Ақша айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.

Содержание

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым

ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері

IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау

IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.


Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне мартеиал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс)

өлшей алады.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ

өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген нарықтық бағаға айналады.Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) – Т (тауар).
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның

құнсыздануы инфляция жол береді.
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және

сатып алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде

қоғамдық қорлану формасында;

2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында. 
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс – маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты СДР атқарады.

Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талап¬тар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады. 
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланыс¬ты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап

отыруға тиістілігін білдіреді. 

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады: 

1. Міндетті резервтер; 
2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі. 

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

1. Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді. 
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валюта¬сы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады. 
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді. 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату

нысанында жүзеге асырады. 

Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады. 
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банк¬ноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. 
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардьщ белпленген күнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында толемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады. 
Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары

баспасөзде жарияланады. 

Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Үлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды. 
Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес. 
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады. 
Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Прези¬дентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді. 
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру молшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. 
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. 
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті. 
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде

қызмет етеді. 

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. 
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған. 
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті. 
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, не¬сие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табы¬лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол

ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. 
Ақша-несие саясатының түрлері 

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: 

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты; 
2) экспанциялық ақша-несие саясаты. 

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. 
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын

қамтамасыз ету. 

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат: 

а) экономиканың өсуі; ә) толық жұмысбастылық; 
б) бағаны тұрақтандыру; в) төлем балансын тұрақтандыру. 
Аралық мақсат: 
а) ақша жиыны; ә) пайыз мөлшерлемесі; 
б) айырбас курсы. 
Құралдары: 
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; 
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі; 

Информация о работе Ақша айналымы