Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:13, контрольная работа

Описание работы

Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы себептен, «Өзін - өзі тану» пәні «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева Сара Алпысқызының бастамасымен өмірге келіп, тәжірибе нысаны ретінде республикамыздың көптеген білім беретін мекемелерінде жүргізіліп келеді.

Работа содержит 1 файл

Балаға керегі.docx

— 305.86 Кб (Скачать)

«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы  мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Нәзипа Құлжанова 

 

          Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен  мәселе болып саналады. Әрбір  қоғамның дамуына байланысты  бұл мәселе әрқалай шешіліп  отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде  біздің қоғамымыздың ілгерілеу  процесінде адам факторы және  оны жандандыру, ел өмірінің барлық  жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің  мәні мен оның проблемаларын  күрделендіріп отыр. Осыған байланысты  тәрбие берудің тиімділігі мен  сапасын арттырудың негізгі бағыты  – барлық тәрбиелік істе әрбір  баланы жеке тұлға деп танып  біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы  себептен, «Өзін - өзі тану» пәні  «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева  Сара Алпысқызының бастамасымен  өмірге келіп, тәжірибе нысаны  ретінде республикамыздың көптеген  білім беретін мекемелерінде  жүргізіліп келеді.

          Адамгершілік – рухани тәрбиедегі  басты нысана - баланы құрметтеу.  Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы  зор екенін мойындап, соған орай  баланың сезімін тәрбиелеуге,  сұлулықты сезінуге, көңіл – күйін  реттей білуге көмектесетін «Өзін-өзі  тану» пәні болып отыр. Бұл  пән болашақ ұрпақтың бойына  рухани адамгершілік қайнарын  сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге,  жалпы адамзаттық құндылықтарды,  адамгершілік принциптер мен  мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа  алатын тұлға қалыптастыруға  негізделген. Ізгілік пен сұлулықтың  шын мағынасын түсінуге, шынайы  мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге  жетелейді. 

         Балабақшада біздер өз тәжірибемізді  жинақтаудамыз. Жұмыс барысында  арнайы дайындалған әдістемелік  құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен  қарап, саралап, өз жетістігімізді  қосып жұмыс жүргізудеміз. Қазіргі  ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - тұлғаны рухани  - адамгершілік  тұрғысынан дамыту. Жоғары ізгілік  мұраттардың ең құндысы – руханилық.  Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі  ізгілік ұстанымдарын өз бойында  шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

         Балабақшадағы тәрбие – барлық  тәрбиенің бастамасы. Мектепке  дейінгі шақ – бала бойына  рухани-адамгершіліктің негізін  қалайтын кез. Сондықтан да  бала бойына жас кезінен бастап  жоғары руханилық құндылықтарды:  мейірімділік, инабаттылық, сұлулық,  жақсылық, еркіндік, өмір мәні т.б.  қалыптастыру педагогтардың және  ата-аналардың міндеті.

       «Өзін-өзі тану» курсының ерекшелігі  балалардың өзінің және жолдастарының   бойындағы ерекшеліктері мен  қасиеттерін ажырата алуына және  өз іс-әрекеттеріне баға бере  алуға үйретуді міндет етіп  қояды. Бұл міндеттің негізгі  шешімі – ойындар. Ойынның  негізгі ерекшелігі ол балалардың  қоршаған өмірді – адамдардың  қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді»  [1].

          Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі. 

          Мектепке дейінгі балалардың  жан-жақты дамуы үшін ойынның  ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. 

         Балалармен жүргізілетін тәрбие  жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік  ойындар маңызды орын алады.  Өз ойындарында балалар отбасының  тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың  жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде  көретін және еститін құбылыстарды  бейнелейді.

Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті –  оқушыларға сапслы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын  арттыру.

Ойын үлгісінің  технологиясы баланың нақ осындай  белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы  орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын  арттыру жеңіл болмақ.

Ойын- дегеніміз  не?

Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа

баулитын  қүралдың бірі.

Ойынның түрлері  өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру  ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың  ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген  қызығушылықтарын арттырады. Тіпті  нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа  зор ынтамен ,жігерімен араласатыны  анық.

Бастауыш  сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып  соңында тапсырмалар берілген. Осы  тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап»,»Сиқырлы қоржын»,»Өлең  жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Ал математика оқулығының басты ерекшелі  оқу  мен тәрбие ерекшелігі жақсы, шебер  ұйымдастырған.Математика сабағында  баланың логикалық ойлауында  дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындарын ойнауға  болады.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі  балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар  бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті  болып табылады. Өзінің сипаты жағынан  бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен»  ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда  мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмір -лерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

 «Ұлттық  қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал  тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын  арқылы жетіледі. Ойындар әр топта  жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.  Мен өз тәжірибемде оиындарды  көп қолданамын. Сабақ барысында  да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы  оқу үшін баланың тілдік функйиялары  толық дамыған болуы керек.  Баланың тілін жетілдіру үшін  оны әңгімеше тарта отырып, баланың   сөздік қорын жаңа сөздермен  толықтырып, түсінігін молайту қажет.  Баланың тілін дамытудаойын түрлерін  жүргізу арқылы, ойын шарттарын  айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару»,  «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі  бойынша қой» деген  секілді  ойын түрлерін қолдануға болады. Мен  кез келген ойын түрлерін  сабағымен тақырыбына сай таңдап  аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды  тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың  тиімділігін тәжірибе көрсетіп  отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын  дамыту, тіл байлығын молайту  үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық  сөйлеудегі әңгіменің мақсаты-  бір нәрсе жайында сұралап,  баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

 

      Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін  беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып  алу қабілеттерін жетілдіруге,  дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл  ойындары баланың жүйке қалыптасуына  зор ықпал етеді. Қимыл ойынында  ережелер ұйымдастырушы роль  атқарады, олар ойынның барысын,  жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-  қатынасын, баланың мінез- құлқын  білгілейді Қимыл ойындары үйдің  ішінде және серуен кезінде  бірнеше баламен немесе  бүкіл  топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ  дене шынықтыру сабақтарының  құрамына енеді.Балалар ойынды  игерген соң өздігінен ойнай  алады. Ойын балаларға сабақта  серуенге де өте қажет, тіпті  бала жай дем алып отырғанын  өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық  жас кезеңінде өтеді.

Рөлдік ойындар  мектепке  дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа  та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып  табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда  балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.  «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне  пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік  ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету  тәсілдерін ойластыруға тиіс

Қойылымдық  ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар  ертегіні жақсы көреді, ертек айтып  берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын  дамытады.

       Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің  бір түрі. Оның негізгі мазмұны  қоршаған өмірді алуан түрі  құбылыстарды және соларға байланысты  іс-әректтерді бейнелеу болып  табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан  сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар  салады.

 

       Дидактикалық ойындар  кішкене  балаларға меилінше тән оқыту  формасы болып табылады, оның  арғы тегі ойынды өлең мен  қимылмен ұштастыру негізінде  көп нерсені үйрететін ойындарды  жасаған халық педагогикасына  жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың  сырын ашайық»- деген ойынды  ересек топтарда тәрбиеші балаларды  зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін  дамыту міндетін алға қояды.  Ойын міндеті-қалпақтың астында  не бар екнін білу.Дидактикалық  ойындар айналамен танысу сабағында,  әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі  ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз

Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін  дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну  үшін пайдаланудың маңызы  зор.

Ойын үстінде  баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С  Макаренко былай дейді: «Ойында  бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан  келешекке адамды  тәрбиелеу- бәрінен  бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас  жасауға ұмытылады, соның арқасында  жасау құралы, күш қуаты тілді  біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме  теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде  тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде   де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына  қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне  қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды  ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

 

        Сюжетті – ролдік ойынның міндеті  – баланың қызығушылығын туғызып,  сезімін оятып, рухани-адамгершілік  қасиеттерін арттыру. Сонымен  қатар өзара сыйластық, қамқорлық,  жанашырлық құндылықтарын дамыта  отырып, мейірбандылық, жақсылық  жасай білуге тәрбиелеу. Бұл  құндылықтар – бір күнде қалыптаса  қалатын қасиет емес. Бұл –  балабақшадан бастау алып, өмір  баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп  қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген  табысты істері, қанағат сезімдері  балалардың бойында жаңа міндеттер  мен мәселелерді шешуге талпыныстарын  оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі  сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың  арқасында балалар өз істеріне  баға бере білуге, өзінің сезімін,  әдет-дағдысын бақылай және басқара  білуге, сонымен қатар жанындағы  адамдардың табиғи болмысымен  қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта  білуге үйретеді. Әр бала өз  ісі мен қылығына жауапкершілікпен  қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен  жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына  ие болады, өмірлік әлеуметтік  дағдыларды меңгереді.        

Информация о работе Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді