Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:31, курсовая работа

Описание работы

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
3
1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
4
1.1 Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
4
2 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
5
2.1 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
9
2.2 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
10
2.3 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
11
3 Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
15
3.1 Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

3.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебi
22
3.3 Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу.
25
3.4 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
27
Қорытынды
30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

 

 

3.3 Ақшалай  қаражат қозгалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу

 

Ақшалай қаражат козғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына болуын қамтамасыз ету; бухгпалтерлік шоттарда көрсетілген мәлеметтердің шүбасыз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

Ақшалай қаражатты онай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік  белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты  күзетуге рұксат алу мүмкіндігіне тікелей  байланысты. Акшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындау тиіс:

  • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
  • қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығың есептеу;
  • касса тек қажетті қалдықты сақтау;
  • кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
  • ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
  • түсімді бақылау.
  • ақшалай шығындардарды бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есеп шоттардығы ақшалай қаражатты бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есептіқ (валюталық) шоттарды салыстыру.

Кассадағы ақшалай  қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін ( бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытыңдысы бухгалтерлік есептің мәлеметтермен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытыңдысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын  түгендеу нәтижелерін көрсету үшін колданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен  ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамға қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттарының сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады.Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсыған материалдарға жауапты ( қолма-қол ақшаны, ақшалай құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен  толық материалдық жауапкершіліқ  туралы шарт жасалды ма немесе «  Кассирдің міндетемесі» алынды ма, кассаның жарақтаңдырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма»?

Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер  жазылады және олар мынандай жазбалармен  рәсімделеді.

1020 «Кассадағы ұлттық  валютағы қолма-қол ақша» шот  дебеті

6280«Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс»  150  теңге

Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:

-анықталған кем шығу  сомасына шығындық кассалық ордер  жазылады

1430 «Кем шығу, құндылықты  бүлдіру» шот дебеті

1020 «Кассадағы ұлттық  валютадағы қолма-қол ақша» шот кредиті 5000 тенге - кем шығу кассир есебіне қойылды

1251 «Материалдық зиянның  орнын толтыру бойынша есеп  айырысулар» шот дебеті

1430 «Кем шығу, құндылықты  бүлдіру шығындары» шот кредиті   5000 теңге - кассирдің кем шығуды  өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)

1020 «Кассадағы ұлттық  қолма-қол ақша» шот дебеті

1251 «Материалдық зиянның  орнын толтыру бойынша есеп  айырысулар» шот кредиті.        

 

 

3.4 Ақша қаражатының  жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу  нысандары

 

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.

Прогрессивті несие  саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі несиелендірудің бүкіл жүйесінің  тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны  қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетгі есеп айырысуларды жүргізу  төмендегі мемлекеттік акционерлік  банктерге жүктелген: Тұран-Әлем банкі - өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте; Қазагроөнёркәсіпбанкі-агроөнеркәсіп кешенінде; Қазкредсоцбанк - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа да салаларында; Халықтық банк - елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Бюджетгік банк - бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан Эксимбанкі—экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет белгілейтін елдің экономикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісгі көтеруі /қайта құруы/ үшін мемлекет қаржы бөлетін субьектілерді несиелендіреді. Бұған қоса республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерге қызмет көрсетеді.

Ақша бірлігі ретінде  теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлтық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.

Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

есеп  айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджетгік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

бюджеттік шоттар-Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

корреспонденттік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.

Өзі орналасқан жерден тысқары  жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері /дүкендері, қоймалары жөне т.е./ бар  заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.

Уақытша есеп айырысу  шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға  арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.

Субьектіге валюталық  шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы  қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.

Есеп айырысулар толық  және тұрақты болуға тиіс. Олардың  негізіне мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қаражаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; аудару арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) гана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бакылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.

Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының  сақталуын және олардың мақсатына  сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.

Кәсіпорындардың банктер  арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылган өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) жөне тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп белуге болады.

Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген  басқа да операцияларды жүргізу  туралы өкімдерін орындайды.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы  белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, бухгалтерлiк  есеп бүгiнгi таңда басқару жүйесiнде  маңызды орындардың бiрiн алады. Ол үндiрiстiң, айналыстың, бүлудiң және тұтынудың нақты үрдiстерiн күрсетiп, кәсiпорынның қаржылық  жағдайын сипаттап, басқарушы шешiмдерiн қабылдаудың негiзi болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп Бухгалтерлiк есеп стандарттарында және Типтiк шоттар жоспарында бекiтiлген принциптерiне сәйкес жүргiзiледi.

Әр бiр кәсiпорын  үзiнiң қызметi барысында сатып  алынған тауарлар, күрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар үшiн  басқа  шаруашылық жүргiзушi субьектiлермен, бюджеттiк  мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиiмдiлiгi күбiне ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүредi. Қолма қолсыз ақшаның есебi есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегi арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебi арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебi касса операцияларының есебi бойынша жүзеге асады.

Барлық шаруашылық субъектiлер  ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Күп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма – қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу  тек қолма – қолсыз түрде жүзеге асу керек.

Ақша қаражаттардың  есебi мынадай алғашқы құжаттардың негiзiнде жүзеге асады:

  • төлем тапсырмасы;
  • нақты жарнаға хабарландыру;
  • төлем талап тапсырмасы;
  • кiрiс касса ордерi;
  • шығыс касса ордерi;
  • ақшалай чектер;
  • слиптер;
  • қаражатты депонирлеудiң төлем тапсырмасы;
  • банктiк күшiрмелер.

 Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттiм, яғни ақша қаражаттар есебi мәселелерiн тәжiрибе принциптерiмен ұштастырып, алған бiлiмiмдi нығайта түстiм.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Айтжанова Ж.Н. «Бухгалтерский учет, отчетность и аудит устойчивого экономического развития». Алматы 2002, 205с.
  2. Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского учета и аудита» Алматы 2001, 236с.
  3. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г. 432с.
  4. Әбдiқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлiк есеп және аудит». Алматы 2000ж. 168б.
  5. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлiк есеп», Алматы 2001ж., 236б.
  6. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп». Алматы 2001г. 330б.
  7. Радостовец В.К. и др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.
  8. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000г. 335с.
  9. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебi» Алматы 1998ж. 475 б.
  10. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген)
  11. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж. Заңы
  12. Бухгалтерлiк есептiң Типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы 2002ж.
  13. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары. Алматы, 1996ж.
  14. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2001ж.
  15. Қазақстандағы  Аудиттiң халықаралық стандарттары,2001ж.
  16. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Негiзгi бүлiм, 1996ж.)

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп