Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Екінші тәсіл бойынша аударуда мазмн, қорытынды түйін сәйкес келгенмен, компоненттердің лексикалық мағынасына өзгерістер енгізіледі, бейнелеу тәсілі басқаша болады, эрине, формалық өзгерістердің болуы әбден мүмкін. Мұндай аударма мақалдардың жаттығы көзге көрініп тұрады, уқсастықтан да ада емес. Мысалы:

Волка бьют не за то, что он сер, а за то, что он овцу съел –

Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрылығы үшін ұрады;

Слышал звон, да не знает, где он

Әлдеқайдан  жаңғырып, білмей қалды аңырып;

Екі түйе қасысса, ортасында шыбын өледі –

Если вдруг  сшибутся два верблюда, мухе между  ними будет худо;  Таспен жапалакты ұрсаң да, жапалақ өледі,

Жапалақпен  тасты ұрсаң да жапалақ өледі.-

Камень упал на сову,

Сова мертва,

Сова упала  на камень,

Мертва сова   т.с.с аудармаларды келтіруге болады. Бұл мысалдардың біріншісінде «қасқырдың койды жеп қойғаны» түсіп қалса, екіншісінде «аңырып» деген сөз қосылып тұр, үшіншісінде «өледі» сөзі «будет худо» болып өзгеріп тур, төртінші мысалда «ур» етістігі «упал (түсіп кету)» етістігімен алмастырылып тұр. Әрине, бұл тәсілде мақал мен мәтелдің поэтикалық шығарма екендігінің орыны бөлек.

Үшінші тәсіл. Бір халықтың тілінде келесі бір халықтың тіліндегі мақал-мәтелдерге образдылығы, мән-мазмұны, салт-сананы бейнелеуі жағынан уқсас, балама болып келетін жарыспалы түрде екі тілде қолданылып жүрген мақал-мәтелдер де болады. Әрине, бұл типтік, қайталанып отыратын тұрақты кұбылыс емес. Екі халықтың мақалдарында өзгеше бояу бейнелеу тәсілі болуы - заңды нәрсе. Бұндайда мақал-мәтелдердің стильдік реңкін, контекстегі рөлін есепке алып өзге тілдегі дайын мақал-мәтелдермен алмастыруға болады.

Кейбір тәжірибеден байқагандай, бұларды аударуда да идиомға қолданылган тәсілдер алмастыру да, аудару да қолданылатыны байқалады. Мысалы: плакать навзрыд - ойбай салу; ақ жүрек - душа нараспашку; одержать верх — мерейі үстем болу; ақ көңіл - добрый малый; қысыр әңгіме -язык поточить т.б. Аударылуға мысалдар: принять присягу - ант қабылдау; потерять доброе имя - жацеы атын жогалту; аты шыккан адам - человек с громким именем; бір құдайга аян - одному богу известно т.c.c.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

 

2.1 Ағылшын  және қазақ мақал – мәтелдерінің  құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері  және оларды топтастыру

 

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

1. Әріптік, әліпбилік  (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып  тұрғандай, топтастырудың бұл  түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның,  B.C.  Смиттің    жинақтарында ағылшын  ММ-дері әліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.

2. Ұйытқы сөз арқылы    (лексикалық    энциклопедиялық) топтастыру.      Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В. Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды.  Қажет тілдік бірлікті ұйытқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш   әдістің   ерекшелігі  деп   танимыз.      Ал   кемшіл   тұсы жоғарыда  аталған  әдіспен  пара-пар,   өзара  мағыналас  мақалдар бөлек, ал, керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді. Мысалы,

"Жуас түйе  жөндеуге жақсы",  

"Түйе бойына  сеніп жылдан құр  қалыпты", 

"Түйе  көп  болса,  жүк сыймас" тәрізді ММ-дер семантикалық    алшақтыққа қарамастан, болғандықтан, бір    тақырыптық топқа біріктіріледі. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде   аталмыш   әдіс   бойынша құрастырылған MM жинағының жоқтығы анықталды.

3. Монографиялық   топтастыру.   Мұнда   MM   жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. "Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках ХІІІ-ХХ веков" және "Ақылдың көзі, Ташкент   маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі   ежелден тұратын қазақтардың мақалдары" атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.

4. Генетикалық тұрғыдан  топтастыруда  ММ-дердің  шыгу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге   қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің     жетекшілігімен  жарық көрген "Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері" жинағы осы генетикалық әдіспен түзілген.

5. Тақырыптық (тематикалық)  топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер мән-мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ мақал-мәтелдерінің осы қағидамен топтастырылғандығы  байқалды.  Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Деп ұрғанмен, топтастырудың бұл жолы да кемшіліксіз емес. Біріншіден, көптеген    мақал-мәтелдер ауыспалы мәнге ие болғандықтан, көп тақырыпты болып келеді де, оларды бір топ аясына енгізу қиындық туғызады. Екіншіден, көп мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын  айқындау да едәуір қиындық   туғызады.   Үшіншіден, мақал-мәтелдерді тақырыптық топқа  саралау,   топ  жиынтығын   құрайтын  топшалардың жалпы санын айқындау, мақалдардың топ-топқа меншіктігін анықтау тәрізді мәселелерді шешу зерттеуші немесе жинақтаушының құзырында. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан, мақал-мәтелдерді тақырыптық тұрғыдан топтастырған жөн деп ойлаймыз. Себебі, ізденуші немесе тілді үйренуші өзінің мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді тақырыбына қарап оңай тауып алады, әрі қолдануға да өте ыңғайлы, Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігі айтпаса да түсінікті.

6. Мақал-мәтелдерді   зерттеуге   зор   үлес   қосқан   белгілі паремиолог     ғалым  Г.Л.Пермяков жоғарыдағы  топтастыру үлгілерінің   кемшін  тұстарын   ескере отырып, мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа  бір  принципін  ұсынды.   Бұл  мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен (инвариантные тематические пары) топтастыру. Бұл принцип   бойынша, мақал-мәтелдер тобы "жақсы - жаман", "кәрі-жас", "бай-кедей" т.б.   деген тақырыптар бойынша жіктеледі.     Мысалы:  "Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң   күлер"   тұлғасының   ықшам,   мазмұнының   терендігімен ерекшеленетін   тілдік орам "Жақсы-жаман" тобына енеді.

7.  Академик Ә. Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру   принциптерін   ескере   отырып,   қазақ      тілінің   өз ерекшеліктеріне   сәйкес,   "Табиғат-Адам-Қоғам"   деген   идеографиялық классификацияны   ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша "Табиғат"  бөлімі төрт тараудан  (жануарлар,  өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б), "Адам" бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан,  "Қоғам" бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас,   шаруашылық,   кәсіп   т.б.)   жиырмадан   астам   тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және казақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің    этнолингвистикалық    ерекшеліктерін    ашуға қолайлы.

  Дүние     жүзіндегі ғылымдармен, оның ішінде, тіл білімі салаларымен салыстыра алғанда, этнолингвистика — теориялық, әдістемелік тұрғыдан әлі де болса нақты қалыптаса қоймаған, анықталған тұстарынан гөрі, күңгірт жағы басымдау тусетін ғылыми бағыттардың бірі. Зерттеу нысаны ортақ, яғни "тіл мен мәдениет", олардың өзара байланысы, бір-біріне ықпалы болып табылатын, зерттеудегі әдіс-тәсілдері, теориялық қағидалары мен негіздері көп жағдайда ұқсас болып келетін этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының ара-жігі   әлі   де   болса айқын   ажыратылмауы, дәлелден   гөрі болжамның көбірек айтылуының өзі осы пікіріміздің айғағы іспеттес.

Этнолингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері тәрізді мәселелер отандық және шетел ғалымдарын ойландырып келгені белгілі. Олар тарапынан берілген сипаттамалар кейде бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырса, кей тұста ауқымын, қолданыс аясын тарылтып, екіұшты пікір қалыптастыратындығын да жоққа шығаруға болмайды. Енді солардың бір-екеуіне тоқталып өтейік.

Британ       энциклопедиясында              берілген       анықтама:

"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it".

Қазақшасы: Этнолингвистика — тіл мен сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті арасындағы арақатынасты зерттейтін антропологиялық тіл білімінің саласы.

Этнолингвистика — гректің ethnos (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте кайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этнолингвистика — мәдениеттің, психологиясының және мифологияның қарқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна.

Қазақ этнолингвистикасын дербес пән ретінде қалыптастырып, бағыт-бағдарын айқындау, одан әрі дамыту жұмыстары академик Ә.Қайдардың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тіл біліміндегі жас әрі жаңа сала екенін айта келіп, мақсаты мен нысаны жөнінде: " Бұл ғылым саласының кереметтігі де, бүгінгі тандағы ғылыми-практикалық маңызы да — оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмайтын нысан екендігінде. Ол нысан — этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз — этнос, этноссыз — тіл өмір сүре алмайды. Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сол балаң кезеңінен есейгенге дейінгі болмысы мен өмір тіршілігін, дүние тануы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақгалған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады," — дейді. Тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет мәселелері, сондай-ақ, М.М. Копыленко, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиев, Ә.Ахметов, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, С.Смағұлова, Ғабитханұлы        т.б. қарастырылған.

Этнолингвистика саласының қазақ және ағылшын тіл білімінде қалыптасуына, зерттелуіне салғастырмалы шолу жасай отырып, оның, әсіресе, отандық тіл білімінде кеңірек ауқымда қарастырылып, ұлттық материалдық және рухани мәдениетке байланысты бірқатар мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Этнолингвистикалық уәжі халықтың тұрмыс-тіршілігі, менталитеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты тұрақты тіркестердің тұп-төркінін айқындау - әр басқа ұлттар мен әртиптес тілдер жөнінде мол мағлұмат алуға, танымдық көзқарасты қалыптастыруға, септігін тигізері сөзсіз.

Ағылшын тілінде халық  арасында жиі қолданылатын "Manners maketh man", Manners make the man''' (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІУ ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шартгарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді.   Әдептілік,   ізеттілік   ережелерін   қамтитын   арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс     тапты.   Мысалы,   Good manners maketh  a  man  (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; Уou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (c.c.a.: Erep өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсан, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

"Жалғыз  қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың  мұңы шықпас" деген мақал қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі,өгейлігі не жетім қыздың жалғыздыгы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

Үй-жайға, отбасына  қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.

Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар "My house is my castle" (c.c.a.: Өз үйім - қорғаным) десе, қазақ халқы "Өз үйім-өлең төсегім" деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар "түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек" деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы " My house is my castle " тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.

Ал, "өз үйім - өлең төсегім" тұрақты тіркесіндегі "өлең" лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, "сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам "Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін" деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері