Ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:44, дипломная работа

Описание работы

Жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ........................................................................................................9


Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

Работа содержит 1 файл

RS_SA.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшелікгерін жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (1967) деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы, бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-тәсілдері жөнінде құнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б. Адамбаевтың "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі (1976) "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы Ғ.Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы С.Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық аспектілері Д.Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған.

Тіл-тілдегі паремиологиялық  жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұлстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары

А. Донбаеваның жұмысында  қаралған.

Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:

а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер – халық  шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.

Мақалдарды мәтелдерден  айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Зерттеу барысында, ағылшын  тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының бірнеше білімін теориялық тұрғыдан  толықтыра, жегілдіре түсері даусыз.

Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде  қалыптасуы деген ережеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен толық келісуге болады./9,17/ Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде аузынан шығып, кейіннен ел аузында мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал келтірейік. Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде кең қолданыс тапқаны байқалды:

Жаңбыр жаумаса, жер  жетім,

Басшысы болмаса, -ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін аш" Бәйдібек бидің дуалы ұзынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.

Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер негізінде, аңыз әңгімелер негізінде мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты; Қайда барса да Қорқыттың көрі; Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл т.б.

Тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші түтін (оқ); Қараңғы үйде қабан күркірейді (диірмен) т.б. Бұл жұмбақтардың кейде жұмбақтық негізінен "қол үзіп», фразеологиялық тіркес мәтел ретінде де қолданысқа енгені анықталады./11,177/

Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең кесек туындыларымен ерекшеленетін дарынды ақылы жазушылардың, дара тұлғалардың көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніл, тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың (Ыбырай); Берекені көктен тілеме, өткен сиректен тиіс (М.Әуезов); Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ.Мұстафин) т.б. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көпшілігі тарихтың терең қат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.

 

    1.   Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

 

 

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің    'English Proverbs"         атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы,

Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде  мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі — Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық  топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath  (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с.с.а.: Әр0ашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сиstоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1, 175/

Ағылшын зерттеушілері  аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

"Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).

Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.

Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген./9, 152/

Информация о работе Ағылшын қазақ мақал мәтелдері