Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:31, курсовая работа

Описание работы

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
3
1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
4
1.1 Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
4
2 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
5
2.1 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
9
2.2 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
10
2.3 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
11
3 Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
15
3.1 Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

3.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебi
22
3.3 Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу.
25
3.4 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
27
Қорытынды
30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

 

Кесте-2 жалғасы  

1

2

3

Жабдықтаушылардан алынған тауарлар үшін берешек сома есеп айырысу шотынан  аударылды

4110

1031

Ұзақ мерзімді жал төлемі есеп айырысу  шотынан аударылды

4150

1031

Құнды қағаздарды сатуға байланысты кеткен шығындар сомасы есеп айырысу  шотынан төленді

7413

1031

Еңбекақы,зейнетақы және тағы да басқа  төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу  шотынан кассаға ақша алынды

2731

1031


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары

 

3.1  Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар  есебi

 

 

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмалық , аккредитивтік, чекпен есеп айырысу, төлем-талап тапсырмалық нысандары.

1. Төлем тапсырмалық  нысан.

Қазіргі жағдайда қолма-қол  ақшасыз есеп айырысудың ең кең тараған  нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы кейінгі төлемнің операциясын жүргізудің дәйектілігі төмендегідей:

  1. Тауар жеткізуші келісім шартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін төлеушінің атына фактура шот ұсынады.
  2. Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем тапсырмасының  жинақтамасын толтырып, оған фактура шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін банкіге тапсырады.
  3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен кейін банк көрсетілген соманы сатып алушының есеп шотынан шығарады да : а. Тауар жеткізушінің есеп шотына түсіреді. Егер олардың шоттары сол банкте болса.

 б. Басқа банктегі  тауар жеткізушінің есеп шотына  аударады.

4. Тауар жеткізушіге  қызмет көрсететін банк түскен соманы соның есеп шотына есепке жатқызады.

2.Аккредитивтік нысан

Аккредитивтік нысанды  қолданғанда құжаттардың айналымы келесі түрде өткізіледі:

  1. Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өнлірілген тауарының жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив ұсынуын талап етеді.
  2. Сатып алушы бұл хабарды алғаннан кейін өзіне қызмет ететін банкке белгіленген тәртіп бойынша аккредитивтік өтініш береді.Ол өтініште аккредитивті қандай жағдайда пайдалануға болатынын көрсетеді.
  3. Сатып алушыға қызмет ететін банк көрсетілген ақшаны сатып алушының есеп шотынан шығарады да, оны аккредитивтер деген шотқа жатқызады.
  4. Тауар жөнелтушінің банкісі аккредитивті сомасын “төленетін аккредитивтер”деген шотқа есепке алады және бұл жөнінде тауар жөнелтушіге хабарлайды.
  5. Тауар жөнелтуші шартта көрсетілген талаптарға сәйкес дайындалған өнімін сатып алушыға жөнелтеді. Сонымен қатар тауардың жөнелтілгенін дәлелдейтін барлық құжаттарды өз банкісіне тапсырады.
  6. Бұл банк тиісті соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына түсіреді.

 

3. Чекпен есеп  айырысу нысаны 

Бұл қай жағынан  алып қарағанда да өте ыңғайлы нысан. Осы нысанмен есеп айырысу үшін тауар  сатып алушы өтініш беріп, өзіне  қызмет ететін банктен 10,25,50 чегі бар  чек кітапшасын сатып алады. Чектің бұдан былай қозғалысы мынадай:

  1. Сатып алушы алмақшы болған тауарды іріктеп алады да, оның сомасына чек жазып береді.
  2. Чек ұстаушы сол чекті келесі күні ( тәртіп бойынша 10 күннің ішінде ) сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
  3. Сатып алушының банкісі бұл чектің сомасын тауар жіберушінің есеп шотынан есепке алады.Егер оның есеп шоты басқа банкіде болса, тиісті соманы сол банкке аударады.

            Банк чек берушіден ( немесе  чек ұстаушыдан ) чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайлары  анықталса:

    • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
    • чектің мерзімі өтіп кетсе;
    • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
    • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
    • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
    • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
    • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
    • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
    • чектің басқа да дефектілері бар болса.

4. Төлем-талап  тапсырмалық нысаны

  Есеп айырысудың  төлем-талап тапсырмалық нысаны былай жүзеге асырылады:

  1. Тауар жөнелтуші тауарын жөнелткеннен кейін шарт бойынша төлем-талап тапсырмалық нысанға сәйкес құжаттың жинақтамасын толтырады. Содан кейін сол құжатты тауар, көлік, жүк құжаттарымен бірге сатып алушының банкісіне жібереді.
  2. Ол банк бұл құжаттарды төлеуге келісім беру үшін сатып алушыға береді.
  3. Банктік 3 күннің ішінде сатып алушы ұсынылған төлемді не толығымен, не ішінара төлеуге келісімін береді.Өзінің шешімін сатып алушы құжаттың керек бөлігіне жазып, қайтадан банкке тапсырады.
  4. Бұл банк тиісті соманы сатып алушының шотынан шығарып, тауар жөнелтушінің банкісіне аударады.
  5. Ол банк түскен соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына есепке алады.

Кәсiпорындар ұйымдар, фирмалар үздерiнiң ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесiнен арнайы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредетивтердегi ақшалай қаржылар, чек кiтапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегi арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелiнедi.

Аккредитивтермен  есеп айырысу. Шаруашылық субъектiлер 1061- «Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегi ақша қаражаттарын есептейдi. Негiзiнен есеп айырысудың бұл түрi басқа қаладағы (субъектi орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшiн қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрi басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келедi. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы үзiне қызмет күрсететiн банк мекемесi арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет күрсететiн банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бұл түрi 1931 жылдан қолданылып келедi. Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнiң дер кезiнде түленуiн қамтамасыз етедi.

Аккредитив-сатып алушыға қызмет ететiн банк мекемесiнiң осы кәсiпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектiсiне қызмет күрсететiн банк мекемесiне тауарларының жiберiлгендiгiн немесе қызметтерiнiң күрсетiлгендiгiн дәлелдейтiн құжаттар бойынша төлем түлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бiр ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтiң  мерзiмi жабдықтаушы мен сатып  алушының арасындағы келiсiм-шартқа сәйкес бекiтiледi. Бұл шартта мыналар күрсетiлуi қажет:

  1. Түлеушiнiң тапсырмасы бойынша аккредитивтi ашқан банктiң  (банк имитенттiң) аталуы
  2. Аккредитивтiң түрi және оның орындалуы мен пайдалануының әдiсi мен тәсiлi
  3. Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшiн жабдықтаушының үзiне қызмет ететiн банкке тапсыруға тиiстi құжаттардың толық тiзiмi және нақты сипаттары
  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жүнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтердi орындағаннан кейiн құжаттардың банк мекемесiне тапсырылу мерзiмi және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
  5. Басқа да керектi құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердiң «үтелiнген» (депоненттелген) және «үтелiнбеген» (депоненттелiнбеген) - деп аталатын түрлерi ашылуы мүмкiн. Аккредитив сонымен қатар «керi шақырылатын» және «керi шақырылмайтын» болып екi түрге бүлiнедi.

Тапсырыс берушiнiң  үзiнiң шотындағы ақша қаражаты есебiнен  немесе оған күрсететiн банкiнiң берген несиесiнiң есебiнен жабдықтаушы  кәсiпорынға қызмет күрсететiн банкке келiсiм - шарт бойынша алдын ала  аударылған қаржысы - «Өтелiнген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледi.

Ал сатып алушы кәсiпорын  мен жабдықтаушы кәсiпорындарға қызмет күрсетушi банк мекемелерi арасында аккредитивте күрсетiлген қаржы сомаларын  аударуға тек қана келiсiм-шарт жасалынып келiсiлген, яғни ақша әзiрге аударылмаған болса онда бұл - «Өтелiнбеген аккредитив» түрi қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу жайлы  келiсiм-шартта қарастырылған келiсiмдердi үзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы түлеушi шаруашылық субъектiнiң  ғана құқы болса, ондай аккредитив - «Керi шақырылатын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивтi ашу үшiн  төлем түлеушi кәсiпорын үзiне қызмет күрсететiн банк мекемесiне арыз бередi және сонымен қатар мына құжаттарды күрсетулерi қажет:

  1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектiсiнiң аты.
  2. Аккредитив ашылатын келiсiм-шарттың күшiрмесi.
  3. Аккредитив ашылатын банктiң аты.
  4. Аккредитивтiң орындалатын уақыты және жерi.
  5. Аккредитивтен төлем түлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.
  6. Аккредитивтiң түрi.
  7. Аккредитивтiң қандай тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа төлем түлеуге арналғандығы және оны түлеу үшiн банк мекемесiне табыс етiлетiн құжаттардың тiзiмi.
  8. Аккредитивтiң сомасы.

Аккредитивтен қаржы  алу үшiн жабдықтаушы кәсiпорын  тауарды тиеп жiбергеннен кейiн аккредетивтiң шартында қаралған құжаттарды банк мекемесiне табыс етедi. Бұл құжаттар аккредетивте күрсетiлген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың бiреуi орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы түленбейдi. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсiпорынның үкiлi шотты акцептеуi керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет күрсетушi банкке мына құжаттарды күрсетуi қажет:

  1. Түлқұжат немесе оның орнына жүретiн басқадай құжаттар.
  2. Аккредитив ашқан кәсiпорын берген iс-сапарлық куәлiк пен сенiмхат.
  3. Өзiнiң қолтаңбасының үлгiсi.

Жабдықтаушысының банкiсiнде  аккредитив мынадай жағдайларда  жабылады:

  1. Аккредитивтiң мерзiмi бiткенде.
  2. Аккредитивтi жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып  алушының (түлеушi субъектiнiң) банкiсiндегi тиiстi шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1061-«Аккредитивтердегi ақшалай  қаржылар» шотының дебетiне қай  шоттан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1031-шотының, валюталық шоттардын аударылса: 1032 немесе 432 шоттардың, банктерден алынған несиелердiң есебiнен аударылса: 3010-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердiң несиелерi есебiнен аударылған болса: 3020 немесе 4030 - шоттың кредитiне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен түленген сома бухгалтерияда 4110-«Мердiгерлдер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотының дебетiне 1061-«Аккредитивтегi ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитiне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайдаланылмаған немесе жұмсалынбаған сома 1031, 1032, 432, 3010, 3020 және 4030-шоттардың тиестiлерiнiң дебетiне, 1061-шоттың кредитiне жазылады.

Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесi (чек берушi) үзiнiң шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгiлi бiр сомасын аудару жүнiнде үзiне қызмет күрсететiн банкке чек түрiнде жазбаша тапсырма бередi. Чектер алынған үнiмдер, күрсетiлген қызметтер үшiн есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесiнде» күзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер үтелген және үтелмеген болып бүлiнедi. Бiрiншiсi – депозитпен үтелген, екiншiсi – алдын – ала депозитпен үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуi жүнiнде банк кепiлдемесiне ие болуы мүмкiн, соның iшiнде үтелмеген чектер бойынша да. Чек берушi мен банктiң құқықтары мен мiндеттерi чектi қолдану келiсiм – шарты негiзiнде туындайды. Яғни, чек берушi банкi клиентi – чек берушiнiң (заңды немесе жеке тұлға) чектерiн түлеу мiндеттерiн үзiне алады, ал клиент үзiне банктiң белгiлеген чектi беру және қолдану тәртiптерiн сақтау мiндетiн жүктейдi. Чек ұстаушы құқықтары чек берушiден чектi алу моментiнен бастап туындайды.

  Чек кiтапшасын  алу үшiн банкке үтiнiш берiледi. Лимиттелеген чек кiтапшасы иесiнiң жеке шотындағы қаражаты депоненттеуге арналған, субъектiнiң шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мүртаңбасы қойылып, оған қоса берiледi. Чек кiтапшасының лимитi чек жазып берiле алатын және банк түлеуге тиiстi шектi соманы бiлдiредi. Ол банк белгiлеген сомадан кем болуы мүмкiн емес, бiрақ тауарлар мен қызметтердi түлеуге арналған қаражаттардың айлық тұтынысынан әдетте күп болуы да мүмкiн.

Информация о работе Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп