Жалпы тарихтан тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 19:21, тест

Описание работы

Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.

Работа содержит 1 файл

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі.docx

— 111.09 Кб (Скачать)

Атырау облысы Қызылқоға  ауданы Қаракөл орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Умирзакова Гулжанат

«Қала-өркениет орталығы» 11 сыныптарға арналған бейімдеу 
курсы сабағының бағдарламасы

Түсіндірме парағы    

  Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.

Қала-рухани, мәдени орталық. Әдемі де, сәулетті қала-адамдардың эстетикалық талғамын байытып, жан  дүниесін сұлулыққа тәрбиелейді. Ауылдағы жастардың қала өміріне тез бейімделіп кетуі, қала өркениетінің құндылықтарын жан дүниесімен сезіне отырып, қалалардың табиғатындағы нәзік психологиялық ерекшеліктерін, философиялық  дүниетанымын бойына дарыта білуіне байланысты. Сүйікті қаласының өндірістік потенциалын, мәдениетін дамытып, қазақ халқының ұлттық менталитетін қалада қалыптастыру бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Бұл курстың басты мақсаты сонда, урбанизация толқыны мектеп бітіріп қаланың бейтаныс жаңа өміріне ағылып келіп жатқан жастардың азаматтық позициясының дұрыс қалыптасуына көмектесу. Сендердің замандас құрбыларың ғасырлар бойы қалыптасқан қала өркениетінің дәстүрлі мінез-құлық этикасынан, эстетикалық құндылықтарынан мағлұмат аз болғандықтан қоғамдық тәртіпке қарсы әр түрлі дарақылық әрекеттерге бой алдырып жүр. Қала-адамдардың бәсекелестік рыногы іспетті. Сондықтан да, қалада ұнатқан жұмысыңа орналасып, жеткілікті табыс тауып, жақсы өмір сүру үшін «индивидуализм» яғни, жеке тұлғаның білімділігі мен іскерлік дағды ерекшеліктері болуы шарт. Адам бойындағы қабілеттілік, еңбекқорлық, ізденгіштік сияқты ізгі қасиеттер «индивидтің» сапалық деңгейін көрсетеді. Жаңа жағдайға тез бейімделуіне, өмірдегі өз орнын дұрыс таңдай біліп, ойлаған мақсатыңа жетуіне көмектеседі.

Курстың міндеті:

  1. Адамзат баласы қол жеткізген өнер-білім және ғылыми жетістіктерінің ғажайып туындыларын қала өркениетімен бірге дүниеге әкелгенін тариха деректер арқылы оқытып үйрету
  2. Жоғары сынып оқушыларының қоғамда болып жатқан өзгерістерді объективті бағалай алатындай ішкі дүниетанымын қалыптастыру
  3. Ауыл жастарының қала өміріне көп қиындықсыз бейімделіп кетуіне көмектесетін психологиялық, педагогикалық мазмұндағы сабақтарды стандартты емес әдістермен меңгерту
  4. Қала өркениетінің тарихи құндылықтары мен мәдени жетістіктерін оқыту арқылы, жастардың бойына менталитеттік аппарат қалыптастыру, моральдық-этикалық, эстетикалық тәрбие беру
  5. Адамзатқа ортақ құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу
  6. Жас ұрпақты жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар негізінде қалалық өркениетпен байланыстыра тәрбиелеудің моделін жасау

11 сынып   (64 сағат)

Кіріспе   (1 сағат)  Пәннің мақсаты мен мазмұны туралы түсінік

І тарау: «Қалалардың  пайда болу тарихы»    (2 сағат)

  1. Ертедегі қалалар-адамзат баласының алтын бесігі-1 с
  2. Ертедегі қалалардың қол жеткізгентарихи және мәдени құндылықтар-1 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдары мен мәселелері   

 Екінші еңбек бөліндісі  мен қалалардың пайда болуының  тарихи себептерін түсіндіру.  Қала-адам баласының ой-өрісінің дамуына, мәдениетінің биікке көтерілуіне маңызды рол атқарады. «Әлемнің жеті кереметі» адам қолымен жасалаған ғажайып туындылар

Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары   

 Баяндау және көрнекілікпен  демонстрациялау. Схема: «Сауда, қолөнер, қала» Иллюстрациялық  материалдарды пайдалану. Көне  дүние ескерткіштерін мультимедиямен  көрсету

Негізгі және қосымша  әдістемелік әдебиеттер

  1. «Қала-өркениет орталығы» әдістемелік оқулық. Н.Маденов
  2. «Ежелгі дүние өнері» Л.Любимов. «Мектп» 1980
  3. «Әлемдік көркемөнер мәднеиеті» Электрондық оқулық 9-11 сыныптар үшін

ІІ тарау: «  Ежелгі Шығыс және Батыстың қалалық  өркениетінің адамзат қоғамына қосқан үлесі»    (12сағат)

  1. Ежелгі Шығыстың мәдени орталықтары-1 с
  2. Грецияның қала-полистері ғылым мен білім ошақтары-1 с
  3. Рим-мәңгілік қала-1 с
  4. Еуропа қалалары. Білімі мен ғылымы. Университеттер-2 с
  5. Қалалардың эстетикалық және мәдени құндылықтар-1 с
  6. Аристакраттық мінез-құлық этикасының әлеуметтік тамыры-1 с
  7. Шығыстың ғұлама ойшылдары. Ғибадатханалары-2 с
  8. Сарамандық сабақ-2 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдары мен мәселелері      

 Адамзат қоғамының  дамуындағы Шығыс өркениетінің  негізін қалаған қалалардың тарихи деректері мен, сәулет өнерінің туындыларымен, ғибадатханаларымен танысу. (Вавилон, Александрия, т.б қалалардың мәдени қазыналары туралы мәліметтер беру) Шығыс ғұламаларының еңбектерін оқып үйрену. Афины мен Спарта қала-полистерінің өнер-білім, ғылым саласындағы жетістіктері адамзат қоғамының ортақ қазынасы болды. Аристотел мен Демокрит ілімдері. Гректердің жастарға патриоттық тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктері. «Италия-табиғат аясындағы мұражайлар елі» Әлемдік өнер жетістіктерінен мол мағлұматтар беру. Қайта өрлеу дәуірінің теңдесі жоқ жетістіктері. (сәулет, театр, мүсін өнері, білімі мен ғылымы туралы)

Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары      

 Стандартты емес сабақ  түрлерімен өткізу. Оқушыларды шығармашылық  жұмысқа баулу. « Әлемдік көркемөнер мәдениеті» Электрондық оқулықты пайдаланып компьютер бөлмесінде өткізу. «Саяхат сабақ өткізу». «ВЕНН диаграммасын», түрлі-түсті иллюстрациялық картиналарды пайдалану

Негізгі және қосымша  әдістемелік әдебиеттер

  1. «Қала-өркениет орталығы» әдістемелік оқулық. Н.Маденов
  2. « Ежелгі Греция тарихы»
  3. «Эллада ерлері»
  4. «Ежелгі Греция Мифологиясы» Т.Тоқмағанбетов «Жалын» 1985
  5. «Батыс Еуропа өнері» Л.Любимов «Өнер» 1982

ІІІ тарау: « Қазақстан  мен Орта Азия территориясындағы  қалалық мәдениеттің өркендеуі» (10 сағат)

  1. Археологиялық деректер қалалар туралы не дейді?-2 с
  2. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы қалалар халықаралық мәдени байланыстардың дамуына жол ашты-1 с
  3. Көшпенділер мәдениеті мен қала мәдениетінің құндылықтары-1 с
  4. Қазақстан мен Орта Азия қалалары әлем өркениетінің ажырамас бір бөлігі-1 с
  5. Қала-адам баласының өз қолымен жасаған еңбегінің жемісі-1 с
  6. Қала-мәдениет жасаушы және таратушы-2 с
  7. Қайталау-1 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдары мен мәселелері  

 Археологиялық  заттай және жазба деректерінің мәліметтерін оқып-үйрене отырып, ғылыми тұжырымдар жасауға оқушының дағдысын қалыптастыру. Әлемдік дамудың іргелілілеуіне айрықша ықпал еткен, жер жүзілік өркениетінің күре тамыры «Ұлы Жібек жолыының» бойындағы Қазақстан қалаларының өсіп өркендеуіне прогессивтік маңызын түсіндіру. Тараз, Үргеніш, Сауран, Яссы, Сығанақ т.б қалалардың тарихи рөлін, мәдени мұраларын, ғылыми жетістіктерін оқып үйрету арқылы тәлім-тәрбие беру

Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары   

 Конференция, семинар  сабақтарын өткізу. Өзіндік жұмыс әдістеріне үйрету. Тархи документтерді, музей жәдігерлерін, көрнекі плакаттарды пайдалану. Пәнаралық байланыстарды негізге алу. «Қала-маңызды орталық» мультимедиялық тірек схемасы

Негізгі және қосымша  әдістемелік әдебиеттер

  1. «Қала-өркениет орталығы» әдістемелік оқулық
  2. «Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» К.А.Ақышев
  3. «Қазақстан тарихы» 1-3 том   1989 ж (көне заманнан бүгінге дейін)
  4. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» Әл-Фараби «Адамзат ақыл-ойын қазынасы» 3 том

IV тарау: «Өндіргіш  күштердің дамуы, қалалардың өркендеуі.  Урбанизация процесінің қарқын  алуы»  (10 сағат)

  1. Ғылыми-техникалық революциясының Отаны-Қала-1 с
  2. Батыс Еуропа қалаларының өркениетке қосқан үлесі-2 с
  3. Қазақстан қалалары тарихының кезеңдері-1 с
  4. Урбанизация-қоғамдық заңды процесс-1 с
  5. Урбанизация процесінің көлеңкелі жақтары-1 с
  6. Урбандалу-қазақ халқы үшін оң басталған құбылыс-1 с
  7. Үлкен қалалардың өндірістік және мәдени орталыққа айналу үрдісі-1 с
  8. Қалада өмір сүру үшін ауыл жастары да бәсекелестік қабілеттілік нарығының талаптарына сай болу керек-1 с
  9. Қазақ ұлты алдағы есею жылдарын қалада өткізеді-1 с
  10. Қайталау сабағы- 1 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдары мен мәселелері     

 Өндіргіш күштер мен  өндірістік қатынасттардың дамуындағы қалалардың ролі мен техникалық прогрестің маңызын айқындау. Нью-Йору, Лондон, Токио т.б қалалардың мәдени, өнер-білім орталығына айналуы  және әлемдік өркениетке ықпалы туралы жан-жақты мағлұматтар беру. Дүниежүзілік урбанизация процесінің сабақтары туралы мәліметтер бере отырып, урбанизация қазақтар үшінде  оң басталған прогрессивті құбылыс екенін түсіндіру. Жастаға бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарын үйрету. Алдын ала психологиялық дайындық жұмыстарынжүргізу

Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары    

 Стандартты емес сабақ  түрлері, «Дебат», «Семинар» сабағы, «Реферат» қорғау, «Топтастыру»  стратегиясы, мультимедияға түсірілген сызба

Негізгі және қосымша  әдістемелік әдебиеттер

  1. «Қала-өркениет орталығы» әдістемелік оқулық
  2. «Экономика» (Әлемдік классика) 7 том
  3. «Урбанизация в США» В.М.Харитонов
  4. «Город, урбанизация, человек» О.Н.Яницкий
  5. «Урбанизация и миграция из сельской местности в город» Д.Б.Кунаева

V тарау: «Бүгінгіөркениетті қоғамдағы қалалардың ролі» (11 сағат)

  1. Қоғам дамуындағы қалалардың ролі- 1 с
  2. Дүние жүзілік тарих-қала адамының тарихы-1 с
  3. Ұлы ойшылдар-қала туралы-1 с
  4. Дүние жүзіндегі қала халқының үлес салмағының артуы-1 с
  5. Қала-мәдени-интелектуальды және өнер орталығы-1 с
  6. Көрікті қала-адамдарға рухани және эстетикалық тәрбие береді-2 с
  7. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізін қалада қалыптастыру-1 с
  8. Қала-ұлттық өркениетіміздің символы-1 с
  9. Қалалардың өсіп-өркендеуі ауыл мәдениетінің гүлденуіне ықпал етеді-1 с
  10. Ұлт проблемасы-1 с
  11. Сарамандық сабақ-1 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдары мен мәселелері   

 Қалалар-адамзатқоғамындағы  тарихи еңбек бөліндісі мен  өндіргіш күштердің үздіксіз  дамуының заңды нәтижесі. Ұлттық нышандармен сәулетті бой көтерген көркем қалалар-адам жанының рухани жаңаруына, мәдениетінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жас ұрпақты жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қала өркениетінің жетістіктерімен байланыстыра тәрбиелеу

Негізгі және қосымша  әдістемелік әдебиеттер

  1. «Қала-өркениет орталығы» әдістемелік оқулық
  2. «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» М.Ш.Өмірбекова Алматыкітап-2003
  3. « Мінез-құлық эстетикасы» В.И.Толстых
  4. «Социология» Э.Гидденс. Человинск-1991 г
  5. «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат» Әл-Фараби

VI тарау: «Қала  және жастар» (17 сағат)

  1. Маргинал топтардың психологиялық ерекшеліктері-1 с
  2. Жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар-2 с
  3. Шынайы және жалған құндылықтар-1 с
  4. Қоғамның негізгі даму факторы бола алатын құндылықтар жүйесі-2 с
  5. Қазақ халқының бірегей ұлттық келбетін қалыптастыру-1 с
  6. Әлеуметтік-психологиялық мәселелер. Ауыл жсатарының қала өміріне бейімделе алмау себептері-2 с
  7. Қала және мінез-құлық этикасы мен психологиясы-1 с
  8. Жастардың бойында құқықтық тәрбие қалыптастыру негіздері-1 с
  9. Жастар-салт-дәстүр мен ұлттық менталитетті қалада дамыта алады-2 с
  10. Адамның психикалық қызметінің ширығуы (инденсификациясы) және бәсекеге қабілеттілік-1 с
  11. Бос уақытты тиімді пайдалану, демалу, көңіл көтере білу-1 с
  12. Қазақстанның болашағы-қалада (Қорытынды сабақ)-2 с

Тақырыптың негізгі  ұғымдар мен мәселелер   

 Жастардың нашақорлық, ұрлық, жезөкшелік және жеңіл  жолмен табыс табу жолына түсуіне  ықпал ететін қоғамдағы жағдайларға талдау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Көпшілік ортада өзіңді-өзің тәрбиелеу, сөйлесе білу, талғаммен киіне білу дағдысын қалыптастыру. Қала тұрғындарының мәдени-этикалық нормаларын, адам құқығы мен деократиялық құндылықтарын сақтауға үйрету. Қалада қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық менталитетін қалыптастырудың жолдары туралы мәселені талқылау, оқушылармен ой бөлісу, пікірін еркін айта білуге үйрету. Қалалалық қазақ ұлты қандай болу керек деген болашақтың проблемасын айқындап алу. Ғылыми-техникалық прогреспен қатар жүріп келе жатқан әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, бәсекеге қабілеттілікпен нәтижеге қол жеткізу үшін адамның психикалық қызметінің ширығуын, тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттырудың игі жолдарын көрсету

Информация о работе Жалпы тарихтан тест сұрақтары