Ақша айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.

Содержание

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым

ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері

IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау

IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар. 
Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. 
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. 
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары

арқылы жүзеге асырылады. 

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының

көмегімен реттеледі: 

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; 
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; 
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы

операцияларды жүргізу; 
- анктерге және үкіметке несие беру; 
- валюталық нарықтағы басқыншылық; 
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; 

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

2. Ақша – несие саясатының түрлері

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және

жүзеге асыратын орган болып табылады. 

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының

жиынтығы жатады. 

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының

екі типі болады: 
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты; 
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты. 

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы. 
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар. 
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: 

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу; 
- Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу; 

- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу; 

- Банктерге және үкіметке несиелер беру; 
- Валюталық нарыққа интервенциялау; 

Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу. 
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықта¬ғы операциялар. 
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мы¬надай ресми сыйақы

мөлшерлемелерді белгілейді: 
- ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі; 
- ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлемесі; 
- РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйакрі мвлшерлемесі; 
- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мәлшерлемесі; 
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі. 

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады. 
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді

қайта есептеуде қолданылады. 

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің

елеулі ауытқуын болдырмау. 

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары

бойынша крлданылады. 

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты

Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау. 
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Респуб¬ликасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін

біріне айналды. 

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республика¬сы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. 

Ақша-несие саясаты: 
- қайта қаржыландырудың ресми ставкасын; 
- ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін; 
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін; 

- ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады. 
Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді. 
Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойын¬ша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта кар¬жыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді. 
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жузеге асы¬ратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді. 
Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40

проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді. 

Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді. 
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде

айыппұл салынып, ендіріліп алынады. 

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді. 
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу бо¬лып табылады. 
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда

қолдануға құқылы. 

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай

операция түрлерін жүзеге асырады: 
1) қарыздар беру; 
2) депозиттер қабылдау; 
3) валюталықинтервенциялар; 
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару; 
5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен; 
6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу; 
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар. 

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді. 
Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды. 
Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы. 
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады. 
Депозиттерді тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы. 
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы. 
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік

бағалы қағаздар. 

Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады. 
Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммер¬циялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді. 
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жал¬пы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады. 
Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы ва¬люталык қатынастарды реттеу туралы». 
Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да

пайдалануға құқылы. 

Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады.

Информация о работе Ақша айналымы