  пайдаланылады, үшінші данасы шот –  тізбесінің қабылданғанын білдіретін қол хат ретінде жабдықтаушыға  беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік  құжаттарының қаттамасына және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін  банк эмитентке жіберіледі.

    Аккредитивті  қолма-қол ақша түрінде төлеуге  рұқсат етілмейді.

    Егер  аккредитивтің шоттарымен уәкілетті  сатып алушының акцепті көзделген  болса, онда аталған тұлғарлар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде  жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесеаккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға  міндетті.

Информация о работе Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі