Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:56, курсовая работа
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.
КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым
ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым
ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Ақша- маңызды тауар
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.
Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық ерекшеліктері бар:
-оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;
-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ формасы
қызметін атқарады;
- оның қүрамындағы жеке еңбек тікелей коғамдық еңбек ретінде орналасады. Тауар мен ақшаның айырмашылығы оның тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын, ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да қатысты. Сонымен қатар , ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады.
Тауардың ішкі қарама-қайшылығы – бұл тұтыну құны мен құндылықтың арасынан айырбас процесінде ê¼ðóãå болады. Сондықтан тауарларды меншіктеп -тауар және ақша òүрінде бөлінеді . Ақша-жалпыға бірдей тікелей айырбасталатын, тұтыну құнына ие спецификалық тауар болып табылады.
Сонымен бірге, тікелей жөне жасырынды қоғамдық сңбектің арасындағы қарама-қайшылығы тауарды айырбас арқылы жүргізілгеннен көрініс алады. Тауар-өндіруші керек емес затты қоғамға ақшаны өндіріп алу үшін сата алмайды, сол сияқты оның жеке еңбегі мұндай жағдайда қоғамда ешқандай орьш алмайды. Егер ол тауарды сататын болса, онда оның тауарының қоғамга кажет болғаны. Жеке өндірушінің тауарды ақшаға сатқаны, олардың ецбегін қоғам бағалағанын байқауға болады.
Сондықтан, ақша-жалпыга ортақ балама ролін атқарушы спецификалық тауар болып табылады . Тауар шаруашылығында олар жеке өндірушілердің қоғамдық
еңбегін есепке алатын механизм болып табылады.
2.2. Ақша-айналым құралы ретінде
Ақшаның атқаратын әрбір функциясы тауар айырбас процссінен ксліп шығатын тауар өндірушілердіц байлалыс формасы ретінде әлеуметтік-экономикалық жағының ақша мазмұнын көрсетеді. Ақша бірнеше функцияны атқарады:
-құн өлшеуші;
-айналым құралы ретінде;
-қорлану құралы ретінде;
Ақша айналым құралы функциясы кезінде тауарды өткізу уақытында делдал болып табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде оның айналым сферасына үнемі итере отырып, тұтьнушыға жеткізе де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді. Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмсйтін кеңістікті жеңе аламыз.
Айналымнан кететін, өз қүньн өткізіп қоятын, ақшаның тауардан айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, біздс ақша айналым құрал функциясын атқаруда - мемлекеттік, коопсративтік, коммерциялық саудада, базарда тауарды
сатып алу кезінде орындалады.
Ақшаның айналым құралы ретінде атқаратын функциясының ерекшелігі келесідей
болып табылады:
1. ол нақты ақша түрінде орындалады;
2. бұл функцияда ақша-тауар айырбас кезінде делдал болып қызмет атқарса , онда оны нағыз ақша емес/алтын/, оның орнын басатын-ақша белгісі орындайды.
Ақша айналым құралы функциясын және қажетті айналым санын орындағандықтан, сатылған тауарлар бағасы мсн массасы арқылы анықталады. Егер ақша массасы тауар массасынан жоғары болса, онда бұл олардың
құнсыздануына -инфляцияға әкеледі.
2.3.Ақша құн өлшеуші
Құн өлшеу функциясы - тауар өндірісі жағдайындағы нәтижесінен келіп шығады. Бұл дегсн, оның бағаны анықтау кезінде делдалдық қызметті атқаруда, барлық тауарлардың құнын өлшейтін қабілетке ие болып келеді. Материалдың құны болып тек сол тауар өзінің меншікті құнынан тән болса. Сондықтан, алтынды қазып алу үшін жұмсалатын қоғамдық еңбек қүнды жасаушы болып табылады. Сол себепті бұл функцияны толық ақшалар /алтындар/ орындайды. Ақша еңбекпен жасалатын
құнды көрсете алады.
Ақша құн өлшеу функциясы кезінде оймен ұсынылады. Тауар бағасын белгілеуде-оны тауар формасына айналдыру, тауарды ақшаға айырбастамастан бұрын оның қүны өлшенеді. Тауарды өлшеуде нақты ақшаның қажеті болмайды, себебі еңбек өнімін теңестіру оймен жүзеге асырылады. Сондықтан, ақша тауарды өлшемейді, қайта тауар ақшаның көмегімен өлшенеді, себебі олар ақша сияқты адам еңбегінің
өнімі болып табылады.
Тауар ақшалай көрініс құнын тапқан соң, баға түрінде көрсетіледі. Ақшаның айналым кезінде алтынның бағасы болмады. Ақшаға баға коя алмайсың, оны құны
өзімен анықтала алмайды.
Ақша бағаның орнына-тауар санын керсететін, оны сатып алу қабілетіне ие. Құн өлшеу функциясы тауардьщ ақшаға қатынасьн көрсететін жалпы балама сияқты. Бірақ, тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға масштабы-бұл бір елдің ақша өлшеміне алған және барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін қызмет атқаратын металдың салмақ мөлшері болып табылады.
2.4.Ақша қорлану құралы ретінде
Қорлану құралы – бұл болашақта сатып алу қабілеттілігін қамтамасыз ететін және тауар мен қызмет керсетуді сатқаннан кейін сақталатын активтер. Активтер – бұл қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік, игіліктер, ақша қаржылары, құнды қағаздар, ресурстар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте қолданылатын немесе оларды жұмсаушы субьекті үшін табыс көзі ретінде пайдаланылуға болатын қоғамдық байлықтың барлық элементтері. Мысалы, адамдар өз байлықтарын бағалы, үй, акция және облигация т.б, көптеген түрде сақтай алады. Ақша осы функцияны орындауда қолайлы болып келеді, себебі оған өтімділік сипаты тән. Өтімділік-бұл активтерді төлем құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мен активтердің номиналды құнын өзгертпестен сақтау қабілеттілігі болып табылады. Анықтау бойынша ақша өтімділікке бүтіндей тән. Олар төлем құралы ретінде пайдаланылатын болғандықтан және олар өлшеу функциясын орындағандықтан, баға масштабында номиналды құнын өзгертпейді.
Мысалы 1. Федералды үкіметтің қысқа мерзімді құнды қағаздарды шығарғанына қарағанда, жеке корпорациялардың айналымға шығарған акция мен облигациясынын өтімділігі төмен. Бұл активтердің бағасы уақыт ағынында маңызды түрде қатты өзгеріп отырады жоне жасалатын келісімде басқа құнды қағаздарға қарағанда, оның төленетін төлемі жоғары.
Мысалы 2. Қозғалмайтын мүлік/ үй,әмбебап,ферма / өтімсіз болып келеді. Бұл қозгалмайтын мүліктің нарықты бағасы өте өзгермелі жәнс оны келісім жасағанға шейін айту қиын. ‡йді сатып алушы-ны немесе жерді сатып алушыны іздеу көп уақыт алады, ал келісім жасағандағы шығыңдар /жарнама беру, заңды түрде орналастыру төлемі/ одан да жоғары болуы мумкін.
Міне, нақты ақшаны кейбір банк есеп-шоттарына салу, меншік иелеріне ешқандай
проценттік табыс әкелмейді.
Инфляцияның жиі болуына байланысты ақша қорлану құралы ретінде өзінің жоғары өтімділік тартымдылығын жоғалтады. Егер күннен күнге доллар немесе теңгеге аз тауар сатьш ала алатын болсаң, онда адамдар сол уақыт аралығында ақшаның құнын ақша формасында сақтағысы келеді. Бізге белгілі, мысалы, кейде гиперинфляция кезінде жүмысшылар ай сайынғы еңбек ақы емес, күнделікті еңбек ақыны талап етеді. Себебі, олар өз ақшасын келесі күнге бағаның өскеніне шейін жүмсағысы келеді. Гиперинфляция – бұл инфляцияның жоғарғы темппен өсуін көрсетеді, яғни жылына бірнеше 100 процентке деңгейі жетуі мүмкін.
Гиперинфляция орын алған елдерде жергілікті валюта - қорлану құралы ретінде, құн өлшеуші ретінде бөлшектеп қолданылмауы мүмкін. Көп адамдар өзінің ұлттық валютасын жаратқысы келмей, тікелей ақшаны долларға немесе басқа елдің ұлтгық валютасына айырбастайды. Кейін сауда жасаған кезде қайта айырбастайды.
Ақшаның қорлануы - тауар өндірісінің үздіксіз дамуына қажетгі жағдай болып табылады. Тауар өндірісі жағдайындағы қорлану екі формада жүргізіледі:
- банктердің, кәсіпорындар, ұйымдардың есеп-айырысу және депозиттік есеп шотындағы ақша құралының қалдықтары түріндегі коғамдық қор;
-халықтың банкіге салымдарды салу, облигация түрінде сақтаудың жеке қоры.
Тауар өндіруші өзінің, өндірісін кеңейту үшін яғни құрал-жабдықтарды, шикізатты, отынды сатьш алу үшін тапқан табысының бір бөлігін ақша формасында жинау қажет. Сонымен бірге, ақшаны жинауға жеке тұлғалар да тырысады /мысалы: керекті заттарды сатып алу үшін машина, үй /
Тарау 3. Ақша айналымы және ақша жүйесі
3.1 Ақшаның шығу тарихы
Ақша ерте заманда пайда болды. Ол өнімнің және міндетті түрде тауар өндірісінің даму шарты болып табылады. Ақша ертеден бастап болған соң, ол адам өркениеті дамығанда немесе одан бұрын болуы мүмкін. Ғасыр бойында ақша үнемі өзгеріп отырады және оның қазіргі жағдайы бітетін және соңғы фаза болып табылмайды. Ақша жаратылысын ізденудегі маңызды жаңалық (немесе ашу) – бұл оның тауардан пайда болуы. Айырбастың дамуы келесідей құның формасы жолымен туындады :
1. қарапайым немесе кездейсоқ, яғни ерте кезде бір тауар басқа тауардың құнын көрсететін еді, (құндары бір- бірімен сәйкес келуі керек ).
2. толық немесе өрістетілген (дамыған) - айырбастың дамуына байланысты құнын көрсететін форма. Мұнда ірі қоғамдық еңбекті бөлумен, мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысатын тайпаға бөлуге тура келді .
Осыған байланысты бұған көптеген қоғамдық еңбек заттары жатады, ал әрбір тауар
көптеген тауарға қарама - қарсы тұрады;
3. жалпыға ортақ, құн формасы. Тауар өндірісінің және айырбастың болашақта дамуы жергілікті базарда (маңызды ) басты айырбас ролін атқаратын, жеке тауарлардың тауар әлемінен бөлініп шығуына әкелді (тұз , жүн, мал және т. с.с.) немесе тауар әлемінен тауарды бөліп қарауға әкелді . Бұл форманың ерекшелігі тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ, әр түрлі уақытта оны алма кезекпен түрлі тауарлармен алмасып орындап отырды .
4. ақшалай формадағы құны - келешекте айырбасқа түсетін бір тауардың нәтижесі жалпыга ортақ эквивалент екендігіндегі ролін бөліп корсетеді . Айырбастың дамуы мен әлемдік базарды құрудагы мұндай роль асыл металдар мен - алтын және күміспен бекітілген.
3.2 Металдық, қағаз ақша және несие ақшасыныц даму эволюциясы
Ақша бірнеше тауарлар (мал, жүн және т.б) ролін атқарғанда және көптеген қүн формасынан өткенен кейін адамзат метал түріндегі ақша айналымына келді. Металдың ақша түрінде қызмет атқару процесінен бірте - бірте теңге {монета ) ақшалар келе бастады .
Теңге (немесе монета)- бұл сыртқы көрінісі, салмағы бар, заңмен белгіленген формадағы металдан жасалган ақша белгісі .
Мемлекет - сынаманы (теңгедегі металдың құрамы ), мөлшерін , түрін , эмиссия тәртібін және т.б . белгілейді.
Егер теңгенің номиналды құны ондагы металдың (алтын, күміс) құрамының құнымен сойкес болса, онда ол толық бағалы ақша . Теңгенің ақша айналым тарихында келесідей ұғымдар бар: 1.Биметализм -қос металды валюта : күміс пен алтын заңды төлем құралы болып саналатын ақша жүйесі. Бұл жүйе бойынша
күміс пен алтын айналымда тең праволы.
2. Монометализм - ақша жүйесі , бұл жүйеде бір метал жалпыға бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде қолданылады, яғни кұн өлшемі ретінде тек бір ғана метал (күміс, алтын) қолданылатын ақша жүйесі .
Метал түріндегі ақша айналымының спецификалық заңы метал ақшаның айналым сферасынан қазынаға үнемі орын ауыстыру нәтижесінен және керісінше , толық бағалы ақшаның айналымдағы саны тауар және төлем айналым тұтынушылығына бейімделуінен тұрады, яғни айналым үшін кажетті ақша санымен теңестіріледі .
Қағаз ақшаның пайда болуы - капитализм тұсында тауар өндірісінің дамуына байланысты ақшаны қосымша тұтыну айналымы мен метал түріндегі айналымының объективті заң қалыптылығымен негізделеді .
Қағаз ақша – бұл лажсыз номинал берілген, әдетте тиынға пайдаланбайтын және мемлекет өз шығындарының орнын толтыру үшін шығаратын ақша белгілері.
Метал ақшадан қағаз ақшаға өтудің бірқатар себептері бар:
1. Метал түріндегі ақша айналымы өте қымбатқа түседі және капитализмнің дамуы мен мәні бойынша мүмкін емес болып келеді, өйткені айналым құралында - шаруашылықта тұтыну өсімінен құнды металдар артта қалып қояды. Метал ақшаның орнына қағаз ақшаның келуі ақша айналымында шығындарды үнемдеуге
қабілетті болып келеді.
2. Теңгенің өшірілуі жөне тозуы .
3. Қағаз ақша белгісінде шығарьлу құны мемлекет шығын орнын толтыру үшін керек б .т.
Мемлекет кез келген мөлшерде қағаз ақшаны айналымға шығара алады, бірақ оны сатып алу күшіне ендіруге қабілетті емес. Бірақ, артық шығарылған қағаз ақша олардың құнсыздануына алып келеді.
Қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни артық ақшаның шығарылуы ақша айналымының заңының бұзылуына әкеледі. Мұны инфляция деп атайды .
Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерден болады:
- әскери және өндірілмеген шығындар , бюджет тапшылығын жабу үшін айналымға артық ақшаның шығарылуы ;
- төлем балансының пассивті түрде болуы . Бұл кезде әлсмдік ақшаға сияқты алтынға деген сұраныс өсіп кетті , ал қазіргі жағдайда тұрақты валюта деп аталады . Тұрақты валюта - меншікті айналымына, сондай –ақ басқа валюталардың курсына қатысы бойынша тұрақты валюта, ал алтынмен және басқа құндылықтармен
қамтамасыз етілген;
- еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқартылуы және тағы басқалар .
Қағаз ақшаның құнсыздануы экономикамыздың тұрақсыздығына әкеледі.
Несие ақшалары – бұл несие қатынасының дамуынан туындаған ақша формасы; қазіргі төлем есеп айырысу механизмінің негізі . Несие ақшасы кредиторляр мен несие алушылар арасында ссудалық капиталдың жүру қозгалысын көрсетеді .
Несие ақшасының негізгі түрлері: вексель, банкнот, чек, несие карточкасы жатады.
Вексель - халықаралық саудадағы төлем міндеттемесінің кең тараған формасы. Бұл вексель ұстаушының белгілі уақытта вексель сомасын төлеуге право беретін борыш міндетгеме қағазы б.т. Вексель коммерциялық несиенің пайда болуынан несие саудасының негізінде туындады.
Коммерциялық несиелеу - бұл сатушылар сатылған тауарларға төлсмді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар күйінде беретін кредит, яғни кәсіпорындардың бір- бірін несиелеу . Вексельдің екі түрі бар:
қарапайым және аударымды .
Жай вексель - бұл қарыз алушымен жазылады . Мұнда вексель ұстаушының вексель берушіге белгілі сома ақшасын міндеті түрде төлеу міндеті .
Аударым вексель - ол бір адамның екінші адамға белгіленген мерзімінде белгілі бір соманы үшінші адамға төлеу жөніндегі сөзсіз орындалуға тиісті ұсынысы б.т. Сондықтан вексель ақша есеп айырысу мен несиенің құралы б.т.
Несие ақшасының кең тараған түрі банкнот б.т. Банкнот - капитализмнен бұрын вексель айналым базасында пайда болды. Ол вексель мен қағаз ақшадан ерекшеленеді. Банкноттың вексельден ерешелігі :
- мерзімі бойынша: вексель мерзіміне қарай борыш міндетгемесін көрсетеді (3-6 ай ), ал банкнот мерзімсіз борыш міндетемесін көрсетеді ;
- кепілдік бойынша : вексель айналымға жеке кәсіпкерлермен шығарылып, жеке кепілдікке ие болса, ал банкнот қазіргі кезде орталық банкілермен шығарылып және мемелекетгік кепілдікке ие. Банкнот айналымы - айтып өткендей орталық банктср шығарган банк билеттерінің айналым құралы мен төлем құралы ретінде қолданылады .
Чек – бұл арнаулы құжат, онда чскке қол қойған адамның ағымдагы шот есебінсн белгілі бір соманы бсру немесе аудару туралы банкігс берілген жазбаша құжат.