Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9

 

 

    1.  Қазақ  тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

 

    1.  Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

 

    1. Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23

 

 

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

 

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

 

    1.   Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

 

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"  аясында қарастырды.

Осы жоғарыда аталған  тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,

М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне     сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді./5, 78/

Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді (бұдан былай қысқарған түрде ММ-дер) жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға бағатталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын ММ-дердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағаттағы зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттігі қазіргі тандағы тіл ғылымының мақсат-мұраты — тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз байланысты. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиясы басқа да ғылым салаларымен (антропология, психология, философия, логика, мифология, этнография т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, діл мен дін сиякты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі зандылықтары негізінде ғана танып-білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво мәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуыңа негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерің айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастыққа алынады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғалым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері

А. Байтұрсынов, I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә.Қайдар,

С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э.Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар — Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер, Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.

Зерттеудің  пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.     Аталған     тілдік     бірліктердің     семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:

-   ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу  жайын сипаттау;

-  фразеологиялық тіркестер  мен мақал-мәтелдердің арақатысын  қөрсету;

- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;

-   ММ-дер мен  нақыл сөздердің арақатысын айқындау;

        - ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;

- ММ-дердің   жасалуындағы   этнолингвистикалык   уәждерді, көрсету;

- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін көрсету;

-  ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік мағынасын, варианттылығын талдау;

      - ММ-дердің  құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды, қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;

- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

- этнолингвистикалық  аспектідегі зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;

- мақал-мәтелдерді топтастыру  принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

- қазақ-ағылшын     мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар    мен айырма белгілерді айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;

-  тіл-тілдің образдар  дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө.Тұрманжановтың,  М.Аққозиннің, Б.Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П.Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A.P., Mackin Rand Mc.Caig I.K., Taylor A., Whiting B.J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson

G. L., Linda and Roger Flavell, A.B. Куниннің  сөздіктері мен көркем әдеби  шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.

Жұмыстың ғылыми жаналығы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер салғастырмалы негізде алғаш рет арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі бір-бірімен  салғастырыла зерттелді.    

Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл-тілдің көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері және олардың себеп-салдары анықталды. Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

    1.   Қазақ  тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

 

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,

Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов, А.Е. Алекторов  т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың  еңбегі ерекше.

Халық  мұрасын жүйеге   келтіру, насихаттауда зор   үлес қосқан танымал ғалым — Ә. Диваев. Ғалым    жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің" басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жариялаған Н.Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын қарайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері