Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:13, контрольная работа

Описание работы

Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы себептен, «Өзін - өзі тану» пәні «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының бастамасымен өмірге келіп, тәжірибе нысаны ретінде республикамыздың көптеген білім беретін мекемелерінде жүргізіліп келеді.

Работа содержит 1 файл

Балаға керегі.docx

— 305.86 Кб (Скачать)

        Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен  айтқанда: «Ойын балаларға өткенді  тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге  мүмкіндік береді. Ойында кішкентай  адамның мінезі, оның өмірге деген  көзқарасы мен армандары айқындалады.  Өздері де соны байқамастан,  балалар, ойнап жүріп күрделі  өмірлік проблемаларды шешуге  дайындалады» [2]. 

        2009 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында  Қарағанды қаласында «Өзін-өзі  тану» пәні бойынша адамгершілік  – рухани білім беруді ұйымдастырудағы  ғылыми-әдістемелік бағдарлар» атты  Республикалық ғылыми-әдістемелік  семинар өтті, біздің балабақша  алаңы осы семинарда практикалық  тәжірбиемен  бөлісті. Семинардың  ғылыми-әдістемелік бағыты: өзіне  және қоршаған әлемге эмоционалды  – шығармашылық қатынасы арқылы  әлеуметтік рольдерді ойын әдістерімен  және тәжірибемен орындауы көзделді. Алдымызға төмендегідей мақсатты  қойдық: ойын кезіндегі әртүрлі  жағдаяттарға әдістемелік тұрғыдан  қарау және балалардың өмірлік  дағдыларын қалыптастыру. Тәжірбиемізбен  алмасуда біз «Өзін-өзі тану»  пәнінің ҚР жалпы орта білім  беру мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартты рухани-адамгершілік  білім дағдыларын ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан енгізуді жөн көрдік. Ұлы орыс жазушысы М.Горький:  «Ойын арқылы бала дүниені  таниды» [3], - демекші, «Өзін-өзі  тану» пәнінің негіздерін ойын  арқылы 2-ші кішкентайлар тобынан  бастап әлеуметтік және құндылық  – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыруды  көздедік. Осы жұмыс арқылы біз  бала бойында әлеуметте және  балалар қауымдастығында, жанұяда,  өмірде қажет болар қабілеттерді  қалыптастырып дамытуды ұстанамыз.  Мысалы: 2 – ші кішкентайлар тобында  өткізілген «Автобус» сюжетті-рольді  ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз:

  • достарға  деген  мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;
  • адалдық қасиеттерін дамыту;
  • балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
  • үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Ойынды ұйымдастыру  алдында біраз жұмыстар жүргізілді:

  • көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;
  • мамандықтар туралы әңгіме өткізу;
  • техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру;
  • жеке балалармен психологтың жұмыс жүргізуі;
  • өз еріктерімен рольдерді таңдауды үйрету.

Ойын барысында  балаға әр түрлі жағдайда кездескен  адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына  қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді  және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға  дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі  жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рольдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі.

         Қызықты ойынсыз балалар әлемінің  болуы мүмкін емес. Балалардың  ойындары қызықты және алуан  түрлі болуынан оларды қоршаған  орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық  пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік  ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін  тануына көмектеседі, өзін-өзі  тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға  жетелейді. 

       Семинарымыздың екінші ойын іс-әрекетінде  экспериментке тікелей қатысы  бар, яғни 2008-2009 оқу-тәрбие жыл  бойы экспериментке қатысқан  № 5 «Балдырған» ересектер тобының  балаларының қатысуымен «Көшеде»  атты әлеуметтік-рольдік ойының  семинар қатысушыларының назарына  ұсындық. Бұл ойынның алға қойған  мақсаты мен міндеттері жоғарыда  көрсетілген екінші кішкентайлар  тобында өткізілген ойын іс-әректімен  байланысты болса да, ересек балалар  болғандықтан нақты өмірлік жағдаяттарды  күрделендіріп өткіздік. Балалардың  жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін  дамытуға, өздерінің ойлары мен  істері, әрекеттеріне жауапкершілігін  қалыптастыруға ықпал ететін  әдістемелік тәсілдер көбірек  қолданылды. Осы топтың балаларына  жағдаяттарды талқылауға, олардың  ойлауға бейімділіктеріен, өзін  және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара  әрекеттестікті құра білу іскерліктерін  қалыптастыруға мүмкіндік бердік. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік  нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін  әдістемелік тәсіл – мультфильм  көру тәсілін қолданылдық. Бұл  айқын көркем бейнелер балалардың  өтілген материалдардың мазмұнын  дұрыс қабылдауын және меңгеруіне  жағдай жасады. Алға қойылған  түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға  және қоршаған әлемге ізгілікті  қарым-қатынасты жасау. Түйінді  құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық,  әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре білуі [4, 6.1.2 бөлімі].

        «Көшеде» әлеуметтік-рольдік ойыны  барысында балаларға мультфильмдерден  көрсетілген жағдаят үзінділерін  талқылауда тәрбиеші түрлі сұрақтар  қоя отырып балалардың өз беттерімен  ойларын жеткізуге жетеледі. Мысалы: Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме?  Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге  болады? - деген сұрақтр балалар үшін ой-түрткі болды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты.

         Ойын баланың тек  тәртібін  ғана емес, сонымен қатар оның  ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің  қоршаған әлемге қатынасын түсінуге  мүмкіндік береді. Бұл баланың  бастамашылық танытып, шығармашылық  көрсететін бірегей саласы. Сонымен  қатар ойында бала өзін бақылап,  бағалап, не істеу қажет екендігін  түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды  үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер  жасап үйренуі арқылы бала  өмірдің саналы субъектісі  бола  алады.

         Бүгінгі күнгі мектеп жасына  дейінгі балалар өз әрекеттерін  ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну  құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана  алмайды.

        Мектепке дейінгі жас – тұлғаны  қалыптастыруға ең қолайлы кезең,  сондықтан, аталған қабілеттер  кейін өздігінен дамиды деп  қателеспеген жөн.

        Ойынның күрделі болмауы балалардың  коммуникативтік дамуларына келеңсіз  әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар  тек бірге ойнау барысында  қалыптасады. Бірге ойнау –  қатынастардың басты мазмұны.  Ойнап, түрлі ойын рольдерін  орындау барысында балалар жағдайларды  жан-жақтан көріп, басқалардың  әрекеттері мен мүдделерін ескеріп,  ереже сақтауды үйренеді. Кері  жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды.

        Ғалым, педагогикалық  ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның  пікірінше, үлкендердің балалар  ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен  бірге өзгереді. Басында оқытушы  ойын әдістерін үйретуші ретінде,  кейін екі-үш баланың ойынына  қатысушы болады. Одан кейін ол  балалардың ойын ұйымдастырудағы  көмекшісі және ойын қатынастарын  реттеушісі. Ең соңында, ол балалар  ойынына сырттан қарап, қажет  болған жағдайдарда кеңес беруші  болады [3].  «Өзін-өзі тану» пәні арқылы  балалар өз ойы мен сезімдерін еркін білдіруге, өзін-өзі бағалауға ұмтыла бастады. Өзін қоршаған ортаға, табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға, айналасындағы балалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысатын болды. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды.

         Қазіргі заман талабында мектеп  жасына дейінгі балаларда өзінің  ішкі жан дүниесін танытып,  өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани  потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік  нормалар мен ережелер туралы  нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ  тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті  бірлесе атқаратын ойын әрекеті  барысында тұлғаны рухани-адамгершілік  тұрғысынан дамыту, яғни олардың  талап-тілегімен санасу, жанашырлық  сезімдерін дамыту.

          Балалар әлемі күрделі әрі  ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы  математикалық және социологиялық  әдістерді меңгерген адамдар  үшін де оңай емес. Балалар  өз қатынастары мен ермектеріне  кез-келген адамды кіргізбейді.

         Балалық шақ – адамның ең  бақытты және уайымсыз кезеңі  ғана емес, сонымен қатар бұл  - тұлғаның қарқынды қалыптасу  кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған  нәрселердің орнын үлкен адам  кейіннен толықтыра алмайды. Баланы  оқуға мұқтаждау барысында біз  одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды  тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.

         Ойнау барысында балалар өздерін,  өз мінездерін қалыптастырады, ал  ең бастысы – ойын жақсы  мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік  пен достықты бойларына сіңіреді.

        Семинардың қорытыңдылау бөлімінде  балабақша педагог-психологы Абильтусупова  Салтанат Тұрсынханқызы семинар  қатысушыларына «Ойын - өмір мектебі» тақырыбы бойынша рефлексиясын жүргізді. Рефлексия көрсетілген іс-әрекеттер бойынша төмендегідей сұрақтармен жалғастырылды.

  1. Жағдаятты ұйымдастыруда, баланың рольді тандау дербестігі ескерілді ме?
  2. Сіздің байқауыңызша, балалар қандай рольді көбірек қалады?
  3. Сіздің ойыңызша, бірінші ойын іс-әрекетінде психолог және тәрбиеші қандай эксперименттік жағдаяттар ұйымдастырды?
  4. Егер бала ойын әрекетінде этикаға және негативті мінез құлыққа жатпайтын жағымсыз әрекетерге еліктесе, педагог қандай шешім қабылдауы керек?
  5. Сіз ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыздар?

       Осы  қойылған сұрақтар бойынша әріптестеріміз  өз ойларын, пікірлерін ортаға  сала отырып,ойынның бала тәрбиесінде пайдасы зор екенін, өзінің қайталанбас ерекшелігімен қызықтырғанын, әрі болашақта өз жұмыстарына пайдаланатындықтарын айтып өтті. Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттер баланың жеке тұлға ретінде және рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізер әсері мол екенін атап өтті.

 

 

Қорытынды

 

        «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Балалар ойындарының  тәрбиелік маңызын жоғары бағалай  келіп, «Мектеп жасына дейінгі балалар  үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің  мықты формасы.»

Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

          Сюжетті-рольдік ойындар баланың зейінін, ойлау, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.

 

Ақыл-ойды дамытатын  мазмұнды-рөлдік ойындар белгілі  ережелерді сақтап ойнауды талап  етеді және ойындар баланың тапқырлығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады.

Баланың дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін және ақыл-ойын, денесін  сергітетін ойындардың бірі-қимыл қозғалыс ойындары. Тәрбиеші серуен кезінде  еркін қимыл-қозғалысына жағдай жасауы керек. Серуенге жоспарланған қимылды  ойын түрлерінің қызықты, көңілді өтуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Балалардың ойынына басшылық ету педагогтан шеберлік пен әдептілікті талап  етеді. Қорыта келгенде, ойын балалардың жан-жақты дамуына, көру, есту, сезу, тіл дамыту, сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда  әсерін тигізеді.

        Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады.

        Біз болашақта  Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына  қосамыз деп үміт етіп отырған  халықпыз. Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның  әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы – Қазақстанның  бәсекеге нақтылы қабілеттілігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық  жаңару қажеттіліктеріне сай  келетін осы заманғы білім  беру жүйесі қажет» деген болатын.  Сондықтан сол елдердегі бар  жетістіктер бізде де болуы  керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр  – бәсеке ғасыры [5]. 

       Еліміз жыл  сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен  толығып келеді. Ендеше, болашаққа  деген сенімділік те бізде  мол.

Информация о работе Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді