Жалпы тарихтан тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 19:21, тест

Описание работы

Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.

Работа содержит 1 файл

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі.docx

— 111.09 Кб (Скачать)

Ә) Қазақ хандығын әр кезде жоғарыда аталған елдермен қатар, Еуропа да (елші Сегизмунд Герберштейн арқылы) мойындаған. Ал Қасым ханның ел астанасын Сарайшыққа көшіріп, 200 мыңдай атты әскер жинағанынан қорыққан орыс патшасы Константинопольге барып, «Қасым хан екінші Бату болатын болды. Содан құтқаруға көмек беріңіз...» деген. Бұл Қазақ хандығын Рим империясының да мойындағанын көрсетеді.

Б-В) XV ғасырдың ортасында Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығының жері бастапқыда Шу мен Жетісудың батысы ғана болса, төрт ғасырға жуық уақытта Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандардың қажырлы күрестері мен дипломатиялық шеберліктерінің арқасында шығысында Тарбағатай таулары мен Шығыс Түркістанды, батысында Еділ өзені, оңтүстігінде Сыр бойын түгел иемденіп, солтүстігі Құлынды даласы мен Орал тауларына дейін кеңейтілді. Қазіргі Қазақстанның жері – осы Ұлы хандар иемденген жерлерден 1844 жылғы Ресей-Қытай-Ауғанстан араларындағы келісімдер бойынша Шығыс Түркістан (қазіргі Сынцзян) Қытайға, 1922 жылы шекараны анықтағанда Құлынды даласы, Орынбор облысы және Еділ бойындағы қазақтар тұрақтаған төрт аудан Ресейге, артынан Қарақалпақстан мен оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға кеткеннен кейінгі қалған аумақ. Қазақ хандығы және оның әкімшілік-басқару жүйесі сақ дәуірі мен Мөде қаған (б.д.д. 174 жыл) құрған алғашқы көшпенді түркі мемлекеті, Еуропадағы ғұн мемлекеті, Ұлы Түркі қағанаты, Шыңғыс хан ұлыстары сияқты классикалық үлгідегі, өркениетті мемлекет болды. Американ ғалымы С.Тулмин көшпенділер мемлекетінің басқару жүйесіндегі бір кемшілік ретінде, биліктегі ұрпақтар жалғастығының жүйесіздігінен жиі орын алатын тақ таласы үшін күрестер елді әлсірететінін айтады. Осы кемшілікті түзетуге тырысқан Әбілқайыр хан мақсатына жете алмады. Сонымен қатар орталықтанған басқару жүйесі толық қалыптаспады және жоңғарлармен арадағы 200 жылға созылған соғыс пен патшалық Ресейдің отарлау саясаты Қазақ хандығын әлсіретті, ақыры жойылып кетуіне тікелей әсер етті. Хандық биліктің әлсіреуіне ел билеуге билер институтының тікелей араласуы да кері әсерін тигізді. Оны атақты Аңырақай және Бұланты шайқастарында алғаш рет үш жүзді біріктіріп (әскердің оң қанатын Қаракерей Қабанбай, сол қанатын Қанжығалы Бөгенбай батырлар басқарды), қалмақтарды ойсырата жеңіп, қазақ жерін жаудан тазартқан Әбілқайырдың қазақ ханы болып сайлануына билердің қарсы болуы және оның орнына дарынсыз Сәмекені, Ұлы жүзге билердің айтқанынан шықпайтын жігерсіз Жолбарысты хан сайлауы түбінде осы жүздегі хандар институтының түгелдей жойылуына әкелгенін көреміз.

Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, мемлекеттілігін нығайтқан жоғарыдағы ұлы хандармен қатар Тәукенің әкесі, көрнекті қолбасшы хан Жәңгір, қазақ жерін Еділге дейін кеңейтіп, Бөкей ордасы хандығын құрған Кіші жүз ханы Бөкей мен оның ұлы  Жәңгірді атауға болады. Сонымен қатар  Абылайдың ұлы Қасым мен немересі, ұлт-азаттық көтерілістің дарынды  қолбасшысы Кенесары хандарды атаймыз.

Г) Тәуке хан – Қазақ хандығы институтын дамытып, елді сыртқы жаудан қорғауда және көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнатуда ерен еңбек еткен тарихи тұлға. Ол қазақ қоғамында қалыптасқан ішкі алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекет құруда біршама жетістіктерге жетіп, осы бағытта жүйелі реформалар жүргізді. Жыл сайын Ташкент түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтай өткізіп, шонжарлар мен билерден құрылған «хандық кеңес» пен «билік кеңесінің» беделін арттырды. Өзіне тәуелді қырғыздар мен қарақалпақтарды басқаруға өз араларындағы сенімді адамдарын қойып, олармен бірге жоңғарға қарсы әскери одақ құрды. Ресеймен, оңтүстіктегі Бұхара хандығымен дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатты. Халық оны «әз Тәуке», яғни «адамзаттың данасы» деп атады. Тәукенің билік еткен кезі жоңғарлармен үздіксіз соғыс жағдайында болғанымен, ел үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болды. Алайда ол да басқа хандар сияқты жартылай көшпенді, патриархалдық қатынастағы елдің басын қосып, бір орталыққа бағынған мықты мемлекет құра алмады.

Ғ) Тәукенің тұсында атақты үш би – Төле, Қазыбек және Әйтеке билер болды.

2. А) «Жеті жарғыны» жасауға негізінен Төле би бастаған топ қызмет етті.

Ә) «Қасым ханнның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» деген атпен белгілі заңдар жинағы ел бірлігін сақтап, хандар билігін нығайтып, мемлекетті дағдарыстан шығара алмады. «Жеті жарғы» осы кемшіліктерді түзету үшін қабылданды.

3. А) Алаша ханның ұрпақтарын «алты алаш» деп атайды. Түркі халықтарының шежіресін «Тәураттан» бастайтын Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресінде» Алаша хан – Яфеттің алтыншы ұрпағы ретінде көрсетілген: Яфет – Түрік – Түтік – Елшехан – Диб-Бакуй – Киік хан – Алаша хан. Бұл – жерді топан су басқан Нұх пайғамбардың кезі, яғни біздің жыл санауымыздан 10-12 мың жыл бұрын болған. Алаша ханның екі ұлы – Татар және Монғұл болғанын көптеген авторлар жазды. Жалпы, байырғы түркі тарихы сол дәуірден басталатыны тарихи шындыққа жанасады. Ал алты алаш дегеніміз – Алаша ханның ұрпақтары – түркілер.

Ә) «Қазақ» деген этимологиялық ортақ атау Қазақ хандығы құрылғаннан кейін пайда болса керек.

Б) Қазіргі деректерде «қазақ» сөзі алғаш Дарий патшаның б.д.д. V ғасырдағы Баһустандағы жазуында кездескен» деп айтылып жүр. Сондай-ақ көшпенді «кассак» тайпасының Египетті б.д.д. XVII ғасырда жаулап алғаны белгілі. Х ғасырдың тамаша туындысы – Әбілқасым Фердаусидің «Шахнамесінде» «қазақ» сөзі кездеседі» деген дерек бар. Жалпы, бұл туралы дереккөздері жеткілікті. Соңғы кезде О.Сүлейменов те біраз деректер келтіріп, осы сөздің шығу төркінін дәлелдеуде.

В) Тәуке ханнан кейін жүзге бөліну тарихи үрдіске айналды. «Бөліп ал да, басқара бер» деген саясатты ұстанған отарлаушыларға елдің ауызбіршілігінің болмағаны тиімді еді. Олар Әбілқайыр ханды Барақ сұлтанға, Кенесарыны қырғыз манабы Орманға өлтірткізіп, елді ру, жүзге бөліп, бір-біріне айдап салу арқылы араға іріткі салып, түбінде отарға айналдырды.

 

 

 

 

Әбілсейіт МҰХТАР,

тарих ғылымыныңдокторы, профессор, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ проректоры:

 

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ИРАН ШАХЫНЫҢ ДА ТӘУКЕГЕ ЖОЛДАҒАН ХАТТАРЫ  ТАБЫЛЫП ЖАРИЯЛАНУДА

 

 

  1. А) Қазақ тарихында еліміздің іргесін бекітіп, көрші  Ресей, Жоңғария, Иран, Түркия      мемлекеттерімен байланыста болып, терезесі тең қарым-қатынас орнатқан бас хандар  арасында Әз Тәукенің орны ерекше. 

1767 жылы Омбы әкімшілігіне  жолдаған хатында Абылай хан  бас хандарға, соның ішінде Тәуке  ханға аса құрметпен қарайтынын  жеткізеді.

Ә) Бір ерекшелігі, кешегі Ресей империясы заманында да, кеңес кезеңінде де қазақ хандары ішінен Тәуке Жәңгірұлы жоғары бағаға лайық болды.

В) Алаш қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедов 1925 жылы «Исатай–Махамбет» еңбегінде «Біздің білуімізше, елді көршілерімен жауластырып ұстаған – Еңсегей бойлы Есім хан, Салқам Жәңгір, бөтендерге бағынып, күштіге сүйеніп, елді қорқытып ұстаған – Сығай хан, Әбілқайыр хан, Абылайұлы Уәли хан, Әбілмәмбет хан болса, Әз Тәуке хан билердің дегеніне көніп елді ұстаған. Жоғарыдағы әдістердің бәрін қатар жұмсап, ел ұстаған – Абылай хан», – деп жазған.

Г) Тәуке хан алысты болжай алатын көрегендігімен, қазақтың бірлігін сақтау жолындағы жанқиярлығымен халықтың жадында қалды. Оның билік құрған уақыты қазақ елі үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болды. Тәуке хан бір орталыққа бағынған мемлекетті күшейтіп, оны басқаруда атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, «хан  кеңесін», «билер кеңесін» іс жүзінде дамытты. Тәуке ханның орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошинге «Түрік сұлтанының немесе Иран шахының Тәуке ханнан несі артық?! Олар да оның өзіндей!» немесе 1691жылы орыс патшасына жазған хатында «Сіздің бабаларыңыз бен әкеңіз сол кездерде өз адамдарын бізге жіберіп, ал біздің елшілер сіздерге барып тұратын-ды. Екі елдің арасындағы сауда адамдары бір-бірімен, достық қатынаста болатын» деген сөздері оның саяси-дипломатиялық қарым-қатынаста тәжірибелі, айлалы басшы болғандығын дәлелдейді (А.Сабырханов. «Ұлы бетбұрыс»). Соңғы жылдары Иран шахының да Тәукеге жолдаған хаттары табылып жариялануда. Соған қарамастан, Тәуке хан заманы өзіндік қиыншылықтарға толы болды. Ол ең алдымен, қазақтың ұлан-байтақ территориясымен, өзі басқаратын 25 қаланы сақтау мәселесімен байланысты еді. Ханның шамамен 80 мыңдай әскері болғанымен, батысында қалмақтармен, солтүстігінде казак-орыстармен, шығысында жоңғарлармен соғыстардан қорғануы керек болды. Бір шайқаста (шамамен XVII ғасырдың 80-жылдары) хан баласы тұтқынға түсіп, Тибетке әкетіледі. Кейін Тәуке хан дипломатиялық жолмен баласын қайтарғанымен, оның соңы 1698 жылғы жаңа соғысқа ұласты. 40 мың әскерін жіберген Цеван Рабдан Шу, Талас бойларына шабуылдап, 10 мыңдай адамды тұтқынға әкеткен (Басхаев А.Н. «Ойраты. Воины Великой степи»). Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының шиеленіскен жылдары Тәуке хан екіжақты келіссөздер жүргізе отырып елді қорғау мәселелеріне назар аударды. 1710 жылғы Қарақұм кеңесінен кейін 50 мыңдай қазақ әскері жоңғарларды талқандағанымен, жаңа шиеленістің әлі алда екендігін байқатты. Осы саяси мәселені шешуді қартайған Тәуке хан кейінгі ізбасарлары Қайып хан пен Әбілқайыр ханға аманаттады. Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болғаннан кейін оның орнына аға хандыққа аздаған уақытқа баласы Болат сайланды. Ш.Уәлиханов жазып қалдырғандай, Тәукеден Болат, Тұрсын, Мұрат, Сәмеке, Қасым өрбіген. Олардың ішінде Болат 1715-1724 жылдары, ал 1724-1738 жылдары Сәмеке Орта жүз ханы болды. Тәуке хан немересі Әбілмәмбет Болатұлы 1738-1748 жылдары Орта жүз ханы болса,  қазақтың бас ханы Әбілқайыр өлгеннен кейін оның орнына отырып, 1768 жылдарға дейін хандық билік құрды. Ол турасында Абылай ханның 1767 жылы Омбы әкімшілігіне жазған хатындағы: «Менің ата-бабаларым Барақ хан, Жәнібек хан, Жәдік хан, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет хан, олардан соң енді, мен, Абылай ханмын», – деген жолдар дәлелдейді (РИСММ. 122қ., 122/2т., 1766-1769, 18-іс, 189п.).

 

 

 

 

 

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,

тарих ғылымының  кандидаты:

Кей зерттеушілер «Жеті жарғының» негіздерін Шыңғыс ханның  «Жасысынан» іздейді 

1. Тәуке хан – Ресей, Жоңғария, Орта Азия хандықтарымен тығыз  қарым-қатынаста болып, үш  жүздің басын біріктіріп, Қазақ  хандығын орталықтандырған  дана билеуші, көреген саясаткер.    Қазақтың ауызекі шежіресінде Әз Тәуке ханның заманы «қой  үстіне бозторғай жұмыртқалаған»  мамыражай уақыт есебінде  бейнеленген. Соған  қарамастан,  «Тәуке тұсындағы Қазақ хандығының  сыртқы саяси жағдайы шын мәнінде қалай қалыптасты?» деген мәселе терең зерделеуді қажет етеді.  1694 жылы Түркістанға келген орыс елшілеріне: «Түріктің сұлтаны мен қызылбастың шаһынан менің  қай жерім кем? Ешбір кемдігім жоқ!» – деп батыл сөйлеуі ханның белгілі дәрежеде асқақтығын аңғартқандай болғанымен, тарихи  деректер  «орыспен» санаспау қиын екендігін түсінген Тәукенің орыс әкімшілігінің көңілін аулауға, сол арқылы өзіне саяси одақтас табуға  ұмтылғандығын  дәлелдейді. Сол мақсатта тек 1686-1693 жылдардың өзінде Сібірге бес рет елшілік жөнелтті. Тәшім, Сары, Келдей, Қабай, Тайқоңыр, Тұманшы батырлар бастап барған осы елшіліктердің сапарының сәтсіз аяқталуының сыры: біріншіден, Ресей өзінің негізгі бәсекелесі – қытайлармен алысып жатқан астыртын одақтасы Жоңғарияны әлсіреткісі келмесе, екіншіден, Шығысқа аңсары ауа бастаған алып елдің басқыншылық миссиясының мысық табандап жылжығанын аңғартады. Оның нәтижесі 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінде бекіністі шептердің тұтас тізбегі салынып, Қазақ хандығының қос бүйірден сақиналай қоршалуы һәм патшалық Ресейдің Қазақ даласына бодандықсыз-ақ басып кіруінен көрінеді.

2. Тарихи әдебиеттерде Тәуке хан тұсындағы тұжырымдалған заңдар жинағы «Жеті жарғы» деген атпен мәлім немесе бұл заң құжаты «Тәуке ханның ережесі», «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Ереженің» авторы кім болғаны жөнінде мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан делінеді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің басты билерінің басын қосқан. М.Тынышпаев дерегіне сенсек, 1) Ұлы жүзге – Төле  Әлібекұлы; 2) Орта жүзге – Қазыбек би; 3) Кіші жүзге – Әйтеке би; 4) Қырғыздарға – Қарашораның ұлы Қоқым би; 5) Қарақалпаққа – Сасық би; 6) Қатағанға – Жайма тағайындалған. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыға» енген ережелер жетеу: 1) Мүлік заңы; 2) Қылмыс заңы; 3) Әскери заң; 4) Елшілік жоралары; 5) Жұртшылық заңы; 6) Жесір дауы; 7) Құн дауы. Зерттеушілер аталған ережелердің алдыңғы бесеуі «Қасым ханның қасқа жолына» да енгендігіне назар аударады. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ тарихындағы өзіне дейінгі заңдар жүйесінен несімен ерекшеленетіндігі туралы тиянақты пікір айту қиын. Біріншіден, аталған заңдар жинағының толық нұсқасы бізге жеткен жоқ, екіншіден, кей зерттеушілер оның негіздерін Шыңғыс ханның  «Жасысынан» іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» «Жасыдан» мүлдем тәуелсіз жазылған» деседі. Тегінде, «Жеті жарғы» – өзінің бастау бұлағын байырғы жоралар негізінен алып, жаңа қоғамдық қажеттіліктерге икемделген мәні зор құжат. Оған сол кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамының  әскери-саяси, экономикалық-әлеуметтік талаптарына жауап беретін ережелер енгізілген.

3.  А)«Алты алаш» түсінігін зерттеушілер әртүрлі түсіндіреді. Шежірелердің бірінде «Алты алашқа» өзбек, қарақалпақ, қалмақ, қырғыз, қазақ, ноғай жатқызылады. Мәселен, бұл:

Алаш, Алаш болғанда,

Алынша  хан болғанда.

Қазақ, Қалмақ, Ноғайлар –

Бәрі  сонда бір болған.

Ынтымағы  жарасып,

Жайқұн  көлдей бай болған, – деп келетін бағзыдан жеткен шумақтармен дәйектеледі. Кеңінен меңзелген «Алты алаш» ұғымы осылай түсіндірілсе, кейбір зерттеушілер «Шыңғыс хан тұсындағы «Алты сан Алашқа» қыпшақ, найман, жалайыр, қоңырат, алшын, қаракесек тайпалары енді» десе, ғалымдардың екінші тобы ішкі «Алты алашқа» үш жүз, қожа, төре, төлеңгітті жатқызады.

Ә-Б) «Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ. «Қазақ» атауы ХІV ғасырдан бастап этникалық мағынаға, ал ХV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты біржола этникалық сипатқа ие болды. Соңғы жылдары аталған мәселеге пікір білдіруші ғалымдардың ішінде, меніңше, М.Х.Дулати еңбегіндегі дерекке иек артып, өзіндік тұжырым жасаған белгілі тарихшы Т.Омарбековтің көзқарасы назар аударарлық. 

В) «Жүздер» хақында орта ғасырлардың беделді тарихшылары Рашид ад-Дин, Фазлаллах ибн Рузбихани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри,  Махмуд ибн Уәли еңбектерінде мәлімет жоқ. Соған қарағанда, «үш жүзге бөліну кейінірек, Қазақ хандығының әлсіреу дәуірінде көрініс берді» деген жорамал шындыққа біртабан жақын. Нақтыласақ, «Қасым хан өлімінен кейінгі  Қазақ хандығының саяси дағдарысқа ұшырап, тұйыққа тірелуі болашақ  «жүздердің»  негізін қалыптастырған» деген қорытынды жасауға итермелейді. Өйткені «жүздердің» пайда болуы – орталық биліктің әлсіреуінің нәтижесі болуы мүмкін. Қасым хан өлген соң пайда болған үш хандықта: қазақ даласының батыс бөлігінде – Ахмет хан (Қожа Ахмет хан), орталық бөлігінде – Тоғым хан және оңтүстік-шығыста Бұйдаш хан билік етеді. «Осы аумақтық  бөлініс болашақ жүздердің қалыптасуына негіз қалады» деген ғылыми болжам бар.

 

 

 

 

 

Рашид ОРАЗОВ,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері:

 

ТӘУКЕ ХАН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫ СӘТТІ ЖҮРГІЗДІ 

 

1. Қазақ хандары көршілес елдермен саяси дипломатиялық және сауда-саттық байланыстарға жете мән беріп, оны өз деңгейінде жүргізіп отырды. Тәуке ханның билігі кезіндегі сыртқы саясат көрші елдермен тату байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға тырысқан бейбіт, дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан 1687 жылы Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтардың иелігінде қалдырды. Бұхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды. Нәтижесінде Қазақ мемлекеті мен Бұхар хандығы арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіншілік алған. Тәуке хан қазақ жерінде Бұхар көпестерін тонауға қарсы арнайы жарлық шығарып, ендігі жерде тонаушылар қатаң жазаланатын болған. Алайда жоңғарларға қарсы соғыста Бұхар басшыларының тарапынан қазақтарға көмек көрсетілмеді. Бұл мемлекетпен байланыс тек сауда қатынастарының жандануымен шектелді.

Информация о работе Жалпы тарихтан тест сұрақтары