Ақша айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.

Содержание

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым

ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері

IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау

IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

дүниежүзілік ақша.[3]

Ақшаның теориялары

Толық мақаласы: Ақшаның теориялары

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:

Ақшаның металдық теориясы;

Ақшаның номиналистік теориясы;

Ақшаның сандық теориясы.

Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.

Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.

Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.

XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871—1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.

Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері алтын монета стандартын қалпына келтіру қажеттігін мойындай отырып, алтын монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз стандартын енгізуге арналған өздерінің теорияларын жасады.

Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.[3]

Ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналысы және оның заңы

Толық мақаласы: Ақша айналысы және оның заңы

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.[3]

Инфляция

Толық мақаласы: Инфляция

 

2010 жылғы Әлемдегі инфляция деңгейі

Инфляция (лат. inflatio — «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.[4]

Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Ақша массасы және ақша базасы

Толық мақаласы: Ақша массасы және ақша базасы

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша базасы — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.[3]

Ақша жүйесі

Толық мақаласы: Ақша жүйесі

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[5]

Ақша жүйесінің типтері

Толық мақаласы: Ақша жүйесінің типтері

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі — бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.

металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

Биметализм;

Монометаллизм.

Ақша жүйесінің элементері

Толық мақаласы: Ақша жүйесінің элементері

Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.

Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.[3]

Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Елдің атаулары

Ақша бірлігі

Қазақстан

1 теңге = 100 тиын

АҚШ

1 доллар = 100 цент

Ресей

1 рубль = 100 копеек

Англия

1 фунт стерлинг = 100 пенса

Украина

1 гривня = 100 копийка

Израйль

1 шекель стерлинг = 100 агора

Беларусь

1 рубль = 100 копеек

Жапония

1 иен = 100 сена

Өзбекстан

1 сум = 100 тийн

Сауд Арабиясы

1 риал = 100 халал

Қырғызстан

1 сом = 100 тыйн

Түркия

1 лир = 100 куруш

Тәжікстан

1 сомони = 100 дирам

Кувейт

1 динар =100 дирхам = 1000 филса

Әзірбайжан

1 манат = 100 гепик

Қытай

1 юань = 10 цзяо = 100 финям

Армения

1 драм =100 люма

Йемен

1 риал = 100 филса

Молдова

1 лей =100 бань

Кипр

1 фунт =100 миллима

Біріккен Араб Әмірлігі

1 динар = 100 филса

Үндістан

1 рупия 100 пайса

Ауғаныстан

1 ауған = 100 пул

Марокко

1 дирхам = 100 сантима

Египет

1 фунт = 100 пиастра

Монголия

1 тугурик =100 мунгу

Австралия

1 австралия доллары = 100 цент

Тайланд

1 бат = 100 сатанга

Ирландия

1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса

Бразилия

1 крузейро = 100 сентаво

Тиыннын екінші беті

 

Жиао зы алғашқы қағаз ақшаның түрі, Сонг әулеті, Қытай

Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін текҚазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.

Өндірісті дамыту мақсатында пайдаланылатын ақшаның яғни қаржының бастапқы түріне ақша капиталы жатады. Ол орта ғасырда сауда және өсімқорлық капиталдар түрінде пайда болды. Өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналымның бірінші сатысында ақша капиталы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде тауар өндіріліп, ол өткізілгеннен кейін өнеркәсіп капиталы тағы да ақша капиталына айналады. Сөйтіп, өндіріс процесінде капиталдың бір түрі оның екінші түріне тұрақты айналып отырады, осының көмегімен қосымша құнның мөлшері де өсіп отырады. Капиталдың ауыспалы айналымы процесінде босаған ақша капиталы қарыз капиталына айналуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, ақша — қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну — ақша фетишизмі (французша fetіche — сиқыр) пайда болады. Ақша фетишизмі — тауарлы шаруашылықтың табиғатынан туатын обьективтік құбылыс. Алтынның жалпыға бірдей балама рөлін атқаратыны сияқты, ақшаның өз жаратылысында кез-келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Ақша фетишизмі нарықтық экономика жағдайында, әсіресе, ақша тапшылығы орын алып отырған кезде, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақшаның кез-келген тауар түріне айналу мүмкіндігі ақшалық материалдың — алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі. Тауардың барлық түрі ғана емес, адамдар арасындағы қатынас, тіпті моралдық қатынастар да ақшаға сатылады да, оған табыну процесі одан әрі күшейе түседі.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері

Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:

Информация о работе Ақша айналымы